Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Леуметтік жәрдемақының түсінігі





Зейнетақылар азаматтарға тек заңнамамен анықталған жасқа жеткенде, немесе олар өмір сүруге қажетті қаражат көзінен айырылатын заңмен анықталған жағдайларда беріледі.

Бірақ азаматтар еңбекке қабілеттілігінен айырылмастан және өмірлік қызметін шектеместен, тіпті еңбек етуін жалғастыру мүмкіндігі бар бола тұрып материалдық көмекке мұқтаж болатын жағдайлар болады. Мысалы, ауруы бойынша, босануы бойынша. Мұндай жағдайларда мемлекет өзінің азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді.

Зейнетақымен салыстырғанда жәрдемақылар "құқығы бойынша" және мемлекеттік органдардың "еркі бойынша" емес, азаматтың жеке тәртіптегі арызы бойынша мұқтаждықтың шынайылығын тексеруден кейін салық қаражаты есебінен беріледі.

Жәрдемақы - жоғалтқан табысты өтеу немесе қосымша материалдық көмек беру мақсатында заңмен айқындалған жағдайларда ай-сайын, мезгіл-мезгіл немесе бір жолғы, азаматтарға тағайындалатын ақшалай төлемдер.

Жәрдемақының негізгі белгілері. Жәрдемақылар оларды зейнетақыдан, өтемақыдан және әлеуметтік көмектен ерекшелейтін белгілердің бірқатарына ие. Бұл белгілерге келесілер жатқызылады:

1) жәрдемақы алуға құқылы азаматтардың аясы. Егер зейнетақыларды негізінен еңбек етпейтін азаматтар алатын болса, жәрдемақылар барлығына есептелген. Жәрдемақыларды жұмыс істейтіндер де, істемейтіндер де, тіпті зейнеткерлер де ала алады.

2) Зейнетақылардың мақсатты бағытталуы. Жәрдемақылар уақытша жоғалтылған еңбекаұыны толықтай немесе ішінара өтеу немесе отбасының заңмен көрсетілген жағдайларындағы қосымша шығындарын өтеу мақсатында тағайындалады.

3) жәрдемақыны төлеу мерзімдері. Жәрдемақылар тұрақты емес, жоғалтылған табыс немесе қосымша шығындарды уақытша өтеу үшін уақытша ғана төленеді. Ал, зейнетақылар, мысалы тұрақты және үздіксіз төленеді.

Жәрдемақылардың жіктелуі. Жәрдемақы түрлерінің көптүрлілігі оларды жіктеудің қажеттілігін туғызады.

жәрдемақыларды жіктеудің басты негізі оның әлеуметтік-құқықтық негіздемесі және мақсатты бағыттылығы болып табылады.

1) Жәрдемақылардың бірінші тобының негізінде уақытша еңбекке қабілетсіздік жатыр. Оларға: ауруына байланысты жәрдемақы, отбасының науқас мүшесіне күтім көрсету бойынша жәрдемақы, туберкулезмен немесе кәсіптік ауруына байланысты басқа жүмысқа уақытша ауыстыру бойынша жәрдемақы. Жәрдемақылардың бұл түрлері құжат негізінде дәлелдеу болған кезде ғана беріледі. Мұндай жәрдемақылардың мөшері табыс мқлшеріне байоанысты болады және табыс жоғалтылған барлық уақыт кезеңінде төленеді.

2) жәрдемақылардың екінші тобына босану және кәмелетке толмаған балаларға қатысы бар жәрдемақылар жатқызылады. Баланың дүниеге келуі балалықты, ананы қорғау және демографиялық ындаландыру мақсатында отбасыны материалдық қолдау қажеттілігін туғызады. Бұларға жәрдемақылардың бірқатары жатады: жүктілігі және босануы бойынша, бала дүниеге келген кезде төленетін бір реттік жәрдемақы және т.б.

3) Үшінші топқа табыстың болмаған кезеңінде өмір сүруге қажетті қаражатты қамтамасыз етуі тиіс жәрдемақылар жатқызылады. Оған негіз болып - азаматтың өз еркіне тәуелсіз жұмыссыздығы табылады. Бұл топтың жәрдемақылары ҚР 2001 жылдың 17 шілдесіндегі "Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы" заңына сәйкес төленеді.

4) Жәрдемақылардың төртінші тобына ерекше жағдайларда - отбасы мүшесінің қаза табуы, оны жерлеу қажеттілігі, табиғи апаттардың орын алуына байланысты отбасының бюджеттік қолдау үшін берілетін жәрдемақылар жатады.

Жәрдемақылардың маңызды белгілеріне олардың төлену ұзақтығы да жатады. Бұл белгі бойынша жәрдемақылар бір жолғы, мезгіл-мезгіл және ай сайынғы деп бөлінеді.

1) Бір реттік төлемдерге баланың дүниеге келуі бойынша жәрдемақы, жерлеуге жәрдемақы, оралмандарға берілетін жәрдемақы және т.б. Олар әлеуметтік қамсыздандыру бойынша заңнамасымен анықталған жағдайлардың болуы бойынша азаматтардың қосымша шығындарын өтеуге беріледі.

2) Мезгіл-мезгіл төленетін жәрдемақыларға белгілі бір уақыт ішінде төленетін жәрдемақылар жатады: ауруы кезінде, жүктілігі және босануы бойынша және т.б. Мезгіл-мезгіл төленетін жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығы заңнамамен көрсетілген жағдайлардың болуы бойынша жоғалтылған табысты толық не ішінара ауыстыру болып табылады. Олар бір реттіктен ұзағырақ уақыт кезеңіне беріледі, бірақ ай сайынғы болмайды.

3) Ай сайынғы жәрдемақылар ұзақ уақыт ішінде үздіксіз төленіп отырады. Бұндай жәрдемақылардың төлену ұзақтығы заңмен анықталған және жәрдемақының түріне тәуелді болады. Оларға мүгедек баланы 16 жасқа дейін, оқитындар үшін 23 жасқа дейін күтіп-бағу бойынша жәрдемақы жатқызылады.

жәрдемақылар сонымен қатар алуға құқылы тұлғалардың аясы бойынша да жіктеледі:

1) уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша;

2) жүктілігі және босануы бойынша;

3) баланың дүниеге келуі бойынша;

4) жұмыссыздығы бойынша;

5) балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақы;

6) оралмандарға берілетін жәрдемақы;

7) жағдайы нашар аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақы.

Date: 2016-05-23; view: 1145; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию