Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емтихан билеті. Клеткадағы белок биосинтезі





Клеткадағы белок биосинтезі. Синтезделу схемасын көрсетіңіз. Белок – организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 50-55% көміртек, 21-24 % оттек, 15-18 % азот, 6,5-7,5 % сутек, 0,3-2,5 % күкірт,1-2 % фосфор болады. белоктардың синтезделуі негізінен екі кезеңнен тұрады: Бірінші ядролық кезең немесе транскрипция. Мұнда ДНК қос тізбегінің біреуінің комплементарлы көшірмесі болып табылатын иРНК синтезі жүреді. Осы жолмен синтезделетін аРНК әрі қарай синтезделетін белоктың синтезі болып табылады. Екінші цитоплазмалық кезең немесе трансляция. Цитоплазмада төрт әріптік генетикалық информацияның триплеттік кодтың көмегімен жиырма әріптік амин қышқылдарынан тұратын белоктвң тізбегіне айналу процесі жүреді. Сонымен бірге онда белоктардың үшінші төртінші реттік құрылысының кеңістікте орын алуы және олардың клетка метаболизміне тікелей қатынасуына мүмкіндік туады. Осы айтылған әрбір кезеңге қажет өзінің ферменттері, факторлары, индукаторлар мен тежеушілер болады.

Экологиялық мониторинг және эволюциялық теорияның дамуында популяция генетикасын оқытудың маңызы. Популяциялық генетика — тұқым қуалаушылық құбылысын топ дарабастарында яғни популяцияда зертейтін генетиканың бөлімі. Генетик - популяционистер популяцияның генетикалық құрылымын және осы құрылымның ұрпақтан ұрпаққа өзгеруін зерттейді. Эволюция процесін зерттегенде, біз популяцияда жүретін генетикалық үрдістерді қарастырамыз. Генетикалық тұрғыдан эволюция дегеніміз - белгілі популяциядағы гендер жиілігінің өзгеруі. Сондықтан да популяциялық генетиканы эволюциялық генетиканың бір бөлігі ретінде де қарауға болады. Бірақ популяциялар генетикасының зерттеу тақырыбы нақты түрдің популяциялары болса, ал эволюциялық генетиканың тақырыбы болып бір немесе әр алуан түрлерге жататын кез келген популяция саналады. Жеке алынған дарабас эволюциялық үрдістің бірлігі бола алмайды, себебі оның генотипі өмір бойы өзгермейді және де оның өмір сүру уақыты шектелген. Сонымен эволюциялық үрдістің қарапайым бірлігінің негізін жеке ағза емес популяция құрайды. Популяция дегеніміз белгілі ареалды мекендейтін, өзара еркін будандаса алу қабілеті бар бір түр ішіндегі ағзалар тобы болып саналады. Популяциялар үздіксіз ұрпақтардың қатары. Бұдан басқа, популяцияның генетикалық құрылымы өзгеруі мүмкін, яғни ұрпақтан ұрпакқа эволюция жолымен дами алады.

Прокариоттардың жыныссыз көбею механизмі. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Негізінен, прокариоттар клетканың жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық клетка екі жас клеткаға тікелей бөлінеді. Бактериялар екіге жай бөліну арқылы көбейеді, сондай-ақ екі клетка арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрінде жүретін жыныстық көбеюді байқауға болады.

Адамдарда қалыпты пигменттi (терiнiң түсi) некеден альбинос (ақ) бала туған. Бұлай болуы мүмкiн бе? Альбинизм – организмде меланин пигментінің синтезі бұзылады. Сол себепті адамдар мен жануарлар терісі мен жүнінде, көздің нұрлы қабықшасында тиісті пигменттілік болмайды. Ондай особьты альбинос деп атайды. Альбиностардың жарыққа сезімталдығы өте жоғары болады. Альбинизм аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типі бойынша беріледі.

Аллельді гендер қайда орналасқан? Аллель – хромосоманың белгілі бір бөлігінде орналасқан жұп геннің немесе оның альтернативті формаларының бір сыңары. Аллельді гендер — хромосоманың бір жұбында орналасатын гендер(гомологты хромосомада). Доминантты және рецессивті аллельдер болады. Аллельді генге толымсыз доминанттылықты жатқызуға болады. Мысалы, қызыл және ақ түсті намазшамгүлдерді өзара будандастырғанда F1-де қызғылт түсті будан алынған. Сол сияқты қызыл раушангүл мен ақ раушангүлді будандастырғанда F2-де қызғылт түсті раушангүл алынды. Бұл екі аллельді гендер А мен а-ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мұндай жағдайда доминантты ген рецессивті генге басымдылық көрсетеді

ААВв зиготасы қанша түрлі гамета түзеді?үш түрлі гамета тузеді А В в

Date: 2015-09-02; view: 1123; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию