Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емтихан тесттік сұрақтар - блок «Гематология» жауаптарымен





 

1. Талассемияның даму себебі қандай?

А) эритроциттер мембранасының белогының тума кемістігі

В) Глобин тізбегінің синтезінің тума бұзылысы

С) ісікке қарсы препараттарды қолдану

Д) иммунологиялық тұрақтылықтың бұзылысы

Е) нашар тамақтану

 

2. Тұқым қуалаушы микросфероцитозда қандай клиникалық көріністер байқалады?

А) тахикардия

В) артериялық қысымның жоғарлауы

С) сколиоз

Д) анасарка

Е) бассүйек деформациясы

 

3. Қанның лабораториялық зерттеуінде: Нв 76г/л, эритроциттер 2,3*1012/л, ТК 1,0; лейкоциттер 1,0*109/л, эозинофилдер 0%, тромбоциттер 48*10 9/л. ЭТЖ 20 мм/сағ, ретикулоциттер 0,2%, таяқша ядролы 11%, сегментті ядросы 36%, лимфоцит 50%, моноцит 10%. Кумбс сынамасы теріс, миелограмма: аз материал алынды.

Бұл жағдайда анемиясы қандай сипат тән?

А) созылмалы постгеморрагиялық

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) В12-тапшылықты

 

4. Диагностикалық бастапқы сатысында қандай лабораториялық зерттеу өзгерісі апластикалық анемияға диагноз қоюға мүмкіндік береді?

А) миелограмма

В) ЖҚА

С) биохимиялық зерттеу

Д) цитохимиялық зерттеу

Е) генетикалық зерттеу

 

5. Ядролық реактордағы жұмысшы сәулелік раиация қабылдағанда анемияның қандай түрі дамуы мүмкін?

А) фолий тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) Гемолитикалық

E) B12-тапшылықты

 

6. В12-тапшылықты анемияға тән шеткері қан көрсеткеші қандай?

А) гипохромия

В) гиперхромия

C) гиперлейкоцитоз

Д) тромбоцитопения

Е) лейкопения

 

7. В12-тапшылықты анемияға гемограммадағы қандай өзгерістер тән?

А) сүйек миының

В) сүйек миының босауы

С) пунктатта (78%) мегалобласттар

Д) өсінділі гиперплазия

Е) 15% көп бластоз

8. В12-тапшылықты анемияның ең негізгі емі.

А) витамин В12 бұлшық етке

В) В1 және В6 витаминдері

С) В12 витамині ішке

Д) феррум-лек

Е) цитостатиктер

 

9. Түсті көрсеткіштің жоғарылауы қай анемияға тән?

А) В12 тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) талассемия

 

10. Сүйек миының пунктантында мегалобласттардың көрінуі қандай анемияға тән?

А) В12 тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) талассемия

 

11. Қандай анемия кездеседі глисттік инвазияда (широкий лентец)

А) В12 тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) талассемия

 

12. Қалыптыда эритроциттердің өмір сүру ұзақтығы.

А) 15-20 күн

В) 30-40 күн

С) 120 күн

Д) 3-4 күн

Е) 1-2 күн

 

13. Туа пайда болған микросфероцитоздың ең тиімді емі.

А) глюкокортикостероидтар

В) цитостатиктер

С) спленомегалия D) плазмоферез

E) антикоагулянттар

 

14. Анемияның гипохромды түрі қай гемолитикалық анемияда анықталады?

А) аутоиммунды

В) Минковский-Шоффар

С) талассемия

Д) орақ тәрізді жасушалы анемия

Е) түнгі пароксизмальді гемоглобинурия

 

15. Апластикалық анемияға қай гематологиялық белгі тән?

А) гипохромды

В) пойкилоцитоз

С) макроцитоз

Д) панцитопения

Е) гиперхромия

 

16. Анемияның қай түрінде көкбауыр ұлғаймайды?

А) апластикалық

В) талассемия

С) гемолитикалық

Д) В12-тапшылық

Е) Минковский-Шоффар

 

17. Гипехромия анемияның қай түрінде анықталады?

А) B12-тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) Минковский-Шоффар

 

18. Анемияның қай түрінде макроцитоз анықталады?

А) B12-тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) Минковский-Шоффар

 

19. Гипохромия қай анемияға тән?

А) B12-тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) аутоиммунды гемолитикалық

Е) Минковский-Шоффар

 

20. Макроцитоз қай анемияға тән?

А) B12-тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) аутоиммунды гемолитикалық

Е) Минковский-Шоффар

 

21. Гемолиздің клиникалық көрінісіне тән?

А) қара зәр, сарғаю

В) сарғаю, нәжістің түссізденуі

С) жайылмалы цианоз, асцит

Д) тері жамылғысының бозаруы, қышуы

Е) акроцианоз

 

22. Гемолизде қанның биохимиялық анализінде келесі өзгерістер анықталады:

А) гипербилирубинемия

В) гиперхолестеринемия

С) гипогликемия

Д) гипергликемия

Е) қан жасаудың қызыл өсіндісінің тітіркенуі

 

23. Қандай зертханалық көрсеткіш апластикалық анемия диагнозын дәлелдейді?

А) сүйек кемігін зерттеу

В) ЖҚА

С) темір сарысуының мөлшері

Д) тромбоциттің мөлшері

Е) билирубин мөлшері

 

24. Қай анемия ядролық жарылыс ошағына түсу нәтижесінде дамиды?

А) созылмалы постгеморрагиялық

В) темір тапшылықты

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) B12-тапшылықты

 

25. Қандай зертханалық көрсеткіштер B12-тапшылықты анемияның дұрыс диагнозын дәлелдейді?

А) ЭТЖ-ның жоғарылауы

В) түстік көрсеткіштің төмендеуі

С) пунктатта мегалобласттар (78%)

Д) эритроцит мөлшерінің төмендеуі

Е) лейкопения

 

26. B12- тапшылықты анемия кезінде шеткі қантамырларда қандай өзгерістер анықталады?

А) ЭТЖ-ның жоғарылауы

В) түстік көрсеткіштің төмендеуі

С) түстік көрсеткіштің жоғарылауы

Д) эритроцит мөлшерінің төмендеуі

Е) лейкопения

 

27. Асқазан резекциясынан кейін жиі кездесетін анемияның түрі.

А) В12 тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) постгеморагиялық

 

28. Құрттың (широкий лентец) ішке енуі кезінде жиі кездесетін анемия?

А) В12 тапшылықты

В) теміртапшылықты

С) гемолитикалық

Д) постгеморагиялық

Е) апластикалық

 

29. Эритроциттердің мишень тәрізді пішіні қай ауруға тән?

А) Минковский-Шоффар

В) талассемия

С) апластикалық анемия

Д) B12 тапшылықты анемия

Е) аутоиммунды гемолитикалық анемия

 

30. Анемияның гипохромды түрі қандай гемолитикалық анемияға тән?

А) аутоиммунды гемолитикалық анемия

В) Минковский-Шоффар анемиясы

С) талассемия

Д) орақ тәрізді жасушалық анемия

Е) ферментопатия

 

31. Апластикалық анемия үшін қандай лаборатория белгілері тән?

А) Гипохромды эритроцит

В) Анизо- пойкилоцитоз

С) Макроцитоздық эритроциттер

Д) Панцитопения

Е) Қан сарысуындағы темір деңгейінің жоғарылауы

 

32. Апластикалық анемия кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін?

А) Жүрек жеткіліксіздігі

В) Өкпелік жүрек

С) Пневмония

Д) Гломерулонефрит

Е) Ревматоидтық артрит

 

33. 42 жастағы әйел. Шағымдары: ентігу мазалайды, мұрнынан қан кетеді, геморрагиялық бөртпелер, қызыл иектің қанауы. Аталған шағымдар 2 жылдан бері мазалайды. 5 жыл бұрын Хашимото зобына байланысты струмэктомия жасалған, соның салдарынан гипотериоз дамыған. Л-тироксинмен емделген, тері жамылғысы және шырышты қабаттары құрғақ және бозарған ауыз қуысында некрозды жаралы үрдіс. Кеуде бөлігу терісінде геморрагиялық бөртпелер. Пульс-44 рет 1 мин, АҚҚ- 90/60 мм.с.б. ЖҚА: Нв 56 г/л, эр - 1,6*1012/л, ТК 1,0, Л 1*109/л, э-0%, п- 11%, с-36%, л-50%, м-10%, ретикулоциттар 0,2%, тромбоциттер 48*109/л, ЭТЖ-56 мм/сағ Осы көрсеткіштер қандай диагнозға тән?

А) Созылмалы постгеморрагиялық анемия

В) теміртапшылықты анемия

С) апластикалық анемия

Д) гемолитикалық анемия

Е) В12 тапшылықты анемия

 

34. 55 жастағы әйел. Шағымы әлсіздік, жүректің қатты соғуы, 1 жылдан бері ауырады, бірақ қаралмаған және емделмеген. Созылмалы геморрой мазалайды, қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықты, терісі және шырышты қабаттары бозарған. Жүрек шекарасы қалыпты, жүрек тондары бәсең, тахикардия. Пульсі 106 минутына. ЖҚА: эр-2,1*1012/л, Нв – 44г/л, ЦП – 0,6, Л-4,4*109/л, ЭТЖ-26 мм/час.Бауыры үлкеймеген. Осы көрсеткіштер қандай ауруға тән?

А) В12 тапшылықты анемия

В) теміртапшылықты анемия

С) апластикалық анемия

Д) аутоиммундық гемолитикалық анемия

Е) микросфероцитоз

 

35. 32 жастағы әйелдің шағымдары-әлсіздік, бел, жүрек, іш, буын аймағындаға ауру сезімі, жүрек соғуы, субфибрильді температура. Қарап тексергенде - тері жамылғысы ақшыл түсті, өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тоны бәсеңдеген, ритмі қалыпты, жүрек ұшында систолалық дыбыс, бауыры 2 см қабырға доғасында,көкбауыр 1 см қабырға доғасында, ЖҚА: Нв-90г/Л, ЦП-0,9, Эр-2,9*1012/л, ретикул-7%, л-4,1*109/л, тромб-150*109/л, қан сарысуында жалпы билирубин 25 ммоль/л, тура емес билирубин 20 ммоль/л. Диагнозын анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?

А) Сүйек миын зерттеу

В) ЖҚА

С) Темір сарысуының көлемі

Д) тромбоциттер саны

Е) билирубин көлемі

 

36. 22 жастағы әйел, жүктілік кезеңі 30 апталық. Шағымдары – әлсіздік, жүрек соғуы, тез шаршағыштық, жүрек айну, іш өту, тіл ұшының күйдіріп ауруы.Нақты шағымдары жүктіліктің 15 аптасында пайда болған, емделмеген. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 39*С, терісі ақшыл - сары түсті, беті бозарған. Жүрек шекарасы қалыпты, дыбысы бәсеңдеген, тахикардия, жүрек ұшында систолалық дыбыс, бұлшықет астына өтпейді, пульс 96 рет 1 мин., АҚҚ 80/40 мм.с.б. Тілі таза, ақшыл қызыл түсті, жұмсақ бүртіктері тегіс. Бауыры ұлғаймаған. ЖҚА: Нв-94г/л, эр-2,5*1012/л, ТК-1,3, л-3,4*109/л, ЭТЖ-23мм/сағ, сүйек миында: мегалобласт-78%. Қандай ауру жайлы ойлау керек?

А) В12-тапшылықты

В) Теміртапшылықты

С) Апластикалық

Д) Гемолитикалық

Е) Постгеморрагиялық

 

37. 22 жастағы әйел, жүктілік кезеңі 30 апталық. Шағымдары – әлсіздік, жүрек соғуы, тез шаршағыштық, жүрек айну, іш өту, тіл ұшының күйдіріп ауруы.Нақты шағымдары жүктіліктің 15 аптасында пайда болған, емделмеген. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 39*С, терісі ақшыл - сары түсті, беті бозарған. Жүрек шекарасы қалыпты, дыбысы бәсеңдеген, тахикардия, жүрек ұшында систолалық дыбыс, бұлшықет астына өтпейді, пульс 96 рет 1 мин., АҚҚ 80/40 мм.с.б. Тілі таза, ақшыл қызыл түсті, жұмсақ бүртіктері тегіс. Бауыры ұлғаймаған. ЖҚА: Нв- 94г/л, эр-2,5*1012/л, ТК-1,3, Л - 3,4*109/л, ЭТЖ-23мм/сағ, сүйек миында: мегалобласт-78%. Жүргізілген лабораторлы көрсеткіштің қайсысы нақты диагнозды дәлелдейді?

А) ЭТЖ жоғарлауы

В) жоғары түсті көрсеткіш, мегалобласттар (78%) пунктатта

С) гемоглобиннің төмендеуі

Д) эритропения

Е) лейкопения

 

38. 22 жастағы әйел, жүктілік кезеңі 30 апталық. Шағымдары – әлсіздік, жүрек соғуы, тез шаршағыштық, жүрек айну, іш өту, тіл ұшының күйдіріп ауруы.Нақты шағымдары жүктіліктің 15 аптасында пайда болған, емделмеген. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 39*С, терісі ақшыл - сары түсті, беті бозарған. Жүрек шекарасы қалыпты, дыбысы бәсеңдеген, тахикардия, жүрек ұшында систолалық дыбыс, бұлшықет астына өтпейді, пульс 96 рет 1 мин., АҚҚ 80/40 мм.с.б. Тілі таза, ақшыл қызыл түсті, жұмсақ бүртіктері тегіс. Бауыры ұлғаймаған. ЖҚА: Нв - 94г/л, эр - 2,5*1012/л, ТК -1,3, Л - 3,4*109/л, ЭТЖ-23мм/сағ, сүйек миында: мегалобласт-78%. Қандай ем жүргізу керек?

А) В12 витамині бұлшықетке

В) С витамині

С) гемофер ішке

Д) Феррум лек тамыр ішіне

Е) цитостатиктер

 

39. 22 жастағы әйел, жүктілік кезеңі 30 апталық. Шағымдары – әлсіздік, жүрек соғуы, тез шаршағыштық, жүрек айну, іш өту, тіл ұшының күйдіріп ауруы.Нақты шағымдары жүктіліктің 15 аптасында пайда болған, емделмеген. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 39*С, терісі ақшыл - сары түсті, беті бозарған. Жүрек шекарасы қалыпты, дыбысы бәсеңдеген, тахикардия, жүрек ұшында систолалық дыбыс, бұлшықет астына өтпейді, пульс 96 рет 1 мин., АҚҚ 80/40 мм.с.б. Тілі таза, ақшыл қызыл түсті, жұмсақ бүртіктері тегіс. Бауыры ұлғаймаған. ЖҚА: Нв-94г/л, эр-2,5*1012/л, ТК -1,3, Л - 3,4*109/л, ЭТЖ– 23 мм/сағ, сүйек миында: мегалобласт-78%. Қандай лабораториялық зерттеулер дұрыс диагнозды дәлелдейді?

А) ЭТЖ жоғарлауы

В) гемоглобин төмендеуі

С) пунктатта мегалобласттар

Д) эритроциттердің төмендеген мөлшері

Е) лейкопения

 

40. Әйел 56 жаста. Шағымдары: физикалық жүктемеден кейінгі жүрек қағысы, денеде геморрагиялық бөртпе, қызыл иегінің қанауы, жарты жыл бойы науқасты мазалайды. Шағымдары бойынша стомотологта емделген, бірақ нәтижесі жоқ.Бұрын қалалық емхананың рентгенологиялық бөлімшесінде лаборант болып жұмыс жасаған. Объективті: тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, қызыл иегінің қанауы, ауыз қуысында некротикалық жаралық процесс, денесінде және санында геморрагиялық бөртпелер. Көкбауыры мен бауыры үлкеймеген. ЖҚА: Нв- 56 г/л, эр 1,6 /л, ТК – 1,0, Л – 1 *109/л, эоз- 0%, п-11%, с- 36%, л- 50%, м-10%, ретикулоцит- 0,2, тромбоциттер - 48000, ЭТЖ - 56 мм. Кумбс сынамасы теріс, миелограмма панмиелофтиз. Осы жағдайда анемиянын қай түрі деп санайсыз?

А) созылмалы постгеморрагиялық анемия

В) теміртапшылықты анемия

С) апластикалық анемия

Д) геморрагиялық анемия

Е) В 12 – тапшылықты анемия

 

41. 22 жастағы әйел әлсіздікке, жүрек қағысына, тез шаршағыштыққа, жүрек айнуына, ішінің ауруына, іш өтуіне, тіл ұшының ашуына, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Айтылған шағымдар бойынша емделмеген. Бір жыл көлемінде ауырады. Глистті инвазия бойынша екі жыл бұрын ем қабылдаған. Бірақ нәтижесін алмаған. Объективті: орта деңгейлі жағдайда дене температурасы 38 С, терісі бозғылт - лимон тәрізді, жүрек шекарасы қалыпты, тондары әлсіз, тахикардия, пульс 108 рет. АҚ 80/40 мм.с.б., тілі таза, ашық қызыл түсті, тегіс, бүрлері тегістелген. Бауыры үлкеймеген. ЖҚА: эр- 3,5*1012/л, Нв-98 г/л, ТК- 1,5, Лейк-3,4*109/л, ЭТЖ- 23мм/сағ, Сүйек миы пунктатының көрінісі: мегалобласттар - 78%. Қандай ем қолдану керек?

А) Витамин В12 бұлшықетке

Б) Витамин А

С) гемофер ішке

Д) феррум лек тамыр ішіне

Е) цитостатиктер

 

42. Жасөспірім 17 жаста. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүрек айну, тағам қабылдағаннан кейін оң ұабырға астының ауру сезімі, қыжыл, кекіру. Объективті: сүйек жүйесінің деформациясы, терісі сарғыш, спленомегалия, қанында: Нв- 90 г/л, ЦП- 1,0, эр- 2,5*1012/л, микросфероциттер, лейк – 8*109/л, п- 1, с- 47, эоз- 5, моноцит- 3, лимф- 1,9%, тромб- 170*109/л. Қандай зерттеу жүргізу керек?

А) кемігіне зерттеу

Б) ЖҚА

С) қан сарысуындағы темір мөлшері

Д) тромбоциттер мөлшері

Е) билирубин мөлшері

 

43. Әйел 61 жаста. Шағымдары: әлсіздік, арықтау, ауыз дәмнің бұзылуы (етке жиіркеніштік), эпигастральді аймақта ауыру сезімі, науқас өзін жарты жылдан бері ауру санайды. Дәруменмен амбулаторлы емделген. Объективті: тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт. Кеудесін ұстағанда ауырады. Эпигастрий аумагында тауық жұмыртқасындай ісік пальпацияланады, тығыз, ауырсынусыз. Рентген анықтамасында асқазанның антральді бөлігінің рагы. ЖҚА: Нв- 85*1012/л,, эр- 1,7, ТК-1,3, лейк- 5*109/л, тромб-180*109/л, нормобласттар-3:100, ретикулоциттер- 0,2%, жағындыда макро-, анизоцитоз, бірлік мегалобласттар. ЭТЖ 69 мм/сағ. Қандай ем қолдану керек?

А) В 12 бұлшықетке

Б) гемофер ішке

С) поливитаминдер

Д) феррум лек қантамыр ішілік

Е) цитостатиктер

 

44. Әйел 61 жаста. Шағымдары: әлсіздік, арықтау, ауыз дәмнің бұзылуы (етке жиіркеніштік), эпигастральді аймақта ауыру сезімі, науқас өзін жарты жылдан бері ауру санайды. Дәруменмен амбулаторлы емделген. Объективті: тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт. Кеудесін ұстағанда ауырады. Эпигастрий аумагында тауық жұмыртқасындай ісік пальпацияланады, тығыз, ауырсынусыз. Рентген анықтамасында асқазанның антральді бөлігінің рагы. ЖҚА: Нв- 85*1012/л,, эр- 1,7, ТК-1,3, лейк- 5*109/л, тромб-180*109/л, нормобласттар-3:100, ретикулоциттер- 0,2%, жағындыда макро-, анизоцитоз, бірлік мегалобласттар. ЭТЖ 69 мм/сағ. Қандай ауру туралы ойлау керек?

А) Созылмалы постгеморрагиялық

Б) темір дефициті

С) апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) В12 тапшылықты

 

45. Әйел 58 жаста. Шағымдары: физикалық жүктемеден кейінгі жүрек қағысы, денеде геморрагиялық бөртпе, қызыл иегінің қанауы, жарты жыл бойы науқасты мазалайды. Шағымдары бойынша стомотологта емделген, бірақ нәтижесі жоқ.Бұрын қалалық емхананың рентгенологиялық бөлімшесінде лаборант болып жұмыс жасаған. Объективті: тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, қызыл иегінің қанауы, ауыз қуысында некротикалық жаралық процесс, денесінде және санында геморрагиялық бөртпелер. Көкбауыры мен бауыры үлкеймеген. ЖҚА: Нв- 56 г/л, эр 1,6*1012 /л, ТК – 1,0, Лейк – 1 *109/л, тромбоциттер - 48*109/л, ЭТЖ - 56 мм. Кумбс сынамасы теріс, миелограмма панмиелофтиз. Осы жағдайда қандай диагноз қою керек?

А) теміртапшылықты анемия

В) апластикалық анемия

С) гемофилия

Д) гемобластоз

Е) геморрагиялық васкулит

 

46. Әйел 56 жаста. Шағымдары: физикалық жүктемеден кейінгі жүрек қағысы, денеде геморрагиялық бөртпе, қызыл иегінің қанауы, жарты жыл бойы науқасты мазалайды. Шағымдары бойынша стомотологта емделген, бірақ нәтижесі жоқ.Бұрын қалалық емхананың рентгенологиялық бөлімшесінде лаборант болып жұмыс жасаған. Объективті: тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, қызыл иегінің қанауы, ауыз қуысында некротикалық жаралық процесс, денесінде және санында геморрагиялық бөртпелер. Көкбауыры мен бауыры үлкеймеген. ЖҚА: Нв- 56 г/л, эр 1,6 /л, ТК – 1,0, Л – 1 *109/л, эоз- 0%, п-11%, с- 36%, л- 50%, м-10%, ретикулоцит- 0,2, тромбоциттер - 48000, ЭТЖ - 56 мм. Кумбс сынамасы теріс, миелограмма панмиелофтиз

Қандай ем көрсетіледі?

А) қан құю

В) темір препараттар

С) преднизолон

Д) гепарин

Е) курантил

 

47. Жедел лейкоз жайында қайсы пікір дұрыс:

А) Патогенез негізінде патологиялық клон пайда болуы жатыр

В) Жедел лейкоз созылмалыға өтуі мүмкін

С) Дұрыс тамақтанбау лейкоздың себебі болуы мүмкін

D) Жедел лейкозда цитостатикалық емді бастапқы кезеңде жүргізуге болады

Е) Ересектерде жиірек кездесетін жедел лейкоз түрі – миелобласттық

 

48. Жедел лейкоздың диагностикасында көбірек маңызға ие:

А) Некротикалық баспаның дамуы

В) Терінің лейкемиялық инфильтрациясы

С) Сүйек - бұлшықет жүйесінің зақымдалуы

Д) Жалпы қан анализінде бласттарды аныктау

Е) Геморрагиялық синдром

 

49. Жедел лейкозға күмәндәнғанда міндетті зерттеу әдісі болып табылады:

А) Көкбауыр биопсиясы

В) Бауыр биопсиясы

С) Лимфа түйіндерінің биопсиясы

Д) Жұлын-ми пункциясы

Е) Стернальды (төс) пункциясы

 

50. Жедел миелобласты лейкоздың диагнозы перифериялық қанда анықталады:

А) Миелоциттер

В) Промиелоциттерді

С) Метамиелоциттерді

Д) Миелобласттарды

Е) Монобласттарды

 

51. Миелоидты лейкоз кезіндегі лейкемиялық ойыққа шеткі қанда болуы тән:

А) Гранулоциттердің жас және жетілген формаларының

В) Эозинофильды – базофильды ассоциацияның

С) Гранулоциттердің тек жас формаларының

Д) Гранулоциттердің ауыспалы формаларының

Е) Гранулоциттердің ауыспалы формаларының және жетілген формаларының

 

52. Лейкоз кезіндегі қызбаға тән:

А) Толқын тәрізді сипатқа ие

В) Инфекциялық асқынуларда туындайды

С) Антибиотиктерді тағайындағаннан кейін жоғалады

Д) Химиотерапияны тағайындағаннан кейін жойылады

Е) Нейролейкемиямен байланысты

 

53. Жедел миелоидты лейкозда гиперпластикалық синдромның көрінісі:

А) Көкбауырдың, лимфа түйіндерінің ұлғаюы

В) Тері ішілік қан құйылулар

С) Ұзаққа созылған қызба қалтырау

Д) Дене салмағының азаюы, бұлшықет атрофиясы

Е) Инфекциялық – қабынулық аурулар

 

54. Мықын сүйегі қанаттарының трепанобиопсисы жүргізіледі:

А) Айқын анемия кезінде

В) Лейкоздың алейкемиялық түрінде

С)Стернальды пункция ақпарат бермегенде

Д) Нейролейкемияға күмәнданғанда

Е) Инфекциялық асқынуларда

 

55. Жедел миелобласты лейкозға көбірек тән:

А) Тромбоцит мөлшерінің артуы

В) Лейкемиялық үңірею

С) Мегалобласттардың болуы

Д) Гиперэозинофилия

Е) Ретикулоцитоз

 

56. Созылмалы миелоидты лейкозға көбірек тән белгілер:

А) «Ойық» феноменінің болмауы

В) Жай тромбоцитопения

С) Лимфоциттердің абсолютті мөлшерінің жоғарлауы

Д) Анемияның ауыр дәрежесі

Е) Базофильдердің және эозинофильдердің болмауы

 

57. Жедел миелоидты лейкозда, қызыл иектің қанағыштығы, кез-келген жердің қанауының себебі түсіндіріледі:

А) Ретикулоцитозбен

В) Тромбоцитопениямен

С) Қан ұю факторының VІІІ, ІX, X жеткіліксіздігімен

Д) Қан тамыр қабырғасының қабынуымен

Е) Гранулоцитопениямен

 

58. Лимфобластты лейкозда шеткері қанда:

А)Лимфоциттердің абсолютті мөлшері жоғарлаған

В)Нейтрофильдердің абсолютті мөлшері жоғарлаған

С)Тромбоциттердің мөлшері жоғарлаған

Д) Лимфоциттердің мөлшері бірден төмендеген

Е) Миелобласттардың болуы

 

59.Лейкоздан сауыққандықтан негізгі критерийлерінің бірі болады:

А) Бластты жасушалардың санының 50 % - ға азаюы

Б) Бластты жасушалардың санының 70-90 % - ға азаюы

С) Тромбоциттер санын 50-80 мынңа дейін жеткізу

Д) ЭТЖ-нің қалыпқа келуі

Е) Миелограммада 5 % - дан көп емес бластты жасушаның болуы

 

60. Гемобластоздар – бұл дамитын ісік:

А) қан түзілу тінінен

В) дәнекер тіннен

С) мезенхималды тіннен

Д) лимфоидты тіннен

Е) ретикулярлы тіннен

 

 

61. Сүйек миының трансплантациялауға көрсеткіш болып:

А) Полихимиотерапияның түрінің тұрақтылығы

В) Лейкоздың алейкемиялық түрі

С) Анемиялық синдромның айқындылығы

Д) Инфекциялық асқынудың қозуы

Е) Нейролейкемияның болуы

 

62. Сүйек миының трансплантациясының асқынуы болып:

А) “Бластты” лизистің дамуы

В) Трансплантаттың кері итеруі

С) Гиперлейкоцитоздың пайда болуы

Д) Айқын тромбоцитопения

Е) Агранулоцитоз

 

63. 42 жастағы ер адам, температурасының 38-39º С -қа көтерілуіне, қалтырау, тершеңдік әсіресе түңгі уақытта, жұтынуда тамақтың ауру сезімі, жалпы әлсіздікке, тізе, шынтақ сүйектерінің ауру сезіміне шағымданады. 3 апта бойы ауырады. Лакунарлы ангина диагнозымен терапевтте емделіп жүр. Амоксициллин, клацид антибиотиктерін қабылдайды, бірақ ем нәтижесіз. Қарап тексергенде: жағдайы нашар, денесінің температурасы 39 градус, қызыл иектерінің қанауы байқалады, бадамша бездері ұлғайған, борпылдақ, лас-сұр жабындымен жабылған, жаралы - некрозды стоматит. Концистенциясы қамыр тәрізді, ауырсынусыз, жақасты лимфа бездері пальпацияланады. Тізе, шынтақ сүйектерін ұрғылағанда ауырсынумен жүреді. Жалпы қан анализі: эр- 3,2*10¹²/л, Нв 85 г/л, тромбоциттер - 110 *10 9/л, лейк. - 22 *10 /л, миелобласттар - 22 %, с/я - 50%, лимфоциттер -15 %, моноциттер-3% ЭТЖ-45 мм/сағ. Аталған диагноздың қайсысы нақтырақ?

А) Жедел миелобластты лейкоз, бастапқы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемияның ІІ сатысы,

В) Жедел миелобластты лейкоз, жайылмалы сатысы, І шабуыл, анемияның І сатысы,

С) Жедел лимфобластты лейкоз, жайылмалы сатысы, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемияның ІІ сатысы,

Д) Созылмалы лимфобластты лейкоз, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемияның ІІ сатысы,

Е) Созылмалы миелобластты лейкоз, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром.

 

64. 35 жастағы әйел адам, этиологиясы белгісіз анемиямен емханада емделіп жүр.Жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүрек қағысына, аз физикалық жүктемеге ентігу, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындысы бозғылт, көзге көрінетін шырышты қабықтар. Тізе терісінде геморрагиялық себінділер байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген,жиі экстрасистолалар, минутына 115 рет пульс, АҚ 90/60 мм. сын.бағ. Жылжымалы,ауру сезімінсіз,жақасты, бұлшықетасты лимфа бездері пальпацияланады. Бауыр 8-10 см, көкбауыр 10-12 см қабырға доғасынан шығыңқы тұрады. Жалпы қан анализі: эр-1,8*10/л, Нв -58г/л, тромбоциттер-90*10/л, л- 2,2 *10 /л, п/я – 5 %, с/я -55%, лимфоциттер-30%, моноциттер -10% ЭТЖ- 42 мм/ сағ. Миелограмманың нәтижесі: миелобласттар 70% дейін. Қан жасау жүйесінің эритроциттер мен тромбоциттер өсуінің тежелуі. Аталған диагноздардың қайсысы нақтырақ?

А) Жедел миелобластты лейкоз,сублейкемиялық түрі,жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемияның ІІ сатысы.
В) Жедел миелобластты лейкоз, алейкемиялық түрі, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемияның ІІІ сатысы, кардиомиопатия,жүрек ритмінің бұзылысы.

С) Жедел лимфобластты лейкоз, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемияның ІІ сатысы.

Д) Созылмалы лимфобластты лейкоз, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемияның І сатысы.

Е) Созылмалы миелобластты лейкоз, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемияның ІІ сатысы.

 

65. 40 жастағы ер адам неврологиялық бөлімшеге ауыр жағдайда бас аурумен, ұйқы бұзылуы- ұйқышылдық, температураның 39 градусқа көтерілуі, қалтырау, жүдеуге шағымданып ауруханаға келіп түсті. 2 аптаға жақын ауырады. Қарап тексергенде: терісінде бірен-саран геморрагиялар, бауыр 5-7 см, көкбауыр 6-8 см қабырға доғасынан төмен орналасқан тығыз, аурусезімімен жүреді. 1 аптадан соң оң жақтан гемипарез пайда болды. Жалпы қан анализі: эр-2,2*10/л, Нв 72 г/л, тромбоциттер -95*10/л, миелобласттар -54%, т/я-4%,с/я -28%, лимфоциттер-12%, моноциттер-2% ЭТЖ -57 мм/сағ. Аталған диагноздардың қайсысы нақтырақ?

А) Жедел миелобластты ле йкоз, алейкемиялық түрі, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемиялық синдром, нейролейкемия.

В) Жедел миелобластты ле йкоз, алейкемиялық түрі, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемия ІІІ сатысы

С) Жедел миелобластты ле йкоз, алейкемиялық түрі, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемия ІІ сатысы

Д) Созылмалы лимфобластты лейкоз, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемия І сатысы.

Е) Созылмалы миелобластты ле йкоз, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемия ІІ сатысы.

 

66. 54 жастағы ер адам санаторлы-курорттық картаны толтыру үшін емханаға келді. Зерттеу барысында жалпы қан анализінде: эр 3,3*10/л, Нв -92 г/л,тромбоциттер -100*10/л, л-7,9 *10/л, миелобласттар -10%, т/я -5%, с/я - 45%, лимфоциттер -25%, моноциттер -15%, ЭТЖ -40мм/сағ. Миелограмма:миелобласттар саны 25% дейін. Науқас өзін жаман сезінбейді, бірақ анемнезінде соңғы 1-2 айда қызыл иектің қанауы болған, науқас мән бермеген. Жарты жыл бұрын іш қуысына УДЗ түскенде талақтың алаңы 62кв.см ұлғайған. Аталған диагноздардың қайсысы нақтырақ?

А) Жедел миелобластты ле йкоз, алейкемиялық түрі, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемиялық синдром.

В) Жедел миелобластты ле йкоз, жайылмалы сатысы, анемия І сатысы

С) Жедел лимфобластты ле йкоз, алейкемиялық түрі, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемия ІІ сатысы

Д) Созылмалы лимфобластты лейкоз, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемия І сатысы.

Е) Созылмалы миелобластты лейкоз, жайылмалы сатысы, І шабуыл, гиперпластикалық синдром, интоксикациялық синдром, анемия ІІ сатысы.

 

67. 60 жастағы әйел адам мынадай шағымдармен түсті:жалпы әлсіздік,жоғары шаршағыштық,жүру кезінде сол жақ қабырға астында әлсіз ауру сезімі,тәбеттің төмендеуі. Анамнезінде салқын тию ауруымен көп ауырған.Қарап тексеруде терісі және көрінетін шырышты аймақтардың түсі қалыпты,көкбауыр үлкейген,тығыз,ауру сезімі жоқ,бауыр үлкйеген, ауру сезімі жоқ. ЖҚА:эр-3,8*10¹²/л, Hb-110 г/л,тромб-180,9*10 /л, лейк-20*10^9 /л, базо-3%, эозин-4%, промиел - 1%, миел. - 4%, жас. - 8%, таяқша - 4%, сегмент -50%, лимф-25%, моноцит - 8%, ЭТЖ – 32мм/сағ. Миелограмма: жас клеткелардың жоғарғы дәрежесі, мегакариоциттер санының артуы. Миелобласт - 5%. Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?

А)Созылмалы миелобластты лейкоз,бастапқы фаза

В) Созылмалы миелобластты лейкоз,акселерация фазасы

С) Созылмалы миелобластты лейкоз,терминалды стадиясы

Д) Жедел миелобластты лейкоз,ушыққан кезең

Е) Жедел лимфобластты лейкоз,ушыққан кезең

 

68. 52 жастағы әйел адам қатты жалпы әлсіздік,еңбекке жарамдылықтың жоғалуына, дене температурасының жоғарылауына, сүйек ауру сезіміне, тұрақты, табеттің төмендеуіне, жөдеуі, сол жақ қабырға астында күшті ауру сезіміне шағымданды. Жатыр рагына байланысты 10 жыл бұрын сәулелі терапия алған. Қарап тексергенде: терісінің көлемді бозаруы, көрінетін шырышты қабаттарының, денесінде және аяқ – қолдарында көптеген геморрагиялар, аз терілік лейкемидтер,бауыр аса үлкейген, көкбауыр кіндік шамасында, ауырады. ЖҚА: эр - 2,8*10¹²/л, Hb-70 г/л,тромб -65*10 /л, лейк-150*10^9 /л, базо-10%, эозин-10%, промиел -5%, миел. - 10%, метамиелоцит-6%, миелобласт-10%, жас-10%, сегмент-29%, лимф-8%, моноцит-2%, ЭТЖ – 60 мм/сағ. Миелограммада: Миелобласттар 15%-ға дейін, аралық клеткалардың саны артқан, эозинофильдер мен базофильдер саны жоғарылаған. Мегакариоциттер төмендеген. Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?

А)Созылмалы миелобластты лейкоз,бастапқы фаза

В) Созылмалы миелобластты лейкоз, акселерация фазасы

С) Созылмалы миелобластты лейкоз,тұрақты стадиясы

Д)Жедел миелобластты лейкоз,ушыққан кезең

Е) Жедел лимфобластты лейкоз,ушыққан кезең

 

69. 60 жастағы ер адам,шағымдары:әлсіздік,жөдеу,дене температурасының жоғарылауы, мойын аймағында, қолтық астында, шаб аймағында ісік тәрізді түзіліс. Қарап тексергенде: перифериялық лимфа тамырларының грек жаңғағындай үлкеюі, терімен және бір бірімен жабыспаған. Бауыр ұлғайған, көкбауыр ұлғайған, тығыз, тегіс. ЖҚА:эр-3*10¹²/л, Hb-86 г/л, тромб-100*10 /л, лейк-100*10^9 /л, сегмент-15%, лимф-80%,моноцит-5%, ЭТЖ – 60 мм/сағ. Мегакариоциттер төмендеген. Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?

А)Созылмалы миелобластты лейкоз,бастапқы фаза

В) Созылмалы миелобластты лейкоз, акселерация фазасы

С) Созылмалы миелобластты лейкоз,тұрақты стадиясы

Д)Созылмалы лимфобластты лейкоз,ушыққан кезеңі,гепатоспленгомегалия, II дәрежелі анемия

Е) Жедел лимфобластты лейкоз,ушыққан кезең

 

70. Жедел лейкоз туралы қай тұжырым дұрыс:

А)Патогенезінде патологиялық клон түзілуі жатады

В)Жедел лейкоз созылмалыға ауысуы мүмкін

С)Лейкоздың себебі дұрыс тамақтанбау

Д)Лейкоздың бастапқы кезеңінде цитостатикалық терапияны жүргізбеуге болады

Е)Үлкен адамдарда миелобластты лейкоз жиі

 

71. Жедел лейкоздың себебі?

А)Радиация

В) Ашығу

С) Бактерия

Д) Дұрыс тамақтанбау

Е) Йод жетіспеушілік

 

72. Жедел лейкоздың диагнозын қоюда қандай лабораториялық көрсеткіш қолданылады?

А) Анемия

В) Лейкопения

С) Тромбоцитопения

Д) Бластоз

Е) ЭТЖ жоғарылауы

 

73. Жедел лейкоздың диагностикалық критерилері

А) Анемия

В) Тромбоцитопения

С) Нейтрофилді лейкоцитоз

Д) Бласт 30% жоғары

Е) Филадельфия хромосомасының анықталуы

 

74. Жедел лейкоздың ең ауыр дәрежесінің аталуы

А) Толық емес ремиссия

В) Рецидив

С)Терминалды

Д) Жазылу

Е) Тыртықтану

 

75. Жедел лейкоздың жетілмеген түріне қандай цитохимиялық көрініс тән?

А)Шик реакциясы оң, миелопероксидоза теріс

В)Миелопероксидазаға реакция оң

С)Миелопероксидазаға реакция оң,специфкалық эстеразаға теріс

Д)Барлық реакция теріс

Е)Специфкалық эстеразаға оң,миелопероксидазаға реакция теріс

 

76. Жедел лейкоздардың ең ауыр сатысы қалай аталады?

А) Толық емес ремиссия

В) Рецидив С) Терминалдық

D) Айығу

Е) Тыртықталу

 

77. Жедел лейкоздың лимфобластты түріне қандай цитохимиялық көрініс тән?

А)Шик реакциясы оң, миелопероксидоза теріс

В)Миелопероксидазаға реакция оң

С)Миелопероксидазаға реакция оң, специфкалық эстеразаға теріс

Д)Барлық реакция теріс

Е)Специфкалық эстеразаға оң,миелопероксидазаға реакция теріс

 

78. Жедел лейкоздың монобластты түріне қандай цитохимиялық көрініс тән?

А)Шик реакциясы оң,миелопероксидоза теріс

В)Миелопероксидазаға реакция оң

С)Миелопероксидазаға реакция оң,специфкалық эстеразаға теріс

Д)Барлық реакция теріс

Е)Специфкалық эстеразаға оң,миелопероксидазаға реакция теріс

 

79. Жедел лейкоздың миеломонобластты түріне қандай цитохимиялық көрініс тән?

А)Шик реакциясы оң,миелопероксидоза теріс

В)Миелопероксидазаға реакция оң

С)Миелопероксидазаға реакция оң,специфкалық эстеразаға теріс

Д)Барлық реакция теріс

Е)Специфкалық эстеразаға оң,миелопероксидазаға реакция теріс

 

80. Жедел лейкоздың рецидивінің негізгі методикалық емі?

А)Курсты ПХТ

В)Курсты монохимиотерапия

С)Антибиотик

Д)Преднизалонотерапия

Е)Иммунды трансфузионды терапия

 

81.Толық клинико-гематологиялық ремиссияны көрсететін белгі?

А)Миелограммада бластты клеткалар 5% дейін

В)Миелограммада бластоз 20% дейін

С)Миелограммада бласт жоқ

Д)Миелограммада 5% бласт

Е)Гемограмма қалыпты

 

82. Полихимиотерапияға тағайындауға қарсы көрсеткіштер

А)Геморрагиялық синдром,анемия

В)Науқастың емделуге ынтасының болмауы

С)Лимфоцитоз,ЭТЖ жоғары

Д)Бластоз

Е)Гиперлейкоцитоз

 

83. Қандай клиникалық гематологиялық көріністер эритремияға тән?

А) эритроцитоз

В) панцитопения

С) анемия

Д) лейкоцитоз

Е) тромбоцитоз

 

84. ЖҚА Нв- 68 г/л, эритроцит 2,3*1012/л, түстік көсеткіш 1,0 л, лейкоцит 1,109/л, эозинофил 0%, тақша ядролы 11%, сегмент ядролы 36%, лимфоцит 50%, моноцит 10%, ретикулоцит 0,2%, тромбоцит 48*109/л мм/ сағ. Кумбс сынамасы теріс, миелограмма: аз материал алынды. Осы өзгерістер қай анемияға тән?

А) созылмалы постгеморрагиялық

В) темір тапшылықты

С)апластикалық

Д) гемолитикалық

Е) B12-тапшылықты

 

85. Апластикалық анемияда қандай ем тағайындалады?

А) криопреципитат

В) эритроцитарлы массаны құю

С) преднизалон

Д) гепарин

Е) курантил

 

86. B12- тапшылықты анемияда қандай қандай ем жүгізу қажет?

А) витамин В12 бұлшық етке

В) лейкомассаны құю

С) Гемофер ішке

Д) феррум-лекк вена ішілік

Е) цитостатиктер

 

87. Түстік көрсеткіштің жоғарылауы қай анемияға тән?

А) В12 тапшылықты анемия

В) теміртапшылықты анемия

С) апластикалық анемия

Д) гемолитикалық анемия

Е) постгеморагиялық анемия

 

88. Тұқымқуалаушылықты микросферозда қолданылатын ең тиімді емдеу әдісі.

А) глюкокортикостероидтар

В) цитостатиктер

С) спленомегалия

Д) плазмоферез

Е) антикоагулянттар

 

89. Жедел лейкоздың дифференсацияланбаған вариантына қандай цитохимиялық белгілер тән?

А. Шик реакциясы оң, миелопероксидаза теріс

В Миелопероксидазаға реакция оң

С. Миелопероксидазаға реакция оң, арнайы емес эстеразаға реакция теріс

Д. Барлық реакциялар теріс

Е. Арнайы емес эстеразаға реакция оң, миелопероксидазаға теріс

 

90.Оң санның сәл зақымданудан кейін пайда болған үлкен терең жайылмалы гематома туралы қандай ауру ойлауға болады:

А) Геморрагиялық васкулит

В) Верльгоф ауруы

С) Гемофилия

D) Рандю-Ослер ауруы

E) Шенлейн-Генох ауруы

 

91. Қандай ауруға мұрыннан,иектен,жатырдан қан кету және тромбоцитопения тән:

А) Гемолитикалык анемия

В) Тромбоцитопениялық пурпура

С) Гемофилия

D) Шенлейн-Генох ауруы

E) Геморрагиялық васкулит

 

92. Қан ағудың васкулитті-пурпуралы түрі қандай ауруға тән:

A) Рандю-Ослер ауруы

B) Шенлейн-Генох ауруы

C) Гемофилия А

D) Гемофилия В

E) Гемофилия С

 

93. Гемофилия А кезінде қанның ұю жүйесінің қандай факторы жетіспейді:

А) VII

В) VIII

С) IХ

D) ХI

Е) Х

 

94. Гемофилия В кезінде қанның ұю жүйесінің қандай факторы жетіспейді:

А) VII

В) VIII

С) IХ

D) ХI

Е) Х

 

95. Гемофилии С кезінде қанның ұю жүйесінің қандай факторы жетіспейді:

А) VII

В) VIII

С) IХ

D) ХI

Е) Х

 

96. Тромбоциттердің сапалық және сандық бұзылыстары қандай қан ағудың түрімен жүреді?

А) Гематомды

В) Петехиальды-дақты

С) Васкулярлы-пурпурлы

D) Ангиоматозды

E) Көгерулі-гематомды

 

97. Қандай ауру гемостаздың тромбоцитер звеносының бұзылысымен сипатталады?

A) Гемофилия

B) Шейнлейн-Генох

C) Верльгоф

D) Рандю-Ослер

E) Виллебранд

 

98. Тромбоцитарлы-қантамырлық гемостазды төмендегі зерттеулердің қайсысы сипаттайды?

А) қан ағу уақыты

B) Протромбинді уақыт

C) қанның ұю уақыты

D) Активирленген жартылай тромбопластиндік уақыт

E) Протромбинді индекс

 

99.Егер идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурамен науқас әйелде тромбоциттердің деңгейі 20*109/л-ден кем болса және шырышты қабаттардан қан кетулер болса ең бірінші тағайындалады:

A) Глюкокортикоидтер

B) Цитостатик

C) Гемостатик

D) Антикоагулянт

E) Дезагрегант

 

100. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура кезінде сүйек кемігінде болады:

А) Мегакариоциттердің көбеюі

B) Мегакариоциттердің азаюы

C) Миелокариоциттердің көбеюі

D) Миелокариоциттердің азаюы

E) Эритрокариоциттердің көбеюі

 

101.Тромбоциттердің деңгейі қандай болып төмендегенде тромбоцитарлық массаны құю қажет:

А) 100,0-80,0 х 109

В) 70,0-50,0 *109

С) 40,0-20,0 * 109

Д) 20,0 * 109/л и ниже

Е) Тромбоциттердің деңгейінің маңызы жоқ

 

102. Тромбоцитопатияның емін қай препараттан бастайды:

А) Преднизолон

B) Дицинон

C) Метотрексат

D) Викасол

E) Гепарин

 

103.Гемофилияның диагностикасында жиі анықталынады:

А) Активирленген жартылай тромбопластиндік уақыт

B) қан ағу уақыты

C) Протромбинді индекс

D) Плазминоген

E) Фибриноген

 

104.Егер ер адам ацетилсалицил қышқылын қабылдағаннан кейін денесінде петехиалды бөртпелер және иектен қан ағулар пайда болса, онда мынау болуы ықтимал:

А) Аллергиялық реакция

В) Тромбоцитопатия

С) Аутоиммунды тромбоцитопения

D) Геморрагиялық васкулит

E) Гемофилия

 

Date: 2015-07-02; view: 654; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию