Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Тақырып: Халықаралық қатынастардағы халықаралық мекемелер мен үкіметаралық ұйымдар





Тақырып: Халықаралық қатынастардағы халықаралық мекемелер мен үкіметаралық ұйымдар.

Дәрістің мақсаты: Халықаралық қатынастардағы халықаралық мекемелер мен үкіметаралық ұйымдар, олардың қызметі туралы түсінік беру

Тірек сөздер: Интерпол, Европол.

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Даму мен халықаралық қатынастардың жаңа әлеуметтік, саяси модельдері. Халықаралық стратификация.Әлемдік саясаттағы ұлы державалардың ролі.

Қазіргі таңда 200 мемлекеттің әлемдік мәселелерді шешудегі мақсаттарын, қызметтерін біріктіру қиын міндет. Себебі олар саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылымдары бойынша әр түрлі. Міндет ортақ болғанымен, мемлекеттің мақсаттары әр түрлі. Бұл әлемдік мәселелерді шешуде негізгі тежегіш болып табылады.

Халықаралық экономикалардың арасында байланыстың көбеюі, локальді экологиялық жүйелердің трансұлттануы, табиғи ортаның бұзылыуының кері салдарларының бірі мемлекеттерден екінші мемлекеттерге өтуіне себеп болып отыр. Экологиялық, демографиялық, ресурстық мәселелер әлемнің түрлі мемлекеттері мен елдерінде экономикалық, әлеуметтік дамудың жалпы жағдайларымен байланысты.

Ұлттық үкіметтер экологиялық және басқа да мәселелерді шешу үшін бір – бірімен тығыз байланыста болуы керек.

Осы бағытта көптеген компаниялар мен фирмалар өз елінен басқа, өзге мемлекеттерде филиалдар, дочерлік өндіріс орындарын құрып отыр. Бұл субъектілер өз мемлекеттерінің ұлттық юрисдикциясы, сонын ішінде табиғатты қорғау қызметін реттейтін экологиялық құқықтар мен нормалардан тыс қалады. Ал трансұлттық компаниялардың шетел өндірісінде әлемдік ЖІӨ - ң 3/1 өндіріледі, млн – ған жұмысшылар мен қызметкерлер қызмет етеді. Түрлі мемлекеттерде қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғау заңдары түрлі болғандықтан ТҰК – лар экологиялық қылмыстар мен бұзушылықтары үшін жазасыз қалып отырады.

Экономиканың жаһандануы түрлі мәселелер мен қатар, әлемдік мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастыққа жақсы алғышарттар жасады. Бұл соңғы онжылдықта бүкіл әлемді біріктірген коммуникациялар мен ақпараттардың кең жүйесі. Жаһандану процесі арқылы түрлі мемлекеттердің ғалымдары мен зерттеушілері аз зерттелген білімдер, экология. Жер био – және ноосферасы, экономикамен байланыстағы демография, этнография, әлеуметтану, халықаралық қатынастар саласында ғылыми идеялармен алмасып, ортақ зерттеулерді іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар барлығына ортақ тұрақты экологиялық дамуды қамтамасыз ететін ұлттық үкіметтік мекемелер, үкіметтік емес және мемлекеттің басқа да құрылымдары арасында байланыстар мен интеграцияның дамуына алғышарттар қалыптасты.

Жалпы әлемдік мәселелерді шешуде маңызды рөл халықаралық ұйымдарға берілген. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін, БҰҰ және олардың мамандандырылған мекемелері пайда болғаннан кейін халықаралық қатынастар сферасында үлкен өзгеріс жасалды. Соғыстан кейінгі жылдары халықаралық экономикалық қатынастарда 10 шақты үкіметаралық ұйымдар пайда болды. Оның ішінде ең ықпалдылары, тарифтер және сауда жөніндегі Бас келісім (ГАТТ, ВТО), халықаралық сауда мен ұсыныстар саудасының либерализациясына үлкен үлес қосты; 1944 ж. Құрылған халықаралық валюталық фонд – бұл ұйым халықаралық валюталық қатынастарды, төлем баланстарын, мемлекеттің сыртқы қарыздарын реттейді.

60 ж. халықаралық экономикалық ұйымдар құрылу толқыны өтті. Оның ішінде ЮНКТАД, ЮНИДО. Оның басты міндеті – дамушы мемлекеттердің экономикалық дамуына ықпалдасу, оларға Батыс елдерінен техникалық, қаржылық көмек көрсету.

Қоршаған орта, табиғат ресурстары мәселелеріне келетін болсақ, 1970 ж. дейін осы мәселелермен айналысатын халықаралық ұйымдар болған жоқ. Тек 1972 ж. Стокгольмде тарихтағы алғашқы қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның халықаралық конференциясы шақырылды, экологиялық саясат мәселелері бойынша үкіметтерге 26 принцип пен 120 ұсыныстардан тұрады. Сонымен қатар БҰҰ – ның БасАссамблеясының шешімі бойынша қоршаған орта туралы БҰҰ Бағдарламасы (ЮНЕП) құрылды. Ассамблея ЮНЕП – қа кең өкілеттілік ұсынды, оны іске асыру үшін 58 мүше – мемлекеттен тұратын Басшылар Кеңесі, БҰҰ – ның мекемеаралық кеңесі және алғашқы 5 жылға арналған 100 млн. долл. тұратын фонды құрылды. ЮНЕП - тің басты мақсаты қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіруге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды басқару және БҰҰ жүйесінде халықарлық ұйымдардың келісілген қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

ЮНЕП үкіметтердің көңілін су мен ауаның ластануы, шөлдердің кеңеюі, ЖЕр озон қабатының жұқаруы секілді мәселелерге тарта алды. ЮНЕП БҰҰ – ның ФАО, ВОЗ, ЮНДРО, МОТ, ЮНЕСКО – ның іске асыратын экологиялық жобалар мен бағдарламалардың басты демеушісі болып табылады.

ЮНЕП қоршаған орта мониторингінің жаһандық жүйесін, «Жасыл патруль» бағдарламасын, Жер ресурстары жөніндегі жаһандық ақпараттық мәліметтер қорын жасады.

ЮНЕП экологиялық әлемдік даму мәселелеріне қатысты көп халықаралық конференциялар мен үкімет басшыларының кездесулерін ұйымдастырады. Олардың маңыздылығы үкіметтер әлемдегі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық жағдайларды бағалап, нақты бағдарламалар жасайды.

80 – ші ж. ірі халықаралық акцияларына Найробидағы БҰҰ – ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы (1982 ж.), экологиялық бақылау бойынша Әлемдік өнеркәсіптік конференция (1984 ж.), Мехикода халыққоныстануы бойынша халықаралық конференция (1984 ж.) жатады.

ХХ ғ. соңғы онжылдығындағы ең ірі акция 1992 ж. РИО – де- Жанейрода 170 мемлекеттің үкімет басшыларының қатысуымен өткен қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ – ның Конференциясы. Онда «ХХІ ғ. күн тәртібі» атты құжат қабылданды, ол үкіметтің жаһандық тұрақты даму концепцияларын іске асыруға бағытталған. Ол 40 бөлімнен тұрады. Тұрақты дамудың экономикалық аспектілерін талдау үшін стратегиялық форум ретінде БҰҰ Комиссиясы құрылды. Ол 4 басымдық облысты: ауыз су. Әлемдік мұхит, жер ресурстары, ормандарды қоса, тұрақты энергия қолдануды қамтитін қызметтін басқаруы қамтамасыз етуге арналған.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін 1996 ж. қарай 117 мемлекет ұлттық комитеттер құрды.

90 – шы жылдары БҰҰ – ның халық қоныстануы жөнінде ірі жаһандық және аймақтық конференциялар өтті, онда Азия, Африка, Латын Америка мемлекеттерінде қайыршылықты жою, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық саясатқа интегральді жақындасу қаралды.

Әлемдік мәселелерді шешуде үкіметтер қиындықтарға тап болды, - бұл қаражат ресурстарының тапшылығы, әсіресе дамушы мемлекеттерде. РИО – де- Жанейродағы Конференция Хатшылығының есептеуі бойынша «ХХІ ғ. күн тәртібінде» белгіленген мақсаттарға жету үшін дамушы мемлекеттерге тек 90 – шы жылдардың өзінде 600 млрд. долл., ал Батыс мемлекеттері жағынан көмек 125 млрд. долл. бағаланды. Авторитетті эксперттер бұл сандарды тым көтерінкі деп, қайта қарастырды. Баяндамаларда белгіленген көптеген мақсаттардың іске асырылуы болашаққа қалдырылып отыр.

Әлемдік мәселелерді шешуге Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ОЭСР), Евроодақ, НАФТА, Солтүстік мемлекеттер Ұйымы, Балтық теңізі мемлекеттерінің Кеңесі белсенді қатысып отыр.

Әлемнің дамыған «сегіздік» мемлекеттерінің жыл сайынғы кездесулерінде жаһандық мәселелер маңызды орын алды. 1997 ж. маусым кездесуінде мемлекет және үкімет басшылары басымдық мақсаттарды анықтады: қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуына ықпалдасу, атмосферада парниктік газдардың құрамын 2010 ж. қарай төмендету, тұрақты орман қолданысын қамтамасыз ету, таза суға қол жеткізу, Әлемдік мұхитты қорғау, шөлдердің кеңеюімен күрес, жұқпалы ауруларды бақылаудың Жаһандық жүйесін құру, ВИЧ – инфекцмясының жұғуы және СПИД – тің таралуымен күрес.

1999 ж. маусымдағы Кельнде өткен кездесулер әлемдік даму мәселелеріне және Балқан дағдарысын реттеу мәселесіне арналды.

ХХ ғ. халықаралық ынтымақтастықтың эффективтілігі және мәселелерді шешу халықаралық жағдайға және халықаралық қатынастарға байланысты болды. Қырғи – қабақ соғысының аяқталуы және мемлекеттердің ынтымақтастыққа өтуі әлемдік қоғамдастық алдында қауіптердің бетін қайтаруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Қазіргі кезде ғаламның түрлі бөліктерінде локальдық және аймақтық қақтығыстар пайда болып отыр. Әлемдегі саяси тұрақсыздық үкіметтер арасында жаһандық мәселелерді шешу жолдарын анықтауға төтеп болып отыр. Тұрғындар санының өсуі, ресурстардың қысқаруы, жұмыссыздықтың, кедейшіліктің көбеюі, ауралардың таралуы, халықаралық терроризм секлді құбылыстар қоғамда саяси тұрақтылықты бұзуы, мемлекет арасындағы қатынастарды бұзуы мүмкін.

Яғни, ХХІ ғ. ширегінде жалпы әлемдік мәселелер халықаралық тұрақтылық мәселелері тығыз байланысты. Әлемдік қоғамдастық халықаралық, саяси, әскери, экологиялық, әлеуметтік, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінің алдында тұр. Осы тарихи миссияларды іске асыру адамзатқа жаһагдық шақыруларға басты жауап болып табылады..Интерпол, Европол.

Date: 2015-07-27; view: 867; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию