Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар





Қарым-қатынастың басты шарты – коммуникативтік мақсат. Ал коммуникативтік мақсатты жүзеге асыру үшін белгілі бір коммуникативтік талаптар орындалуы керек. Басқаша айтқанда сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты коммуникативтік талаптар арқылы жүзеге асады.

Сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай құрылуының бір көрінісі жоғарыда біз келтірген хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер арқылы беріледі.

Тілдесімнің күрделілігіне байланысты сөйлеушіге қойылатын коммуникативтік талаптар да күрделене береді. Яғни сөйлеушінің ойы неғұрлым күрделі болса, оның сөйлемдегі құрылымы да соғұрлым күрделі болады. Сөйлеушінің біреуге ықпал ету, сөзін өткізу, әсер ету сынды мақсаттарына сай оның коммуникативтік талаптары да белгілі бір дәрежеде күрделенеді. Осындай күрделі коммуникативтік талаптар екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар деп аталады. Бұлар, яғни әсіресе екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар құрмалас сөйлемдердің құрылымынан көрінеді.

Екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптарға мыналарды жатқызамыз:

1. Лебізді үнемді етіп құру.

2. Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту.

3. Адресатпен үндесіп отыру.

4. Лебізді экспрессивті етіп айту.

5. Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту.

Коммуникативтік талаптарды осылай жіктеген ғалым Р. Әмір болды. Енді осылардың бастыларына шамалап тоқталсақ.

Сөйлеу барысында сөйлеуші үшін лебізді үнемді етіп құру аса маңызды процесстің бірі. Себебі лебіз сөйлеушінің мақсатына қарай (үнемділік) жинақы, түсінікті болып құрылады. Сөйлеу процесінде үнемділікке ұмтылу талабы қоса жүреді. Сөйлем барысында үнемдеу құбылысының көрінісі – ортақтастыру амалы. Ортақтастыру амалы деп құрмалас сөйлем құрамындағы бір немесе бірнеше сөздің құрмалас сөйлемнің екі компонентіне де ортақ болуын айтамыз. Ортақтастыру амалының екі түрі бар:

1.Лексикалық ортақтастыру.

2.Грамматикалық ортақтастыру.

Құрмалас сөйлем құрылымынан көрінетін тағы бір коммуникативтік талаптардың бірі – лебізді түрлендіріп, ажарландырып айту. Бұл әсіресе қазақ сөйлеуіне тән құбылыстардың біріне жатады. Қазақ сөзі ертеден көркем, эстетикалық қуаты күшті болғандықтан, сөйлеуде лебізді ерекше ажарландырып, әсерлеп айту тілімізде бұрыннан бар. Лебізді түрлендіріп, ажарландырып айту сөйлеушінің адресатқа әсер ету мақсатынан туындайтын құбылыс болып табылады.

Сөйлеудің коммуникативті құрылымын бейнелейтін актуальды мүшелену мәселесі сөйлем табиғатын тануда үлкен рөл атқарады. Құрмалас сөйлемнің компонентінің санына қарамастан, онда ой тәртібі белгілі бір жүйеде орналасады. Құрмалас сөйлемдерде көрінетін тағы бір коммуникативтіктік талаптардың біріне сөйлемнің актуалды құрамын ерекшелеп айту жатады. Оның үстіне сөйлемді актуальды мүшелерге бөлу бұл құрмалас сөйлемдердің табиғатын тануды қолданылатын, кеңінен тараған әдістердің біріне жатады.

Сөйлемді актуальды мүшелеуде алдымен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі маңыды рөл атқарады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қаншалықты маңызды екенін актуальды мүшелердің негізін салушылардың бірі В.Матезиус та атап көрсеткен.

Құрмалас сөйлемдерді актуальды мүшелеу негізінен сөлемді тема-ремалық бөлікке жіктеуден көрінеді.

Қазақ тіл білімінде актуальды мүшеленуді арнайы зерттеген С.Аташев сөйлемді грамматикалық мүшелеу мен актуальды мүшелеудің арасындағы қатыснастың төрт түрін атап көрсетеді:

1) Грамматикалық талдау мен актуальды мүшелеудің толық сәйкес келуі немесе бастауыш тобы тема, баяндауыш тобы рема болуы.

2) Бастауыштың да, баяндауыштың да ремада болуы.

3) Бастауыштың да, баяндауыштың да сөйлем темасында болуы.

4) Грамматикалық құрылыс пен актуальды мүшелеудің «қайшы келуі», яғни бастауыштың рема, баяндауыштың тема қызметін атқаруы [34].

 

Date: 2016-05-23; view: 1535; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию