Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының шаруашылық жағдайын және экономикалық даму деңгейін талдау





 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған. Қоғам «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг құрамына енеді.[5]

Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторының дамуына қолдау жасау.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ миссиясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолайлы қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық жағынан жаңарту болып табылады.

Қоғамның 2020 жылға қарай көрінісі – бизнес жүргізудің жоғарғы стандарттары мен сенімділігі негізінде қолайлы қаржы қызметтерін көрсету әрі техникалық және технологиялық жағынан жаңарту бойынша лизингілік қызметті жүзеге асыру арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау мақсатында меншікті өз активтерімен тиімді басқарылуын қамтамасыз ететін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі қаржы-инвестициялық ұйым.

Қоғам толық өндіріс кезеңі бар жетекші әлемдік өндірушілердің технологиялық жабдықтарымен жабдықтау үшін жоғары технологиялық жаңа өндірістердің іске асырылуын қаржыландырады.

Қызмет түрлері. Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1. Агроөнеркәсіптік кешендегі лизингілік қызмет;

2. Агороөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру және оларға қаржы қызметін және басқа да қызмет көрсету;

3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған республикалық бюджеттік және басқа бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 9 филиалы және 4 өкілдігі бар.

Рейтингтерінің болуы. «FitchRatings» халықаралық рейтингілік агенттігі 2013 жылғы 19 қарашада «ҚазАгроҚаржы» АҚ рейтингін BBB-болжам «тұрақты» деңгейіне дейін жоғарылатты.[6]

Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасы әділет Министрлігі қызмет тіркеу Комитетімен тіркелген, қайта тіркеу 2004 жылы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғам туралы» заң талаптарына сәйкес (атауын өзгерту) жүргізілген.[7]

Акционерлік қоғам атауы: мемлекеттік тілде: толықтай: «ҚазАгроҚаржы» Акционерлiк қоғамы; қысқаша: «ҚазАгроҚаржы» АҚ;

орыс тілінде: толықтай: Акционерное общество «КазАгроФинанс»; қысқаша: АО «КазАгроФинанс»;

ағылшын тілінде: толықтай: Joint Stock Company «KazAgroFinance»; қысқаша: JSC «KazAgroFinance».

Акционерлік қоғамның мекен жайы, байланыс телефон және факс номері, электрондық почтасы туралы ақпарат:

Астана қ., Кенесары көшесі, 51 үй, вп-4, телефон номері: 8 (7172) 58-04-37, факс: 8 (7172) 58-04-40; электрондық почта: [email protected], [email protected]

«КазАгроҚаржы» АҚ директорлар Кеңесінің мүшелері қоғам акцияларына ие емес.

«ҚазАгроФинанс» АҚ даму тарихы:

1999 жыл – «КазАгроФинанс» АҚ құру туралы Республика Үкіметінің қаулысы.

2000 жыл – шетелдік ауыл шаруашылығы техникасының лизингісі бойынша алғашқы тәжірибе.

2003-2005 жыл – Алғашқы машина-трактор бекеттерін құру. Компанияның ауқымды «Ауыл жылы» Мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуы, қайта өңдеу секторын қаржыландыра бастауы. «КазАгроФинанс» АҚ желісі бойынша АӨК дамытуға 27,2 млрд. теңге қаржы жұмсалды.

2006 жыл – «КазАгроФинанс» АҚ жаңадан құрылған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына енді, компания «Қаржы агенттігі» мәртебесін алды.

2007 жыл – Тауарлы-сүт фермалары үшін асыл тұқымды мал лизингісінің енгізілуі, өнеркәсіптік типтегі жоғары технологиялы жылыжайлар құру бойынша жобалардың іске асырыла басталуы.

2008 жыл – Қарқынды жеміс бақтарын құру, балықты қайта өңдеу зауыттарын тұрғызу.

2009 жыл –Ірі инвестициялық жобалардың басталған жылы.

2011 жыл – Алғашқы рет асыл тұқымды репродукторлар үшін іріктеліп алынған малдар лизингісі жүзеге асырылды. Компания «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» сілкіністі бағдарламаның қатысушысы болды.

2012-2014 жыл – «КазАгроФинанс» АҚ Индустриаландыру картасындағы агроөнеркәсіптік жобалардың негізгі қаржы операторы болып табылады. Ықтимал инвестиция көлемі - 64,3 млрд. теңге.

«КазАгроФинанс» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған. Қоғам «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг құрамына енеді.

«КазАгроФинанс» АҚ қызметінің басым бағыты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. 2009 жылдан бастап «КазАгроФинанс» АҚ экономика және қаржылық жүйелерді тұрақтандыру бойынша біріккен шаралар Жоспары шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыра бастады. Бұл жобалар екі стратегиялық міндетті шешеді –обеспечение снижения импорт алмастыруды төмендетуді қамтамасыз ету және республика агарлық секторының экспорттық әлеуетін дамыту. Қазіргі кезде «КазАгроФинанс» АҚ 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады:

- Жем шөп шаруашылығы

- Сүт-тауарлық фермалар

- Құс фабрикалары

- Жалажайлар

- Көкеніс сақтайтын қоймалар

- Суару жүйелері

- Ауылшаруашылығы техникасын жинастыру

- Мал семіртетін орындар

- Астықты терең қайта өңдеу

- Етті қайта өңдеу кешендері

- Асыл тұқымды мал шаруашылықтары (репродукторлар)- Мал сою алаңы- Биязы жүн өндіру және өңдеу- Астық сақтау қоймалары

«ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамы АӨК технологиялық дамытуға әсерін тигізетін негізгі факторлар өндіріс тиімділігі мен техникамен қайта қаруландыру, жаңа өнім түрлерін өндіруді игеру жылдамдығы және ең жаңа агротехнологияларды тарту болып табылады. Аталмыш факторлардың АӨК технологиялық дамытуға әсерін тигізетін ерекше әсері қазақстандық экономиканың құрылымымен, ағымдағы жағдаймен және оның өсу беталысымен, елдің ғылыми-техникалық саласындағы қалыптасқан жағдаймен себептеледі.

Агроөнееркәсіптік кешенге жаңа технологияларды енгізуге байланысты қазіргі жағдай қажетті деңгейге сәйкес келмейді және АӨК өнімдерінің тұрақты өсуін, жаңа тауарлардың әзірленіп, енгізілуін, олардың барынша жоғары бәсекеге жарамдылық деңгейіне шығарылмауын қамтамасыз етпейді.

Сөйтіп, өнімділігі төмен және еңбекті көп қажетсінетін жабдықтарды анағұрлым жаңа да тиімді жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік беретін АӨК өкәсіпорындарында толық масштабты технологиялық жаңарту жүргізу қажет.

Қазіргі кезде агроөнеркәсіптік кешендегі саланың қарқынды технологиялық дамуын қамтамасыз етуге жергілікті дамыған ғылыми-зерттеу базасының болмауы және дүниежүзілік стандарттарға жауап беретін қазіргі заманауи жабдықтар өндіру бойынша отандық қуаттардың болмауы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен техникалық және технологиялық жаңарту процесін импорттық технологияларды тартуға тәуелді етіп отыр.

Осыған байланысты, отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық деңгейінің артуы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жоғары технологиялы және өнімділігі жоғары жабдықтар мен техникалар сатып алуды қаржыландыру бойынша Қоғамның көрсететін қызметіне деген сұраныстарының өсуіне әкелмек.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен 2000-2012 жылдары Қоғам шамамен 284,3 млрд.теңгені игерді, соның ішінде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен -145,9 млрд.теңге, бюджеттен тыс ресурстар есебінен – 118,0 млрд.теңге, Ұлттық қордың қаражаты есебінен -43,1 млрд.теңге.

Агроөнеркəсіптік кешенді техникалық-технологиялық жаңарту саласындағы жағдайды талдау

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 159143 бірлік (бұдан əрі - бірл.) шынжыртабанды жəне доңғалақты тракторлар, 91725 бірл. тұқым сепкіш, 45503 бірл. астық жинайтын комбайндар, 2408 бірлік егістік кешендері, 336542 бірл. Топырақ өңдеуші техника, 85761 бірл. трактор тіркемелері, 51026 бірл. жүк автомобилі есепке алынды, нормативтік пайдалану мерзімі 7-10 жыл болғандағы ауыл шаруашылығы техникалары паркінің орташа жасы 13—14 жылды құрайды, қазіргі қолда бар ауыл шаруашылығы техникалары паркінің 70 %-ы - 1991 жылға дейін шығарылғандар.

2009 жылы 4233 бірл. ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішіндегі негізгі түрлері: тракторлар - 950 бірл., астық жинайтын комбайндар - 1150 бірл., жемшөп жинайтын комбайндар 11 бірл., тұқым сепкіштер - 430 бірл., егістік кешендері - 334 бірл., дестелегіштер - 172 бірл., басқа техникалар - 533 бірл.

Лизинг жəне кредит беру бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (бұдан əрі - «ҚазАгроҚаржы» АҚ) арқылы АӨК субъектілеріне 34,3 млрд.теңге сомасына кредит берілді, 1363 бірл. ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, соның ішінде тракторлар - 375 бірл., тұқым сепкіштер - 111 бірл., комбайндар - 690 бірл., арнаулы техникалар - 59 бірл. жəне қайта өңдеуші жабдықтар - 8 бірл.

2016 жылдың басындағы жағдай бойынша 2015 жылы 73 инвестициялық жоба іске асырылды, жалпы сомасы 67,3 млрд. тенге.

Компанияның жүзеге асырылған ірi жобалар:

- «Аделя» ШҚ ЖК (ОҚО)

Жобаның мақсаты: 5 га –ға жылыжай кешенін салу, 11 га-ға жылыжай кешенін салу. Өндірістік қуаты: жылына 8480 тонна қиярлар өндіру. Жобаны қаржыландыру сомасы: 2581,4 млн. теңге. Іске қосылу мерзімі:1 кезең – 2011 жылдың маусымы, 2 кезең – 2014 жылдың наурызы. Құрылған жұмыс орнының саны: 172

-"Қазына жер LTD" ЖШС (ОҚО)

Жобаның мақсаты: 800 басқа сүт-тауарлы ферманы құру. Өндірістік қуаты: жылына 6700 тонна сүт өндіру. Жобаны қаржыландыру сомасы: 1822,7 млн. теңге. Іске қосылу мерзімі: 2013 жылдың қарашасы. Құрылған жұмыс орнының саны: 63

-"МТС Жайма" ЖШС (Павлодар облысы).

Жобаның мақсаты: тұқымдық-репродукторды құру. Өндірістік қуаты: 2500 бас. Жобаны қаржыландыру сомасы: 1518,7 млн. теңге. Іске қосылу мерзімі: 2013 жылдың желтоқсаны. Құрылған жұмыс орнының саны: 85

-«Бек+» ЖШС (Қостанай облысы)

Жобаның мақсаты: 1200 басқа сүт-тауарлы ферманы құру

Өндірістік қуаты: жылына 7000 тонна сүт өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 2674,3 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2013 жылдың желтоқсаны

Құрылған жұмыс орнының саны: 39

-«Батыс Марка Ламб» ЖШС (БҚО)

Жобаның мақсаты: Ет өңдейтін кешен
Өндірістік қуаты: жылына 5500 тонна ет өнімін өндіру
Жобаны қаржыландыру сомасы: 663,0 млн. теңге
Іске қосылу мерзімі: 2015 жылдың наурызы
Құрылған жұмыс орнының саны: 271

«Амиран» Қазақ тағамтану академиясының зауыты ЖШС (Алматы облысы)

Жобаның мақсаты: 750 басқа сүт-тауарлы ферманы құру

Өндірістік қуаты: жылына 6 937,5 тонна сүт өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 1 569,7 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2014 жыл

Құрылған жұмыс орнының саны: 25

-«Медеу Коммерц» ЖШС (Алматы облысы)

Жобаның мақсаты: 780 басқа сүт-тауарлы ферманы құру

Өндірістік қуаты: жылына 5 000 тонна сүт өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 2 995,3 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2014 жылдың қазаны

Құрылған жұмыс орнының саны: 29

-Компания «Сары-Булак» ЖШС (Алматы облысы)

Жобаның мақсаты: ет құсфабрикасын салу

Өндірістік қуаты: жылына 20 000 тонна құс етін өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 5 940,3 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 1 кезең -2014 жылдың 31желтоқсанына дейін, 2 кезең – 2016 жылдың 15 ақпанына дейін

Құрылған жұмыс орнының саны: 202

- «Агропромышленная компания «Адал» ЖШС (Алматы облысы)

Жобаның мақсаты: 1 200 басқа сүт-тауарлы фермасын құру

Өндірістік қуаты: жылына 5 000 тонна сүт өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 1 319,0 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2013 жыл

-«ХПП «Тонкерис» ЖШС (Ақмола облысы)

Жобаның мақсаты: 12 000 тоннаға астық қоймасын салу

Өндірістік қуаты: астықтың 12 000 тоннасын сақтау

Жобаны қаржыландыру сомасы: 223,7 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі:2013 жылдың қыркүйегі

Құрылған жұмыс орнының саны: 25

-«Ильичевка Астык» ЖШС (СҚО)

Жобаның мақсаты: сақтау қуаты 14 000 тоннаға дейін көкөніс қоймасын тұрғызу, қуатты 14 000 тоннадан 43 000 тоннаға дейін ұлғайту.

Өндірістік қуаты: 43 000 тонна астық сақтау

Жобаны қаржыландыру сомасы: 927,6 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 1 кезең 2012 жылдың желтоқсаны - 2 кезең 2015 жылдың сәуірі

Құрылған жұмыс орнының саны: 31

-«Север-Агро Н» ЖШС (Қостанай облысы)

Жобаның мақсаты: тұқымдық репродуктор

Өндірістік қуаты: 2489 бас

Жобаны қаржыландыру сомасы: 1498,4 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2012 жыл

Құрылған жұмыс орнының саны: 48

-«Казгер кус» ЖШС (Ақмола облысы)

Жобаның мақсаты: жұмыртқа құс фабрикасын салу және жаңарту
Өндірістік қуаты: жылына 145 млн. дана жұмыртқа өндіру
Жобаны қаржыландыру сомасы: 1 868,4 млн. теңге
Іске қосылу мерзімі: 2009 жыл
Құрылған жұмыс орнының саны: 191

-«Парижская Коммуна XXI» ЖШС (Ақтөбе облысы)

Жобаның мақсаты: шошқа фермасын салу

Өндірістік қуаты: жылына 2 000 тонна шошқа етін өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 1 694,8 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2010 жыл

Құрылған жұмыс орнының саны: 171

-«СемАЗ» ЖШС (ШҚО)

Жобаның мақсаты: құрастыру өндірісін ұйымдастыру

Өндірістік қуаты: 1000 бірлік трактор комплектісі

Жобаны қаржыландыру сомасы: 1 350,0 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2009 жылдың қазаны

Құрылған жұмыс орнының саны: 300

-«Green House - зеленый дом» ЖШС (Алматы облысы)

Жобаның мақсаты: 5, 85 га жылыжай кешенін құру

Өндірістік қуаты: жылына 797 тонна томаттар, 1 677 тонна қиярлар өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 2 116,7 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі:2012 жылдың маусымы

Құрылған жұмыс орнының саны: 60

-«Green Land Alatau» ЖШС (Алматы облысы)

Жобаның мақсаты: алаңы 5,1 га жерде жылыжай кешенін құру

Өндірістік қуаты: жылына 1 289 тонна томат, 2 433 тонна қияр, 99 тонна салат өсіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 2 018,9 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2012 жылдың маусымы

Құрылған жұмыс орнының саны: 60

-"АстанаЭкоСтандарт" ЖШС (Астана қ.)

Жобаның мақсаты: ауданы 3 га жылыжай кешенін құру

Өндірістік қуаты: жылына 1950 тонна қиярлар өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 1502,9 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2015 жылдың наурызы

Құрылған жұмыс орнының саны: 271

-«Алатау-кус» ЖШС (Алматы облысы)

Жобаның мақсаты: әрекеттегі құс фабрикасын дамыту

Өндірістік қуаты: жылына 12 000 тонна құс етін өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 3 606,4 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2012 жылдың маусымы

Құрылған жұмыс орнының саны: 660

-«Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ (ШҚО)

Жобаның мақсаты: құс фабрикасын ұлғайту (тұрғызу және қайта құру)

Өндірістік қуаты: жылына 20 000 тонна құс етін өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 2786,9 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2012 жылдың наурызы

Құрылған жұмыс орнының саны: 100

-"Ордабасы Кус" ЖШС (ОҚО)

Жобаның мақсаты: қуаты 4828 тонна құсфабрикасын құру және күркетауық етін қуаты жылына 8110 тоннға дейін ұлғайту

Өндірістік қуаты: жылына 8110 тонна күркетауық етін өндіру

Жобаны қаржыландыру сомасы: 4689,8 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 1 кезең – 2010 жылдың желтоқсаны, 2 кезең – 2013 жылдың қарашасы

Құрылған жұмыс орнының саны: 270

-«ArUl Communication» ЖШС (Ақмола облысы)

Жобаның мақсаты: 3 850 тонна көкөніс өніміне арналған көкөніс қоймасын құру, 6 000 тоннаға дейін ұлғайту

Өндірістік қуаты: көкөністердің 3 850 тоннасын сақтау, 6 000 тоннаға дейін ұлғайту

Жобаны қаржыландыру сомасы: 729,4 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 1 кезең – 2013 жылдың қыркүйегі, 2 кезең – 2015 жыл

Құрылған жұмыс орнының саны: 13

-«Архарлы Майбуйрек» ЖШС (Алматы облысы)

Жобаның мақсаты: 5 493 бас ІҚМ-ға шаруашылық-репродукторды құру

Өндірістік қуаты: 5 493 бас берілді. Тұқымдық сатылымдар болған жоқ.

Жобаны қаржыландыру сомасы: 2 320,6 млн. теңге

Іске қосылу мерзімі: 2013 жылдың қарашасы (1 жеткізілім), 2014 жылдың тамызы (2 жеткізілім)

Құрылған жұмыс орнының саны: 21

Сонымен қатар Қоғам ауылщаруашылық техникаларының келесідей объектілері бойынша лизингтік қызмет жүзеге асырады:

1. Бұрын пайдалануда болған ауыл шаруашылығы техникасының лизингі.

2. Ауыл шаруашылығы техникасы.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (Агробизнес – 2020) шеңберінде көзделген.

Негізгі мақсаты: АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, несие жүктемесін төмендету және олардың банкротқа ұшырау тәуекелдіктерін барынша азайту.

Қаржылық сауықтыру талаптары:

· Қаржыландыру мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7% дейін төмендету;

· Қаржыландыру мерзімдерін 9 жылдан аспайтын мерзімге ұзарту;

· Мерзімі өтіп кеткен сыйақыны мәулеттік төлеу;

· Негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең беру;

· Тұрақсыздық айыпты (айыппұл, өсімпұл) есептен шығару.

Қарыз алушылардың 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін пайда болған міндеттемелері қаржылық сауықтыруға жатады.

Қаржылық сауықтыру процестеріне жіберілмейді:
1) Қарыз алушылардың, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсімінде немесе сауықтыру рәсімінде тұрған қарыз алушылардың қаржы берешектерінің қайта құрылымдалған жағдайларын қоспағанда, қызметтері ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеру, таралу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған қарыз алушылар.
2) Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның субсидиялау туралы шешімі қабылданған қарыз алушылар қаржылық сауықтыру процесіне қайтадан қатыспайды.

Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша, сондай-ақ республикалық бюджет қаражаттары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын несие шарттары бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау жасалатын несие шарттары қаржылық сауықтыруға жатпайды.

Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелерін қаржылық сауықтыру, қаржыландыру көзін ауыстыру арқылы, олар бюджеттен тыс қаражаттардан алынған қаржы қаражатымен ауыстырылған жағдайда жүзеге асырылады.

Қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредит шарттары бойынша талаптардың өзгертілуі (сыйақы мөлшерлемесі, төлеу мерзімі, негізгі борыш және/немесе сыйақы төлеуде мерзімді ұзарту) жылына бір реттен көп болмауға тиісті. Бұл ретте, қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредит шарттарының қолданылу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) жағдайда, субсидиялау мерзімдері ұзартылмайды, сондай-ақ сыйақыны негізгі борышқа капиталдандыруға рұқсат етілмейді.

Субсидиялау тоқтатылған жағдайда,Қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге Қоғамда қолданыстағы бюджеттен тыс қаражат бойынша сыйақы мөлшерлемесіне тең мөлшерде белгіленеді.

Қоғам қарыз алушылардан комиссияларды, алымдарды және/немесе қаржылық сауықтыруға байланысты басқа да төлемдерді өндіріп алмайды.

Толығырақ ақпартты «КазАгроФинанс» АҚ облыстың филиалдарынан және орталық аппаратынан алуға болады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №9-1/320 бұйрығымен бекітілген Кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидалары.

 

2.2 АӨК-ді қолдаудағы мемлекеттік бағдарламаларды жүргізудің қаржылық операторлық қызметін талдау

Тек XXI ғасырдың басында ғана, ел экономикасының тұғыры тұрлаулы мемлекет ретінде нық тұруымен, жинақталған тәжірибеге сүйеніп, ауыл тұрғындары өмірін жаңа сапаға көтеруге мүмкіндік туды.

«Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасына сай 2003-2005 жылдарға арналған азық-түлік Бағдарламасы қабылданды.[8] Агробизнестің бәсекелестік жүйесін қалыптастыру үшін Жер, Су және Орман кодекстерінің қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет болды.

 

 

Сурет 1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» облыстар бойынша жүзеге асырылуы, млн теңге[9]

 

Сурет мәліметтерін талдайтын болсақ алдыңғы орынды Оңтүстік Қазақстан облысы 2250908 млн теңгемен алда тұрса, ал соңғы орында 730 975 теңге игерген.

Төмендегі суретте облыстарда «Егінжай» бағдарламасының жүзеге асырылуы көрсетілген.

 

 

Сурет 2. «Егінжай» бағдарламасының жүзеге асырылуы, млн теңге

 

«Егінжай» бағдарламасының жүзеге асырылуын талдар болсақ, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары Қазақстанның ең егін шаруалығымен айналысатын аймақтары болғандықтан, оларға сәйкесінше берілген несиелер көлемі де жоғары Солтүстік Қазақстан облысына 2015 жылы 330 млн. тенге берілген болса, Ақмола облысына «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 250 млн. тенге несие берілген.

 

 

Сурет 3. «Кәсіпкер» бағдарламасының облыстарда жүзеге асырылуы, млн теңге

«Кәсіпкер» бағдарламасының облыстарда жүзеге асырылуы бойынша бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы 544 жобамен, оларға бөлінген қаржы 2 018,9 млн. теңге болса, ең соңғы орында 53 жобамен 263,9 млн. теңгемен Ақмола облысы алады.

 

 

Сурет 4. «Жылыжай» қаржыландыру бағдарламасы бойынша несие беру

 

«ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы «Жылыжай» қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2008-2014 жж. несиелерді беру диаграммасынан көрініп тұрғандай мұнда да Оңтүстік Қазақстан облысы 355 жобамен, оған бөлінген 253097,4 млн.теңгемен алғашқы орында тұрса, ең аз жобмен 4, сәйкесінше бөлінген қаржы 15 млн. теңге Маңғыстау облысына берілген. Бұл жерде әрине ауа райы жағдайында ескеру керек.

 

 

Сурет 5. «Ырыс» қаржыландыру бағдарламасы бойынша несиелендіру

 

Жалпы, 2014 жылы отбасылық сүтті тауарлы фермаларды құру және кеңейтуге «Ырыс» қаржыландыру бағдарламасы бойынша 1 млр. 281 млн. тенге бөлінген. 26 жоба жүзеге асырудың нәтижесінде 2мыңнан астам сүтті ірі қара мал сатып алынған.

 

 

Сурет 6. «Мурабаха» бағдарламасының облыстарда жүзеге асырылуы, млн теңге

 

АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру

Қаржылай сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің несиелік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау Ережелері бекітілді. Ережелерге сәйкес, Операторы агроөнеркәсіптік кешен саласында мамандандырылған ұйым ретінде тартылған «КазАгроФинанс» АҚ болып табылады. АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру үшін қаржы институттарының несиесі/лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жөніндегі Ауыл шаруашылығы министрлігі (Әкімші) мен Оператордың арасындағы Оператордың қызмет көрсету туралы Шартына 2014 жылғы 10 сәуірде қол қойылды. Осыған байланысты, Оператор АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру кезіндегі сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар қаржы институттарынан өтінімдер қабылдау рәсімдерін жүргізеді.

 

Кесте 1

«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыруды жүзеге асыру туралы ақпарат

 

Қаржылай институттың атауы Оператор қабылдаған келісім шарттар Комиссия мақұлдаған келісім шарттар
    Саны Міндеттемелер саны, млн. Теңге Саны Міндеттемелер саны, млн. Теңге
  «КазАгроФинанс» АҚ   8433,8   8221,3
  «Цеснабанк» АҚ   199 208,7   136 580.4
  «Еуразиялық банк» АҚ   22 648,4   22 330,6
  «БанкЦентрКредит» АҚ   22 937,3   20 317,1
  «Нұрбанк» АҚ   422,1 - -
  ҚазақстанХалық Банкі   55 613,6   53 335,3
  «Delta Bank» АҚ   26 886,0   17 100,0
  «Казинвестбанк» АҚ   8 215,8   7 745,7
  «Bank RBK» АҚ   3 105,3   3 105,3
  «Сбербанк» АҚ   28 997,9   20 454,1
  «Ауылшаруашылығын қаржыла» қолдау қоры» АҚ   365,5   330,2
  «АТФБанк» АҚ        
  Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ   3 333,9   3 333,9
  «Астанафинанс банкі» АҚ   1 800,0   1 800,0
  «AsiaKreditBank(АзияКредитБанк)» АҚ   5 133,7   5 133,7
  «АКБ»Кредит серіктестігі» ЖШС   300,0   300,0
  Барлығы   388 619,1   301 313,5

 

Қаржылай сауықтыру екі әдіспен жүзеге асырылады:

1. Несиелік және лизингілік міндеттемелерді қайтару мерзімін ұлғайту, төлемді өтеу тәртібі мен кезектілігін өзгерту, сыйақы ставкасын өзгерту арқылы қайта құрылымдау, сондай-ақ қарыз алушылардың несиелік және лизингілік міндеттемелерін өтеу бойынша жеңілдікті кезең беру.

2. Несиелік/несиегерлік және лизингілік міндеттемелерді қайта қаржыландыру – қарыз алушыларға жаңа мақсатты несиелер беру, немесе ұзақ мерзімді қайтару мерзімімен, сыйақының төменгі пайыздық ставкасымен және берешегін өтеудің жеңілдікті кезеңімен қосымша келісім жасау арқылы бұрын берілген несиелердің орнын ауыстыру.

Қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға қарыз алушылардың айналым қаражатын толықтыруға, айналым қаражатын сатып алуға, ауылшаруашылық және арнаулы техниканы, технологиялық және қайта өңдеуші жабдықтарды лизингке алуға арналған несиелік/несиегерлік және лизингілік міндеттемелері жатады.

Қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған несиелік/несиегерлік және лизингілік міндеттемелер жатады.

Қаржылай сауықтыру несиелік және/немесе лизингілік міндеттемелер бойынша олардың барлық қолданыстағы мерзіміне, бірақ 9 жылдан аспайтын мерзіміне сыйақы ставкасын субсидиялауды болжайды.

Сыйақы ставкасын субсидиялау қарыз алушылардың несиелік және лизингілік міндеттемелері бойынша оны жылдық 7%-ға және шетел валютасымен жылдық 5%-ға төмендету арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, Ережелерде қорландыру процессі көзделген. Қорландыру қаражатының көзі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (Қаржы агенті) болып табылады.

Қорландыру қаражатын орналастыру бойынша сыйақы ставкасы теңгемен жылдық 10%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді, оның 7%-ы мемлекетпен субсидияланады және шетел валютасымен жылдық 6%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді, оның 5%-ы мемлекетпен субсидияланады.

Қорландыру қаражатын қаржы агенті қаржы институттарына теңгемен жылдық 3%-дан аспайтын және шетел валютасымен 1%-дан аспайтын сыйақы ставкасымен орналастырылады, осы ретте қарыз алушылардың қайта құрылған/қайта қаржыландырылған шарттары бойынша сыйақы ставкасы несиелік және лизингілік міндеттемелері бойынша теңгемен жылдық 7%-дан аспайтын және шетел валютасымен 5 %-дан аспайтын болуы қажет.

Ағымдағы жылы, аталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін 14,7 млрд.теңге көзделген.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінен бастап, АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру шеңберінде, негізгі қарызының жалпы сомасы 17,9 млрд.теңгеге және барлық мерзімге субсидиялау сомасы – 6,3 млрд.теңгеге 53 шарт субсидияланды.

Қаржы институттарының бөлінісінде барынша көп шарт ұсынғандар - «ҚазАгроФинанс» АҚ - 17, «Банк «Астана-Финанс» АҚ - 15, одан әрі азаюы бойынша «Евразийский Банк» АҚ - 6, «Цесна Банк» АҚ - 5, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Bank RBK» АҚ 3 шарттан, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазинвестбанк» АҚ 2 шарттан.[10]

Сонымен бірге, өңірлер бөлінісінде қарыздың барынша көбі ұсынылған: Ақмола облысы – 11, СҚО – 9, Қарағанды – 3, Қостанай – 2, Ақтөбе, Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша 1 қарыздан.

«ҚазАгро» холдингісі құрамындағы еншілес компаниялар мен екінші деңгейлі банктер ұсынған 55 өтінімді қарап шықты.

Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша агрокәсіпорындардың қарызы 30,4 млрд. теңгені құрайды.

Қарыз алушылар 9 өңір мен 2 қаланың кәсіпорындары болып табылады: СҚО – 12, Ақмола облысы – 6, Қостанай облысы – 7, Ақтөбе облысы – 4, Алматы облысы – 5, ШҚО – 9, БҚО – 1, Қарағанды облысы – 5, Павлодар облысы – 1, ОҚО – 2, Астана қаласы – 1 және Алматы қаласы – 2.

Комиссия отырысының қорытындылары бойынша 46 өтінім қанағаттандырылды, олардың ортақ қарызы 15,5 млрд. теңгені құрайды.

Естеріңізге салар болсақ, қаржылық сауықтыру шарасы екінші жыл жүзеге асырылып отыр. Былтыр қарызы 17,7 млрд. теңгені құрайтын 27 өтінім қанағаттандырылған болатын. Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның биылғы бірінші отырысында ортақ қарызы 56,7 млрд. теңгені құрайтын 28 өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік қолдаудың бұл бағыты аясында АӨК субъектілері бизнесті дамыту мен арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу мақсатында алған теңгедей несиелердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға, шетелдік валютада алынғандары бойынша 5%-ға төмендетіледі. Қаржылық сауықтыру аясында сонымен қатар қарыздарды қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұлдар мен өсімпұлдар шегеріліп тасталады.

Date: 2016-05-23; view: 933; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию