Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Курстың мақсаты мен міндеттері





Құқықтық қатынас проблемалары заңи ғылымының теоретикалық ең пікірталасты тудыратын және күрделі сұрақтардың бірі. Нақты белгілі құқықтық қатынас туралы бір ізгілікке келегін тұрақты пікір жоқ, яғни қалыптасқан біртұтас пікір кездеспейді. Оның мазмұны, оның құрылымдық элементтер және басқа да сұрақтар бойынша ғылыми ортада әлі күнге дейін дау жалғасын табуда.

Әлбетте, юридикалық ғылымда құқықтық қатынас түсінігі ең күрделі ұғымдардың бірі болып табылады. Құқықтық қатынас қоғамдағы құқықтың болмысының ерекше бір нысаны. Ерекшелігі дегеніміз, құқықтық қатынас қоғамдағы құқықтың басқа нысандарына “қызмет етеді”, пысықтайды. Яғни заңнама нормалары көбінесе тек құқықтық қатынаста ғана “тіріледі”, осылай сот шешімі туралы, құқықтық сана туралы айта аламыз.

Құқықтық қатынас пен юридикаық нормалардың байланысы жайлы талдаушы (интерпретатор) қалай түсініктеме береді, солай ерекшелігі айқындалады. Егер құқықты мемлекеттен шығатын юридикалық нормалардың жүйесі десе, құқықтық қатынас та мемлекеттік билік шығарған юридиклық нормалардың жалғасы болып табылады.

Егер құқықты адамға тән ерекше қасиет ретінде түсінсе, құқықтық қатынас, соның ішінде оның бір бөлігі осы қасиеттерді іске асыру тәсілі ретінде болады. Басқаша айтқанда, құқықтық қатынас адам қасиетін жалғасы ретінде қарастырылады. Ал юридикалық нормалар ерекше құрал ретінде, яғни адам өз құқығын іске атыру үшін юридикалық норма арқылы қатынасқа түсетінін білдіреді. Демек, құқықтық қатынас түсінігі, оның мазмұны, оған қатысушылар және оның пайда болу, өзгеру, тоқталу негіздерін әлі де жан-жақты қарастырған жөн екендігін байқаймыз.

Құқықтық қатынас құқықтық құбылыстардың ішінен сан қырлы, көп жақты, мазмұнды құбылыстардың бірі.

Сонымен қатар юридикалық ғылымда, бір жағынан, құқықтық қатынас дегеніміз құқық пен заңды міндеттерге ғана тән байланыс деп қарастырса, екінші жағынан құқық құрылымындағы құқық субъектілерінің жеке жағдайларын қарастырады.

Әрине аталмыш пән мақсаты: құқықтық қатынас түсінігіне деген көзқарастар, оның мазмұны, оны құрайтын элементтер, олардың ара байланыстары және құқықтық қатынас пайда болу негіздері, оның өзгеруі, тоқтау негіздері, олардың себептік байланыстары сияқты күрделі мәселелерді қарастырып, белгілі тұжырымға келу.

Бұл пәнді оқу барысындағы студенттердің міндеттері:

  • Студенттердің юридикалық ойлауын, кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  • Қазақстанның қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғаларда дұрыс бағдар жасау қабілетін жаттықтырады, оларға дұрыс баға беру.
  • күрделі жағдайда оң бағдар ұстау, оларды дұрыс бағалау, олардан шығудың тұжырымды жолын ұсыну дағдысын жаттықтандыру.
  • қоғам өміріндегі құқық қатынастың орны, оның тағайыны және рөлі, алдында тұрған міндеттерді табысты шешу мақсатында оны тиімді пайдалану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.

 

 

Модулдік курстың пререквизиттері, яғни студенттің осы пәнді игеру алдындағы оқытылатын пәндері

1. Философия. “Адамдардың ара байланысы болмысы”

2. Мемлекет және құқық теориясы. “Құқықтық қатынас”, «Құқықтық реттеу механизмі»

3. Әлеуметтану. “Қоғамдық қатынас және оның түрлері”

 

4. ҚР азаматтық құқық. “Азаматтық құқықтық қатынас және оның пайда болу, өзгеру, тоқталу негіздері”. “Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері”

5. ҚР қылмыстық құқық. “Қылмыстық құқықтық қатынас және оның субъектілері”

 

Модулдік курстың постреквизиттері, яғни осы пәнді игеріп болған соң студенттің оқылатын пәндері. Аталған курсты оқып біткен соң студент арнайы курстарды оқып үйренуге дайын болады. Бұл пән студенттің құқықтық қатынас теориясын және құқықтық реттеу механизмі теориясын игеріп, мемлекеттік және құқықтық құбылыстардың әрқайсысына терең де жан-жақты талдау жасай алады.


Модулдік пәннің атауы «Құқықтық реттеу механизміндегі құқықтық қатынас»
Дәріс сабақтары Семинар сабақтары
Модулдік пәннің тақырып және сұрақтарының мазмұны Сағат көлемі Модулдік пәннің тақырып және сұрақтарының мазмұны Сағат көлемі
Құқықтық қатынас теорияның әдістемелік негіздері   Құқықтық қатынас теориясының әдістемелік негіздері 1.Юриспруденция ғылымы қалыптастыратын ұғымдары мен түсініктері арасындағы құқықтық қатынастың алатын орны 2.Құқықтық қатынасты зерттеудің гносеологиялық аспектісі 3.Құқықтық қатынас теориясының онтологиялық аспектісі 4.Құқықтық қатынасты зерттеуге деген жүйелілік көзқарас 5. Құқықтық қатынас теориясының әдістемелік проблемалары  
Құқықтық қатынас мазмұны және нысандарының біртұтастығы   Құқықтық қатынас түсінігі. Құқықтық қатынас мазмұны және нысандарының біртұтастығы 1. Құқықтық қатынас түсінігі және оның белгілері 2. Құқықтық қатынас қоғамдық байланыстың юридикалық нысаны ретінде. 3. Құқықтық қатынас құқықтық норма талаптарын жүзеге асыру тәсілдері ретінде. 4. Құқықтық қатынас проблемаларының 5. Құқықтық қатынас мазмұны түсінігі 6. Құқықтық қатынас нысаны түсінігі 7.Құқық түсінігіне құқықтық қатынасты енгізу мәселелері 8.Құқықтық қатынас мазмұны және нысандарының біртұтастығы  
Құқықтық қатынастың құқықтық реттеудегі алатын орны   Құқықтық қатынас және оның тараптары, олардың түрлері. Құқықтық қатынас субъектілері. 1.Құқықтық қатынасқа түсудің алғы шарттары 2. Құқықтық қатынас тараптарының түрлері Азамат құқықтық қатынас субъектісі ретінде 3.Азаматтардың құқықтық қатыынастағы субъективтік құқықығын қамтамасыз етудің нысандары 4.Мемлекет және мемлекеттік орган құқықтық қатынас субъектілері ретінде 5.Заңды тұлға құқықтық қатынас субъектісі ретінде  
Құқықтық қатынас және оның тараптары, олардың түрлері   Құқықтық қатынас мазмұны 1.Құқықтық қатынас мазмұны түсінігі 2.Субъективтік құқық құқықтық қатынастың құрылымдық элементі ретінде 3.Құқықтық қатынас құрамы заңды міндет элементтері 4.Құқықтық қатынас объектілері және оның түрлері  
Құқықтық қатынас мазмұны   Заңды дерек құқықтық қатынасты тудыратын, өзгертетін және тоқтатын негізі ретінде 1.Құқықтық қатынастың пайда болуы және дамуы (Заңды дерек түсінігі және негізгі белгілері) 2. Заңды дерек түрлері және олардың жіктелуі 3.Күрделі заңды деректер және деректі (фактілік) құрамы 4.Заңды деректі нақтылау – жеке реттеу актілерін шығару  
Құқықтық қатынас объектілері      
Заңды дерек түсінігі және олардың түрлері  
Заңды дерек функциялары  
Заңды деректерді анықтау және дәлелдеу юриспруденция ғылымының проблемасы ретінде  
Құқықтық қатынас даму үрдісіндегі қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін жүріс тұрысына сай қамтамасыз ететін құралдар  
Барлығы 20 сағат   10 сағат

 

Модулдік пәннің атауы «Құқықтық реттеу механизміндегі құқықтық қатынас»
СОӨЖ СӨЖ
Модулдік пәннің тақырып және сұрақтарының мазмұны Тапсыру мерзімі Өткізілу нысаны Модулдік пәннің тақырып және сұрақтарының мазмұны Тапсыру мерзімі Тапсыру нысаны
1. Құқықтық қатынас теориясының әдістемелік негіздері 1,2 апта Ауызша, реферат, слайд Құқықтық қатынас теориясының әдістемелік негіздері 1,2 апта Реферат, слайд
2. Юриспруденция ғылымы қалыптастыратын ұғымдары мен түсініктері арасындағы құқықтық қатынастың алатын орны 3, 4 апта Ауызша, реферат, слайд Юриспруденция ғылымы қалыптастыратын ұғымдары мен түсініктері арасындағы құқықтық қатынастың алатын орны 3, 4 апта Реферат, слайд
3. Құқықтық қатынасты зерттеудің гносеологиялық аспектісі 5,6 апта Ауызша, реферат, слайд Құқықтық қатынасты зерттеудің гносеологиялық аспектісі 5,6 апта Реферат, слайд
4. Құқықтық қатынас теориясының онтологиялық аспектісі 7,8 апта Ауызша, реферат, слайд Құқықтық қатынас теориясының онтологиялық аспектісі 7,8 апта Реферат, слайд
5. Құқықтық қатынас теориясының әдістемелік проблемалары 9,10 апта Ауызша, реферат, слайд Құқықтық қатынасты зерттеуге деген жүйелілік көзқарас 9,10 апта Реферат, слайд
6. Құқықтық қатынас мазмұны түсінігі 11,12 апта Ауызша, реферат, слайд Құқықтық қатынас теориясының әдістемелік проблемалары 11,12 апта Реферат, слайд
7. Құқықтық қатынас нысаны түсінігі 13,14 апта Ауызша, реферат, слайд «Қатынас» түсінігі және оның негізгі мазмұны 13,14 апта Реферат, слайд
8. Құқықтық қатынас мазмұны 15 апта Ауызша, реферат, слайд Құқықтық қатынас теориясының әдістемелік негіздері 15 апта Реферат, слайд

 

 


Date: 2016-07-25; view: 516; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию