Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Практикалық маңызы және қолданылуы





Деби шолу

 

Қазақстан флорасы 6 мың, оның 3 мыңнан астамы Шығыс Қазақстанда кездеседі, өсімдіктерге ең бай Қазақстанның облыстары болып саналады [1].

Табиғи климаттық жағдайы мен таулы рельефті ежелгі қыртысты қабаттың сақталуы осы аймақта бай өсімдік жамылғысының сақталуына өз әсерін тигізді. Сондай-ақ, таулы кедергілер түрлердің оқшаулана, эндемик түрлердің пайда болуына әсер еткен. Кейбір түрлер биологиялық жағынан сирек кездесетін түрге айналып үлгереді. Түрлерді ретсіз жинаудан және мал аяғымен таптплғандықтан да сиреген. Шығыс Қазақстан облысында 170-тен астам түр сирек кездесетін түр ретінде тіркелген. 1978 жылы шыққан Қазақстанның «Қызыл кітабына» бүгінгі күндері ерекше қорғауды қажет ететін 48 түр енгізіліп отыр, дегенмен қорғауды қажет ететін әлі де 122 түр бұл кітапқа енбей қалған. Солардың қатарында төртжапырақты семізот та (Rh. quadrifida) бар. Бұл өсімдік 3-ші категорияға, 3В немесе (Rв) разрядқа жатады [2].

Осы классификацияға сүйенсек, төртмүшелі семізот (Rh. quadrifida) ареалы – азиялық, жергілікті қорғауға алу қажет, статус – 3 (R) категориясы (3В немесе RВ) – ғылыми зерттеуді қажет етеді. Батыс Алтайда бұл өсімдікке құрып кету қауіптілігі жоқ [3].

Шығыс Қазақстан облысындағы Оңтүстік Алтай, Оңтүстік Батыс Алтайдан – Нарым – Бұқтырма бойындағы таулары мен бөлінеді, вулканды тау жыныстары өте көп. Таулардың ең биік шыңы 4506 м (Мұзтау шыңы). Палеогендік, неогендік алабтың түйіршікті тау жыныстары сары топырақ, суглин кварцтық қосылыстар, құм, құмдауыт топырақтар кездеседі. Оңтүстік Алтай - ең суық аймақ. Топырақтың қыста қату тереңдігі орташа – 67 см, кейде 1м – ге дейін жетеді. Оңтүстік Алтайда жауын-шашын түсу мөлшері 400мм – 1000мм – ге дейін жетеді. Топырақ жамылғысы ескі таулы тудралық тұрғыдан – таулы торфты, шірінді немесе таулы жайылымды шіріндіге, етегінде қоңыр түсті орманды жайылымға, далалық жайылымды, қоңыр ксерофитті түрге ауысады. Жасаңшөптер тұқымдасы (толстянковые, crussulacead) жер шарында 30 туыс, 1500 түр кіреді. Мексика, Оңтүстік Африка, Макаронезия және Шығыс Азия – негізгі таралу орталығы болып есептеледі.[интернет материялы]. Ал Қазақстанда 7 туысы кездеседі. Соның бірі Семізот (Rhodiola. L.) туысы, бұл туысқа 11 түр кіреді [4]. Шығыс Қазақстанда 3 түрі кездеседі.

Жасаңшөптер тұқымдасы, Семізот туысы (Rhodiola. L.) – биік таулы орманның ең жоғарғы белдеуінде өсетін өсімдік. Гүлі төртмүшелі, екі үйлі, дара жынысты, кейде қос жынысты түрі өте сирек кездеседі. Тамырсабағы жуан, кей кезде бұтақтанып та кетеді. Көп жағдайда қоңыр түсті немесе өткен жылғы сабақ қалдығының қабыршағымен жабылған. Күлтесі сары, кейде жоғарғы бөлімі қызылттау болып келеді. Ені 4 мм аталығы сарғыш жіпшелі сабағы қоңыр қабыршақпен оралады [5].

· Халықтық медицинада төртмүшелі семізотты мастит, миома, жатыр фибромиомасын, жатырдың мойын эрозиясын, поликистоз, кистоз, жатыр мен аналық бездің кистасы, эндометриоз, ауыр және тұрақты емес менструация циклі, гормондық бұзылуынан байланысты, қан тоқтамау, климактериялық жағдайды жеңілдету мақсатында дәрілік ретінде қолданады.

· Өсімдік препараттарын аднексит, простатит, қуық асты безінің аденомасы, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазия, олигоспермия, әлеуеттің әлсіреуі кезінде қолданады. Халықтық медицина төртмүшелі семізоттың спирттегі тұнбасын эндокринді бұзылу кезінде: қалқанша безінің аурулары, лимфа түйіні ауруы, бүйрек және бүйрек үсті бездерінің аурулары, гипотиреоз, зоб ауруларына қолдануды ұсынады.

· Төртмүшелі семізот атеросклероз, анемия, лейкоз, жоғары бас сүйек қысымы аурулары кезінде, гипертензия кезінде қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі, ми тамырларының спазмасын басады. Жүрек ауруы кезінде, кіші қанайналым жүйесін жақсарту мақсатында және гемоглобинді көтеру үшін таптырмас дәрі болып табылады.

· Төртжапырақты семізоттың тұнбасы суық тию және инфекциялық ауруларға ағзаның төзімділігін арттырады, антибиотиктердің жанама әсерлерін азайтып психикалық және физикалық өнімділігін жақсартады, иммунитетті және бейімдеуші қасиеттерді жақсартады.

· Обыр ауруын емдеуде сәтті қолданылды деген есептер де бар, сонымен қатар химиялық терапияның жанама, кері әсерлерін жоюға да қолданылады.

· Төрмүшелі семізотты гормональді препараттарды қолдау кезінде араластыруа болмайды. Артерияльдық қысымның көтерілуі, психикалық мазасыздық, жедел жүрек жеткіліксіздігі төржапырақты семізоттың қарсы белгілері болып табылады.

 

 

Химиялық құрамы

· Өсімдік құрамында иітті заттар, антрагликозид, эфир майы,органикалық қышқыл, қант, ақуыз, майлар, балауыз, стерин, үшіншілік спирт, фенол, гликозид, флавоноид, маранец, мырыш, хром, кобальт, камед, мыс, никель, никель, күміс, молибден бар. Антоциан мен бетаин өсімдікке өзіне тән түс береді.

 

Date: 2016-05-23; view: 943; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию