Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеу әдістері





Зерттеу объектісі ретінде Оңтүстік Алтайда өсетін Төрмүшелі семізоты алынды. Төрмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida)

Зерттеу материалдары - өсімдіктердің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелері – 2015 – 2016 жылдар аралығында Оңтүстік Алтай тауының Тарбағатай тау жотасының биік, жартасты шыңдары мен шатқалдардағы тастың түбінен тау бөктерлерінен, гүлдеу фазасында және күзгі қар астындағы даналарынан жиналды.

Өсімдіктің бір даналары Скворцов әдісі бойынша кептіріліп, өсімдік қаттамалары жасалса, екінші даналары Яковлев шынықтырғышында (60% спирт + глицерин) сақталады. Өсімдік даналары «Флора Казахстана» және «Иллюстрированный определитель растений Казахстана» арқылы анықталып, түр атауларында С.К. Черепанов, М.С. Байтенов, С.А. Арыстанғалиев еңбектері негізге алынды. Жұмыста көрсетілген өсімдіктердің қазақша атаулары мен биологиялық ұғымдар Отандық анықтағыштар мен сөздіктер арқылы жүйеленді [23].

Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері – тамыры, сабағы, жапырағы мен сағағы ғылыми зерттеулерде танымал ботаникалық жалпы әдістер арқылы зерттелді [24].

Жапырақтың үлпекқабат құрылысының ерекшелігі, лептесіктердің құрылысы, көлемі және саны Г.Х. Молотковский әдісі арқылы анықталды. Ол үшін Яковлев шынықтырғышында сақталған өсімдіктердің жапырақтарының астыңғы және үстіңгі бетінің әр жеріне – жапырақ алақанының шетіне, ортасына, жүйке үстіне тырнаққа жағатын түссіз лак немесе БФ – желімі жағылды. Лак толық кепкен соң таңба сыдырылып алынып, микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқыштары (8х10, 8х15, 40х10, 5х7х9, 10х7х8) арқылы зерттелді. Лептесіктердің көлемі объективті және микроскопқа орнатылған арнайы окулярлы микрометр арқылы анықталды. Окулярлық және объективті микрометрлер арқылы лептесік көлемін есептеген кезде, алдымен окулярлық микрометрдің сызықтық бағасы табылады. Оның мөлшері төменгі формуламен есептеледі:

В х 10 мк (0,01мм)

А

мұндағы А – окулярлық микрометрдің сызықтар саны, В – объективті микрометрдің сызықтар саны.

Сонан кейін лептесіктің ұзындығы мен енінің ұзындықтарын окулярлық микрометр сызықтарының санына сәйкес бір сызықтың бағасына көбейтіп, лептесіктің көлемін анықтаймыз.

Үлпекқабаттағы лептесіктер санын есептеу Фукс-Резенталь торы арқылы жүргізілді.

Таңбалар өсімдік сабағының төменгі, ортаңғы, жоғарғы деңгейіндегі жапырақтарынан алынып салыстырмалы қарастырылды. Лептесіктерді санап, көлемін өлшеу мақсатында олар көп кездесетін астыңғы үлпекқабат пайдаланылды.

Шынықтырылған материалдардан А.А. Никитин, И.А. Панков нұсқаулары негізінде ботаникалық зерттеулерде қабылданған жалпы әдіспен уақытша және тұрақты препараттар қолдан дайындалды [25].

Бақылаулар С.М. Преображенский мен Н.Н. Галахов, И.Н. Бейдеман, З.Г. Беспалов және И.В. Борисова әдістері арқылы жүргізілді.

Зерттеуге алынған өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің құрылысының морфометрлік көрсеткіштері Г.Н. Зайцев әдісі арқылы сарапталды [26].

Сабақтың, жапырақтың, сағақтың және тамырдың анатомиялық құрылысын зерттеп, түрлердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, түрлерге тән ксерофиттік және мезофиттік белгілерді айқындау мақсатында көлденең кесінділер дайындалып, уақытша және глицерин – желатинде бекітілген тұрақты препараттар жасалды.

Өсімдіктердің сабағы, жапырағы және сағағының төменгі, ортаңғы жоғарғы буындарынан жасалған препараттардан деңгейлік өзгерістер, яғни шоқтың құрылысы, көлемі, саны, буыннан сағаққа өту ерекшеліктері қарастырылса, жабындық ұлпаның соңғы құрылыс элементі – перидермаға өтуі мен механикалық ұлпаның орналасу жағдайлары зерттелді.

Төртмүшелі семізот өскіндерінің және өсімдіктердің дамуын сипаттайтын суреттер тікелей қаттамалардан ксерокстік көшірме жасау арқылы алынды.

Схемалық суреттер микроскоптан тікелей қарап отырып, арнайы РА – 4 аппаратының көмегімен қолдан салынды.

Препарттар Биолам, МБИ-4, МБИ-6 микроскоптары арқылы зерттеліп, МБИ-6 микроскобына арнайы орнатылған фотоқондырғы көмегімен «Зенит» маркалы фотоаппаратпен суретке түсірілді [27].

Date: 2016-05-23; view: 1240; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию