Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Егер де бақылау нысаны баяндама түрінде берілсе онда төмендегі әдістемелік нұсқауға жүгініңіз.





Баяндама түріндегі бақылау нысаны студенттің қарастырылып отырған тақырып шеңберінде өзекті деп есептеген тақырыптың маңыздылығын, мәнін, оның теориялық және тәжірибелік қажеттілігін негіздеп, қарастырып отырған тақырыбы шегінде мәселелерді ғылыми, тәжірибелік деңгейде көтеріп қарастырған авторлардың пікірлеріне сүйеніп, сын көзқараспен талдау жасап, өз ұсыныстарын беруі қажет.

Әдетте баяндаманың құрылымы автордың жеке сөйлеу мәдениетімен, стилімен ерекшеленеді. Баяндаманың көлемі әдетте 5-7 минуттық уақытқа сәйкес дайындалады немесе баяндама оқылатын іс-шарадағы регламенттің көлеміне ыңғайланып дайындалады.

Баяндамада рефераттағыдай қатаң құрылымдық тәртіп жоқ, ол баяндама жасаушының жеке, индивидуалдық ерекшеліктерге ие болады.

 

5. Курстық жұмыс жазу үшін әдістемелік нұсқаулар.

 

Курстық жұмыс жазу үшін оқу материалдарын игеру маңызды шарт болып, студенттердің ұсынылған әдебиеттермен – оқулықтар, ғылыми мақалалар, монографиялар, нормативті материалдармен өзіндік дайындалғаны болады. Студент үшін оқу және ғылыми материалдармен кәсіби терминологиямен, нормативтік құқықтық актілермен өзіндік істеу дағдыларын игеруде жазбаша курстық жұмыстар үлкен рольге ие.

1 курс студенттері жаз және қыстық емтихандық сессия басталғанға дейін, деканатқа тапсырылатын курстық жұмыс жазады.

Берілген жұмысты орындауға кіріспес бұрын курс бағдарламасымен мұқият танысып, мемлекет және құқық теориясының берілген проблематикасының негізгі түсініктерін меңгеріп, ұсынылған әдебиетті және нормативті материалдарды оқу керек. Курстық жұмыста материалды жазу барысында қолдану үшін, жоспардың әр мәселесіне арналған үзінділер істеген дұрыс болады. Сонымен қатар жазылып жатқан жұмыстың негізгі тұжырымдарын бекіте түсу үшін ҚР-ның және де әлемдегі мемлекеттердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінен мысалдарды жинап, сараптау керек. Қайнар көз ретінде монографиялық зерттеулер, ғылыми мақалалар, құқық қорғау және басқа да органдардың басылып жатқан тәжірибелерін қолдануға болады.Студент өз жұмысында теорияның өмірмен байланысын және онда тапқан көріністерін көрсету керек.

Мынадай маңызды журналдарды атап кету керек «мемлекет және құқық», «заң және заман», «саясат» және т.б. Курстық жұмыс аталған тақырып бойынша әдебиетті жақсы меңгеріп, материалдың тереңдетілген түрде көрініс тауып, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды дұрыс сараптай білу қабілетін көрсету қажет. Мемлекет және құқық теориясы пәнінен курстық жұмыс жазу үшін мұндай әдістің қолданылуы өзіндік ойлау үрдісін, өз көзқарасын ұсынуды және материалды сараптау қабілетін шыңдай түседі. Жоғарыда айтылғаннан оқулықтан, монографиядан, мақаладан көшіруге болмайтындығы анық болды.

 

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұнына талаптар.

Курстық жұмыс мыналардан тұру қажет:

1.Беттердің саны көрсетілген жұмыс жоспарынан.(2 қосымша)

2.Кіріспе, онда жұмыстың өзектілігі, жұмыс құрылымы, әдістері көрселеді.

3.Негізгі бөлім, онда зерттеудің теориялық алғышарттары, ғылыми әдебиетке қысқаша шолу, терминдар, зерттеліп жатқан мәселенің жағдайы, оған деген көзқарастар көрсетіледі.

4.Жұмыста қолданылатын материалдар жалпыланатын қорытындылар, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы көрсетіледі. Жұмыста айтылғандар бойынша қорытындылар қысқа және нақты болу керек.

5.Қолданған әдебиет тізімі. (3-4 қосымша) Онда барлық әдебиет емес, аталған мәселе бойынша студенттің тек қолданған әдебиеті болу қажет.

6.Әдебиет тізімі алфавиттік тәртіппен құрылады(автор фамилиясы). Тізімде автордың аты, жөні, тегі, жұмыстың аты, жарық көрген жылы, жері, егер кітап көптомды болса, пайдаланған том ғана көрсетіледі. Курстық жұмыста міндетті түрде беттің соңында сілтемелер болуы тиіс(5 қосымша).

7.Жұмысқа теориялық материалды қолдануда мәліметтер келтірілетін қосымшалар, графикалық немесе басқа иллюстрациялық материалдар болуы мүмкін.

 

Курстық жұмыстың көлемі мен рәсімдеу үшін талаптар.

Жұмыс қолжазба немесе баспа түрінде жазылуы мүмкін. Тексерушінің мүмкін болатын ескертулеріне арналған орын қалдырылу керек. Барлық цитаталар мұқият тексерілу керек. Студент курстық жұмыстың орындалу күнін қойып, қолын қою қажет.

Курстық жұмыс көлемі қарапайым оқушы дәптердің 30 бетінен кем емес немесе 210*300 мм (А4 формат), 20-25 бет болу керек. Сонымен қатар келесі талаптар сақталу керек: 1) беттің мәтіннен бос жері: үстінен 20мм, астынан 25 мм, сол жағынан 20-30мм, оң жағынан 10мм. 2) мәтін 1,5 жиілікте басылады. Бірінші бетте университеттің, факультеттің, кафедраның, жұмыс тақырыбының атауы көрсетіліп, студенттің аты, жөні, тегі, курсы, тобы, оқу нысаны, курстық жұмыс жазылу жылы көрсетіледі. Беттің саны кіріспеден – 3 бет болып басталады.

Жұмыстың мазмұны бірыңғай мәтінде болмау керек. Онда жұмыстың жазылу барысында қисыны көрініс табатын бөлімдерден, тараулардан, параграфтан құрылу керек.

 

 

1 қосымша

Курстық жұмыстың бірінші бетінің үлгісі

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

 

Ұлттық құқық жоғары мектебі

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Хаммурапи заңы»

Пәні: «Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы»

 

Орындаған:

_____ курс студенті

________тобы

 

Ғылыми жетекшісі:

оқытушы Омаров С.Д.

 

Курстық жұмысты тапсыру уақыты:

қорғау күні:

бағасы:

 

Астана 2011ж.

2 қосымша

Курстық жұмыс жоспарының үлгісі

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе 3 бет

 

1 тарау бет

1.1. бет

1.2. бет

1.3. бет

2тарау бет

2.1. бет

2.2. бет

2.3. бет

3 тарау бет

3.1. бет

3.2. бет

3.3. бет

 

Қорытынды бет

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі бет

 

Қосымша бет

 

 

қосымша

Нормативті актілер тізімінің үлгісі

 

 

1. Библиографияда акттің толық аты, қабылданған күні, саны және ресми қайнар көзі, мысалы:

- Қазақстан Республикасының 18.12.00., №129-11, «ҚР әлеуметтік әріптестік жайлы» заңы (Қазақстан Республикасының Парламентінің ведомості, №22, 409б.2000ж.)

2. Нормативтік актілер келесі иерархия бойынша орналасады:

- ҚР Конституциясы

- ҚР заңы

- ҚР Президентінің Өкімі

- ҚР Үкіметінің актілері

- Басқа да мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдері

- т.б.

4 қосымша

Пайдаланған әдебиеттер тізімінің үлгісі

1. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде тек студенттің курстық жұмыста сілтеме жасаған әдебиет ғана көрсетіледі.

2. Ғылыми жұмыстар, кітаптар, мақалалар, рецензиялар және т.б. әдебиет тізімінде алфавиттік тәртіппен орналасады.

 

5 қосымша

Әдебиеттерге және нормативті актлерге сілтеме істеу үлгісі

 

1. Курстық жұмыс мәтінінде сілтемелер сол беттің астында істеледі.

2. Сілтемеде алдымен автордың фамилиясы, кейін аты, жөні жазылады.

3. Ғылыми жұмысты бірінші рет қолданған кезде сілтемеде ол туралы барлық мәліметтер беріледі(автордың аты, жәні-тегі, басылымның жері, аты, баспасы, жылы, беті) мысалы, Зиманов С. З. «Конституция и Парламент РК» «Жеті-жарғы», 1996 15б. Келесі сілтемеде осы қайнар көзді көрсеткенде тек, Зиманов С.З. Көрсетілген шығарма ---беті, жеткілікті болады.

4. Журнал мақаласын пайдалану кезінде, сілтемеде автордың аты-жөні, тегі, мақала, журнал атауы, жылы, саны, беті көрсетілу керек(мәтін орналасқан беті).

5. Газает мақаласын қолдану кезінде сілтемеде автордың аты-жөні, тегі, мақала, газет атауы, жылы,күні және айы көрсетілу керек.

6. Актті көрсету кезінде (ҚР Конституциясынан басқа) мәтінде немесе сілтемеде оның атауы, кім және қашан қабылдағанын көрсету керек; сілтемеде міндетті түрде кайнар көзі көрсетілу керек. Мысалы: ҚР 1998ж. 22 сәуірде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер жайлы» заңына сәйкес.


 

Аттестациялық әріптік баға Баллдардың сандық эквиваленті Оқу пәнін меңгеру деңгейінің % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60,64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49   қанағаттанаралықсыз

 

Итоговая оценка по дисциплине в процентном содержании определяется:

 

Р1 + Р2

И % = --------------- × 0,6 + Э × 0,4

Date: 2016-07-25; view: 429; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию