Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дәріс. Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері





Жоспар:

1. Жас. Жас кезеңдері. Акселерация.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері

3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дамуымен тәрбиесінің ерекшеліктері

4. Жеткіншектердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері.Дамудың біркелі еместігі

5. Тұлғаның табиғи шамасы (потенциалы)және балалардың жеке ерекшеліктері

6. Тұлға дамуының нақы мүмкіндіктері және оларды тұтас педагогокалық үрдістен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда есепке алу.

Дамудағы дене және ақыл-ой жас мөлшерімен тығыз байланыстылығы ертеде-ақ белгілі болды. Бұл шындық ешқандай дәлелдеуді керек етпеді, өйткені адамның жас мөлшері өскен сайын ақыл-ойы дамиды, тәжірибе жинақталады, білімділігі артады.

Әрбір жасқа дене психологиялық және әлеуметтік даму сәйкес келеді.

Ерте кездің өзінде-ақ педагогтар даму процесін дұрыс басқару үшін, адам өмірінің кезеңдерінің жіктемесін жасады, қазіргі кезеңге дейін бұл құнды еңбектер қолданылып келеді, яғни дамудың жас мөлшерінің нұсқаларын Коменский, Эльконин, Бюллер т.б.

Жасқа бөлу кезеңдері жас ерекшеліктерге негізделеді. Жас ерекшеліктер дегеніміз - өмірдің белгілі бір кезеңдеріндегі дамудағы анатомия-физиологиялық және психологиялық сапаларының сипаттамасы.

Жас ерекшеліктердің мәні адамның дене дамуында ашылады. Мысалы, дене бітімі, салмақтың толуы, бойдың өсуі, жыныстық дамуы, жалпы алғанда адамның биологиялық өлшемі бұл адамның дене бітімін, түр-тұлғасын жалпы дене бітімін қамтиды. Бұл өлшемнің түпкі шығу тегі генетикалық болғанымен, оны керегінше шыңдау адамның өзіне байланысты. Адам - өзін өзі тәрбиелеудің, жетілдірудің жолын меңгерсе, бұл талаптарды орындайды.

Дамудағы келесі өлшем – психологиялық өлшем. Бұл адамның жан дүниесі, темпераменті, санасы, есі және т.б. Қысқаша айтқанда ағзасында жүріп жатқан процестер.

Бұл өлшем биологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Мысалы, адамның көңіл-күйі өзгерісін мидан бөліп қарай алмаймыз.

Адамның бүкіл болмысын әлеуметтік ортадан бөліп қарауға болмайды. Адамның жеке бас ретінде дамуына биологиялық өлшем қалай қажет болса, әлеуметтік ортада сондай маңызды. Адам қоғамдық ортада дамиды. Олай болса «Қоғам дамуының қозғаушы күші - адам». Қоғамның алғашқы сатысы – жанұя, ағайын-туыс. Одан әрі оқу-тәрбие беретін арнайы ұйымдар. Өз елі, туған жері, Отаны, осы әлеуметтік орта, адам дамуының, оның рухани дүниесінің азығы.

Міне, осы өлшемдер негізінде адамның даму жас ерекшелік динамикасы қалыптасады.

Жасқа бөлу кезеңдері адам өмірінің дамуының барлық кезеңдерін қамтиды. Ал педагогика ғылымы, адам дамуының мектеп жасындағы өмірі мен дамуын қамтиды.

Қазіргі педагогика ғылымында балалар жасын келесі кезеңдерге бөлу қабылданған.

1. Нәрестелік шақ (өмірдің 1 жылы).

2. Ерте сәбилік шақ (мектеп алды жас, 1 жастан 3 жасқа дейін).

3. Мектепке дейінгі жас (3 жастан 6 жасқа дейін).

4. Бастауыш мектеп шағы (6-10 жас).

5. Орта мектеп жас (10-15 жас).

6. Жоғары мектеп жас (15-18 жас).

Осы жас кезеңдерін әрбір үйелмен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі – жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары.

Алғаш рет оқу – тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктерін есепке алуды қатаң түрде қолға алған Я.А.Коменский. Ол табиғат сияқты принципін негіздеп ұсынды, яғни осыған байланысты оқу мен тәрбие дамудың жас кезеңдеріне сәйкес келу керектігі. Табиғатта барлық өзгерістер өз уақытымен болады. Сол сияқты тәрбиеде де барлығы өз кезегімен дер кезінде және өз кезегімен болу керек. Сонда ғана адамның адамгершілік сапалары шындықты меңгерудегі, ақыл-ойының дамуы қалыптасады.

Осы тұрғыда Я.А. Коменский былай дейді: «Егер қабылдау мүмкіндігі әрбір жас деңгейіне сәйкес болғанда, меңгеруге жататынның барлығы оқуға ұсынылады».

Сонымен белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принциптерді мұғалім әр уақытта басшылыққа алады.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады.

Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзеге асырылады.

2. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін – акселерация құбылысы деп көрсетті.

Акселерация латын тілінен алғанда «акселерацио» - жеделдеу, тездеу деген ұғымды білдіреді, демек балалық шақ пен жас өспірімдік кезеңдердегі дене және психикалық дамудың тездеуі. Осыған сай акселерация физиологтардың, педагогиканың зерттеу объектісіне айналды.

Соңғы жылдары біздің елімізде 13 жастағы ересек балалардың өткен уақыттағы құрдастарымен салыстырғанда, олардың бойы 6-7 см биік, салмағы 6-7 кг артық. 16 жас ер, қыз балалар 15-20 см биік, салмағы 15-16 кг артық екендігі байқалады.

Биолоктар акселерацияны – физиологиялық жетілумен байланыстырады, ал психологтар психологиялық функциялардың дамуымен, ал педагогтар – жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен жан дүниесінің дамуымен байланыстырады.

Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншектік шақтағы балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келетіндігі анықталуда.

Қазіргі кезде акселерация жайлы әр түрлі жорамал ойлар бар. Акселерация күш радиациясымен байланысты, сондықтан организм витаминдерді тез синтездейді дейді деген пікір айтылуда. Бұл жерде күн астында көп жүретін ауыл балалары, қалада тұратын балаларға қарағанда баяу өсіп жетіледі. Сондай-ақ мынандай пікірлерде айтылуда акселерация құбылысы май майларымен белоктардың тағамдар арқылы көбірек пайдаланудан деп түсіндіреді.

Олай болса жоғарыда айтылғандарды бірнеше рет аз мөлшерде пайдаланатын Жапония балаларын тез өсіп жетілуін қалай түсіндіруге болады.

Дегенмен де акселерацияға байланысты кейбір мәселелердің дұрыс шешілуі ойластырылуда. Мысалы, мектеп мебельдерінің, сырт және аяқ киімдерінің үлгілері, дене шынықтыру және жаттықтыру комплекстерінің қайта қаралуы т.б. Сонымен бірге акселерация құбылыстарының ақыл-ой дамуына да ықпал жасайтындығы байқалады.

3. Педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама іс-шаралар, түр мен әдіске қол жеткізу емес, ол баланың өзі болуы керек. Яғни олардың даралығын, өзіндік мінез-құлықтарын, өз бойындағы қасиеттерді сезінуін биік рухани қажеттіліктерге дейін дамыту керек. Осы тұрғыда әр түрлі топтағы тәрбиелеу ерекшеліктеріне тоқталайық.

Бастауыш мектептегі тәрбиелеу ерекшеліктері.

Бұл жерде «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасынан» үзінді келтірейік.

«Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігін анықталып негізделеді.

Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен»«табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен т.б,өзара белсенді әрекеттестік қарым – қатынасқа дайындау бастауыш сыныптың негізгі қызметі болып табылады.

Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқтыжеткілікті деңгеиіне қол жеткізу ‰шін, ең алдымен білім берудің мақсаты т‰бегеилі өзгеруі керек. Яғни бірінеші кезекте бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады».

Осы тұжырымдама негізінде бастауыш сынып оқушысының жеке басдамуының мүмкіндіктеріне тоқталайық:

- оқудағы талдаулар (саналы білімді, оқу қызметін түсіндіруді қалыптастыру);

- қарым – қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне саналы түрде бірінші кезең ретінде қарау,қол жеткен табысты нығайту.

Қызметі: танымдық қызметтің қарқынды қалыптасуын яғни сиректеліп құндылықты, оқи білуді (бөліктерін оқи, санай, жаза білуден бастап ) игеру.

Мұғаліммен өзара әрекет жасаумен ережелер бойынша жасалған қатынастық қызметті, сол секілді бір сипаттағылар мен оқу іскерлік қатынасты дамыту.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 кг .36 кг дейін артады.

Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни ол 5 жаста ‰лкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. Нерв жүйесіндегі өзгерістер баланың ақыл- ойының дамуына негіз болады.

Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс- әрекеттер сияқты оған оқу тәжірибесі арқылы бірте- бірте дамиды. Бұл жерде бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді.

Бастауыш сынып жасындағы баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, мидың үлкен жарты шарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115-135 см дейін өседі, салмағы 30-35 кг. шамасында

болады.

Бұл жастағы балалардың іс-әрекеті оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.

Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мынандай ерекшеліктерді еске алған жөн: сөз бен істің сәйкесті болуын талап етеді; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды, арманшыл, қиялшыл болады. Ұйымшыл келеді, өз мүмкіндіктерін күшін асыра асыра бағалайды, түрлі спорт ойындарына өте ықыласты болады. Бұл ерекшеліктерді оқу-тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылайды,зерттейді тиімді етіп іске асырудың әдіс-тәсілдерін қарастырып ,ата-аналарға дер кезеңде көмек көрсетеді.

Оқу іс әрекеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы дамиды. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың ерекше маңызы бар.Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынандай түрлері болады.

1. Нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру.

2. Оқу және жаза алу.

3. Оқудың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі.

Тіл меңгеру барысында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады.Олар баланың ойлау жүйесін байытып өзгертіп қана қоймайды сонымен қатар оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады.Бастауыш сынып жасы бұл-айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастауы, білім жинақтау, осыларды игеру кезеңі болып табылады.Осы маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіңе тән білімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, ол мынандай бейімділіктерде көрініс табады.: адамның беделіне зор сенімділікпен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі. Осы бейімділіктер бастауыш сынып оқушыларына сай қайталанбас ерекшелік болып табылады.

Сонымен бастауыш сынып оқушыларына тән қажеттілік – оқушы болу. Ол сыртқы пішінмен оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез-құлқымен, «мектеп оқушысын» алдымен мұғалімнің содан соң құрбыларының тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптануымен айқындалады.

Оқушы бейнесі осы міндетті өтеудің көрінісі. Бұл жаста баланың бойында өзін оқушы сезінуі, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін «2» және «3» сынып оқушысымын деген мақтаныш сезім билейді.

Орта мектеп жас 10-11ден бастап 15 жасқа деиін. Бұл балалық шақтан жасөспірім өтпелі кезеңі. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан –жақты дамуы мен мінез құлқы жағынан қалыптасуымен жасөспірімдік шағы ең қиын кез болып есептелінеді. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендеиді. Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі, яғни бір жылда 2 есе шапшаңдықпен өседі. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдай әсер етеді,мысалы: ішетін тағамы, еңбек, спорт.

Орта мектеп жасындағы ерекшеліктерінің бастауыш мектеп жасындағы ерекшеліктерінің бірі мысалы: бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдық пен қарайды, ал жасөспірім өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым қатынасын орнықтырады.

Жас өспірімдік кезеңде кейбір білім, қоғамдық пайдалы жұмыс тәжірибесін меңгереді, өзіне деген сенімге тәуелсіздікке ие болады.

Олардың өздерінің қылықтарына талдау жасай білу, сондай-ақ үлкендермен құрбыларының іс–әрекетін бағалай білуге бейімділік байқалады. Кіші жастағы жасөспірімдер үшін тәрбиешінің жеке басының және сыныптық ұжымдық ортаның төтенше маңызы бар.

Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиешілердің жеке бас үлгісінің ерекше маңызға ие болады. Сонымен бірге жасөспірімге үлкендердің істерінің, қылықтарының ойларының маңызы зор. Олар өзіне қойылатын талаптардың нақтылығын тез сезінетін болады. Олар үшін үлкендердің талаптарындағы әділдік, ақылдылық мақсаттылық т.б. ұстанымдар бірлігінің үлкен маңызы бар.

5-8 сыныптарда оқу үрдісінде оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту үшін қабылдаған мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес пәндерге және оқудан тыс кездегі іске асырылатын тәлім тәрбие жұмыстарында қоғамдық білім, біліктер мен дағдылар жүйесін меңгереді. Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея:

- іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді.

- құндылықтарын қалыптастыру;

- мінез – құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.

Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындылықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдер өмірінде, яғни толық білім алу жолында таңдау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.

Жоғарғы мектеп жас. ( 15-18)

Бұл жаста адамның тұлғалық жағынан пісіп- жетілу кезеңі аяқталады. Жоғары мектеп оқушылары ересек жас өспірімдер болып табылады.

Бұл кезеңде олардың ішкі дүниесінде терең өзгерістер болады, санасы дамиды, өмірден өзінің орнын айқындай бастайды, өзінің іс-әрекетіне жауапкершілігі артады.Жастық шақтағы маңызды психалогиялық процес- өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады.

Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея:

Жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін , жүзеге асыру үшін жағдай жасау,өз болашағының әлеуметтік мәнділік жағын анықтап алу үшін көмектесу.

Жоғары сынып оқушыларының өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзіндік орны айқындалады.

Жоғарыдағыларды ескере отырып, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, оқушылардың өзін -өзі қалыптастыру, өздігінен даму, өздігінен тұжырым жасау сияқты ішкі қажеттіліктерге деген олардың даярлығын және оның дүниежүзілік білім кеңістілігінің талаптарына сәйкес толық орта білім алуға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.

4.Адамның дамуында жалпы және жеке түрі қалыптасқан. Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге қабылдау, түйсік, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады.

Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады.

Әрбір адамның өзіне тән қасиеттерін қалыптастырін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді.

Мұғалім оқу тәрбие процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есепке алып отырады. Осындай нақты зерттеу жұмыстарының нәтежиесінде мұғалім балаларда кездесетін әр-түрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға: кейбір баланың оқу материалын тез ұғып немесе баяу ұғуы, берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс-әрекеттерінің барысындағы белсенділік немесе еңжарлық, бір баланың байсаллды ұстамды болуы, екіншісінің жеңілтек т.б. дербес ерекшеліктерді байқауға болады (темперамент).

Әдебиеттер тізімі:

1. Қоянбаев Ж.Б. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі». Алматы: Рауан, 1990

2. Сухомлинский В.А. «Тәрбие жайлы. (орыс тілінде) Москва, 1973 ж

3. Краковский В.А. О подростах. Изд. «Педагогика» 1970 ж.

4. Жұмабаев М. Педагогика (Баланы тәрбиелі қылу жолдары). Алматы: Рауан 1993 ж.

5. Педагогика. //Абай атындағы ҰПУ авторлар ұжымы. Алматы, 2003 ж.

6. Гурьевич К.М. Индивидуально-психологические особенности школьников.

 








Date: 2016-05-17; view: 1012; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.013 sec.) - Пожаловаться на публикацию