Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кәсіпорындарда қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен оларға қойылтын талаптар





Жабайы табиғатты бағындырып адамдар өздерін жердің «иесіндей» сезінді. Бірақ ұқыпты иеленуші болу қажет екнін бірден ұғына қоймады. Табиғат байлықтарының шектеулі екенін, кейбіреуінің қалпына өздігінен келмейтінін, табиғаттың байлығын сақтауға, молайтуға қамқорлық қажет екнін, олай етпеген жағдайда адамдар өздерін қоршаған ортаны, оның байлығын жойып алатынын түсіну үшін қаншама уақыт өтті. Табиғат ресурстарын қалпына келтірмей, өсіріп сақтамай табиғи ортаның бұзылуына, ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Ол адамдардың биялогиялық түрі ретінде өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмай, өмір сүруін тоқтату мүмкін деген сөз.

Қабылданған «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Қазақстан Республикасынын Заңында қорықтар мен қорықшаларды сақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңдарында келесі объектілер қорғауға алынған, яғни жойып жiберуден, бүлiнуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсiмдiктер, жануарлар дүниесi; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озонды қабаты қорғалуға тиiс. Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиiс. [20]

Қазіргі кезде көптеген зауыттар, агроөнеркәсіптік кешендер, фабрикалар және т.б. кәсіпорындар қоршаған ортаны ластаудың бас көзі болып отыр. Соның ішінде ұн зауыттары да қоршаған ортаның жағдайына аз емес мөлшерде әсерін тигізеді.

Ұн зауыттарын жобалау кезінде қолданылатын қондырғылардың акустикалық мәліметтерін ескеріп, акустикалық белсендетіру, яғни аз шулы технологиялық үрдістерді және технологиялық қондырғыларды ендіру; автоматикалық және қашықтықтан басқару құралдарын қолдану; белсенді шу шығаратын қондырғылармен жұмыс істеуді жою шараларын жоспарлау керек.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.

Сонымен қатар қалдық мөлшері болғандықтан, соған сәйкес кодекстің 228-бабында “Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар”

1) Шаруашылық қызметті процесінде қалдықтар құралатын және жеке қаңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидимиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.

2) Қалдықтарды орналастыру мен жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидимиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын орындарда жүргізіледі.

3) Қалдықтарды орналастыру орындары қалдықтарды қалпына келтіргенде немесе өңдегенде дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналады.

 

Date: 2016-07-22; view: 529; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию