Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Сөйлемнің актуалды құрамын ерекшелеп айту факторы және құрмалас сөйлем





Сөйлеушінің коммнуникативтік талабы сөйлеу барысына да үнемі қызмет етеді. Ол талап сөйлемнің түрлі формада берілуіне де ықпал жасайды. Сөйлеушінің коммуникативтік талаптарының орындалуының бір көрінісі – тілдегі актуальды мүшелеу құбылысы. Актуальды мүшелеу сөйлемнің коммуникативті құрылымын белгілеуге, оның табиғатын ашуға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі грамматикада бастауыш (грамматикалық субъект) пен баяндауыш (грамматикалық предикат), содан соң сөйлемнің тұрлаусыз позициядағы мүшелерін талдап көрсететін болсақ, актуальды мүшеленуде айтылған пікірдің не туралы екендігі (тема) және тема туралы негізгі хабар (рема) деп жіктеледі.

Құрмалас сөйлемдердегі тема-ремалық қатынастарды айқындауда базистік сөйлемдерде алдыңғы компонент тема, кейінгі компонент рема ретінде көрінеді.

Біздің қонысымыз мына тұста болатын да, / ал әлгі аталас ағайындарымыз сәл берірек жайлайтын (Ж.Аймауытов).

Компоненттер орнының алмасып келуі де тема мен реманың өзара қатынасына ықпал етеді.

Бұл сөзден ұққаны: / Айша тәрбиелі, оқыған адамның үйінде өсіпті, жалғыз қызын ата-анасы тәрбиелеп бағыпты. (Т.Ахтанов)

Жалпы алғанда, сөйлемнің актуальды мүшелеу қазақ тілінде сөздердің орын тәртібі арқылы көрінеді. Бұл туралы ғалым Р.Әмір: «Актуальное членение высказывания, прежде всего, отражается в порядке расположения слов в предложении» дейді.

Қазақ тіліндегі сөздердің орналасу тәртібі бойынша тілдік бірліктердің бағыныңқы сөздері мен бөліктері басыңқы компоненттердің алдында тұрады. Бұны салалас құрмалас сөйлемдердің құрылымдарынан да байқауға болады. Сол себепті сөйлемдердегі басыңқы немесе екінші компонент тұтас сөйлемде берілетін ой бөлігін ерекшелеу қажеттілігінен туындайды.

Қазіргі күнде ауыр бейнеттің илегені сонша – барлық дүниеге өгей ұлша қарайды (Ғ.Сланов). Айжаннан жиіркенгендігім соншалық, тіпті Ақбаянның өзіне де көңілім қалғандай болды (І.Есенберлин). Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын (Ә.Әбішев).

Мұндағы екі мүшелелі баяндауыштың қолданылуы осындай екі мүшелі тәсілмен берілген сөйлем мүшесі мазмұнының маңызын айқындайтын стилистикалық құрал ретінде танылады [35, 124].

Ғалым Р.Әмір баяндауыштың алдыңғы түрін актуалды, ал баяндауыштың кейінгі не одан алшақ орнын қалтарыс позиция деп қараса, Ш.Бектаева инверсияны ой екпінін түсірудің амалы деп, ал К.М.Абдуллаев ең соңғы орынды (абсолютная постпозиция) актуальдандырушы орын деп қарайды.

Айғай-шудан ұққаным мынау:дүкенге ұры түсіпті (С.Сарғасқаев). Əбірақ атай мені теңізге алып шығуға келіскенде, əкемнің оғанқуанғанын көрсең (М.Айымбетов). Мұнда да актуальды мүшелеудің үлгісін көруге болады.

Ғалым Р.Әмір құрмалас сөйлем жүйесінде актуализациялау компоненттерді орналастыру тәртібінен көрінетіндігін, сөйтіп құрмалас сөйлемнің компоненттері үш түрлі орын тәртібі бойынша орналасатынын көрсетеді:

1. Базистік орын тәртібі;

2. Кірігу орын тәртібі;

3. Инверсия тәртібі.

Базистік орын тәртібі құрмалас сөйлемдердің бастапқы мағыналық- грамматикалық түрлерін ұйымдастыру қызметіне сай қалыптасқан, яғни бірінші дәрежелі коммуникативтік талаптарға қызмет етеді.

1. Салалас сөйлемдер екі компонентті байланыстыру үшін баяндауыштық форма қызмет ететін болса, сол баяндауыш қатысқан компонент бірінші позицияда орналасады. Жаңбыр жауып еді, егін көтерілді. Шақырып еді, келмеді.

2. Егер баяндауыштар форма жағынан бірыңғай келсе, компоненттер мағыналық престижіне сай орналасады.

Дала түкті, шөбі қалың.

3. Жалғаулықты салаластар құрамында жалғаулық байланыстыратын компонент соңғы позицияда орналасады.

Осындай істерден бос қалған және қайда барары да мәлім емес.

4. Сабақтас кұрмалас сөйлемде ілгергі позицияда құрылысының ыңғайына сай бағыныңқы компонент тұрады.

Сіз көшіп келгелі, ісім оңга басты, құда (Д. Досжанов). Құнанбайдың Тәңірберді үйіндегі үлкен келіні Қаражал Қуандыққа ана болып келетіндіктен, Жарқынбек Ырғызбайларға да арқа сүйейтін (М. Әуезов) [1, 97].

Сөйлеуші сөйлеу барысында сөйлем мүшелерін, компоненттерді белгілі бір тәртіппен орналастырады. Сөйлем жүйесіндегі орын тәртібі мәселесі белгілі бір коммуникативтік талаптан, сөйлеушінің ойын жеткізу мақсатынан туындаған құбылыс деп әбден айтуға болады.

Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы компоненттер кейде тізіліп орналаспай, кірігіп орналасады. Бұл кірігу салалас құрмаласта да, сабақтас құрмалас жүйесінде де кездеседі.

Жастықпен құлағын басып, көзі ұйқыда, көңілі ояу, көпке дейін дөңбекшумен жатты (Д. Досжанов). Тиген жау, алдарында қос бар ма, жер ошақ бар ма, білмейді (I. Есенберлин). Қойшы, ойында балалары, алдында қойы, көпке дейін ат үстінде жүрді (О. Бөкеев).

Құрмалас сөйлемдер жүйесінде инверсия құбылысы да болады. Инверсияға көбіне түсетін сабақтас құрмалас сөйлемдер болып келеді. Бағыңқы сөйлем компопенті үйреншікті орнынан ауысып, басыңқыдан соңғы позицияға көшеді.

«Ақ бақсыдағы» шалдың бейнесін есіне түсіргім келіп еді: «Ей, шырағым-ай, оның қайсыбірі есте тұрады. Әйтеуір жанымды салып ойнадым, ойна деген соң (Қ. Сәрсенбай). Айтсын шығып, дәлелдей алса!» (Ж. Еділбаев). Қолы бос ешкім жоқ, қазір өзім реттеп бермесем (А. Шамкенов). Не деген адам едіңіз, баланың жаялығына отырып (Б.Майлин). Не керек еді, жөні кеп тұрған істі осынша шиеленістіріп (С.Иванов). Бұл қай басынғандық, бассыз үйдің иті есірік деп (Б.Майлин).

Құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің инверсияға түсуі сөйлеушінің ой екпінін көрсету (актуализация) мақсатына байланысты. Ой екпініне ие болған компонент ілгері позицияға көшеді де, мәні төмен компонент содан кейін орналасады.

Шіркін, қашан үлкен болар екен, осындайдан құтылатын (С. Мұратбеков). Сен болмағанда, Төлеужан ағам бола ма болыс! (М.Əуезов). Əкесіне жыламағанда, қайда жылаймын дейді екен (С.Мұқанов). Өзіңді көріп, жастығымды сағындым, толқыны дөңбекшіген Сырдария... (О.Бодықов)

Кіріктіретін мағына, информациялық мәні жағынан маңызды компонентке жатады. Әдетте сабақтас құрмалас сөйлем құрамында бұл дәрежеге соңғы позициядағы компонент ие болып келеді. Кірігу амалының негізгі себебі, сөйлеуші басыңқы компоненттегі негізгі ақпаратты бірінші айтқысы келеді. Соны бірінші атаған соң, бағыныңқы дәрежесі төменірек ақпаратты айтатын компонент қатыстырылады.

Құрмалас сөйлемдерді актуализациялаудың тағы бір тәсілі интонация болып табылады. Интонацияның құрмалас сөйлем құрамындағы қызметi – ол құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемнiң басын бiрiктiрiп, оларды бiр бүтiн етiп отырады. Тиянақты интонация сөйлемнiң ең соңында болады да, ойдың аяқталғандығын бiлдiредi. Интонациялық кідіріс сөйлемді мағыналық топтарға (бастауыш-баяндауыштық не тема-ремалық) бөліп тұрса, құрмалас сөйлемде ол предикативтік компоненттердің аражігін ажыратып тұрады. Тиянақсыз интонация құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттер арасында келедi де, əр құрмаластың қандай компонентке бөлiнетiнiн бiлдiредi. Интонацияның бұл түрi өзiнiң тиянақсыздығы арқылы сөйлемнiң əлi аяқталмағанын, ой жалғасы барлығын бiлдiредi, сол арқылы жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластырады. Мысалы, Қамшы сауырын тіліп өтсе, / екіленбей, / лақылдай жөнеледі. (Т.Әлімқұлов).Осы сөйлемді актуальды мүшелегенде интонациялық кідіріс арқылы мүшелейміз. Сонда сөйлем үш коммуникативтік бөлікке бөлінеді.

Құрмалас сөйлемдердің актуальдануы дегенде оны құрайтын компоненттердің актуальдануы жайлы айтылады. Себебі, құрмалас сөйлемнің әр компоненті іштей тема мен ремаға ажыратылады. Мен / үйге келсем, // Әбдірахманның қаладан келгенін естіп / үйдің іші қуанып отыр екен (Б.Майлин).

ОРЫТЫНДЫ

Сонымен, біз осы зерттеу жұмысымызда қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің функционалды-коммуникативтік талапқа сай ұйымдастырылуын қарастырдық. Жұмыс негізгі екі тараудан және тараушалардан тұрады. Алғашқы тарауда біз құрмалас сөйлемдердің зерттелуін, құрмалас сөйлемді зерттеудің аспектілерін, құрмалас сөйлемдерде көрінетін коммуникативтік талаптардың көрінісін қарастырдық.

Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеу қазақ тіл білімінде кенже дамыған салалардың бірі. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдер туралы алғаш сөз қозғағандардың бірі А. Байтұрсынов болды. Ғалым А.Байтұрсынов жай сөйлемдердің құрмаласуы әдетте екі түрлі болатынын талдап көрсетті. Олардың біріншісін сыйыса құрмаласу деп, ал екіншісін қиыса құрмаласу деп атады.

Тілші мамандар Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, Ғ.Басымовтардың құрмалас сөйлем жөніндегі көзқарастары алғаш отызыншы жылдардан бастап көріне бастады. Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері мен қолданылуы жөнінде бірінші болып сөз қозғағандардың бірі Қ.Жұбанов болды.

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің зерттелуін Қ.Есенов үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңдегі еңбектерге 1920-1940 жылдар аралығында жазылған А. Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Х. Басымов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаевтардың еңбектерін, екінші кезеңге 1940-1950 жылдары шыққан С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерін, ал үшінші кезеңге 1950 жылдан кейінгі Т.Қордабаев, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Қ. Есенов, Х. Арғыновтардың зерттеулерін жатқызады.

Құрмалас сөйлемдерді жаңа қырынан зерттеушілердің бірі проф. Р.С. Әмір құрмаластық құрылымдардың пайда болуындағы коммуникативтік мақсаттар мен сөйлеушінің тілдік талғамына байланысты мәселелерге басты назар аударады.

XX-XXI ғасырлар тіл білімінде сан қырлы тіл құбылыстарын әр түрлі бағытта қарастырған зерттеулердің дами бастаған кезеңі еді. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап құрылымдық синтаксис, құрылымдық-мазмұндық синтаксис, коммуникативті синтаксис деген бағыттар пайда бола бастады. Құрылымдық синтаксис тіліміздегі сөйлемдердің құрылымдық түрлерінің модельдерін айқындап, олардың схемаларын, формулаларын анықтады. Құрылымдық-мазмұндық синтаксис сөйлемдердің дәстүрлі құрылымдық-мазмұндық түрлерін зерттеді. Соңғы уақытта пайда болған коммуникативті синтаксис сөйлеу тіліне қатысты болғандықтан, тіл факторларын антропоөзектік бағытта қарастырады.

Құрмалас сөйлемдер синтаксистің шеңберінде қарастырылатындықтан, оның аспектілері де синтаксистің аспектілері негізінде көрінеді. Қазіргі ғылымда синтаксистің негізгі үш аспектісі ажыратылады: грамматикалық (құрылымдық), семантикалық және коммуникативтік (функционалдық). Синтаксистің аталған үш аспектісі ғылымда бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады.

Грамматикалық немесе құрылымдық аспект – бұл дәстүрлі аспект. Ұзақ уақыт бойы синтаксистің мәселелері осы құрылымдық аспектіде қарастырылып келді. Бұл аспектіде синтаксистік бірліктер белгілі бір жүйеде орналасатын конструкцияларды, құрылымдарды құрайды. Мұнда кез келген синтаксистік бірлік модельдер жүйесі, құрылымдар жүйесі ретінде қарастырылады.

Ал синтаксистің семантикалық аспектісі құрылымдық аспектіге қарағанда біраз кешірек зерттеле бастады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың алғашқы жартысында ғана қарастырыла бастаған бұл аспектіде сөйлем қандай да бір жағдаяттың мағынасын білдіретін, шындықтың бір бөлігі ретінде қаралады. Бала кітап оқып отыр. Далада қар жауып жатыр. Олар доппен ойнап жүр деген сөйлемдердің грамматикалық құрылымы бірдей. Бірақ семантикалық жағынан бұлар әртүрлі. Себебі, олар әр түрлі жағдайды білдіреді және мағыналық жағынан бөлек. Синтаксистік бірлік семантикасының негізгі құралы лексика, лексикалық бірліктер болып табылады.

Коммуникативтік (функционалдық) аспект синтаксистік бірліктерді сөйлем құрылымының бөлігі ретінде ғана емес, сөйленісте белгілі бір мақсатпен актуальды ақпаратты жеткізу құралы ретінде де қарастырады. Коммуникативтік аспектідегі негізгі мәселе - бұл сөйленіс үстіндегі субъектінің актуальданған ойы. Мысалы, Далада қар жауып тұр деген сөйлемді Далада қар жауып тұр? формасындағы сұраулы сөйлем түрінде де беруге болады. Бұл сөйлемдердің құрылымы бірдей болғанмен, сөйлеушінің мақсатына қарай әр түрлі. Себебі Далада қар жауып тұр деген сөйлем хабар мәніндегі сөйлем болса, Далада қар жауып тұр? деген сөйлем сұрау мәнін білдіреді. Демек, функционалдық аспектідегі басты нәрсе сөйлеушінің мақсаты, сол мақсатына сай актуализациялағысы келген ойы.

Біз жоғарыда құрмалас сөйлемдерді зерттеудің аспектілері синтаксистің аспектілерімен тығыз байланысты әрі құрмалас сөйлемнің аспектілері синтаксистің аспектілері негізінде қаралады дедік.

Құрмалас сөйлемнің құрылымдық аспектісі дегеніміз құрмалас сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан тану дегенді білдіреді. Ал құрмалас сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан тану деп құрмалас сөйлемді құрайтын конструкцияларды ойға және жағдаятқа қатыссыз құрмалас сөйлемнің өз ішінде қарастыруды айтамыз. Сөйлемнің құрылымдық үлгісі тұрлаулы мүшелерге негізделіп жасалады, сондай-ақ мұнымен қатар құрмалас сөйлемдердің құрылымы ондағы басыңқы және бағыныңқы сыңарларының арақатынасымен анықталады. Құрылымдық аспектідегі негізгі нысан – предикативтік қатынас.

«Коммуникация» термині қазақ тіл білімінде алпысыншы жылдардан бері қолданылып келеді. «Коммуникация» көптеген еңбектерде қарым-қатынас жасау деп қолданылып жүр. Бұдан басқа коммуникацияның өзге де мағыналары баршылық. Коммуникация сөзінің мағынасын кеңінен сипаттау үшін мұны тілдік қарым-қатынас деген ұғыммен байланыстырған жөн. Сондай-ақ, бұл термин тек тіл білімінде ғана емес, өзге де ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Коммуникацияның тіл тұрғысынан алғандағы мағынасы «тіл арқылы өзара түсінісу, пікірлесу, ой бөлісу» болса, өзге ғылым салаларында басқа да мағыналары бар. Тілдік коммуникация – тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу деген сөз.

Тілдің коммуникативтік қызметі – тілдің қарым-қатынас құралы бола алу қызметі. Бұл термин айып келгенде, әлеуметтік әрі қоғамдық мәні бар тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді.

Профессор Р.Әмір: «Лебізді айту әрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын әрекет» [1, 93], - дейді. Ғалымның осы жердегі қолданып отырған лебіз термині орыс тіліндегі «речь», «высказывание» деген сөздердің орнына жұмсалған. Бұл атауларға қазақ тілінде «сөйлесім», «айтылым», «айтылыс», «сөйленіс», «сөз» сияқты бірізге түспеген атаулар балама ретінде қолданылып жүр.

Коммуникативтік талап сөйлеушінің мақсатымен тікелей байланысты. Ғалым Р. Әмір коммуникативтік талаптың ең қарапайым көрінісі ретінде мыналарды атап көрсетеді:

а) бір информацияны жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады;

ә) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлемдер арқылы орындалады;

б) біреуді жұмсау, бұйыру - бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады [1, 93]. Ғалым бұл қарапайым талаптарға бірінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар деген атау береді де, осы талаптарға лайық етіп құрылған, жұмсалатын сөйлемдердің құрылысын базистік (түпкі) құрылымдардан тұратынын айтады.

Бұдан басқа қазақ тіл білімінде сөйлемді коммуникативтік мақсатына қарай топтастыруда көзқарастар легі әртүрлі. Тіл білімінде сөйлемді хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты деп төрт топқа бөлу қалыптасқан. Соңғы кезде түркiтануда сөйлемдi коммуникативтік мақсатына қарай үш түрге (хабарлы, сұраулы, бұйрықты) бөлу ұстанымы орныққан.

Қарым-қатынастың басты шарты – коммуникативтік мақсат. Ал коммуникативтік мақсатты жүзеге асыру үшін белгілі бір коммуникативтік талаптар орындалуы керек. Басқаша айтқанда сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты коммуникативтік талаптар арқылы жүзеге асады.

Сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай құрылуының бір көрінісі жоғарыда біз келтірген хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер арқылы беріледі.

Тілдесімнің күрделілігіне байланысты сөйлеушіге қойылатын коммуникативтік талаптар да күрделене береді. Яғни сөйлеушінің ойы неғұрлым күрделі болса, оның сөйлемдегі құрылымы да соғұрлым күрделі болады. Сөйлеушінің біреуге ықпал ету, сөзін өткізу, әсер ету сынды мақсаттарына сай оның коммуникативтік талаптары да белгілі бір дәрежеде күрделенеді. Осындай күрделі коммуникативтік талаптар екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар деп аталады. Бұлар, яғни әсіресе екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар құрмалас сөйлемдердің құрылымынан көрінеді.

Р. Әмірдің коммуникативтік талаптарды бірінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар және екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар деп жіктеуінде негіз бар. Әуелі бірінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар негізінде пайда болған құрылымдар, яғни хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер бұл сөйлемнің барлық түрлеріне ортақ, әрі ғалым Р. Әмірдің өзі айтқандай «базистік» (түпкі) болып табылады. Ал «екінші дәрежедегі коммуникативтік талапқа сай конструкциялар (туынды) осыларға синтагмалық, парадигмалық жағынан негізделіп туады» дейді ғалым. Сонымен қатар, құрмалас сөйлемдегі коммуникативтік талаптардың көрінісі үнемділік пен актуализациялау екенін атап көрсетеді.

Екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптарға мыналарды жатқызамыз:

6. Лебізді үнемді етіп құру.

7. Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту.

8. Адресатпен үндесіп отыру.

9. Лебізді экспрессивті етіп айту.

10. Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту.

Сонымен, тіл біліміндегі синтаксис саласы бойынша көптеген зерттеулердің өзегіне айналған мәселелердің бірі – тіліміздегі құрмалас сөйлемдер мен олардың түрлі сипаттағы ерекшеліктері болып табылады. Қазақ тіліне тән синтаксистік құрылымдар бүгінгі таңға дейін түрлі деңгейдегі үлкенді-кішілі зерттеулерде әр қырынан қаралғанымен, әлі де ілгерілей зерттеп, толықтыра түсуді қажет ететін тұстары да аз емес. Оның үстіне адам танымының кеңеюіне байланысты ойды жеткізу бірліктерінің де мағыналық-құрылымдық жағынан толығып, тіл дамуына орай түрленіп, жетіліп отыруы – заңды құбылыс. Ал халықтық тілдегі қандай да бір өзгерістердің әдеби тілде көрініс табатыны белгілі. Сол себепті әдеби тіліміздің күрделеніп, ажарлануымен қатар үнемі жаңаша сипатта түрленіп, жетіліп отыратын синтаксистік құрылымдардың өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты саралай танып білу – уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік. Сондықтан, құрмалас сөйлемдерге қатысты мәселелер әлі де өзекті болып қала бермек.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әмір Р. Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесі». – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 110 б.

2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы. Ана тілі, 1992. – 448 б.

3. Жұбанов Қ. Жанғазы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1958. – №2. – 33-34 бб.

4. Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. Бөлім 2. – Алматы: Қазмембас, 1939.

5. Академик Н.Сауранбаевтың еңбектері // Шығармалары Т.3. – Алматы, 200. – 2-т. – 393 б.

6. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. – Алматы, 1941. – 43 б.

7. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Рауан, 1991. – 252б.

8. Оралбаева Н. Профессор С.Аманжолов және қазақ тіл білімі //

Профессор С.Аманжолов және қазақ тілінің мәселелері. – Алматы: Абай атындағы АлМУ. 1997.

9. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 320 б.

10. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Ана тілі, 1983. – 410 б.

11. Томанов М. Құрмалас сөйлем туралы бірер сөз // Қазақ тілі мен әдебиеті. – Алматы, – №6. 1956.

12. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 1995. – 133 б.

13. Ысқақов А. Қазақ тіліндегі сабақтастағы бағыныңқы сөйлемнің даму жолы туралы // Изв. АН КазССР. Лингвистическая серия. 1948. – 56-59 бб.

14. Ысқақов А. Құрмалас сөйлем мәселелері // Халық мұғалімі. 1940.

15. Шалабай Б. Құрмалас сөйлем құрылымына бірер сөз // Қазақстан мектебі, 1982, №8, -3б.

16. Әмір Р. Әмірова Ж. Құрмалас сөйлемдерді жаңаша тануда көрінетін кейбір аспектілері // ҚРҰҒА Хабарлары, филология сериясы. – 2008. – №4 – 24-29 бб.

17. Әмір Р. Әмірова Ж. Құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі көрінетін коммуникативтік көріністер және олардың орындалуы // Тілтаным – Алматы, 2009. – №1 – 3-12 бб.

18. Сайрамбаев Т. Құрмалас сөйлемдер жүйесі: оқу құралы. /Сайрамбаев Т./ ҚазҰУ.Алматы: қазақ университеті, 2007. – 120 б.

19. Сәдуақасұлы Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдердің құрылымдық типтері (етістік бас мүшелі сөйлемдер): филол.ғыл.д-ры дис.автореф.- Алматы, 1997. – 54 б.

20. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Құрмалас сөйлемнің таптастырылуы туралы. – Алматы: Қазмембас, 1941. – 44 б.

21. Шәукенұлы Қ. Синтаксис. А., «Арыс», 2004. – 246 б.

22. Ақыжанова А.Т. Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы (бөлшектелген сөйлемдер): филол.ғылым.канд. ... дисс.: 10.02.02. – Алматы, 1999. – 110 б.

23. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000. – 208 б.

24. Байтұрсынұлы А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.

25. Төлегенов О. Жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 179 б.

26. Бекжан О. Д. Күлтегін ескерткіші және жай сөйлемнің теориялық мәселелері. – Түркістан, 2005.

27. Әмір Р. Екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптардың құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі көрінуі // Жұбанов тағылымы: Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2002. – 11-15 бб.

28. Ермекова Т.Н. Компоненттер құрылысының құрмалас сөйлемнің семантика-грамматикалық сипатына қатысы. Филол. ғыл. док... дисс. қолжазбасы. – Алматы, 2007.

29. Əмір Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998. – 192 б.

30. Құсайынова Ж.А. Хабарлы сөйлем модальділігі туралы // А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми журналы. Алтынсарин оқулары – 2009. №3, 339-342-бб.

31. Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: «Арыс», 2008. 592 бет. + 12 бет суретті жапсырма

32. Жақыпбеков Б.Ə. Бұйрықты сөйлемдер жəне олардың көркем əдебиетте қолданылуы. – Филология ғылымдарының кандидаты дəрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. – Алматы, 2002.

33. Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мəселелері. Сөз тіркесі. – Алматы: «Арыс», 2010. – 640 б. + 8 бет суретті жапсырма.

34. Аташев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің актуальды мүшеленуі. – КДА. Алматы, 1995.

35. Ермекова Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі. Алматы, 2011. – 224 б.

 








Date: 2016-05-23; view: 605; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.016 sec.) - Пожаловаться на публикацию