Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ықтық қатынас түрлері.





Құқықтық қатынас әр түрлі негізде жіктелуі мүмкін:

1) Құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар, экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді.

2) Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.

3) Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді.

4) Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді (белгілі жағымды әрекеттерді (займ құқықтық қатынасы) жүзеге сыруына байланысты) және бәсең (тыйым салынған әрекеттерді, бәсен міндеттерді (меншіктік құқықтық қатынас)жүзеге асыруына байланысты) болып жіктеледі.

5) Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу стау шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу.

6) Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді.

7) Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады.

Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты анықталған және бірбіріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз.

Абсолютті құқықтық қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық қатынастың түрін айтамыз.

Жалпы (немесе жалпыреттеуші) құқықтық қатынасқа келсек, бұл мәселе әлі де пікірталас тудырады.

Мұндай құқықтық қатынастарды бөліп көрсету әлі де толық сенімдлік тудырмайды және тіпті пайдасыз деген пікірлерде (В.К. Бабаев, Ю.И. Гревцов және т.б.) кездеседі.

Басқа авторлардың пікірінше (С.С. Алексеев, Н.И. Матузов) жалпы құқықтық қатынастың нақты қатынастан айырмашылығы мемлекет пен азамат арасындағы заңды байланысы жоғары деңгейде, ал соңғысы кепілдеме бойынша да және тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын (өмір сүруге, арнамысқа, абыройға, қауіпсіздікке деген құқық), сонымен бірге міндеттемелерді (заңды сақтау, басқа азаматтардың құқығын қадірлеу) жүзеге асыруда өзара байланысының жоғарлылығы. Осы құқықтық қатынас Конституция нормалары, маңызды заңнамалар негізінде туындайды, салалық құқықтық қатынастардың іргесін қалайды.

Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:

- субъект;

- объект;

- заңдық мазмұн (субъективті құқық және заңды міндет).

Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мәнжайларды айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады. Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі.

 

 

№5 «Заңды дерек түсінігі және олардың түрлері»

 

Заңды фактілерді де әр түрлі негізде жіктеуге болады.

1) Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:

- құқық қалыптастырушы (жоона түсу);

- құқық өзгертуші (күндізгі бөлімнен сырттай оқу нысанына ауысу);

- құқықты тоқтатушы (жооны тәмамдау) болып бөлінеді.

2) Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:

- оқиға;

- әрекет болып бөлінеді.

Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың туылуы, төтенше оқиғалар – өрт, зілзала, сел, нәтижесінде адамдар қатерге ұшырайды, мүлікке зиян келеді т.б. жатады.

Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады да екіге бөлінеді: құқықтық (жұмысқа орналасу, зейнеткер демалысына шығу, неке тіркеу) және құқыққа қарсы (құқықбұзушылықтың барлық түрлері).

Құқықтық әрекеттің өзі екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір заңдық нәтижелерге (мәмілелер, мұралық, сот шешімдері және т.б.) жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ойпиғылынан тыс заңдық нәтижелердің (көркем өнер туындылары және т.б.) пайда болуына әкелетін әрекеттер.

Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік болады.

Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына бір факті аздық етеді, бұндайда заңдық құрам әрекет етеді. Мысалы зейнет демалысына шығу үшін зейнеткерлік жасқа жету, қажетті еңбек стажының болуы, содан зейнеткерлік демалысқа шыққаны туралы шешім; ішкі істер органына қызметке тұру үшін дене бітімінің жетілгендігі, белгілі жасқа толуысияқты талаптарды орындау керек.

Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі.

Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:

1) азаматтар;

2) екі азаматтылығы бар адамдар;

3) азаматтығы жоқ адамдар;

4) шет ел азаматтары.

Азаматтығы жоқ адамдар мен шетел азаматтары ҚР азаматтар сияқты заңнамада көрсетілген кейбір шектеулерден басқа жағдайда Қазақстан аумағында құқықтық қатынасқа түсуге болады: жекелеп айтқанда, олар ҚР өкілетті органдарға сайлануға және сайлауға, мемлекеттік аппаратта белгілі лауазым иеленуіне, Қару Күштеріне борыш өтеуге және т.с.с. болмайды

¦жымдық субъектілерге мыналар жатады:

1) мемлекет толығымен (мысалы, мемлекет басқа мемлекеттермен халықаралық қатынасқа түссе, мемлекеттік меншік бойынша азаматтыққұқықтық қатынасқа түссе және т.б.);

2) мемлекеттік ұйымдар;

3) мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банктер және т.б.);

4) қоғамдық бірлестіктер.

Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға белгісіне ие. Қр АК 33 бабының 1 тармақшасына сәйкес, заңды ұйым дегеніміз меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды айтамыз.

Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет.

Құқық қабілеттілік – азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. (ҚР АК 13 бабын қараңыз).

Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Мысалы, мұрагерлік құқық.

Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігін айтамыз. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. (ҚР АК 17 бабын қараңыз).

Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:

- толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);

- жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);

- шектелген әрекет қабілеттілік (Ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуына байланысты отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен сот арқылы шектеу). Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін (ҚР Конституциясының 39 бабы);

- әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.

Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек контрактісі бойынша еңбек ететін болса немесе атаанасының немесе қамқоршыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі.

Құқық субъектілік – мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі).

Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз.

Адамдар құқықтық қатынасқа өз мүддесін қанағаттандыру ұшін түседі. Бұл мақсатқа белгілі игіліктің алуын қамтамасыз етуші құқықтар мен міндеттер арқылы жетеді.

Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондайақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.

Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:

- құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;

- құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы. Олардың қатарына:

1) материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар т.б.);

2) материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, арұяты);

3) рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, компьютер бағдарламалары және т.б.);

4) құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі (тасымал шарт негізінде туындаған құқықтық қатынастар, құрылысқа жалдану шарты және т.б.);

5) бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, дипломдар, аттестаттар және т.б.).

Құқықтық қатынас мазмұны – субъективтік құқық пен заңдық міндеттер.

Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады.

Субъективті құқық:

1) мүмкіндігі бар мінез құлық;

2) мүмкіндігі бар мінез құлық мөлшері;

3) өкілдігі бар тұлғаның мүддесін жүзеге асырады;

4) мемлекетпен қорғалады.

Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Субъективті құқықсыз бұл фикцияға айналады.

Заңдық міндет субъективті құқықтың келесі жағы бола отырып, мынадай құрылымға ие.

1) белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;

2) өкілді жанның заңды талаптарына бет бұру қажеттілігі;

3) аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;

4) контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.

 

 

№6 «Құқықтық қатынас даму үрдісіндегі қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін жүріс тұрысына сай қамтамасыз ететін құралдар»

 

Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі.

Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:

1) азаматтар;

2) екі азаматтылығы бар адамдар;

3) азаматтығы жоқ адамдар;

4) шет ел азаматтары.

Азаматтығы жоқ адамдар мен шетел азаматтары ҚР азаматтар сияқты заңнамада көрсетілген кейбір шектеулерден басқа жағдайда Қазақстан аумағында құқықтық қатынасқа түсуге болады: жекелеп айтқанда, олар ҚР өкілетті органдарға сайлануға және сайлауға, мемлекеттік аппаратта белгілі лауазым иеленуіне, Қару Күштеріне борыш өтеуге және т.с.с. болмайды.

¦жымдық субъектілерге мыналар жатады:

1) мемлекет толығымен (мысалы, мемлекет басқа мемлекеттермен халықаралық қатынасқа түссе, мемлекеттік меншік бойынша азаматтыққұқықтық қатынасқа түссе және т.б.);

2) мемлекеттік ұйымдар;

3) мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банктер және т.б.);

4) қоғамдық бірлестіктер.

Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға белгісіне ие. Қр АК 33 бабының 1 тармақшасына сәйкес, заңды ұйым дегеніміз меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды айтамыз.

Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет.

Құқық қабілеттілік – азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. (ҚР АК 13 бабын қараңыз).

Құқық қабілеттілікті жалпы, салалық және арнайы деп қарастырады.

Жалпы – тұлғаның қолданыстағы заңнамада көзделген құқықтар мен міндеттердің ішінен кез келгеніне ие болу мүмкіндігі.

Салалық – кез келген құқық саласында құқыққа ие болу мүмкіндігін береді.

Арнайы құқық қабілеттілік – арнайы таным немесе талантты қажет етеді. Мысалға, сот, дәрігер, ғалым және артист.

Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігін айтамыз. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. (ҚР АК 17 бабын қараңыз).

Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:

- толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);

- жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);

- шектелген әрекет қабілеттілік. ҚР АК 27 бабына сәйкес ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуына байланысты отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен сот арқылы шектейді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін (ҚР Конституциясының 39 бабы);

- әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.

Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік өзара бөлінбейді. Азаматтық қатынастан басқа салаларда көбінесе, бұл екі қабілеттілік бірге болады.

Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік арасындағы айырмашылық былайша түсіндіріледі:

- мүліктік құқық жасына, олардың ерікықтияр жағдайына қарамастан барлық азаматтарға қажет;

- мүліктік құқықтық қатынас саласында құқық қабілетті адамның және әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.

Құқық субъектілік – мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі).

Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз.

Адамдар құқықтық қатынасқа өз мүддесін қанағаттандыру ұшін түседі. Бұл мақсатқа белгілі игіліктің алуын қамтамасыз етуші құқықтар мен міндеттер арқылы жетеді.

Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондайақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.

Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:

- құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;

- құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.

Олардың қатарына:

1. материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар т.б.). Азаматтық, мүліктік құқықтық қатынастарға тән қасиет (садасаттық, сыйға беру, кепіл, айырбас, сақтау, өсиет қалдыру);

2. материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, арұяты);

3. рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, компьютер бағдарламалары және т.б.);

4. құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі (тасымал шарт негізінде туындаған құқықтық қатынастар, құрылысқа жалдану шарты және т.б.);

5. бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, дипломдар, аттестаттар және т.б.). Олар жоғалған кезде, қайта жасалғанда, көшіресін рәсімдегенде құқықтық қатынас объектілері бола алады.

Құқықтық қатынас материалдық, ықтиярлық және заңдық мазмұнға ие. Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайды; ықтиярлық – құқықтық нормада сіңіскен мемлекеттік ықтияр (ерік); субъективті құқықтар мен заңды міндеттер – заңды мазмұнын білдіреді.

Құқықтың мазмұны – субъективтік құқық пен заңды міндеттер. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады.

Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады.

Субъективті құқықтың құрылымы:

1) өкілді жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;

2) міндетті жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;

3) құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік органға қайырылу мүмкіндігі;

4) белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіндігі.

Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі.

Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:

1. белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;

2. өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;

3. аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілікке тартылу қажеттілігі;

4. контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.

Субъективті құқық пен заңды міндеттер арасындағы айырмашылықтар:

1) егер субъективті құқық өз мүддесін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет өзгенің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған;

2) субъективті құқық мүмкін болатын мінез құлық мөлшері болса, заңды міндет тиісті әрекет мөлшерін көрсетеді;

Деген күннің өзінде мүмкін болатын мінез құлық (субъективті құқық) пен қажетті мінез құлық (заңды міндет) ара жігі (өлшемі) заңнамада нақты анықталуға тиісті.


Пәнді игеру үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулықтар

(СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқау)

Егер бақылау нысаны реферат болса онда төменде көрсетілген әдістемелік нұсқауға жүгініңіз.

 

Реферат жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.

Реферат - заңтану саласындағы өзекті тақырыптардың бірін теориялық немесе экспериментальды зерттеуден тұрады. Жұмыста студент кәсіби міндеттерді жеке шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.

Реферат – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.

Реферат жазудың мақсаты мен міндеттері

Реферат жазуда келесі мақсаттар көзделеді:

Теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;

Жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру жұмыста қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйренуі тиіс.

 

Рефераттың жоспары мен құрылымы

 

Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен рефератта қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығыырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зертеу қажет, ал гере мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.

Жоспар рефераттың бөлімдері мен параграфтардың аттарынан ғана емес, сонымен қатар әр бөлімде ашып көрсетілетін негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек.

Жасалған жоспарды оқытушымен талқылау керек, оқытушы жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.

Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана рефератты жазуды бастау керек.

Реферат жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:

- титулдық бет

- мазмұны

- кіріспе

- негізгі бөлім

- қорытынды

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Рефераттың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Келесі беттер нөмірленеді.

Рефераттың кіріспесінде жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен реферат құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.

Рефераттың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді.

Қортындыда тақырыптың сипатына және рефераттың зерттелу тереңдігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.

Рефератты рәсімдеу

Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Реферат таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс.

Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 5-7 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегль – 14, шрифт—Times New Roman немесе KZ Times New Roman.. Беттер барлық қосымшаларымен бірге бірыңғай номерленуі тиіс.

Рефераттың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ - мазмұны. Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және рефераттың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Date: 2016-07-25; view: 628; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию