Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеу аймағының физикалық және географиялық сипаттамасы





Төртмүшелі семізотын (Rhodiola quadrefida) зерттеу нәтижесі. Зерттеу аймағына сипаттамасы Еңбек ауылы Оңтүстік Алтай тауларының сілемдерінің қойнауында Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркінің аймағында орналасқан. Ауылдың оңтүстігінде шығыстан батысқа қарай Алтай тауы сілемдері созылып жатыр.

Алтай тауы сілемдері бөлшектеніп, бір-бірінен озуға тырысқандай иіктей береді. Сілемдердің асы үшкірленіп, тасты шағылмен аяяқталады. Осындай рельефті таулардың биіктігі 2000-2500 м. Сілемдер созыла келіп, ең биік шыңы Мұзтаумен аяқталады.

Төрмүшелі семізоттың зерттелу аймағы – (Rhodiola quadrifida) – Шығыс Қазақстан олысы Катонқарағай ауданындағы Алтай тауының Сарымсақты және Тарбағатай тау жоталары. Сарымсақты және Тарбағатай тау жоталары арнайы қорғауға алынған аймаққа кіріп отыр, яғни Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіріп отыр.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының әкімшілік шекарасының Орталық және Оңтүстік Алтай аймақтары аралығында орналасқан.

Бұл – Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия шекаралаары тоғысқан, Мұзтаудың мәңгі мұздықтарына таяу жерде қол жетпес таулар, құдыретті қарағайлар, ағынды өзендер, мөлдір көлдер, гүлді жайсаң альпі жайлауы ұштасқан таңғажайып мекен.

Табиғат көрінісі, әсемдігі жағынан ғажайып әдемі әрі қайталанбас жер. Орманы мен таулары, өзендері мен көлдері таңырқау сезіміне бөлеп, өзінің ұлылығымен және тазалығымен қайран қалдырады. Жабайы құстарға толы орманы, балыққа толы өзен көлдері ежелден-ақ осы аймаққа мыңдаған адамдарды қызықтыра тартқан. Қаракөл, Шабанбай мен Қаумыш көлдері, Көккөл мен Арасан сарқырамалары, Берел қорғандары, қарлы асумен Марқакөл көліне әкелетін ежелгі Австриялық жол, Алтай тауларының екі басты ханшайымы, шекара аралық объект – Мұзтау және басқа да ерекшеленген жерлер Қазақстанның мақтанышы мен бүкіл әлемдік табиғи әрі мәдени мұра болып табылады.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика- геогр - афиялық сипаттамасы.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.

Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегі - леркіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақтыжоталары. Парктің мынадай шекаралары белгіленген: Солтүстік және шығысында: Ресеймен (Алтай Республикасы) шектеседі; Оңтүстік-шығысында: Қытай Халық Республикасымен шектеседі;
Батысында: шекара Белқарағай және Солдатово ауылдарына дейін Фарпусная өзені (Шыршытсу) бойымен өтеді;

Оңтүстігінде: шекара Шыңғыстай орманшылығының Мұз-Бел орман саяжайы шекарасы және Катонқарағай мен Күршім аудандарының әкімшілік шекарасы бойымен оңтүстік-шығысындағы Қытаймен шекараға дейінгі Оңтүстік Алтай жоталарының солтүстік беткейлері Сарымсақты, Тарбағатай бойымен өтеді. Шығыстан батысқа қарай тізбектеле созылған Қатын, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық), Сарымсақты, Листвяга ең биік жоталары болып табылады. Биік таулы Қатын және Оңтүстік Алтай жоталарының бедері тік жартасты беткейлі, мореналы, астау тәріздес аңғарлы альпілік типте. Өзге жоталардың бедері жазықтау болып келген. Жоталар мен қыраттардың ұшар бастары кең алаңқайлы қарлармен және мұздықтармен жабылған. Мұнда қазіргі заманғы мұзбасудың екі орталығы, көптеген тау өзендерін қоректендіретін, Қатын мұздықтары және Оңтүстік Алтай жотасының шығыс бөлігінің мұздықтары орналасқан.

Ұлттық парк аумағы дамыған гидрографиялық желіге ие. Үкөк қыратынан бастау алатын Бұқтырма өзені негізгі су магистралі болып табылады және Бұқтырма су қоймасын сумен қамтамасыз етеді. Ұлттық парк шегіндегі негізгі салалары: Калмачиха, Күрті, Таутекелі, Ақ Берел, Сахатушка, Фадиха, Тынық, Чернова, Каменушка, Сарымсақты, Ақсу өзендері. Ұлттық парктің оңтүстік бөлігіндегі маңызды өзендер: оңтүстікке қарай ағатын Қара-Қаба, Арасан – Қаба, Ақ-Қаба. Аталған өзендер тік, жартасты жағалаулары тар, қарағайлы орманды сайлар арқылы жол салып ағады. Тау өзендерінің түсі өзіндік ерекшелігімен, әсемдігімен, қатты ағынымен таң қалдырады. Мұздықтың қозғалу кезінде тау жыныстарының үйкелісі салдарынан пайда болатын лайлы тұнбалар әсерінен Ақ Берел, Бұқтырма мұздық өзендерінің сулары ақшыл-күлгін түсті лайлы болып келген. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өзендерінде мынадай сарқырамалар бар: Көккөл, Рахман және Язевое өзеніндегі сарқырамалар тізбегі. Жоталар мен тау аралық ойпаттардың бар болуы көптеген көлдердің түзілуіне әсер еткен. Әсем көлдер биік таулы ландшафтарға қайталанбас ғажайып өң береді, олардың ең ірілері: Бұқтырма, Рахман, Қаракөл, Маралды және Чернова.

Климаты.
Тау бедерінің күрделі болып келуі климаттық жағдайға әсерін тигізбей қоймайды, тау баурайынан шыңына қарай жоғарлаған сайын климаттың қатты өзгергуі байқалады. Алдымен температуралық режим өзгереді, таудың үстіне көтерілген сайын температура төмендей түседі. Таудағы климат беткейлердің экспозициясына, сонымен қатар мұздықтардың орналасу жақындығына байланысты өзгереді. Аймақтың климаты шұғыл континентті, жыл маусымдары кезіндегідей, тәулік ішінде де температураның ауытқуы жоғары. Қысы ұзақ, әрі суық. Жаздың ыстық күні суық түнмен ауысады. Жауын-шашын мөлшері жыл маусымдарында тең түспейді. Ылғалдың көп мөлшері жаз айларына (маусым-шілде) келеді, жауын-шашынның таралуының минимумы қаңтар-ақпан айларына тән. Жыл маусымының жылы айларында жауын-шашынның көптеп түсуі, ауа ылғалдығының жоғарлауын туғызып, биік таулы аймақтың өсімдік жамылғысына қолайлы әсер етеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 432 мм. Абсолютті максимум +34 0 С және абсолютті минимум -44 0С болған кездегі ауаның жылдық орташа температурасы +1, 6 0 С құрайды. Катонқарағайдағы топырақтың орташа қату тереңдігі 67 см (47 см - 100 см-ге дейін). Қараша айының басында қар жамылғысы тұрақтанып, сәуір айының басында не ортасында ери бастайды. Шығыс, оңтүстік - шығыс бағыттағы желдер басым келген. Желдің орташа жылдық жылдамдығы - 3,8 м/с тең.

Ландшафты.
Парк шегіндегі төрт негізгі биіктік зоналарына аймақтың барлық ландшафтары кіреді:
I. нивальдыға субнивальды белдеу кіреді;
II. тундралық-шалғындыға таулы-тундралық, таулы-шалғынды-альпілік, таулы-шалғынды-субальпілік белдеулер кіреді;
III. таулы-ормандыға таулы-орманды-субальпілік, таулы-шалғынды-тайгалық белдеулер кіреді;
IV. таулы-орманды-шалғынды- далалық.


Биік таулы нивальды зона - бұл арадан бастарына ақ сәлде жапқандай асқар да, айбынды бұйраттардың тау өзендерімен тілімденген терең сайларының ғажайып көрінісі ашылады. Бұл зонаның төменгі шекарасы теңіз деңгейінен 2800 м жуық биіктіктен өтеді, өсімдіктер жарылған жартастардың және тастардың арасына жиналған ұсақ топырақтарға, сонымен қатар мұздықтар мен қарлардың шет аймағындағы беткейлерінде өскен. Бұл зонаға қына және биік таулы аймақтың шөптесін өсімдіктерінің бірлестігі тән: қарлы наурызгүл, қар дәуаяғы, аласа ұлпабас, алтай сарғалдағы.

Субнивальды белдеудің жартастарында сібір бөріқарақаты, қара қарақат және иісті қарақат, қара арша, алтай ұшқаты, ал шөптесін өсімдіктердің ішінде етжапырақ бадан, сібір тасжарғаны, қар қазтабаны, сібір тасшүйгіні, алақоғыр шөмішгүл және басқа да түрлері кездеседі.
Таулы-тундралық зона оның жоғарғы шекарасы теңіз деңгейінен 2800 м биіктіктен өтеді, ал төменгі шекарасы 2100 м абсолютті биіктікке дейін түседі. Жоғары жікқабатын тасты, мүкті-қыналы, бұталы және шөптесін тундраға тән мүк, алтай қоңыроты, суық көкгүл және дөңгелек жапырақты ақ қайың, тікенді ұшқат, тобылғы және аласа бойлы талдар алып жатыр.
Таулы — орманды зона теңіз деңгейінен 1200-1250 метрден 2200-2300 метр аралығындағы вертикальді диапазонда орналасқан. Оған жоғарғы жағын алып жатқан таулы-орманды субальпілік және төменгі жағында орналасқан таулы-шалғынды-тайгалық белдеулер кіреді. Бұл зонаның шегінде мынадай негізгі орман түзуші ағаштар өседі: сібір қарағайы, қарағай, шырша. Самырсын, қайың, терек, көктерек және талдардан құралған ормандар сирек кездеседі. Өсімдік жамылғысын астық тұқымдастар, қияқөлең, қара жидек, аралас шөптер құрайды.

Таулы-орманды-шалғынды-далалық зонаға астық тұқымдасты, аралас шөпті және бұталы болып келетін қарағайлы және аралас (қайыңды- қарағайлы-көктеректі) ормандар тән. Жанаса өскен тоғайлар мен алаңқайларда мынадай бұталар кең тараған: сібір аюбадамы, орта тобылғы, қараған, итмұрын.

Астық тұқымдастардың ішінде кәдімгі тарғақшөп, шебершөп, құрғақ айрауық кездеседі. Аралас шөптесін өсімдіктерді жыланқияқ, жұпаргүл, шоқсары,терістік қызылбояу және өзге өсімдік түрлері құрайды.

Флорасы.
Ұлттық парктің флоралық құрамы өте бай, онда жоғарғы сатылы өсімдіктердің 2000 түрінен астамы, мүктер, қыналар, саңырауқұлақтар бар. Шөптесін өсімдіктердің арасында реликтілер көптеп кездеседі: алтай желайдары, сібір ушырмауығы, тәтті жапырақты таспа, алтай қоңыроты.
Қорғауды қажет ететін өсімдіктердің сирек түрі ерекше құндылыққа ие, ал олардың кейбір түрлері (30 түрінен астамы) жоғалу шегінде тұрғандықтан, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Бұлар қар дәуаяғы, алтай рауғашы, алтай, сібір қандығы, ала күлтелі қызғалдақ, ірі гүлді және кәдімгі шолпанкебістер, алтай суықшөбі, таңдамалы плаун, алтай торсылдағы, дала шұғылығы, қызғылт семізот, марал түбірі, алтай қасқыржидегі.

Ұлттық парктің негізгі игілігі — бұл тауларды жасыл алқамен көмкеретін, климатты жұмсартып, реттейтін ормандар. Олар топырақты қорғаушы және суды реттеуші рөлді атқарады. Жалаңаш таулардың қия беткейлерін эрозиядан сақтайтын ормандар Бұқтырма өзеніне құятын талай бұлақтардың көзі болып табылады. Парктің аумағы орман ресурстарына бай аймақта орналасқан. Бұл жердің ормандары шаруашылық қызметтен болмашы өзгерген және орман өрттеріне көп шалынбаған.
Тау ормандары теңіз деңгейінен 2200 м — 3200 м дейінгі биіктікте таралған. Олар аңдар мен құстарға мекен болып, қоректдіреді. Бұл мәңгі жасыл балқарағай, шырша және самырсын, сонымен қатар өзінің қылқан жапырақтарынан қыста арылып, көктем келісімен ұлпа да балауса қылқан жапырақтармен көмкерілетін қарағай. Жалпақ жапырақтылардан тау өзендері мен бұлақтарының жайылмасындағы батпақты жерлерді алып жататын қайың, терек, көктерек және талдардың әр түрлері кездеседі. Бұталардың 50 астам түрі бар: таңқурай, қарақат, итмұрын, тобылғы, тал, бұта қайың және тағы басқалары.

Фаунасы.
Ұлттық парктің фаунасы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда сүтқоректілердің 68 түрі, құстардың 277 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 6 түрі, сүйекті балықтардың 9 түрі және қоңыздар, көбелектер, инеліктер, өрмекші тәрізділер кіретін омыртқасыздардың 10 мыңнан астам түрі кездеседі. Ұлттық парктің аумағында мекен ететін тұяқтылардың 5 түрі: марал, бұғы, елік, күдір, арқар. Орманнан қоңыр аюды, бұлғынды, қасқыр мен түлкіні кездестіруге болады. Сүтқоректілердің ең көп тобы — кеміргіштер. Бұлар суыр, тиін, борша тышқан және тоғай мекендеушілері - тышқандар мен тоқалтістер. Тайгада құстардан меңіреу құр мен шіл мекендейді. Шыршалы орман белдеуінде тайга зонасының тұрақты мекендеушісі самырсын құсы ұялайды. Кішігірім бұталардың, қалың өскен шөптердің арасында сары торғай, сандуғаш, сарықас торғайлар ұя салады. Су қоймаларының жағалауларынан қоңыр үйрек, сарыайдар үйрек, шүрегейді кездестіруге болады.
Ұлттық парктің омыртқалыларының арасында қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар кішігірім топты құрайды. Қосмекенділердің ішінде сүйір тұмсық бақа жиі, ал сұр және жасыл құрбақалар сирек кездеседі. Бауырмен жорғалаушылардың мынадай өкілдері бар: секіргіш және тірі туатын кесіртке, өрнекті абжылан, кәдімгі сұр жылан.
Парк аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жан-жануарлар көптеген түрі мекен етеді. Бұл сүтқоректілердің төрт түрі: қар барысы, Алтай арқары, тас сусары және Иконников жарқанаты; құстардың отыз түрі, олардың ішінде: дентұмсық тұрпан, лашын, ителгі, балықшы тұйғын, бүркіт, қарақұс, үкі, сұр тырна, ақбас тырна, алтай ұлары; балықтың бір түрі — таймен (қызыл балық); омыртқасыздардың ішінде жәндіктердің екі түрі — Михайлов барылдауық қоңызы және керемет барылдауық қоңыз, және де былқылдақденелілердің екі түрі – монахоидес акулеатасы және Теель гастрокоптасы. [?]

Төртмүшелі семізоты Сарымсақты тау жотасында өсетіндіктен, осы өңірдің географиялық – биологиялық ерекшеліктеріне т.б толығырақ анықтама бере кеткеніміз дұрыс (Сурет 1).

 

 

Сурет 1 Сарымсақты тау жотасының картадағы сызбасы

Сарымсақты тау жотасы флорасындағы сирек кездесетін өсімдік түрлерінің азайып бара жату проблемалары мен қорғау жолдарына тоқтала кетейік.

Адамзат қоғамы мен қоршаған ортаның арасындағы қатынасты сақтау бүгінгі күннің маңызды мәселесіне йналып отыр. Осыдан табиғатты сақтауға деген, соның ішінде өсімдіктер әлемін сақтауға аса мән еру керек.

Планетамыздағы және нақты бір аймақтағы өсімдіктердің әртүрлілігін сақтап, ешқандай түрлерін ұмыт қалдырмауымыз керек.

Жер планетамыздағы биоәртүрлілікпен өсімдіктер әлемін, соның ішінде – сирек кездесетін, жойылып бара жатқан және қорғауды қажет ететін өсімдіктерді қорғау ғаламдық проблемаға айналып отыр.

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында орналасқан Сарымсақты – ұзындығы 60 шқырымға созылып жатқан Оңтүстік Алтайдың бір тау жотасы. Ең биік шыңы - 3373 м (Бүркүтаул шыңы). Солтүстік жағы Бұқтырма өзенімен, оңтүстікте Күршім өзені және Күршім тау жотасымен шектесіп жатыр. Ал шығыс жағы Оңтүстік Алтайдың Тарбағатай тау жотасымен шекараласып жатыр. Эффузия, туфтар мен, тақтатастар, құмтастар мен гранитты тау жыныстарынан құралған. Мұздықтарының жалпы ауданы 1 км2 жерді алып жатыр. Солүстік шыңдары үшкір, жартасты, қатты тілімденген, 1900-2100 м биіктікке дейін орманы болады. Ал оңтүстік беткейі анағұрлым сүйіреу, далалы бұталы, ауыспалы субальпі мен альпі шалғындықтары және таулы тундраға аймақтары бар [1].

Сарымсақты тау жотасында келесідей өсімдік типтері бар: далалы, орманды, шалғынды, батпақты, тундра өсімдіктері. Сарымсақты тау жотасының флорасына анализ жасау жұмыстары систематикалық, биологиялық, экологиялық және географиялық құрылымы мен қасиеттеріне байланысты неғұрлым өзіне тән ерекше өсімдіктер типі болатынын анықтауға мүмкіндік берді. Сарымсақты тау жотасында 5 табиғат зонасы таралған: шөлейт, дала, орманды дала, субальпілік және альпі[2].

Осы аймақтың флорасында 1886 жоғарғы сосудты өсімдік түрлері 558 туысқа 112 тұқымдасына жататыны анықталған.

Әр түрге жататын өсімдіктердің жоғалып кетуіне әсер ететін факторлар әрине біркелкі емес. Қорғауды бірінші кезекте қажет ететін эндемикті және реликті өсімдік түрлері болып табылады. Сарымсақты тау жотасында Алтай мен Алтай – Саян флоралық провинциясындағы 30 – ға жуық эндемикті және субэндемикті өсімдік түрлерінің 23 туысы мен 16 тұқымдасына жататын өсімдіктер белгіленген. Бұл зерттеліп отырған аймақ флорасындағы кейбір өсімдіктер ерекше назар аударуды қажет етеді (кесте 1). Алтай мен Алтай –Саян провинциясының эндемикті және субэндемикті өсімдіктерінің 1,6 % Сарымсақты тау жотасында өседі.

 

Кесте – 1. Ареалдағы эндемикті және субэндемикті өсімдік түрлерінің таралуы.

Атауы     Алтай эндемигі Алтай – Саян эндемигі Оңт.Алтайдың тар аймақтық эндемигі
  Cystopteris altajensis - + - -
  Limnas verescraginii Kryl - + - -
  Poa altaica Trin - - + -
  Stipa austroaltaica Kotuch - - - +
  Stipa sozerbakovii Kotuch - - - +
  Stipa karakabinika Kotuch - - - +
  Elymusbuchtarmensis Koyuch - - - +
  Elymus tzvelevii - - - +
  Elymussajanensis(Nevski) Tzv - - + -
  Elymustarbagataicus Kotuch - - - +
  Elymussarumsactensis Kotuch - - - +
  Allium pumilum Vved. In Bull. - + - -
  Alliumledebouriamum Schult. et - + - -
  Erithrouimsibiricum (Fisch. EtMey) - - + -
  Tulipa heteropetaLedeb - + - -
  Iris ludwigii Maxim - - - +
  Rheum altaicum Losinsk - + - -
  Gypsophilasericea (Ser) Fenzl - - + -
  Paeonia hibrida Pall - - + -
  Gymnospermium altaicum (Pall) - + - -
  Leiosporaexcara C. A. M - - + -
  Rhodiola algida (L)fisch.et Mey - - + -
  Ribes graveolens Bunge - + - -
  Sibiraeaaltaiensis (Laxm) Schneid - + - -
  Amygdalusledebouriana Schleht - + - -
  Potentilla salsa Kotuch - - - +
  Hedisarum theinum Krasnob - - + -
  Astragalus leptocaulis L - + - -
  Daphne altaica Pall - + - -
  Pyrethrum Kelleri (Krill. et Plotn) - - - +

 

Сарымсақты тау жотасында кездесетін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерінің жоғарғы дәрежелі эндемизм өсімдік тұқымдастары – Poaceae, Liliaceae, Rosaceae, Fabaceae.
Үштік дәуірдегі жалпақжапырақты ормандардың өсімдіктеріне келесі түрлерді жатқызуға болады: Dryopteris filix-mas (L.) Schott – еркек усасыр, Festuca gigantea (L.) Vill. – алып бетеге, Cardamine impatiens L. –шыңқетер баймана, Stachys sylvatica L. – орман қайызғашөп, Sibiraea altaiensis (Laxm.) Schneid – алтай сибирка, Anemonoides altaica (C.A.Mey.) Holub – алтай желайдары, Leiospora excapa(C.A. Mey) Dvorak – Гладкосемянница бесстебельная, Macropodium nivale (Pall) R.Br.- қар дәуаяғы. Daphne altaica Pall. – Алтай қасқыржидегі. Rheum altaicum Losinsk.- Алтай рауағашы және т.б.

Мұзбасу дәуірінің реликтісіне жататындар: Carex rupestris All. – жартас қияғы, Dracocephalum imberbe Bunge. – сақалсыз жыланбас, Lloydia serotina (L.)- кешкі ақсұргүл, Trisetum spicatum(L.) K. Richt. – масақты үшқылтан, Betula rotundifolia Spach. – дөңгелек жапырақты қайың, Senecio pricei Simps - крестовник праиса, Allium altaicum Pall. – алтай сарымсағы, Astragalus glycyphyllus L. – тәтті жапырақты Астрагал, Woodsia alpine (Bolt.)S.F. Gray - альпі вудсиясы және т.б.

Мұзбасуынан кейінгі уақыт аралығындағы өсімдіктер: Viola selkirkii Pursh. – Селькирка шегіргүлі, Pyrola rotundifolia L. – дөңгелек жапырақты алмұртшөп, Linnaea borealis L. – терістік линнеясы, Licopodium annotinum L. – біржылдық плаун, Trisetum sibiricum Rupr. – Сібір үшқылтаны, т.б.

Реликті өсімдіктердің кейбір түрлері Сарымсақты тау жотасында сирек кездеседі, олар: Sibiraea altaiensis (Laxm.) Schneid, Leiospora excapa(C.A. Mey) Dvorak, Macropodium nivale (Pall) R.Br., Daphne altaica Pall., Rheum altaicum Losinsk., Astragalus glycyphyllus L.

Осылайша Сарымсақты тау жотасындағы 24 түрге жататын реликт өсімдіктері әртүрлі кезеңге (үштік дәуір, мұзбасу кезеңі, мұзбасудан кейінгі кезеңдегі) жататындығы көрсетілген. Мұндай реликттердің көптүрлілігі Сарымсақты тау жотасы флорасының тарихи алуантүрлі қалыптасуына байланысты.

Сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» енген түрлері ерекше бақылауды қажет етеді. Сарымсақты тау жотасының флорасында сирек кездесетін 38 түрдің 24 – і Қазақстанның Қызыл кітабына енген (1981). Қызыл кітапқа енген түрлері Мемлекеттік деңгейде қорғауды қажет теді, ал қалғандарын жергілікті аймақтық қорғауында болуы керек.

Сарымсақты тау жотасы флорасындағы көрсетілген, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін 3 категорияға жіктейміз: жойылып бара жатқан, сирек кездесетін, ресурсты.[3].

Алтайдағы, соның ішінде Қазақстан Алтайының жойылып бара жатқан өсімдіктеріне ареалын тарылтқан, тар аймақтық эндемиктер жатады. Олардың жойылып бара жатуына адам әрекеттерінің әсері бірден – бір себеп болып отыр.

Сарымсақты флорасыныда мұндай түрге жататындары – Allium pumilum, Tulipa heteropetala, Sibiraea altaiensis, Lathyrus. Krylovii, Daphne altaica.

Қазақстан аумағында ареалы шектелген, тек алтайдың Сарымсақты тау жотасында ғана өсетін, жойылып бара жатқан 4 түрі бар, олар – Iris ludwigii, Cypripedium macranthon, Cypripedium calceolus, Corydalis capnoides. Сонымен қоса бұл категорияға өсу ареалы кең, бірақ Оңтүстік Алтайдағы ареалы тар өсімдік түрлері жатады. Осы категорияға 4 түр жатады – Diphasiastrum alpinum, Cystopteris altajensis, Stipa pennata, Limnas verescraginii.

Сирек кездесетін өсімдіктерге эндемикті және субэндемикті түрлері, ареалы едәуір кең, бірақ зерттеліп отырған аймақта сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» енгендердің ішіндегі саны жағынан көбірегі жатады. Сарымсақты тау жотасы аймағының бұл категорияға жататын өсімдіктердің 12 түрі көрсетілген: Huperzia selago, Woodsia alpine, Juniperus pseudosabina, Ephedra dahurica, Allium altaicum, Lilium martagon, Dactylorhiza fuchsia, Epipogium aphyllum, Paeonia hibrida, Adonis sibirica, A. Vernalis, Pulsatilla patens.

Осылардан басқа Сарымсқты тау жотасында кездесетін 2 түрі – Erythronium sibiricum, Macropodium nivale бар. Ғылыми маңызға ие, мысалы реликтті немесе Қазақстанның Қызыл кітабына енген, бірақ, бұл тау жоталарында өсуіне ешқандай қауіп жоқ.

Ресурсты өсімдіктер категориясына Алтай өңірінің Қызыл кітабына енген. Зерттеліп отырған аймақта бұл деңгейге жататын өсімдік түрлері көп емес, бірақ көпшілігі дәрілік, тағамдық мақсатта аяусыз қолданылуына байланысты Қызыл кітапқа еніп отыр (1981). Сарымсақты тау жотасында олардың саны 8: Rheum altaicum, Paeonia anomala, Gymnospermium altaicum, Rhodiola rosea, Bergenia crassifolia, Hedysarum theinum, Rhaponticum carthamoides, Rhodiola quadrifida.

Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдік түрлерін қорғау үшін дереу жұмыс жасамаса олардың саны күр азая береді. Биоәртүрлілікті сақтаудың екі түрі бар: in situ и ex situ. In situ –латын тілінен аударғанда аймақтарды ерекше қорғауға алу арқылы экожүйені толықтай қорғау деген мағананы білдіреді. Осы мақсатта біздің зерттеу жүргізіп отырғн аймағымызда Катонқарағай Мемлекеттік Табиғи Ұлттық паркі құрылған. Биоәртүрліліктің қазіргі күйін зерттеп, ценопопуляциядағы сирек кездесетін өсімдік түрлерінің жағдайын анықтап, оларға антропогендік факторлардың әсерін зерттеу мақсатында жұмыстар жасайды.

Маңызды бағытының бірі, саны азайып бара жатқан өсімдіктер санын жасанды ортада көбейту – ех situ, оның бірнеше әсер ету жолдары болады. Неғұрлым кең таралған түрі интродукция әдісі. Өсімдікті жан – жақты зерттеп, қорғау жолдарының ең тиімдісін таңдап алуға тиімді әдіс болып табылады.

Қорғау тәсілдерінің бірі өсімдікті культурада өсіру кезінде гендік банк алу, бұл дегеніміз жойылып бара жатқан, жабайы ортада өсетін өсімдіктің тұқым қорын сақтап қалуға зор пайдасын тигізеді. Гендік банканың екі түрі болады: лабораторлық гендік банка (қатырылған жасушалар мен ұлпалар); табиғи гендік банкалар, қатер алдындағы түрлерді сақтап қалуға арналған.

Бразилияда 1992 жылы өткен халықаралық анықтамалық (эталонным) коллекциялар бойынша семинарда гендік банкаларды сол өңірде биәртүрлілікті сақтау мақсатында және ерекше қорғауға алынған орындарда, өсімдік шаруашылығына арналған тәжірибе алаңдарында ұйымдастыру керек деген ұсыныс айтылды. Бұл гендік банкалар сол өңірдің өсімдіктері мен жануарларының табиғи жиынтығы ретінде болуы керек. Біздің зерттеу жүргізіп отырған аймағымыздың тиімділігі сол, Сарымсақты тау жотасы Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық паркінің құрамына кіреді. Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық паркінде табиғи гендік банкалар жасауға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Дәрілік өсімдіктерді дайындау және қайта өңдеу технологиясында көптеген құпиялар жатыр. Кейде қандайда бір дәілік препарат дайындау кезінде өсімдіктің бір мүшесін ғана пайдаланып, қалғанын қалдық ретінде лақтырып тастайды. Үнемшіл технологиялардың арқасында ғалымдаар өсімдіктің мүмкіндігінше барлық мүшесін пайдаланып дәрі жасауды қолға алды. Мысалы: тамыры мен тамырсабақтарын құрғақ экстрактта қайта өңдеуден өткізіп флавоноидты (ликвиритон, флакарбин) және үштерпеновты (глицерам, глицирринат) препараттарын алуда. Құмдық салаубастың күлтесінен бірыңғай технологиямен фламин мен құрғақ экстрат (полисахаридтер мен фенолды заттар) алады. Жолжелкеннің жапырағынан бір уақытта шырын, плантаглюцид препарадын, каротиноид, полифенол және иридоидтер алынса, ал қалған қалдықтарын мал шаруашылығында азықтарына қоспа ретінде қолданады.

Соңғы он жылдың ішінде генофондты сақтау мақсатында биотехнологиялық әдістерді қолдануда, сонымен қоса микроклондау жолымен көбейтуді және басқа да әдістерді жақсы іске асырып, қолданып отыр. Заманауи әдістердің бірі, жабайы ортада өсетін бағалы өсімдіктердің ұлпалы культурасын жинау болып табылады. Жасанды ортада өсірілген ұлпалар мен жасушалар медициналық алкалоидтар, гликозидтер және тағы басқа да қоспалар алу үшін өнім ретінде қолданылады. Мысалы, көкнәр өсімдігінен – кодеин, оймақгүлден – диоксин, меңдуанадан – скополамин, байкал томағаншөбінен – флавоноид, адамтамырдан – панакзоид дайындалады. Бұл әдіске болашақта көбірек назар аударылады, себебі, бұл әдіс арқылы колбадағы дәрілік заттарды арнайы өсімдіктерді өсірусіз ыдыратуға болады.

Томск қаласында Л.Н. Березнеговской атындағы лабораторияда ұлпа культурасы алколоид тасымалдаушы өсімдіктердің жасушаларын өсірумен нәтижелі жұмыс атқаруда, сонымен қатар алколоидтардың биосинтезін терең зерттеумен айналысады. [?2]

Date: 2016-05-23; view: 1650; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию