Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Техника қауіпсіздігі бойынша ұн зауыттарына қойылатын талаптар





Еңбекті қорғау дегеніміз құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Демек, еңбекті қорғау ғылымы өндірістегі жазатайым оқиғалардың, кәсіби сырқаттардың, жарылыстар мен өрттің себептерін анықтап, оны болдырмаудың қажетті шараларын жасайды.

Еңбекті қорғаудың еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін қамтиды.

Еңбек қорғау ңылыми міндеттерінің күрделілігі одан еңбектің қауіпсіз және тиімді жағдайларын жасауға қатысы бар басқа да ғылымдардың жетістіктерін пайдалануды, ең алдымен, әлеуметтік-құқықтық ғылымның, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың, әсемдік пен эргономикалық жетістіктерін пайдалануды талап етеді. Мысалы, машиналарды, аппаратураларды, басқа да жабдықтарды қауіпсіз пайдаланудың тәсілдерін дайындау барысында еңбекті қорғау ғылымы техникалық ғылымдардың шешімдерін пайдаланса, санитарлық талаптарды дайындау барысында кейбір медициналық және биологиялық пәндердің зерттеу қорытындыларын пайдаланады.[19]

Еңбек қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Ол еңбекшілердің өмірін қорғаумен қатар, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбекшілердің еңбекке қатысу мерзімін ұзартуға, мамандарды тұрақтандыруға ықпал етеді және түрлі жағдайларға байланысты жұмсалатын шығынды азайтады.

Еңбек қорғау жөніндегі заңдастырылған актілер Қазақстан Республикасының еңбек құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.08.95 жылғы ҚР Конституциясының 24 бабы болып табылады:

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Сондай – ақ, 2007 жылы 15 – мамырда «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» шықты.

Осы Кодекстің бірінші тарауында негізгі ұғымдар келтірілген. Қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. Жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға. Қызметкер өкілдері – кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және қызметкер уәкілеттік берген өзге де жеке және заңды тұлғалар. Жұмыс берушінің өкілдері - құрылтай құжаттары немесе сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уəкілетті жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар. Еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган - еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

Адам еңбек ету кезінде түрлі еңбек құралдарымен, машиналармен, сондай-ақ басқа адамдармен қатынаста болады. Сондай-ақ, жұмыс кезінде адамға ауаның температурасы, ылғалдылығы, шу, діріл, жарық, т.б. түрлң өндірістік жағдайлар әсер етеді. Осының барлығы белгілі бір өндірістік жағдайды қалыптастырады және адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеті, жұмысының өнімділігі осы жағдайларға байланысты болады. Егер осы жағдайлар нашар ұйымдастырылған болса, ол еңбеккердің жарақаттануы мен науқастануына басты себеп бола алады.[19]

Еңбек жағдайы дегеніміз – еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.

Еңбек қорғау шараларының негізгі мақсаты – оның әлеуметтік және экономикалық тиімділігіне жету.

Еңбек қорғаудың әлеуметтік тиімділігі дегеніміз – еңбекшілердің денсаулығын жақсарту, жұмысқа қабілетін арттыру, еңбек етуге ынталандыру, қысқасы, еңбектң адамның бірінші кезектегі қажетіне айналдыру болып табылады.

Кодекстің 314 – бабында қызметкелердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау құқықтары көрсетілген:

Қызметкердің:

1) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына;

2) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сəйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

3) еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органға жəне оның аумақтық

бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға

тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;

4) өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мəселелерді тексеруге жəне қарауға қатысуға;

5) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға жəне кəсіптік даярлыққа;

7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың əсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дəйекті ақпарат алуға;

8) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы заңсыз əрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.

Қандай да жұмыс орындары болмасын, олар адам өміріне қауіп төндірмейтіндей болу қажет, яғни:

1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына жəне еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сай болуға тиіс.

2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сəйкес келуге, онда тиісті сақтандыру белгілері болуға жəне қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.

3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жолдар бос болуға жəне ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.

4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар мүмкіндігінше бұл аймақтарға бөгде адамдардың кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс және т.б.

5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі су айдындарында жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс.

6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи жəне жасанды жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік талаптарына сай болуға тиіс.

7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану жəне басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі.

 

Date: 2016-07-22; view: 784; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию