Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






RHODIOLA туысы Төрмүшелі семізотының (Rhodiola quadrifida) систематикасы және биологиясы





Патшалық: Өсімдіктер - Plantae

Тип/бөлім: Гүлді немесе жабық тұқымды өсімдіктер - Magnoliophyta немесе Angiospermae

Класс: Қосжарнақтылар – Magnolіopsіda немесе Dicotyledones

Қатар: Магнолилер – Magnoliopsida

Тұқымдас: Жасаңшөп – (CRASSULACEAE A. P de CANDOLLE)

Туыс: Cемізот – Rhodiola

 

Жасаңшөп тұқымдасына 30 ға жуық туыс пен 1500 түр кіреді. негізінен Солтүстік жартышарда өседі және Африка мен Американың құрғақ және ыстық аймақтарында кездеседі.

Қазақстанда 7 туысы 35 түрі бар.

1. Туыс – Семізот (Rhodiola Linnaeus)

Cемізот туысына 40 қа жуыт түр кіреді. Солтүстік жартышарда тараған.

Қазақстанда 11 түрі бар.

2. Туыс – Клемансия (Clementsia Rose)

1 түрі бар. Қазақстанда C. semenovii (Regel et Herd.) Тянь – Шаньнның биік шыңдарында өседі.

3. Туыс – Очиток (Sedum Linnaeus)

600 - ден астам түрі бар. Солтүстік жартышарда тараған.

4. Туыс - Ложноочиток (Pseudosedum A. Berger)

Бұл туысқа 10 түр кіреді. Негізінен Памиро – Алае және Тянь – Шаньда өседі.

Қазақстанда 3 түрі бар. Олар Қаратауда өседі.

5. Туыс – Розеточница (Rosularia (A. P. de Candolle) Stapf)

Бұл туысқа 40 – қа жуық түр кіреді. Жерорта теңізінде, Батыс және Орта Азияда таралған.

Қазақстанда 6 түрі бар.

6. Туыс – Горноклосник (Orostachys F. E. Fischer ex A. Berger)

10 - ға жуық түр кіреді. Шығыс – палеарктикалық арелда, Қазақстанда 2 түрі кездеседі: О. spinosa (L) C. A. Mey және O. Thursiflora Fisch. Қазақстанның Алтай және Тянь – Шань тауларында кездеседі.

7. Т уыс – Тиллея (Tillaea Linnaeus)

Қазақстанда 1 түрі: T. vaillantii Willd Зайсан қазаншұңқырында өседі. [?3].

 

Семізот туысына 11 түр кіреді:

1. Семенов семізоты – Р.Семенова – Rh.Semenovii.

2. Қызғылт семізот – Р.розовая – Rh.rosea.

3. Кирилов семізоты – Р.Кирилова – Rh.Kirilovii.

4. Таспа жапырақты семізот – Р.линейнолистная – Rh.linearifolia.

5. Алқызыл семізот – Р.ярко-красная – Rh.coccinea.

6. Суық семізот – Р.холодная – Rh.algida.

7. Аратіс семізот – Р.разнозубчатая – Rh.heterodonta.

8. Төртмүшелі семізот – Р.четерехчленная – Rh.quadrifida.

9. Литвинов семізоты – Р.литвинова – Rh.Litvinovii.

10. Жасыл семізот – Р.зеленоватая – Rh.Viriduala.

11. Аяз семізоты – Р.морозная – Rh.gelida.

 

Соның ішінде Оңтүстік Алтай, Батыс Алтайда 3 түрі кездеседі [4]:

1. Суық семізот – Р.холодная – (Rh.algida.)

2. Аяз семізоты – Р.морозная – (Rh.gelida.)

3. Төртмүшелі семізот – Р.четерехчленная –(Rh.quadrifida.).

3.3 Алтайдың семізот түрлерінің биологиясы (түрлерге сипаттама)

Суық семізот – Rhodiola Аlgida(Leded) Fish.et.Mey. 1841 Enum.pl. сирек кездесетін Алтай – Саян эндемигі. Суық семізот (Rhodiola Аlgida(Leded)) тамыры жуан, ұзын. Тамырсабағы көп басты, кепкен, үшбұрышты, тісті жапырақтармен жабылған. Сабағы көп тармақты, биіктігі 6 – 8 см, диаметрі 2 – 5 мм. Ұзындығы 8 – 20 мм, ені 1,5 – 3 мм ұзынша сопақша жапырағы кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры – қалың, жай, гүлі 5 – еу, кейде төртмүшелі, қосжынысты. Ұзынша – сопақша тостағаншасының ұзындығы 4 мм, қызыл түсті. Жұмыртқа тәріздес, қандауырша тектес күлтесінің ұзындығы 7 – 8 мм. Түсі ақ немесе қара қызғылтым. Аталық саны 10, күлтелен қысқалау. Алтай тауының альпі белдеуінде, құзда, мұздық жанында. Тундра орманының тасты алаңқайларында, тау – бұлақ бойында кездеседі. Жалпы таралу аймағы Моңғолия (Сурет 18).

 

 

Сурет 18 Суық семізот – (Rhodiola Аlgida) жалпы көрінісі

Аяз (Rh.gelida)семізоты – тамыры жуан, тік орналасқан. Тамырсабағы – көпбасты, жуан, жоғары бөлігі кепкен қабыршақпен жабылған. Ұзындығы 5 – 7 мм, ені 4 мм үшбұрышты, жұмыртқа тәрізді жапырақпен жабылған. Негізгі сабағы көпмүшелі, биіктігі 3 – 13 см, жіңішке. Жапырағы кезектесіп орналасқан, жалпақ, 8 – 10 мм ұзындығы, ені – 2 – 5 мм тұтас, жұмыртқа тәрізді, созылыңқы, шеткі жиегі аздап тілімделген. Күрделі, қалың гүлшоғыры қос үйлі, 4 – 5 мүшелі, қысқарған, жуан, сары түстң гүлдерден тұрады. Тарбағатай, Жоңғар Алатау, Күнгей Алатаудың альпі белдеуінде, ұсақ тасты алаңқайларда кездеседі. Жалпы таралған аймағы: Орта Азия, Памир, Моңғолия, Батыс Қытай (Сурет 19).

 


Сурет 19 Аяз семізотының (Rh.gelida.) жалпы көрінісі

 

Төрмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) – Барлық Сибир, Арктика тасты жағалауында және Альпі белдеуі мен тундраның таулы шағылдарында кездеседі. Шөптәріздес өсімдік. Оңтүстік Сибирде, Шығыс Саян тауларында толық кәдімгі түр ретінде кездеседі, бірақ солтүстікте сирек кездеседі және анық реликті өсімдік.

Көп жылдық кейде біржылдық түрлері бар. Көпшілігі шөптектес болып келеді, арасында өркені бұтақтанған түрлері де кездеседі. Сирек бұталы, шала бұталы, кейде ағаш тәрізді болып та келеді. Суда таралған түрлері де бар. Өте сирек эпифит тәрізді түрлері де бар. Көбісінің жапырақтары суккулентті болып келеді, анда-санда сабағы, тамырсабағы да суккулентті болып – каудекс түзеді [6] (Сурет 20).

 


Сурет 20 Каудекстің көрінісі

 

Семізот туысының басқа да түрлеріне анықтама беріп, қысқаша шолу.

Кирилов семізоты — Rhodiola с (Regel) Maxim., 1859.Sedum kirilowii Regel, 1858, S. caerulans Levl. & Vaniot, 1904. Жоңғар Алатауы мен Тянь – Шаньнда шыршалы белдеуде және одан жоғары 3500 м биіктікте кездеседі. Тамыры жуан, түзу болып келеді. Каудекс диаметірі 1,5-2,5 см ге жетеді. Каудекс жапырағы қабыршақты, жұмыртқаа тәріздес, қандауырша тәріздес немесе үшбұрышты. Гүлді сабағы азғана, биіктігі 10-90 см, диаметірі 4-6 мм, тығыз жапырақты. Бағаналы жапырақтар кезектесіп, отырықшы, сызықты немесе сызықты қандауырша тәрізді орналасқан. Жапырақтарының жиегі сирек тісті болып немесе тегіз жиекті келеді. Гүлі біржынысты, кейде қосжынысты. Жапырағы үшбұрышты, сызықты, сопақша, ұзындығы,5-3 мм. Жоғарғы жағы үшкірленіп келеді. Жапырағы жасыл, сарғыш жасыл, төңкерілген қандауырша, сопақша қандауырша немесе жалпақ қандауырша тәрізді шамамен 3 – 4 мм-ден 8 – мм ге дейін жетеді. Жұмыртқа тәрізді шірнелік бездері үшбұрышты, сопақша немесе күрекше тәрізді, ұшы сүйірленген. Гүлді жапырақшасы түзу. Жапырағы қандауырша тәрізді, ұзындығы 7-8 мм, ұшы. Көктемнің сәуір айынан күздің қыркүйек айлары арачында гүлдейді. Мәскеуде сәтті өсуде. Күн сәулесі мол және көлеңкелі гүлзарларда өсіруге болады. Сібір мен солтүстік – батыс Моңғолияда кездеседі. Таудың биік шатқалында, қар жамылғысына жақын, су қоймаларының жағасында, қыналы тундрада, альпілік шалғындарда жиі кездеседі. Тамыры жуан, ұзын, көлденең бұдырлы, ұшы көпбасты болады. Бірнеше былтырғы, өлген қоңыр қабыршақты сабағы каудексті, жоғарғы жағы үшкірленген жапырақты. Сабағының биікттігі 3—20(24) см, диаметірі 1—3 мм, әдетте саны бірнеше (3—8 ден 10 - ға дейін), түзу кейде бұралып өседі. Жапырағының ұзындығы 3—22 мм, ені 3 мм ге дейін жетеді. Беті тегіс, бүтін жиекті, жоғарғы ұшы сүйірленген, жалаңаштанған. Гүлшоғырының диамметірі 2—3 см, қалың, қалқанша тәрізді. Күлтесінің ұзындығы 7—8 мм, тостағанша жапырақшаларынан екі есе ұзын, ақшыл немесе бозғыл – қызғылт (Сурет 21).

 

 

Сурет 21 Кириловсемізоты (Rhodiola Rhodiola)

 

 

Таспа жапырақты семізот (Rhodiola linearifolia). Жоңғар алатауы мен Қырғыз Алатауында орманның жоғарғы бөлігіндегі көгалдарда, биік шыңдар мен бұлақтардың бойында өседі.

Кирилов семізотына ұқсас, бірақ оған қарағанда ұсақтау. Шөптесін көпжылды өсімдік. Каудексі қалыңдаған, жоғарғы бөлігі қабыршақты жапырақтармен жабылған, үшбұрышты, үшкірленіп келетін азғантай сабағының биіктігі 20-30 см – ге жетеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан таспа тәрізді қандауыршаға ұқсайды. Өзегі кеңейген, бүтін жиекті, отырықшы, жоғарғы жағы үшкірленіп келеді. гүлшоғыры қалқанша тәрізді, көпгүлді, әдетте қабыршақты жинақты болып келеді. Гүлдері қосүйлі, кейде қос жынысты, гүлсағағы гүлінен қысқа 4 – 5 мүшелі болады. Тостағаншасы таспа тәрізді, үшкірленген, күлтелерінен 2.5 – есе қысқа, үшкірленіп келген, түсі жасыл. Күлтесі қандауырға ұқсаған таспа тәрізді, ұзындығы 4 мм, ұшы сүйірленген қоңыр – қызыл. Аталығы күлтесінен 1,5 есе артқан, қызыл жіпшесі мен ашық сары тозаңқабы болады. Шырынды бездерінің көлденең кесіндісі төртбұрышты, жеміс түйнегінен екі есе қысқа. Аналығы күлтесінен 1,5-2 есе ұзын, ұзындығы 6-8 мм. Гүлдеуі ерте көктемде мамыр, маусым айларында жүреді (Сурет 22).

 

 

Сурет 22 Таспажапырақтысемізот (Rhodiola linearifolia)

 

Алқызыл семізоты (Rhodiola coccinea (Royle)) батыс Сібірде, Алтай мен Орта Азияда (Тянь-Шань, Памиро-Алай), Жоңғария мен Қашқарияда өседі. Теңіз деңгейінен 2300 м биік таулардың шыңдарында, қиыршық тастарда, қыналы тундрада, кейде альпілік шалғындықтарда кездеседі.

Тамыры жуан, бұралған, жіп тәрізді, көлденеңінен бұйраланған, ұшы көпбасты. Каудексі қалың, былтырғы өлген сабағымен қапталған. Сабағының ұзындығы 3 – 15 сантиметір, әдетте иілген болады, түзу түрі сирек кездеседі. Жапырағы таспа тәрізді, ұзындығы 5-15 мм, ені 1—2 мм. Аздап шырынды, оңай түсіп қалады. Гүлшоғыры жоғары орналақан, қалқанша тәрізді, диамметірі 1 см шамасында, 3—6 гүлден тұрады. Гүлі 4 немесе 5 өлшемді, ұсақ, әдетте қою қызыл, қызғылт немесе сары, сыртында қызғылт дақтары бар түрлері де сирек кездеседі. Аталығы гүлсерігімен бірдей немесе біраз қысқа болады. Тозаңқабының түсі сары. Күлтесінің саны 5, кейде 3—4, пысқан бұдырлы, ұшы біраз илілген (Сурет 23).

Алқызыл семізоты жарақатты жазу үшін қолданады.

 

 

 

Сурет 23 Алқызыл семізоты (Rhodiola coccinea)

 

Қызғылт семізот – Р.розовая – Rh.rosea.

Қызғылт семізот (жасаңшөптер тұқымдасы) – Алтай өсімдіктерінің ішіндегі ең танымалдысы. Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде (Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында) кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде, өзен аңғарлары менжағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлігінен Альпі белдеуніне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударарлық шіліктер құрайды. Көп жылдық, жуан тамырлы, қабыршақ тәрізді жапырақтарымен қалың жабылған, қысқа тамыр сабақты. Жер асты бөлігін кескенде, жалтыраған күлгіндеу түсті және күшті жағымды иісті байқаймыз. Сабағының саны бірнешеу. Барынша жуан, биіктігі 50 см-ге дейін, жапырағы кезектесе орналасқан, сопақша немесе эллипс пішінді.

Гүлшоғыры қалың қалқан тәрізді гүлдері екі үйлі ұзындығы 3 мм, төрт мүшелі, сары немесе жасылдау. Аталығының саны 8 күлтеден болымсыз ғана қылтиып тұрады, тостағанша жапырақшалары қысқа, гүлдеп болған соң да түспейді. Семізот мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі шілде-тамызда піседі. Тамырының құрамында көмірсулар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа дабелсенді әсер ететін заттар бар. Бұрыннан белгілі түрлі ауруларға қарсы халық медицинасында қолданылып келгендіктен, кейінгі жылдары ғылыми түрде зерттеліп, бекітілді. Олардан дайындалған препараттар қазір арнайы түрде жүрек жұмысын жақсартуда және адамның ойлау қабілетін арттыруға, еңбекке құлшынысын жақсартуға т.с.с. пайдаланылады. Халықтық медицинада тамырын қан аздықта, қан диабетін, ісік ауруларын емдеуге кеңінен қолданды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді (Сурет 24).

 

Сурет 24 Қызғылт семізот (Rh.rosea)

 

Аратіс семізоты — Rhodiola heterodonta (Hook.f. & Thorns.) Boriss., 1939. Sedum heterodontum Hook. f. & Thorns., 1858. Sedum serration Jacquem. ex C.B. Clarke, 1878. Sedum roseum var. heterodontum (Hook. f. & Thorns.) Frod., 1930.

Тянь – Шань, Памиро-Алае, Гималай, Моңғолияда, Тибет тауларының қиыршық тасты топырақтарында өсетін жабайы өсімдік. Көпжылды қосүйлі өсімдік, гүлдеу кезінде биіктігі 30 см ге дейін жетеді. Многолетнее двудомное растение, в период цветения достигающее до 30 см высоты. Тармақталған құлпынай тәрізді тамыры топырақтың ең жоғарғы қабатында орналасқан. Кейбір жаңарған бұрлері топырақтың астында қыстап шығады. Сабағы қалың жапырақты. Жапырағы ұсақ, үшбұрышты жұмыртқатәрізді. Топырақүсті мүшесі тез өседі және 2-3 аптада ең ұзын биіктікке ие болады.

Мамыр айында 20-25 күн гүлдейді. Қосүйлі өсімдік. Аталық даралықтарының ұсақ және көп гүлдерінің түсі ашық - қызыл болып келеді. Тамыз айында жеміс береді. Вегетацилық кезеңі тамыз айының аяғында, қыркүйек айының басында аяқталады. Таудың биік, қиыршық тасты шатқалдарында жақсы өседі. Мәскеуде тексеруден өткен. Өсіру үшін жоғары ылғалдылық қажет (Сурет 25).

 

 

Сурет 25 Аратіс семізоты (Rhodiola heterodonta)

 

Семенов семізоты - Rhodiola semenovii (Regel & Herder) Boriss., syn. Clementsia semenovii (Regel & Herder)Boriss., Sedum semenovii (Regel & Herder) Mast., Umbilicus semenovii Regel & Herder

Тіршілі ету орыны: күн сәулесі мол жерді жақсы көреді. Биіктікті сүйетін Төртмүшелі семізоты, Алқызыл семізотына қарағанда ыстыққа төзімді сонымен қатар альпілік таулардың солтүстік шығыс беткейлерінен іздестірген дұрыс.

Топырағы: қопсыған, құрамында құнарлы қорегі бай топырақты қажет етеді. Өсуі барысында ылғалсүйгіш, өсімдік гүлдегеннен кейін қатты ылғалдануына мүмкіндік беруге болмайды. Неғұрлым биікте өсетін түрлерінің топырағында ұсақ қиыршық тастардың болуы дұрыс.

Көбеюі: тұқымымен немесе тамырының бөлінуі арқылы көбейеді. Тұқымы өте ұсақ, сондықтан оны қолдан өсіру қиынға соғады және құнартылған топырақта ғана өседі. Көшеттері климат талғамайды, бірақ жеткілікті күннің түсуін қалайды, сонымен қоса үнемі су құйып отыру керек. Отырғызылғаннан кезден 3-4 жылдан кейін ғана гүлдейді. Вегетативті бөлінуі көктемде жүреді. Бір орнынан қозғамаса, сол орнында ұзақ өмір сүреді.

Қолданылуы: бұл өсімдік сұр және қызыл тастардың ортасында жақсы көрінетіне байланысты декеративті мақсатта және гүлзарларда әдемілік үшін қолданады. Көктем және жаздың бірінші айларында гүлі әдемі көрінеді, ал жаздың соңғы айында әдемілігін жоғалтады (Сурет26).

 

 

 

Сурет 26 Семенов семізоты (Rhodiola semenovii)

 

Суық семізоты (Rhodiola algida). Сібірде және Моңғолияның солтүстік батысындағы биік таудың шатқалдаы шыңдарында, қарларға жақын жерлерде, су қоймаларына жақын жерлерде, мүкті тундрада және сирек болсада альпілік шалғындықтарда да кездеседі (Сурет 27).

 

 

Сурет 27Суық семізоты (Rhodiola algida)

 

 

Тамыры жуан, көлденеңінен бұйраланған, ұшы көпбасты болады. Каудексі аздаған өлген қоңыр қабыршақты сабақтарымен жабылған, жоғарғы жағының ұшы үшкірленген жапырақты. Сабағының түзу кейде иіліген, биіктігі 3—24 см, диаметірі 1—3 мм. Жапырағының ұзындығы 3—22 мм, ені 3 мм – ге дейін жетеді, тегіс, таспа тәрізді, бүтін жиекті, ұшы сүйір, жалаңаш. Гүлшоғырының диаметірі, қалың, қалқанша тәрізді. Гүлі қосжынысты, 5 немесе 4 даналы. Тостағаншасы жалпақ, бұдырлы. Күлтесінің ұзындығы 7—8 мм, тостағаншасынан екі есе ұзын болып келеді. Күлтесінің түсі ақшыл немесе күңгірт қызғылт.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

?. Қазастанның қорықтары мен ұлттық ақтары – Алматыкітап баспасы, 2009ж. З. Ж. Әлімбетова, Н. Н березовиков.

?2. Мырзағалиева А. Б, Беженова Г. Ж, Мырзағалиеваа Ж. Н. Журнал: Вклад молодых исследователей в индустриально-инновационные развитие Казахстана – Өскемен, 2011ж.

23. Никитин А.А.,Панкова И.А. Анатомический атлас полезных и некоторых ядовитых растений. – Л.: Наука, 1982. – 768 с.

24. Невидимова – Малахова А. Г. Обзор видов рода Ranunculaceae рооийского Дальнего Востока. // Ботанический журнал. – 1966. - № 11. – С.85 – 89.

25. Барыкина Р.П. Морфолого-анатомическое исследование некоторых представителей рода Aconitum L. секции Aconitum и Anthora D.C. в онтогенезе. //Бюлл.Московского общества испытателей природы, отделение биологии. – 1977. – Т.82 (1). – С.132-148.

26. Михайловская И.С. Особенности анатомической структуры геофильного органа борца высокого (Aconitum excelsum Ruchb.). //Бюлл. Московского общества испытателей природы, отделение биологии. - 1976. – Т.81 (6) – С.95-111.

27. Литвиненко И.О. Морфогенез и возрастные особенности подземных органов Aconitum rotundifolium Kaz.et Kir. //Бюлл. Московского общества испытателей природы, отделение биологии. – 1977 – Т.82 (2). – С.133-142.

?3. М. С. Байтенов Флора Казахстана, II том – Алматы: Рылым – 109 бет,

1 Современные состояния популяции редких и изчезающих растений Восточного Казахстана/ Ю.Котухов, А.Данилова, О.Ануфриева. – Алматы, 2006.- 170 б.

2 Р.В. Камелин 1998. – 240б. Красная книга Алтайского края.

3 Флора сосудистых растений Западно – Алтайского заповедника/ Ю.Котухов, А.Ивашенко. Дж.Лаймане. – 2002. Алматы. – 108б.

4 Қазақстан өсімдіктері/ С.А. Арыстанғалиев, Е.Р. Рамазанов. – 285 б.

5 Интернет материалы.

6 Дәнебеков А./ Гүлді өсімдіктер систематикасын оқу негіздері, 2 – ші басылым. Тараз, 2011. – 290б.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1441; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию