Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жобаланатын кәсіпорындағы желдету жүйесі мен пневмотасымалдау құрылғылары, олардың орналасуы





Дән тазалау бөлімінде технологиялық және транспорттық жабдықтардан шаңсыздандыру үшін арнайы аспирациялық қондырғылар қолданылады. Аспирациялық қондырғылар шаңсыздандырудан басқа кейбір дән тазалау машиналарының технологиялық процесінің дұрыс ағымын қамтамасыз етеді.

Цехтағы желдетілетін қондырғыларды желілерге бөліп және оның санын анықтап, одан кейін желдетілетін желілердің тұтастыруды жүргізеді.

Пневмотранспортпен қамтылған ұн зауытарда, цехтың жарты қондырғылары өздігінен ағатын құбырлар мен ауа құбырлармен желдетіледі.

Жобаланған қондырғылардың жоғары технико-экономикалық көрсеткіштер мен эксплаутациялық сенімділігіне ие болу үшін, келесі тұтастыру принциптері болу керек:

- технологиялық принцип, бір желідегі сапасы бірдей немесе ұқсас шаң түрі болатын қондырғыларды біріктіреді. Ол шаңды араластырғанда, тағамдық немесе жемдік шаңның сапасын төмендетпеуіне әкелмеуі керек;

- жұмыс біруақыттылық принципі, бір уақытта жұмыс істейтін қондырғыларды бір желіге біріктіреді;

- кеңістілік принципі, бір желігежақын орналасқан қондырғыларды біріктіреді. Вертикальді ауа құбырламен қондырғыларды біріктіру жөн. Өйткені, экономикалық және эксплаутациялық жағынан желіні құрастыру тиімді болады;

- температуралық принцип, ауа темпиратурасы әр түрлі болатын қондырғыларды бір желіге қоюға болмайды. Өйткені, жылу мен салқын ауаның араласуынан булардың конденсациясы пайда болып, шаңның қабырға бетіне жабысып,қондырғылардың жұмыс істеуін қиындатады;

- эксплаутациялық сенімділік принцип, ауа ағынды реттейтін режимдері бар және өзінде желдеткіштері бар (мысалы, сепараторлар) машиналарды бір желіге орналастырады.

Дайындау бөлімінде, алғашқы тазартуға арналған қондырғыларды технологиялық принцип бойынша бір желіге біріктіріп, жарамсыз шаң құрастырылады. Ал екінші және соңғы астық тазарту кезінде бір желіге жемдік шаң болатын машиналарды біріктіреді.

Желіні бөлімшелерге бөліп, бас магистральге және желінің бүйірлі паралельді аумақтарға бөледі. Бас магистральдің бірінші бөлімшесі ретінде, қысым шығыны үлкен бөлімшені аламыз.

Аспирациялық жүйені технологиялық және транспорттың құралдардың өндірістік нысанның ішіне орналасуына қарай техникалық процесс сұлбасын есептеп, технологиялық процессті жүргізу мен ұйымдастыру ережесін, техника қауіпсіздігін және кәсіпорындағы өндірістік санитарияны есептей отырып қиыстырамыз (7). Ауаны тазалау үшін РЦИ түріндегі фильтр циклондар орнатамыз. Циклонды тазаланған ауа атмосфераға шығарылады.

Жоспарланған ұн зауытында соратын пневмотасымалдағыш құрылғыларды пайдаланамыз. Пневмотасымалдағыш құрылғылар құрамына өнімді жинап беріп өнімшығарушыдан түсіретін жерге дейін апаратын материалды бөлу және пайдаланылған ауаны шаңннан тазартатын құрылғылар кіреді. Пневмотасымамдағыштың құрамына ауа өткізетін және материал тасығыш кіреді. Ауа өткізгіш ретінде 1МПа қысымға есептелген жеңілдетілген темір трубалар пайдаланылады. Материалтасымалдағыш құрамалардың гермевикалық талабына жауап береді, ең төменгі материал ауа қоспасы қозғалысының үйкелісі ғана бар, арзан, сенімді және ұзаққа шыдайды .

Тасымалдаушы ауадан материал толықтай бөлінуі үшін сүзгіш-циклон қойылады. Сүзгіштен кейін желдеткіш орнатылады.

 

Date: 2016-07-22; view: 877; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию