Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рмалас сөйлемдердің функционалдық аспектісі





 

Құрмалас сөйлем жай сөйлем сияқты көпаспектілі болып келдеі. Жоғарыда біз оның құрылымдық және семантикалық аспектілерін қарастырдық. Бұлардан басқа құрмалас сөйлемнің тағы да функционалдық аспектісі бар.

Құрмалас сөйлемдердің функционалдық аспектісі (функционалдық аспект бұл коммуникативтік аспект деп те аталады) қарым-қатынас барысындағы сөйлеушінің мақсатын басты бағдарға ала отырып, құрмалас сөйлемдегі предикатттардың функциясын қарастырады. Құрмалас сөйлемнің функционалдық аспектісінің негізгі нысаны – сөйлеушінің мақсатына сай коммуникативтік функцияны атқаратын лебіз.

Құрмалас сөйлемді құраушы компонеттер оларды жеке жай сөйлем ретінде қарастырғанда коммуникативтік тұтастықты құрай алмайды. Себебі құрмалас сөйлемді құраушы компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты әрі бірін-бірі мағыналық жағынан толықтырып тұрады. Құрмалас сөйлем компоненттері сөйлеушінің мақсатына сай күрделі құрылымдар арқылы беріліп, коммуникативтік тұтастықты құрайды.

Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық аспектісі оны құраушы элементтердің арақатынасын, байланысын олардың мағынасына қатыссыз қарастырады. Ал құрмалас сөйлемдердің функционалдық аспектісі ондағы бірліктердің мағынасымен қоса, құрмалас сөйлемдердегі коммуникативтік мақсатты және сол мақсаттың талапқа сай болуын да қарастырады. Сондықтан құрмалас сөйлемнің функционалдық аспектісі оны құраушы бірліктерді әр қырынан қарастыратын аспектілердің барлығын тұтас қамти алады.

Құрмалас сөйлемдердің лебіздегі және мәтіндегі қолданысы құрмалас сөйлемнің коммуникативтік аспектісінің нысаны болып табылады. Коммуникативтік және функционалдық аспектіні бір деп қарастырған ғалым Ж.Жақыпов: «Сөйлемге коммуникативтік тұрғыдан қарау деген сөз – оның функционалды мүмкіндігін қарау, сөйлемді сөйлеу единицасы ретінде, контекст арқылы динамикалық тұрғыдан қарау деген сөз» [22, 12], - деген пікір айтады. Ол мұның себебін сөйлемнің коммуникативтік мүшеленуі сөйлемнің функционалдық перспективасын көрсетуімен түсіндіреді.

Демек, құрмалас сөйлемдерді күрделі ойды жеткізудің тәсілі десек, оған коммуникативтік тұрғыдан қарау маңызды бағыт болып табылады.

Орыс ғалымы Г.А.Золотова өзінің «Коммуникативные аспекты русского языка» атты еңбегінде жалпы сөйлемнің құрылымын, семантикасын және коммуникативтік сипатын қосып, тұтастай функционалдық синтаксистің іргетасы қаланатыны туралы пікір айтады.

Коммуникативтік аспект «белгіліден – белгісізге» бағытында жүреді. Бұл сөйлемдегі берілген ойды тема-ремалық қатынасқа жіктеп, сөйлемдегі ойдың берілуін басты нысанға алады. Құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік сипаты оларды актуальды мүшелеуден, ондағы коммуникативтік бөліктерді жіктеуден көрінеді. Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік мәнін анықтау үшін оны екі бөлікке яғни тема мен ремаға бөлу қажет. Тема мен реманың үйлесімі сөйлемнің коммуникативтік іргетасын қалайды. Демек, құрмалас сөйлемді актуальды мүшелеу дегеніміз құрмалас сөйлемді тема мен ремаға жіктеу деген сөз.

Тема мен ремаға жіктеу жай сөйлемге қарағанда құрмалас сөйлемдерде айқынырақ. Себебі, құрмалас сөйлемнің компоненттері басыңқы және бағыныңқы сыңарлары сөйлемнің тема-ремалық қатынасқа жіктелуіне бейім болады. Қарым-қатынас барысындағы сөйлеушінің мақсатын басты бағдарға алғанда сөйлеу жағдаяты басты назарда болады. Құрмалас сөйлемдердегі тема мен рема жай сөйлемдегі сияқты контекске қарай ажыратылады.

Синтаксистік құрамы бірдей құрмалас сөйлемдерді актуальды мүшелерге жіктеу сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына тікелей қатысты.

Құрмалас сөйлем компоненттерін актуализациялау туралы айта келіп профессор Р.С.Әмір оның бірқатар жолдарын көрсетеді [17, 3-12]. Олар – әр түрлі орын тәртібі, ажарландыру, әрлендіру тәсілдері. Мысалы, автор бірінші компонент ретінде болымсыз тұлғалы шартты рай етістікті (-маса) баяндауыш етіп қатыстыырып, екінші компонент ретінде риторикалық сұрақты білдіретін құрылым қатыстырылып, экспрессивті құрмалас сөйлем құралады дей келіп, мынадай мысалдар келтіреді: Осындайда қол ұшын бермесе, қашан көреміз туыстығын (Ә.Ақпанбет). Оспан айтпаса, кім айтады бұл сөзді (Ә. Ақпанбет). Бұл құрмаластық құрылымның жасалуында сөйлем құрамындағы синтагмалық бөліктердің стильдік мақсатта орын ауыстыруы, яғни автордың өз сөзімен айтсақ, сөйлемнің актуализациялануы жағдай жасайды. Қалыпты құрылымда бұл сөзді Оспан айтпаса кім айтады? - түріндегі жай сөйлем болар еді.

Құрмалас сөйлем компоненттерін актуальды мүшелеу мен грамматикалық мүшелеу өзара байланысты. Құрмалас сөйлем компоненттерін актуальды мүшелеу әрқилы болып келеді. Мәселен, салалас құрмалас сөйлемдер актуальды мүшелеуге біршама бейім. Мысалы: Мен / өз мақсаттарым үшін күресемін және бұл жолда ешкім / маған кедергі бола алмайды. Сөйлемді актуальды мүшелеудің қатып қалған қағидасы жоқ. Себебі, сөйлеушінің мақсатына сай, оның не нәрсеге акцент түсіргісі келгеніне байланысты құрмалас сөйлемді құраушы единицаларды әр түрлі жолмен актуализациялауға болады. Жоғарыдағы сөйлемді басқаша да актуальды мүшелеуге болады. Мәселен, Өз мақсаттарым үшін / мен күресемін және ешкім маған / бұл жолда кедергі бола алмайды. Осы тұста ескеретін бірнәрсе бар, ол құрмалас сөйлемді тема-ремаға жіктеген кезде, тек бастауыш пен баяндауышты ғана емес, сонымен қатар сөйлемнің кез келген мүшесін актуальды мүшелеуге болады.

Құрмалас сөйлемді актуальды мүшелегенде оның құрылымдық-семантикалық және сөйлемнің логикалық негізі де басшылыққа алынады.

Құрмалас сөйлемдерді актуальды мүшелегенде, яғни тема мен ремаға бөлгенде контекске, нақты коммуникативтік ситуацияға қарауға тура келеді. Себебі, онсыз ойдың не туралы екендігін, не айтылғанын, хабардың жеткізілу жүйесін айырыу мүмкін болмайды.

Тіл қарым-қатынас және ойды жарыққа шығару қызметін атқаратын басты құрал. Оның осы функциясы тілдік бірліктердің ішінде сөйлемдер арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік функция өте ауқымды ұғым. Біз сөйлемдерді ең кіші коммуникативтік бірлік ретінде қарастыруымыздың басты себебі, сөйлемнен кіші коммуникативтік бірлік болмайды.

Сонымен құрмалас сөйлемнің функционалдық-коммуникативтік аспектісі құрмалас сөйлемнің күрделі ойды жеткізуге және коммуникативтік мақсатқа лайықты болуы мен функционалды-коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу қабілетін қарастырады. Сондай-ақ құрмалас сөйлемге функционалды-коммуникативтік тұрғыдан қарау дегеніміз оған сөйлеу бірлігі ретінде қарау.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1638; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию