Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ТЖ ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 1 page





Билет №2

1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай – адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай;Осы Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігі мен жергілікті орындау органдардың (бұдан әрі – әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану тәртібін айқындайды.

3) Радиациялық барлау — жергілікті жердің, ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау (өндіріс) орындары туралы мәліметтер алу.Радиациялық барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ(тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер (күштер) тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді.Акваторияны радиациялық барлауды арнайы (рейдтік) кагерлер, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы дайындалған ұшақ (тікұшақ) экипаждары жүргізіледі

4) Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да білген абзал.Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түр­лері және көрініс­тері­мен, ауқымы және қарқын­дылы­ғымен, зұлымдығы және қані­шер­лігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.Бүгінгі таңда лаңкестік әрекеттер ауқатты дамыған елдерде де, жағдайы төмен кедей елдерде де орын алып отыр. Терроризмнің өріс алуы кез келген елдің әлеуметтік жағдайына қатысты емес, дінмен де үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол – өне бойы жауыздыққа толы індет. Бірде-бір мемлекет бұл қауіптерден аман қалған жоқ. Барлық араб және Африка елдері, Азия құрлығы, Ресей, АҚШ, Англия, Франция, Испания, Норвегия және тағы басқа елдер терроризммен бетпе-бет келіп, көптеген зардап шекті.Соңғы кездері экстремистер түрлі ғаламторда өздерінің теріс дінді насихаттайтұғын видеороликтерді түсіріп, жастарды адастыруда. Бұл роликтерді көрген сайтты пайдаланушы діндар мен көрермедер түрлі психологиялық ойларға салынып, қауіптерге бел буатыны рас

5) Өндірістік орта деп, адамның өндірістегі еңбек әрекеттері жүзеге асырылатын ортаны түсінеді. Адамға өндірістік орта өндірістік үрдіс факторлары, табиғи-климаттық (ықшам климаттық) факторлар, сонымен қатар, еңбектің жалпы санитарлық жағдайларымен байланысты (рационалды емес және жеткіліксіз жарықтандыру, қанағаттанарлықсыз тұрмыстық жағдайлар, жоспарлау және т.б.) факторлары арқылы әсер етеді. Өндірістік үрдіс факторлары - бұл өндірістік үрдіс технологиясына, қолданылатын жабдықтарға, қондырғыларға байланысты факторлар. Мысалы, антибиотиктер өндірісінде технологиялық үрдіс бірнеше кезеңдерден тұрады. Басында ферментерлерде, содан кейін инокуляторларда тұрақты температурада антибиотиктердің продуценттерін – микроскопиялық саңырауқұлақтарды, бактерияларды өсіреді. Олар түзген антибиотиктер дақылдық (культуральная) сұйыққа өтеді, сұйықты ашық сүзгі-сыққышта (фильтр-пресстерде) мицелий мен балласт заттардан тазартады. Содан кейін, одан антибиотикті бөліп алады да әр түрлі еріткіштердің көмегімен немесе ион алмастыру әдісімен тазартады. Алынған өнім буландырып-кептіретін агрегаттарда кептіріледі, содан кейін стерильді флакондарға өлшеніп салынады немесе таблеткаланады.Технологиялық үрдіс өндірістік бөлмелердің ауасына тірі микроағзалардың - антибиотик продуценттерінің (биологиялық фактор), антибиотик шаңының, антибиотиктерді экстракциялауда қолданылатын заттардың булары мен газдарының (химиялық фактор) бөлінуімен жүреді. Жұмысшылардың терісі мен арнайы киімдері дақылдық сұйықпен (биологиялық + химиялық фактор) және антибиотиктердің нативті ерітіндісімен (химиялық фактор) ластануы мүмкін. Сонымен қатар, дайындық, кептіру және ферментация бөлімдерінде істейтін жұмысшылар ферментерлерден және кептіру агрегаттарынан бөлінетін артық жылу әсеріне де (физикалық фактор) ұшырауы мүмкін.

Билет№3

1) Электр қауіпсіздігі — адамдарды электр тогының, электр доғасының, электрлі магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі.

Жергілікті электр жарақаттары электр тогының дене ұлпалары мен мүшелерін зақымауы: күюлер, электр таңбалары, терінің электр металдануы және электроофтальмия (көздің қарығуы) болып табылады.

Токтың келесі шектік мәндерін бөліп атауға болады:

− токты сезу шегі –ең аз сезілетін ток (0,5 -1,5мА);

− босатпайтын ток шегі –адам өз бетімен бұлшық еттері электродтармен қамтылған әрекеттен босана алмайтын ең аз ток мөлшері (6-10мА). Бұдан аз токтар босататын болып есептеледі;

- қаза ететін (100 мА және одан астам) ток.

Адам денесінің кедергісі. Адам денесі ток өткізгіш болып табылды. Tipi aғзаның әдеттегі өткізгіштерден өткізгіштік озгешелігі тек физикалық қасиеттерінде ғана емес, аса күрделі биохимиялық қасиеттерінде болады.

Адам денесі кедергісінің нәтижесінде көптеген факторларға, соның ішінде тepiciнің жағдайына, электр тізбегенін параметрлеріне және коршаған орта жағдайына сызықтық емес тәуелділігі бар ауыспалы шама болып табылады

Дененің әр түрлі ұлпаларының кедергісі біркелкі емес: терінің, сүйектердін, май ұлпасының, сіңірлердің салыстырмалы үлкен кедерісі бар, ал бұлшық ет ұлпасы, қан, лимфа және әcipece омыртқа жұлыны мен бас мыйының - кедергісі аз. Тұтастай адамның кедергісін анықтайтын басты фактор меншікті үлкен кедергісі бар тepi болып табылады.

2) Өмір тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы.

Қауіпсіздік - сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) дегеніміз басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.

4) радиациялық жобалық апат - жоба бойынша радиациялық жағдайдың бастапқы және соңғы ахуалдары айқындалған және қауiпсiздiк жүйелерi көзделген апат;

5) Адамға электр өрісі әсер етеді. Теледидардың алдында көп отырғандықтан сәулелену мөлшерін алуға болады. электр-магниттік өріс

Құй кез келгенге адам бар болуы электр-магниттік ортаға оған және мекендеу ортасын әсермен байлаулы. Табиғи қайнарлармен электр-магниттіктердің құй және сәулеленулерді атмосфералық электр, күн радио сәуле шығарулары келеді және галактикалардың, электрлік және жер магниттік өрістері. Сонымен қатарға техносфера шарттарында табиғи электр өрістерімен және құй жасанды электрлік тұрмысқа адам әсерге душар болады. Артық қуаттың электр өрісінің заттарда, киімге, адам денесінде адам ашушаң жүйесіне үлкен жүкті тиеуді көрсетеді.

Билет№4

1) Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты. Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.

2) Шудан қорғау әдістері. Шудың шығу көзінің сипаттамасына байланысты шудан ұжымдық қорғау және дербес қорғау құралдары таңдап алынады. Олар МЕСТ 12.01.029.080 «ССБТ. Шудан қорғау құралдары және әдістері. Жіктелуі» анықталған.

Ұжымдық қорғау құралдарын таңдау акустикалық есеп негізінде жүргізіледі. Мақсаты – шудың нақты деңгейін анықтау және шудың деңгейін мүмкіндік мөлшеріне дейін төмендету.

Шудың шығу көзінің орналасқан жеріне байланысты акустикалық есеп жүргізіледі: оның ашық кеңістікте немесе бөлмеде орналасуында.

Шудың таратылу заңдылықтарынан және акустикалық есебінен шудан қорғау шаралары шығады:

Шудың шығу көзінің дыбыстық қуатын азайту. Шудың шығу көзін азайту шаралары шудың табиғатына байланысты. Механикалық шулар механикалық энергияның акустикалыққа көшуін азайту жолымен былайша төмендетіледі:

1) машинаның дайындалу дәлдігін жоғарлату;

2) айналмалы бөліктерінің берілетін жиіліктерін және жүктемеліктерін азайту;

3) соққы беретін процесстерді соққысыз процесстерге ауыстыру;

4) айналмалы бөліктерін баланстауды жақсарту:

5) механизмдерде оралу-ілгерілеу қимылдарын айналмалыға ауыстыру;

6) дыбыстық емес материалдарды қолдану (пластмасса, ішкі үйкелісі үлкен дыбыссыз металлдар);

7) қажалатын беттерін майлауды жетілдіру;

3)зиянды заттар- темекі,есірткі,героин,арақ, СЫРА, ШАРАП,ЛИКЕР ЖӘНЕ ДЖИН

5) Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)).

Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде, ХҚО жақын орналасқан объектілерге және тұрғындарға дабылды қосу арқылы, бірыңғай «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы беріліп, құлақтандырылады. Осы сигнал бойынша барлық жергілікті радиоларды, телеарналарды қосып, ТЖ туралы хабарламаны және өзін қалай ұстау керектігін тыңдау керек.

Ақпаратта баяндалады:

- авария қай объектіде болғандығы жөнінде;
- күшті әсер ететін улы заттармен зақымдалған бұлттың таралу бағыты мен ауқымы;
- зақымданған аймақтан қай жаққа қарай (қай ауданға) шығу керектігі айтылады.

Билет №5

1) Химиялық барлау — әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады. Химиялық барлау аспаптары — ауадағы, жергілікті жердегі, ұрыс техникасындағы, киім-кешектегі және басқа да заттардағы улағыш заттарды аныктауға, сондай-ақ зақымданған материалдардан (жер, қар, су, тағам) сынама алуға және ауадағы улы немесе бейтарап түтіндерден сынама алып, іріктеуге арналған құрал. Дала жағдайында уланған заттарды анықтауға арналған аспаптардың ішінде неғұрлым кең қолданылатыны — ПХР54 және ПХР деп аталатын химиялық барлау аспаптары. ПХР-54 құралы ішіне қол сорғысы (насос), индикаторлы түтікшелері бар кағаз (таспалары, түтінге қарсы сүзгісі, сынама алуға арналған құтысы, сорғы саптамасы, корғаныш қалпакшасы) орнатылған қақпағы бар тұрқыдан (корпус) тұрады.
2)
Өрт талдауы өткен 2014 жылы 15 216 өрт орын алғанын, олар келтірген материалдық шығын 3 млрд. 219 млн. теңгені құрағанын, 619 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алғанын көрсетті.

Көбінесе, өрттер отпен абайсыз қатынастың (35%),электр жабдықтарын дәнекерлеу және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу (23,3%), пештерді салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (11%) салдарынан орын алады.

Көбіне, өрт тұрғын секторда (67%), көлікте 16%, өндірістік объектілерде 2%, орман және дала алқаптарында 4% орын алады.

Міне, сондықтан өртпен күресуде өзіне өртке қарсы насихат жұмысын және халыққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқытуды қосатын алдын алу іс-шараларын өткізу маңызды бағыт болып табылады.

Бұл ретте өрт қауіпсіздігі мәдениеті адамда өмір бойы қалыптасуы тиіс. Оған адамның отбасы, мектебі, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар белсене қатысуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті халыққа өрт қауіпсіздігі саласында ақпарат беру және оқытуға көп көңіл аударады.

4) Иондаушы сәулелер (радиоактивті сәулелер,радиация) олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді. Жылдам ұшатын атом бөлшектері өзінің жолында тұрған молеку-лалардан және атомдардан өтерде олармен соқтығысадыяғни электрлік қатынасқа түседі. Осының әсерінен ол өзінің энергиясын жұмсап, жыл-дамдығын баяулатады. Оның энергиясын сіңірген орталықта иондар және қозуға түскен. Молекулалар пайда болады. Сәулеленудің бәріне сай қасиет- иондану эффектісін –иондық сәулелену дейді.

Иондану эффектісі- Зарядталған бөлшектердің /бета және альфа-бөлшегі, протондар/ ұшып бара жатқанда олардың өтетін затының атом немесе молекула қабығындағы электронмен электрлік қатынасқа түсуі.

Осының нәтижесінде атоммен немесе молекуламен қатынаста болатын бұл электронның байланысы үзіледі. Құбылысқа түскен атом немесе молекула электронын жоғалтады, одан соң ол оң зарядты ионға айналады. Атомның қабығынан үзілген электрон ұшып бара жатып, жолында кездескен молекулалардың және атомдардың ионданған түріне айналуына әсерін тигізіп отырады. Ұшып бара жатқан бөлшектің кинетикалық энергиясы таусылғанша және бейтарапты молекулаға қосылып теріс зарядты түріне айналғанша бұл құбылыс өте береді. Энергияны немен өлшейді? Ядролық физикада энергияны электронвольтпен Эв және мұның туындысы: мыңдаған электронвольт Кэв және миллиондаған электронвольт Мэвмөлшерімен өлшейді.

Иондаушы сәулелер тарихы
Өндірістік ортада жаңа гигиеналық фактордың - иондаушы сәулелерlің пайда болуы өткен жүз жылдықтың соңындағы физика аумағындағы үлкен бір ашылулармен байланысты.
1895 жылы – Вильям Конрад Рентгенмен рентген сәулесінің ашылуы.
1896 жылы – Анри Беккерлмен шынайы радиоактивті құбылыстардың – көзге көрінбейтін сәулелердің енуімен уран тұздарының өздігінен шығуы.
1988 жылы – Марий Складовский – Кюри және Пьер Кюри радий және полонидің радиоактивті қасиетін, олардың сәулелену қарқындылығын яғни уран сәулелерінен басым қарқындылықтағы сәулеленуін ашты.
5) Эргономика
(гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды.[1] Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді

Билет

1.Химиялық барлау

Химиялық барлау — әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады.

 

 

2.Өрт профилактикасының шарттары

. Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi. Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары

Date: 2016-06-06; view: 1110; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию