Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Леуметтік қамсыздандырудағы еңбек стажын және оның түрлерін ашыңыз





Еңбек өтілі - зейнетақыны тағайындау кезінде есепке алынатын еңбек пен басқа да қызмет кезеңдерінің жалпы ұзақтығы. Бірақ еңбек өтілі тек ұзақтылықпен ғана емес, жұмыстың сипаты мен еңбек қызметі жүргізілген жағдайлармен (зияндылық, қауіптілік және т.б.) де сипатталады.

Еңбек қызметінің ұзақтығы мен сипатына қарай еңбек өтілі жалпы, арнайы және үздіксіз бола алады. Мұндай классификация зейнетақының әр түрлі түрлерін тағайындау үшін қажет. Жалпы негіздерде зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы өтіл, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақыны тағайындау үшін арнайы еңбек өтілі есептеледі.

Жалпы еңбек өтілі - адамның оның бүкіл еңбек өмірінің ішіндегі жұмыс орнығу ақыты және болған үзілістеріне қарамастан анықталатын еңбек қызметінің ұзақтығы.Жалпы еңбек өтілі өте маңызды. Ол әр қызметкердің зейнетақымен қамсыздандырылуының анықтаушы шарты болып табылады. Оның ұзақтығынан тағайындалатын зейнетақы мөлшері анықталады.
Арнайы еңбек өтілі - белгілі бір жағдайларда (ауыр, қауіпті, зиянды және т.б.), белгілі бір лауазымда, белгілі бер табиғи-климаттық жағдайларда, радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда және жасына немесе еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын жеңілдікті зейнетақымен қамсыздандыру тағайындалатын кезеңдердегі жұмыс ұзақтығы. Арнайы стаж жалпы еңбек өтілінен бөлініп аоынады. Арнайы өтіл жеңілдікті жағдайлар бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау кезінде өте маңызды. Зейнетке шығудыңжеңілдікті шарттары әсіресе жерасты жұмыстарында, еңбектің зиянды жағдайларында еңбек еткендерге беріледі.

Үздіксіз еңбек өтілі - бұл қызмет мерзіміндегі үзіліс заңдармен орнатылған мерзімді асып кетпеген жағдайда бір кәсіпорында немесе бірнеше кәсіпорында соңғы толассыз жұмыс ұзақтығы.

Еңбек стажына қосылатын жұмыс кезеңдері.

Зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне қосылады:

1. еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн

2. жұмыс;

3. әскери қызмет;

4. арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;

5. мемлекеттiк қызмет;

6. кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;

7. басқа адамның көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;

8. 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;
жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;

9. қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10. еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыты;

11. жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;

12. әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;

13. Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу;

14. ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендiрiлген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кен-құтқару бөлiмдерiндегі қызмет;

Date: 2016-05-23; view: 716; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию