Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АлҒаш кӨмек кӨрсетуде Өкпе-жҮрек реанимациясын жасау





Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

 

Жүрек қызметінің тоқтауы

 

Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.

 

Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.

 

- келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет).

 

Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап, сылау әдістері (жүрек - өкпе реанимациясы)

 

Есіңде болсын! Тек қана естен тану, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы кезінде жүргізіледі!

 

- Зардап шегушіні шалқасынан жатқыз (мықты, қатты жерге), аяғын көтеріңкіреп қой. - Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне жабық уқалау, сипалау жұмыстарын жүргіз: - бір қалыппен: 15 рет - жүректі жанамалай сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 4 циклден кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда: Жүрек - өкпе реанимациясын жалғастыр. Жүрек - өкпе реанимациясын: -терінің қызаруы; -ұйқы күре тамырының соғысын байқалу; - қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.

 

ТЖ органдары сейсмикалық белсенділіктің басылуы туралы хабарлайды. Адамдар біршама тынышталып, аман қалған үйлеріне қайта бастайды. Аз уақыт ішінде таң атады. Күтпеген апаттан қираған тірлікті қайта қалпына келтіре бастайды.

БИЛЕТ.16

1) Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.

УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ — фосфорорганикалық заттар
(ФОЗ) тобы — зарин, зоман, V — газдар;
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ — көгілдір қышқылы, хлорциан;
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ — иприт, люизит;
♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ — фосген, дифосген;
♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ — ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;

2) жұртқа ұялы телефонның, микротолқынды пештің, компьютердің электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін ашып айтқым келеді. Электромагниттік толқындар кез келген үйде, мекемеде жалпы адам өмір сүретін барлық ортада бар.Электромагниттік толқындарды тұрғын үйдің теледидарында, өтегінде, мұздатқыштарында, микротолқынды пеште, шаңсорғыштарда, компьютерде, ұялы телефондарда болады. Электромагниттік толқындардың 1000 мГц таралу керек болса, электро техникалық құрылғыларда кейде одан көп асып кетеді. Мысалы: өтекті қосқан кезде 25см қашықтықта одан 0,2мкТл электромагниттік толқындар бөлінеді. «Tefal» шәйнегінде 20см-0,6мкТл. Кір жуғыш машина 50Гц, ал теледидардың пульті 1 метрде 1мкТл болады. Микротолқынды пеште 30см қашықтықта 50Гц магниттік өрісі 10,3-8мкТл болады. Ал ер адамдар электр қыздырғыш қолданған кезде өздерін әдемілей отырып, беттерінен ток жүргізеді себебі: Электр қырынғыш 100мкТл (микро Тесла) есептеледі екен. Компьютерде 60Гц болады. Ал ұялы телефонды алатын болсақ оның маркасына қарай олардың электромагниттік толқындарының қуаты да әртүрлі болады. Көп елдерде электромагниттік толқындардың қуаты 1,6 Вт/кг. болатындай көлем алынған. Ұялы телефонның электомагниттік толқынының қуаты аз болғаны жақсы. Қазіргі кезде SAR ұялы телефонының қуаты 2ВТ/кг- нан аспайды. Осыдан 7-8 жылдан бұрын шығарылған AMPS-800, DAMPS-800, NMT-450 ұялы телефондардың қуаты бұл көрсеткіштен анағұрлым көп болған, ал қазір олардың қуаттары 1,5Вт/кг, және 0,5Вт/кг аспайды. Ең аз қуат көрсеткіші CDMA құралында, оның қуаты 0,1Вт/кг.- нан аспайды. Барлық ұялы телефондарда аз қуатты қондырғылар орнатылған. Автокөліктердің ішіндегі ұялы телефонның қондырғы қуаты 3 ватт, ал қарапайым ұялы телефондарда барлығы 0,75 — 1ваттқа тең. Қондырғылар ұялы телефонның антенасының жанында орналасқан. Радиоқондырғылар антеналардың функциясы ғарышқа радиотолқындарды жіберіп тұру үшін арналған.

3) Жұқпалы аурулар дүние жүзінде маңызды мәселелердің бірі. Бұрын- эпидемиялар мен пандемиялар (оба, нағыз шешек, холера, бөртпе сүзегі, іш сүзегі, грипп т.б – адам өліміне басты себебі болған. Қазіргі күнде- көптеген инфекциялармен сырқаттану біршама төмендеуде. Бұрын төмендеген инфекциялар өршіп, қайтадан бас көтеруде (туберкулез, дифтерия, безгек, холера) Кейбір табиғи инфекциялардың белсенділігі жоғарлауда (оба, кене энцефалит, геморрагиялық қызбалар, лептоспироз) Зоонозды инфекциялардың таралуы кеңейген (сібір жарасы, туляремия, құтырма) Жана аурулар пайда болып жатыр (АИТВ, ротовирусты синдром, Лайм ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, легионеллез,холера бенгал) Баяу дамитын нерв жүйесінің зақымдауымен өтетін аурулар көбеюде Қазіргі күнде жұқпалы аурулардың құрамында көбінесе вирустармен шартты патогенді микробтар шақыратын инфекциялардың үлес салмағы жоғарлауда.

Инфекциялық үрдістің даму түрлері. Инфекция (infection –жұқтыру, жұғыстық)- ауру қоздырғышы (микроорганизм) адам организміне (макроорганизмге) еніп, сыртқы ортаның жағдайына байланысты қарым қатынасқа түсіп, нәтижесінде инфекциялық процесстің бір түріне апаратын жағдай. Инфекциялық процесс — қоздырғыштың патогенді әсерінен адам организмінде туатын қорғаныс физиологиялық және патологиялық реакциялардың жиынтығы. Инфекциялық үрдістің түрлері Манифестік түрлері (клиникалық көріністер болған кезде) жедел созылмалы Бактерия тасымалдаушы: ау адамдар арасында болатын, сонын ішінде транзиторлы аурудан кейін дамитын жедел (3 айға дейін) созылмалы түрде (3 айдан кейін, оның ішінде өмір бойы) Латенттік (жасырын, иннапарантты) Баяу дамитын инфекциялар (құтыру ауруы, герпес инфекциясы) Инфекциялық үрдістің түрлері Инфекциялық ауру әртүрлі көріністермен байқалатын инфекциялық үрдістің жоғары дәрежесі. Байқалу көріністері клиникалық патоморфологиялық биохимиялық иммунологиялық

4) жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Ж.қ.қ-на газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киім-кешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, қолғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.
Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық.

Емдеу-профилактикалық құрал – жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары

Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

Ұжымдық қорғану құралдары құрылымдық және функцияналды өндіріс процесімен, өндіріс құралдарымен, ғимаратпен, қондырғылармен, өндіріс алаңымен тығыз байланысты. Бағытына қарай былай бөлінеді:

Жұмыс орындары мен ғимараттарды жарықтандыруды нормалайтын құралдар

Ионданушы сәулелерден қорғану құралдары

Инфракүлгін сәулелерден қорған құралдары

Ультракүлгін және электромагниттік сәулелерден қорғау

Лазарлі сәулелерден

Шу мен ультрадыбыстан

Вибрациядан

 

БИЛЕТ№17

1) Қоршаған орта мен адам арасындағы қатынасты зерттейтін экология ғылымы - бүгінде көп салалы, әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін жалпы ғылымның іргелі салаларының бірі болып отыр. Ал экологиялық ахуалды құқықтық тұрғыдан зерттеу, оның негіздерін қалыптастыру және жетілдіру бүгінгі заман талабы, әрі көп аспектілі күрделі мәселе.

Ал қоршаған ортаны ластанудан құқықтық қорғау - бұл ғылыми еңбектерде зерттелмеген немесе жалпы негізде қарастырылып өткен.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9-ші қаңтарда қабылданған Экологиялық кодексінің 1-ші бабында қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы деп көрсетеді [1].

Жалпы көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде қоршаған ортаға әр түрлі анықтамалар бергенімен, олардың түпкілікті мазмұны, ұғымы бір болып келеді. Сондықтан да заңда берілген анықтама толыққанды деп есептейміз.

Бірақ, бұл жерде айта кететін мәселе жоғарыдағы көрсетілген атауды, яғни "қоршаған ортаны" әр жерде әр түрлі келтіреді. Мәселен, бір еңбектерде ол "қоршаған табиғи орта", - деп келтірсе, бір еңбектерде "қоршаған орта", - деп, тіпті ертеректе “табиғат” - деп те келтірген.

Бұл мәселеге байланысты бірқатар ғалымдар өз еңбектерінде ортақ тұжырымдар жасаған [2] және соған байланысты бұл атаулардың мазмұны бір болып айтылады немесе қабылданады.

В.В. Петровтың пікірінше "қоршаған табиғи орта" түсінігі табиғат және адамды қоршаған ортадан тұрады. Табиғат адам санасынан тыс табиғи экологиялық жүйеден тұратын және материалдық дүниенің эволюциялық дамуының нәтижесінде пайда болған табиғи орта, объективтік шындық. Табиғи орта - адамның өндірістік қызметінің әсерінен өзгермеген табиғи жаратылыс

2) Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)).

Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде, ХҚО жақын орналасқан объектілерге және тұрғындарға дабылды қосу арқылы, бірыңғай «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы беріліп, құлақтандырылады. Осы сигнал бойынша барлық жергілікті радиоларды, телеарналарды қосып, ТЖ туралы хабарламаны және өзін қалай ұстау керектігін тыңдау керек.

Ақпаратта баяндалады:

- авария қай объектіде болғандығы жөнінде;
- күшті әсер ететін улы заттармен зақымдалған бұлттың таралу бағыты мен ауқымы;
- зақымданған аймақтан қай жаққа қарай (қай ауданға) шығу керектігі айтылады

3) Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байла- нысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді[4].

Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі:

— құтқару;

— арнаулы (жедел);

— қосалқы.

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

— басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

— зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

— зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру

5) Адам денесіндегі терісінің, етінің, сүйегінің күйік шалуының мөлшеріне, қауіптілігіне байланысты күйік төрт дәрежелі.

Бірінші дәрежелік күйік. Мұнда тері қызарады, іседі және ауырады. Ешқандай тыртық қалмай, тез жазылып кетеді.

Көрсетілетін көмек: егерде күйіктің орнында басқа жарақат болмаса, күйген теріні таза сумен жуады, зақымданған жерді спирт, арақ немесе әтірмен, әлсіз (сұрғылт көк) марганец қышқылды калий ерітіндісімен сүртеді, стерилденген құрғақ таңғышпен орап тастайды.

Екінші дәрежелік күйік. Оған шалдыққанда, күйген жер қызарады, күлдіреп ісінеді. Күлдіріктердің ішіне су толады. Күйіктің бұл дәрежесінде емдеу мекемелеріне қаралу қажет. Оған дейін сақтық шараларын да қарастырған жөн.

Көрсетілетін көмек: зақымданған жерді стерилденген құрғақ таңғышпен орап немесе стерилденген бинтпен жауып ұстайды. Бұл мақсатқа арнайы пакеттерді пайдаланады. Есте болатын жағдай: күлдіреп тұрған жерді өз бетімен жармайды, кез-келген дәріні жағуға болмайды, үйдегі дәрі-дәрмектерді пайдаланбайды. Өйткені, бұл күйік жарақатын ластайды, содан оны емдеу қиынға түседі. Мұның бәрі күйікті емдеу мекемесіне көрсеткенше жасалатын сақтық шаралары.

Үшінші дәрежелік күйік. Тері ғана емес, оның астындағы тіндер де зақымданып, күйген жер жансызданады.

Көрсетілетін көмек: күйікті дереу емдеу мекемесіне жеткізу, алғашқы медициналық көмек шақыру қажет. Дәрігер емес адамдардың ем қолдануына болмайды.

Төртінші дәрежелік күйік. Мұндайда тін шала күйеді, қараяды.

Көрсетілетін көмек: мүмкіндік болса тездетіп емдеу мекемесіне жеткізген дұрыс.

Алғашқы көмек көрсетілерде

Адам күйіп қалғанда ең бірінші атқарылатын шаралар: күйік дәрежесін, күйдіру көздерін анықтау қажет. Күйік дәрежесі адамның көңіл-күйіне, қиналуына, денсаулығының нәшарлауына, жараның көлемі мен тереңдігіне байланысты белгілі болады.

1. Егерде тері бетінің 10 пайызы күйсе: науқас мазасызданады, тыныс алуы, тамырының соғуы жиілейді, жүрегі айныйды, шөл қысады. Ол бірнеше күннен кейін басылады.Әрине, оны емдеу шаралары жеңілдетеді.

2. Адам денесінің 20 пайызы күйсе: қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы нәшарлайды, тынысы тарылады, орталық жүйке жүйесінде өзгерістер туады. Кейде адамның естен тануы (шок) мүмкін. Күйген жерге микроб түссе, адам бойында сепсис ауруы пайда болады. Ол күйік шалған адамның жағдайын одан әрі нәшарлатады.

Билет№30

1) Ағзаға әсер ететін факторлар екі топқа бөлінеді, зиянды және қауіпті.

Зиянды – белгілі жағдайларда ауруға әкеп соқтырады. Ал, қауіптілері – белгілі бір жағдайда травмалық зиян келтіреді.

Зиянды және қаіптілер өзара екі топқа бөлінеді. Олар:

физикалық – барлық қозғалатын, кесілетін, құлайтын, температураның көтерілуі мен төмендеуі, барометриялық қысым; газдану, шудың деңгейі, вибрация, ультродыбыс, инфродыбыс, иондық, электромагниттік сәулелену, ультрофиолет пен ультроқызыл радиация; жарықтың, сәулеліктің пульсациясы, жарықтың жеткіліксіз болуы, жарық кереғарының төмен болуы.

Химиялық – зиянды заттар, технологияда қолданылатын улы заттар, улы химикаттар; емдік дәрілер.

Биологиялық – бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері, қоршаған ортаны биологиялық ластау.

Психофизикалық - өндірістік факторлар ойды қатты зорықтыру, еңбектің біркелкілігі, эмоцианалды зорығу.

Зиянды заттар 2 топқа бөлінеді:

- табиғи;

- антропогендік – қоршаған ортаға адамның іс-әрекеті арқылы енеді.

Улы заттар кез келген сұйықтықты көп мөлшерде етіп түзе алады. Уларға әдеттегі жағдайларда және су мөлшерде түзілетін сұйықтықтар жатады.

Зиянды заттардың көп түрлілігіне қарамастан, олардыңтуғызатын сырқаттардың потологиялық процесстері ұқсас келеді.

Адамның ағзасына әсер ететін зиянды заттар:

- жалпы уландыратын – ағзаны уландыратын немесе жеке жүйелерді зақымдайтындар, сонымен қатар бүйрек пен бауырдың потологиясын өзгертеді (көміртек оксиді, қорғасын т.б.)

- тітіркенгіштік – демалу органдарының көздің, өкпенің, тері бездерінің тітіркенуі (хлор, аммиак, азот, оксид т.б.)

- сезімталдық – аллерген тәрізді қызмет атқарады.

- мутагендер – генетикалық кодтың бұзылуына әкеледі, тұқымқуалаушылықтың мәліметтерін өзгертеді.

- канцкрогендік - жаңадан қалыптасқан зияндыларды тудырады (хром, никель, асбест, хош иісті көміртектер)

 

2) Әлеуметтік қауіп
Әлеуметтік қауіп
-дегеніміз қоғамда,адамдардың қоғамдағы іс-әрекеті арқылы,яғни әлеуметтік ортада туындайтын қауіптер
Алкоголизм және нашақорлық
Суицид пен лаңкестік террошылық
Діни секталар

Әлеуметтік қауіптің түрлері
Діни секталар
Әлеуметтік қауіптің түрлері
Жезөкшелік
Алкоголизм
Нашақорлық
Бопсалау
Алаяқтық
Суицид
Алкоголизм
-
Спиртті ішімдіктерге салынушылық,ол жүйке-жүйені улаушы спецификалық зат. Ол алдымен миды зақымдайды.(спирт майларды ерітеді,ми ұлпалапрындағы басты зат,ол-майлар.)
Нашақорлық
-(грек.тіл."narke"-мелшию және "mania" -ессіздік,құтырыну) есірткі заттарға потологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауыру. Маскүнем нашақорлардың кесірінен қоғамда жол-көлік апттары,қылмыскерлік етек жаюда.
Суицид
- өзіне өзі қол жұмсау(латынша sui-өзін,caedere-өлтіру) -өзіне өзі қол жұмсауға икемді адамның әрекеті.
Статистика бойынша Қазақстан суицид істерінен алдыңғы қатарда екені мәлім.

3) Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.
Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.
Ортаның дыбыстық тербелістер бөлшектері кезінде содаауыспалы қысым пайда болады, оны дыбыс қысым Р деп атайды. Дыбыс толқындарын тарату энергияны ауыстырумен ілеседі, шамасы дыбыс қарқындылығымен І анықталады. Адам есітіп анықталатын ең аз дыбыс қысымын Р0 және ең аз дыбыс қарқындылығын І0 табалдырықтық деп атайды. Шамалы естілетін дыбыстың қарқындылығы (естілу табалдырығы) және ауыртатын әсерді шақыратын дыбыстардың қарқындылығының (ауырту табалдырығы) айырмашылығы бір бірінен миллион есе болады. Сондықтан шуылды бағалау үшін дыбыс қысымы мен қарқындылығының абсолюттік мәнін емес, олардың Р0 және І0 табалдырықтық мәндеріне қатынасы бойынша алынған логарифмитикалық бірліктегі салыстырмалы деңгейін өлшеу ыңғайлы болады.
Дыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.
Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады
lg(I/I) (2.8)
мұнда I – берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Вт/м;
I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Вт/м тең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы.
Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады
L = 20 lg (P / P) (2.9)
мұнда P - берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па;
P - 2 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы.

5) электр-магниттік өріс

Құй кез келгенге адам бар болуы электр-магниттік ортаға оған және мекендеу ортасын әсермен байлаулы. Табиғи қайнарлармен электр-магниттіктердің құй және сәулеленулерді атмосфералық электр, күн радио сәуле шығарулары келеді және галактикалардың, электрлік және жер магниттік өрістері. Сонымен қатарға техносфера шарттарында табиғи электр өрістерімен және құй жасанды электрлік тұрмысқа адам әсерге душар болады. Артық қуаттың электр өрісінің заттарда, киімге, адам денесінде адам ашушаң жүйесіне үлкен жүкті тиеуді көрсетеді.

Лазер - құрылғы оптикалық диапозон электр-магниттік сәулелену генерациялаушы бағытталған шоғы. Лазерлер байланыс жүйелерінде қолданылады, навигациялар, медицинаға, бақылау - өлшеу техникте және басқа облыстарда.

Лазер сәулелену көру органдарына арналған қауіпті, бірақ тірі организм маталары сәулелену аз және орта күшейте түскендіктері жанында өткізгіш емес дерлік. Тері тек қана емес лазер сәулелену үлкен күшейте түскендіктері жанында зақым келулерді мүмкін, сонымен қатар ішкі маталардың және органдардың. Беттің, жұмыс істеушілер үлкен сәулелену күшейте түскендіктері шағымданады: бас ауруларына, жоғары шаршағандық, тынықсыз ұйқы, шаршау сезім және аурудың біреудің көзінше. Ереже сияқты, бұлар еңбек тәртібі тәртіпке салуынан кейін және демалысты және қорғау профилактикалық өлшемдердің қабыл алуы арнайы емдеу жағымсыз түйсіктер жүреді.

БИЛЕТ№29

1)Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.Максималды – 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат – жай қоршаулар өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс материалдар (өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процессі аяқталады);б) қиын жанатын – жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын (егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2,5 сағат өртке төзе алады (А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртке төзімділігі 1,5 сағат құрайды (қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).

2) Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы. Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы. Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды. Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс. Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.

4) Иондаушы сәулелер (радиоактивті сәулелер,радиация) олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді. Иондаушы сәулелер тарихы
Өндірістік ортада жаңа гигиеналық фактордың - иондаушы сәулелерlің пайда болуы өткен жүз жылдықтың соңындағы физика аумағындағы үлкен бір ашылулармен байланысты.
1895 жылы – Вильям Конрад Рентгенмен рентген сәулесінің ашылуы.
1896 жылы – Анри Беккерлмен шынайы радиоактивті құбылыстардың – көзге көрінбейтін сәулелердің енуімен уран тұздарының өздігінен шығуы.
1988 жылы – Марий Складовский – Кюри және Пьер Кюри радий және полонидің радиоактивті қасиетін, олардың сәулелену қарқындылығын яғни уран сәулелерінен басым қарқындылықтағы сәулеленуін ашты.
Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін aлу, сақтау және пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін (бұдан әрі - биологиялық материал) алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды.
Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық материалын алуды, сақтауды және пайдалануды денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық материалын алу мынадай:
радиациялық аварияны жою кезінде белгіленген мөлшерден артық сәуле алған адамдардан;
иондаушы сәулелендіру көздерінен қызметшілер үшін радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген шектен артық сәуленің әсерлі мөлшерін алған және осы сәуле алумен байланысты ауруы бар адамдардан;
1949 — 1965 жылдар кезеңінде әуедегі және жердегі ядролық жарылыстар өткізу кезінде радиоактивті заттармен ластанған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе қызметін (оның ішінде мерзімді) өткерген адамдардан;
1966 — 1990 жылдар кезеңінде жер асты ядролық жарылыстарын жүргізу кезінде радиоактивті заттармен ластанған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе қызметін (оның ішінде мерзімді) өткерген адамдардан; сәулеленуге ұшыраған адамдардың балалары мен барлық кейінгі ұрпақтарынан алынады.

5) Радиациялық барлау — жергілікті жердің, ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау (өндіріс) орындары туралы мәліметтер алу.

Радиациялық барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ(тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер (күштер) тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді. жергілікті жер, әуе кеңістігі, акватория мен әскери объектілердің радиоактивті және химиялық залалданукөлемі мен дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін барлау; әскери барлаудың бір түрі. Әскерлердің(күштердің) ұрыстық қимылдарының барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны Р.х.б. бөлімдері (топтары),ұшақ (тікұшақ) экипаждары дозиметриялық аспаптар мен химиялық барлау аспаптарын қолданып,әскерлердің (күштердің) барлық тектерінің, барлаушы бөлімшелерінің және бақылаушыларының қатысуыменжүргізеді. Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады.
Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады.
Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады. Медициналық қорғаныс құралдары

Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.

БИЛЕТ№28

1) Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңы. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары. Жеке тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар.

2) Өрт талдауы өткен 2014 жылы 15 216 өрт орын алғанын, олар келтірген материалдық шығын 3 млрд. 219 млн. теңгені құрағанын, 619 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алғанын көрсетті.

Көбінесе, өрттер отпен абайсыз қатынастың (35%),электр жабдықтарын дәнекерлеу және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу (23,3%), пештерді салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (11%) салдарынан орын алады.

Көбіне, өрт тұрғын секторда (67%), көлікте 16%, өндірістік объектілерде 2%, орман және дала алқаптарында 4% орын алады.

Міне, сондықтан өртпен күресуде өзіне өртке қарсы насихат жұмысын және халыққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқытуды қосатын алдын алу іс-шараларын өткізу маңызды бағыт болып табылады.

Бұл ретте өрт қауіпсіздігі мәдениеті адамда өмір бойы қалыптасуы тиіс. Оған адамның отбасы, мектебі, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар белсене қатысуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті халыққа өрт қауіпсіздігі саласында ақпарат беру және оқытуға көп көңіл аударады.

4) Қазіргі таңда қоршаған ортаны, адамдарды электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын тұрмыстық техникаларсыз елестету мүмкін емес. Бірақ та олардың адам ағзасына тигізіп жатқан әсері қаншалықты екенін көбі біле бермейді... Бүгінгі қоғамда адамдар радиотехникалық және радиоэлектроникалық құрылғылардың электромагниттік желісі құрамына кіріп, соның қармауында қалып бара жатыр...Кернеуі жоғары және өте жоғары қуатты электр беру желілері, көптеген қуатты жоғары радио- және теле- хабарлаушы станциялар, ғарыштық ретрансляторлар – осылардың барлығы дерлік электромагниттік өріс ықпалының әсері болып табылады

5) Адамға электр өрісі әсер етеді. Теледидардың алдында көп отырғандықтан сәулелену мөлшерін алуға болады. электр-магниттік өріс

Құй кез келгенге адам бар болуы электр-магниттік ортаға оған және мекендеу ортасын әсермен байлаулы. Табиғи қайнарлармен электр-магниттіктердің құй және сәулеленулерді атмосфералық электр, күн радио сәуле шығарулары келеді және галактикалардың, электрлік және жер магниттік өрістері. Сонымен қатарға техносфера шарттарында табиғи электр өрістерімен және құй жасанды электрлік тұрмысқа адам әсерге душар болады. Артық қуаттың электр өрісінің заттарда, киімге, адам денесінде адам ашушаң жүйесіне үлкен жүкті тиеуді көрсетеді.

БИЛЕТ№27

1) Техносфера (гр. techne — өнер, шеберлік, sphaira — шар) —адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың тікелей және жанама әсері арқылы өзгертілген биосфера бөлігі. Кейде бұл терминнің мынадай анықтамасы кездеседі: шаруашылық-өндірістік айналымдарды энергия ағыны мен заттектердің табиғи алмасуынан оқшаулау тұрғысында шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жуйесі (Дедю,1989)

Биосфера (гр. биос —тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1]

Биосфера - жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография - организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады.

Тіршілік қауіпсіздігінің негізгі курсында адамды қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады. Адамдардың өмір сүру ортасындағы қауіп қатерлер адам өміріне, оның ден-саулығына зиянын тигізіп, әртүрлі аурулар мен жарақатқа, тіптен кейбір жағдайда өлімге де алып келіп соқтыруда. Осыған орай мемлекеттің адамды қорғауы, оның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Тірішілік қауіпсіздігінің негіздері адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Бұл курс нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, себебі олармен арнайы мамандандырылған орталықтар айналысады. Мысалы, атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс пен өрт қауіпсіздігі және тағы сол сияқтылар. Қарастырып отырған курстың мақсаты қауіпсіздік саласындағы жалпы біліктілікті көтеруді және адамның өзі өмір сүріп отырған ортасындағы қауіпті, сондай-ақ адамдарға зиянын тигізетін құбылыстарды тануға және оған қарсы білікті әрекет жасай алу мүмкіншіліктерін арттыруды қарастырады.

2) Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі. 1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаныНюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Химиялық қару — уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады.

4) Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады

5) Адамға электр өрісі әсер етеді. Теледидардың алдында көп отырғандықтан сәулелену мөлшерін алуға болады. электр-магниттік өріс

Құй кез келгенге адам бар болуы электр-магниттік ортаға оған және мекендеу ортасын әсермен байлаулы. Табиғи қайнарлармен электр-магниттіктердің құй және сәулеленулерді атмосфералық электр, күн радио сәуле шығарулары келеді және галактикалардың, электрлік және жер магниттік өрістері. Сонымен қатарға техносфера шарттарында табиғи электр өрістерімен және құй жасанды электрлік тұрмысқа адам әсерге душар болады. Артық қуаттың электр өрісінің заттарда, киімге, адам денесінде адам ашушаң жүйесіне үлкен жүкті тиеуді көрсетеді.

БИЛЕТ№26

1)Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.
Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.
Ортаның дыбыстық тербелістер бөлшектері кезінде содаауыспалы қысым пайда болады, оны дыбыс қысым Р деп атайды. Дыбыс толқындарын тарату энергияны ауыстырумен ілеседі, шамасы дыбыс қарқындылығымен І анықталады. Адам есітіп анықталатын ең аз дыбыс қысымын Р0 және ең аз дыбыс қарқындылығын І0 табалдырықтық деп атайды. Шамалы естілетін дыбыстың қарқындылығы (естілу табалдырығы) және ауыртатын әсерді шақыратын дыбыстардың қарқындылығының (ауырту табалдырығы) айырмашылығы бір бірінен миллион есе болады. Сондықтан шуылды бағалау үшін дыбыс қысымы мен қарқындылығының абсолюттік мәнін емес, олардың Р0 және І0 табалдырықтық мәндеріне қатынасы бойынша алынған логарифмитикалық бірліктегі салыстырмалы деңгейін өлшеу ыңғайлы болады.
Дыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.
Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады
lg(I/I) (2.8)
мұнда I – берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Вт/м;
I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Вт/м тең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы.
Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады
L = 20 lg (P / P) (2.9)
мұнда P - берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па;
P - 2 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы. Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген); жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол); орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы); қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері).
Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін.
Шаңның әсері үш түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады: а) өкпе аурулары – пневмоканиоз; б) дерматит – тері аурулары; в) конъюктивит – көз қабықшасының зақымдануы.
Шаң ауруларын профилактикалау шаралары: а)шаңның пайда болуымен күрес;
б) шаң сүзгіш құрылғылары; в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу);
г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік).
Өндірісте ең жоғарғы сатыда тұрған зиянды заттардың бір түрі – шаң болып табылады.

3) улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.
УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.

4) Ауру қоздырғыштар — адамда немесе жануарлар мен өсімдіктерде ауру туғызатын организм түрлері (вирус, бактерия, гельминт, т.б.). Бұлардың топырақта, суда, атмосферада, тірі организмдер денесінде, сондай-ақ адам денесінде болуы мүмкін
Жұқпалы аурулар
Конго-қырым қанды безгегінен сақтану шаралары:
- табиғатқа шыққанда абай болу, кене ошағы бар жерден аулақ жүру қажет.
- дененiң киiмнен жалаңаш жерлерiн қымтау.
- малды күтуде сақтық шараларын ұстану. Кененi жалаңаш қолмен жұлуға болмайды.
- кене шаққанда дереу дәрiгерге көрiнген жөн.
Оба (чума).
Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру.
Yersiniapestis бактериясының пайда болуыныv

Date: 2016-06-06; view: 6409; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию