Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру





1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне де өтініш жасайды.

3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.
4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.
Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға тапсырады.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға береді.
2-1. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, сондай-ақ учаскелік комиссия қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда - оның себебі көрсетіледі.
5. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
6. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Отбасының құрамына:
1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;
2) интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
3) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;
4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.
Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.
7. Өтініш беруші мен алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
8. Уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.
9. Уәкілетті орган халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібімен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға міндетті.
5-бап. Учаскелік комиссиялар -атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

1. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және кент, ауыл ауылдық округ әкімдеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.
Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі немесе оның қажетсіздігі туралы қорытындылар әзірлейді.
2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.
3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісілген және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені орталық атқарушы орган бекітеді.

4. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде қорытынды дайындайды және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
5. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп
шығару ( жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі)

1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрлері отбасының жиынтық табысына енгізіледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы.
Жиынтық табысты есептеу тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды. (жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы)
2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.

Date: 2016-05-23; view: 896; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию