Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






НАТО: адаптация және кеңею





Қырғи қабақ соғыстың аяқталуымен басқа европалық ұйымдарға қарағанда НАТО алдында ОВД құрамына кіретін елдермен қатынастарды дамыту үшін өз саясаты мен стратегиясын адаптациялау мәселесі тұрды. НАТО-ң саясаты мен стратегиясын адаптациялау үрдісі өз бастамасын НАТО Кеңесінің жоғарғы деңгейдегі Лондон сессиясында (1990 жыл, шілде) алды. Альянс ұйым алдында тұрған негізгі шақыруларды белгіледі.

1. Әскери-саяси жағдайдың өзгеруі, Батыс пен Шығыс арасындағы кенет кең масштабтағы әскери дағдарыс қаупін жою, алдыңғы қатарға НАТО елдерінің қауіпсіздігін қозғамайтын локальді ішкі және мемлекет аралық дағдарыстардың шығуы.

2. 90 жылдардың басында батыс европалық елдер тенденцияларында ЗЕС аясында қорғаныс ынтымақтастығын активизациялау НАТО ішінде бөлінушілікті көрсетті.

3. 90 жылдардың басынан қауіпсіздік шақыруларының дәстүрлі және жаңа қатынастарының өзгеруі НАТО әскери ұйым ретіндегі болашағына күмән келтірді.

1991 жылы желтоқсанда Римде НАТО-ң жаңа стратегиялық концепциясы қабылданды. Оның негізіне альянстың орталық міндетіне кең масштабтағы шабуылдарға төтеп беру кірмейтіндігі алынды. НАТО елдерінің қауіпсіздігіне этника аралық және территориялық қақтығыстар қауіп төндірді. Осыған байланысты НАТО алдыңғы қатарлы қорғаныс пен тез қимылдау концепцияларынан бас тартты. Онның ядролық қару тәуелділігі азайды.

1991 жылғы концепцияға сәйкес альянс күштері мен құралдары азайды және қайта ұйымдастырылды. НАТО-ң біріккен қарулы күштері саны қысқарды. НАТО-ң әскери қосылыстар саны 35%-ға, әскери эскадрилер саны-45%-ға, әскери персонал саны-24%-ға және 70%-ға әскери самолеттер саны қысқарды. Европадағы АҚШ қарулы күщтері 300 мың адамнан 100 мыңға дейін қысқарды.

Көп ұлтты құрылымдар құрылуда. НАТО-ң әскери басшылық құрылымы модернизациялану үстінде. 1994 жылы қаңтарда көп ұлтты оперативтік күштер концепциясы қолданыс табады.

90 жылдары НАТО-ң саясаты мен әскери стратегиясындағы нақты өзгерістер келесілерді өзіне қосады:

1. Дағдарыстық жоспарлау мазмұны мен рөлі өзгеріске ұшырады. Қырғи қабақ соғысы барысында дағдарыс кең масштабты қақтығыстың қысқа түрі ретінде қарастырылды. Басты мақсат аз уақыт ішінде ОВС-ті әскери дайындыққа келтіру еді. Жаңа кезеңде дағдарыс НАТО елдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін локальді қарама қарсылықтың жалғасы ретінде қарастырылады.

2. Осы міндетке байланысты НАТО-ң әскери жоспарлауының негізгі бағыттарына бейбітшілікті қолдау мен орнату шараларын өткізу болып табылады.

3. Көп ұлтты оперативтік күштер концепциясы бұндай шараларды НАТО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің қатысуымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қырғи қабақ аяқталған кезеңдегі НАТО доктринасының эволюциясы альянстың жаңа стратегиялық концепциясында құрылды. Ол 1999 жылы 23-24 сәуірде болған Вашингтон кездесуінде қабылданған еді. Құжатта одақтың қорғаныс мазмұны мен жаңа әріптестермен ынтымақтастықты нығайту әзірлігі құпталды; онда евроатлантикалық аймақ және оның сыртында тұрақсыздық ошақтарының пайда болу қаупі айтылады.

Алайда, 1999 жылғы Косово дағдарысының ықпалымен европалық мемлекеттер қатары НАТО-ң бұндай шараларды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің немесе ОБСЕ-ң санкциясыз өткізбеуін талап етті. Құжатта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы маңызды рөлі жөнінде айтылады, сонымен қатар ОБСЕ-ң бейбітшілік пен тұрақтылықты, ынтымақтастық негізінде құрылған қауіпсіздікті нығайту, превентті дипломатияны жүргізуде маңызды рөлі ескеріледі.

НАТО-ң әріптетік қатынастарын ОВД-ң бұрынғы елдерімен дамыту бірнеше кезеңдерден өтті. 1990 жылғы 6 шілдедегі Лондон декларациясы НАТО мен ОВД елдері арасында қауіпсіздіктің саяси және әскери аспектілер жөнінде ынтымақтастықты орнату туралы мәселелерді қарастырды. Бұл ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін ОВД елдері НАТО ішінде дипломатиялық миссиялар байланыстарын ашу ұсынылды. 1991 жылы 6-7 маусымда Копенгагенде НАТО-ң сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ОВД елдерінің НАТО-мен болашақ байланыстардың интенсификациясы қарастырылды.

1991 жылы ЦВЕ елдерінің бірқатары НАТО алдында оларға одақтың ассоциоцияланған мүшелер статусын беру мәселесін қозғады. Жауап ретінде НАТО 1991 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Европаның 9 мемлекетімен бірігіп солтүстікатлантикалық ынтымақтастық Кеңесін (ССАС) құрады. ССАС-көп жақты кеңес беруші орган болып табылады, оның аясында НАТО мен ОВД-ң бұрынғы елдері арасында ынтымақтастық бағдарламасы талқыланды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ССАС құрамына бұрынғы КСРО елдері және Албания кіреді. ССАС қызметіне бақылаушы ретінде Австрия, Финляндия, Швейцария және Швеция қатысты.

1993 жылдың күзінен бастап ЦВЕ елдері мен Батыста НАТО-ң Шығысқа кеңеюі жөнінде дискуссиялар дамығанда, АҚШ инициативасы бойынша «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы дайындалады. Бұл бағдарлама ресми түрде 1994 жылы 10-11 қаңтарда Брюссельде альянс Кеңесінің сессиясында қабылданды және СБСЕ-ң барлық мүшелеріне бағытталынды. Келешекте әр мемлекет НАТО-мен әріптестікті дамытуда жеке бағдарламаны құра алды. ПРМ альянстың мемлекет-әріптестермен қатынастарды жекешелендіруге мүмкіндік берді.

ПРМ-ға Ресей, ТМД елдері және Батыс Европаның бейтарап елдерін (Австрия, Финляндия, Швейцария, Швеция) қосқанда 24 мемлекет қатысады. Тәжірибе тұрғысында ПРМ тек ЦВЕ елдерінің НАТО-мен әскери-саяси ынтымақтастығын интенсификациялауға мүмкіндік беріп қойған жоқ, сонымен қатар кейбір елдердің альянсқа кіру мүмкіндігін берді. НАТО Ресеймен саяси диалогты әрі қарай институционализациялауға инициативасын білдірді. 1995 жылғы НАТО-ң кеңеюі жөніндегі мәселе шешімін тапты деуге болады, бірақ альянс елдерінің алдында кей нақты мәселелерді шешу тұрды:

- кеңею «толқынына» кіре алатын мемлекеттер ортасын анықтау, онымен бірге бұл кезеңде НАТО-ға кіру мүмкіндігінен айырылған ЦВЕ елдеріне қатысты саясатты ойлау керек еді;

- Ресеймен қарым қатынастарды орнату;

- КСРО-ң бұрынғы европалық елдерімен, соның ішінде Украинамен, қарым қатынас перспективаларын анықтау;

1996 жылы 10 желтоқсанда НАТО Кеңесінің сессиясында альянстың кеңею үрдісін бастау туралы шешім қабылданды. Алғашқы НАТО-ң кеңеюі бірнеше бағыттар бойынша жүргізілді.

1. 1996-1997 жылдары альянсқа кіруге қызығушылығын білдірген ЦВЕ-ң он екі елімен НАТО хатшылығы келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде доклад құрылды. 1997 жылы 8 шілдеде Мадридте НАТО-ға кіру жөніндегі ұсынысты үш мемлекет-Венгрия, Польша және Чех Республикасы алды. Аз уақыттан кейін 1997 жылы 16 желтоқсанда олармен НАТО-ға кіру туралы протоколдарға қол қойылды. 1999 жылы 12 наурызда протоколдарды ратификациялау үрдісі НАТО-ға үш елдің кіруімен аяқталды.

2. 1997 жылдың қаңтарынан бастап НАТО мен Ресей арасында келіссөздер мен кеңес беру раундтары болды. Бұл келіссөздер 1997 жылы 27 мамырда Парижде Солтүстік атлантикалық келісім шарты одағы мен Ресей Федерациясы арасында бір біріне екі жақты қарым қатынас, ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы актқа қол қоюмен аяқталды.

3. НАТО-ң кеңеюі туралы шешім қабылдауымен бірге 1997 жылы шілде айында Парижде Солтүстік атлантикалық келісім шарты одағы мен Украина арасында әріптестік туралы Хартияға қол қойылды.

4. 1998 жылы 16 қаңтарда Вашингтонда АҚШ пен Балтия елдері арасында әріптестік туралы Хартияға қол қойылады. Онда Құрама Штаттардың Латвия, Литва және Эстонияны болашақта европалық және трансаилантикалық ұйымдарға, соның ішінде НАТО-ға, кіруін қолдау көрсетуге міндеттенді. Хартия онда бекітілген принциптердің орындалуын бақылау үшін төрт жақты комиссия құрылуын қарастырды.

5. 1997 жылы 30 мамырда Синтрде (Португалия) ССАС құрамына кіретін елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ССАС орнына Еро-атлантикалық әріптестік Кеңесі (СЕАП) құрылады.СЕАП-ң құрылуы НАТО-ң мемлект-әріптестері арасында көп жақты саяси кеңес беру механизмдерін жақсартуға шақырды.СЕАП сыртқы істер министрлері деңгейінде жылына екі рет, ал елшілер деңгейінде-ай сайын жиналады.

6. 1997 жылы көктемде НАТО елдерінің сыртқы істер және қорғаныс министрлері ПРМ-ді модификациялау туралы шешім қабылдайды. Ол «Бейбітшілік үшін әріптестіктің кеңейтілген бағдарламасы» деген ат алады.

НАТО көзқарасы бойынша, түрлі бағыттардағы қабылданған шаралар альянстың Шығысқа кеңею үрдісі алдында тұрған дилеммаларды шешуге бағытталған.

 

Date: 2015-07-27; view: 1256; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию