Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Леуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері





Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастар бір жағынан азаматтар және екінші жағынан мемлекеттік органдардың арасында пайда болады. Бірақ, жеке жағдайларда, мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыны төлеу бойынша қатынастар отбасы мен мемлекеттік органдар арасында пайда болады. Демек, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері:

1) жеке тұлға (немесе отбасы);

2) мемлекеттік органдар.

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың субъектілері болып келесі жеке тұлғалар бола алады:

- ҚР азаматтары;

- асыраушысынан айырылуы бойынша зейнетақылық қатынастар бар болған жағдайда, отбасы;

- заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер;

- заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ тұлғалар.

Әлеуметтік қамсыздандуры құқығының субъектілері болып қамсыздандырудың белгілі бір түріне әлеуметтік-қамсыздандырушылық құқықсубъектілікке ие әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастарға қатысушылар табылады.

Жеке тұлғалар құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттіліктен тұратын құқықсубъектілікке ие болған жағдайда, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектісі болады.

Құқыққабілеттілік деп азаматтың белгілі бір құқықтарға ие болу және тиісті заңды фактілер орын алған жағдайда міндеттерге ие болу қабілетін айтамыз. Құқықтарға ие болу және міндеттерді алу қабілеттігін мойындауды тұлға мемлекеттен белгілі бір шарттар болған жағдайда ғана ала алады: жасы, ересектіші, психикалық жағдайы. Мұндай шарттардың болу не болмауына байланысты тұлға жеке өзі немесе заңды өкілі арқылы белгілі бір құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға, өз әрекеттері үшін жауапкершілікте болуға қабілетті деп мойындалады.

Әрекетқабілеттелік деп заңи әдебиетте тұлғаның өз әрекеттері (өкілінсіз) арқылы, жеке өзі өз құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыруға және жауапкершілікке тартылуға қабілеттілігі танылады. Қазақстан Республикасында әрекетке қабілетті деп анықталған тәртіпте сотпен әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешім шығарылмаған тұлға танылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың басқа субъектісі болып мемлекеттік органдар танылады. Оларға:

- халықты әлеуметтік қорғау органдыра - олар жәрдемақылар, зейнетақылар төлейді, қызметтер көрсетеді және т.б.

- жеке министрліктер мен ведомстволардың арнайы зейнетақы қызметтер (мысалы, ішкі істер, прокуратура органдары, әділет министрлігі және т.б.)

- зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын әр түрлі жинақтаушы зейнетақы қорлары;

- жұмыспен қамту қызметінің орандары. Олардың құзыреттілігіне жәрдемақылар, адрестік әлеуметтік көмек төлемдерін төлеу, біліктілікті арттыру және жұмыссыздарды қайта даярлау және т.б.

- денсаулық сақтау органдары;

- халықтық білім беру органдары.

 

Date: 2016-05-23; view: 1472; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию