Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. ҚР білім беру жүйесі





Жоспар:

1. Білім беру жүйесі туралы түсінік

2. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары

3. Қазіргі білім беруді дамуты бағыттары.Болондық үрдіс.

4. Білім беру бойынша Қазақстандық және халықаралық құжаттар

5. Білім беру саласындағы заңды құжаттар

6. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған мемлекеттік бағдарламасы

7. Мемлекеттік білім беру стандарты білім беру мазмұнының белгілейтін нормативтік құжаттар.

 

Білімнің жүйелілігі. Жүйе ретінде білім – бұл өзара ұштасқан білімдену бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының жиынтығы əрі оларды іске асырушы білім мекемелері мен білімді басқару органдарының торабы.

Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған «Білім туралы заңына» сəйкес құрылады. Бұл Заң білім саласындағы келесідей мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп берді. Олар:

• білімнің адамилық (гуманистік) сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен салауаттылығының, тұлғаның еркін дамуы, азаматтық сезім жəне Отанға деген сүйіспеншілік тəрбиесінің басымдылығы принципі;

• аймақтық мəдени жəне білім кеңістіктерінің бірлігі, білім жүйесі арқылы көп ұлтты мемлекет жағдайында ұлттық мəдени құрылымдар мен аймақтық мəдени салт-дəстүрді қорғау принципі;

• жалпы халықтың білімге теңдей қол жеткізе алуы, білім жүйесін оқушы-тəрбиеленушілердің даму деңгейлері мен ерекшеліктері жəне дайындығына икемдестіру принципі;

• мемлекеттік, жеке меншік білім мекемелеріндегі оқудың зайырлылық (светский) сипаты;

• білім жүйесіндегі еркіндік пен əрқилы пікірлер сиыстығы (плюрализм) принципі;

• білім басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты, білім мекемелерінің дербестігі принципі.

Заң өзіндік сипаттарымен, əсіресе, деңгейі жəне кəсіби бағыттарымен ажыралатын білім мекемелерінің құрылымын анықтап береді.

Қазіргі қалыптасып жатқан білім жүйесінде білім мекемелерінің төменде көрсетілген типтері белгіленген:

- мектепке дейінгі: ясли, бала бақшалар;

- жалпы білімдік (бастауыш, жалпы, негізгі жалпы, орта(толық) жалпы білім): мектептер, гимназиялар, лицейлер, т.б.

- бастауыш кəсіби (училищелер), орта кəсіби (техникумдар, колледждер), жоғары кəсіби (институттар,университеттер,академиялар) жəне ЖОО-дан соңғы кəсіби (аспирантура жəне докторантура, курс-тар, біліктілік көтеру жəне қайта дайындау институттары) білім мекемелері;

- дамуында ауытқуы бар оқушыларға арналған арнайы (түзету –коррекциялық) оқу мекемелері; көруі мүкісті жəне зағиптар, естуі мүкісті жəне кереңдер, ақыл- ес дамуы кемістер, есі ауысқандар жəне т.б. мектептері:

- қосымша білім мектептері: əн-күй, өнер, спорт мектептері, шығармашылық орталықтары, жас техниктер мен туристер станциялары жəне т.б.;

- жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелер: интернаттар, балалар үйі;

- білімдену процесін іске асырушы басқа да мекемелер.

Ұйымдасу – құқықтық формалары бойынша білім мекемелері мемлекеттік, мунициалды жəне мемлекеттік емес (жеке меншік, қоғамдық мекемелер мен діни ұжым оқу орындары) болуы мүмкін.

Жеке тұлға қажеттері мен мүмкіндіктерін ескеруге орай əрқилы білім алу формалары: оқу орнында (күндізгі, күндізгі-сырттай(кешкі), сырттай оқу формалары), отбасылық оқу формасында, өзіндік оқу, экстерін оқуы.

ҚР «Білім туралы Заңына» орай білім жүйесіне оқу мекемелері мен олардың іске асырып баруы тиіс білімдік бағдарламалар жəне стандарттар кіреді. Бағдарламалар қажетті деңгейдегі жəне бағыттағы білім мазмұнын анықтайды. Қазақстан Республикасында жалпы білімдік (негізгі жəне қосымша) жəне кəсіптік (негізгі жəне қосымша) болып ажыралған жалпы білім бағдарламалары бойынша оқу, білім процестері жүргізіледі.
Жалпы білімдік бағдарламалардың міндеті тұлғаның жалпы мəдениетін қалыптастыру, жеке адамды қоғам өміріне бейімдеу, кəсіби білім бағдарламаларын саналы таңдау мен игеру негіздерін қалау.

Кəсіби білім бағдарламалары кəсіби жəне жалпы білімдік деңгейлерді бірізді көтеру міндеттерін іске асыруға, белгілі талаптарға сəйкес мамандар дайындауға бағытталады.
Осы заманғы білім жүйесінің аса бір көзге түсетін ерекшелігі –білім жүйесін басқарудың мемлекеттік формасының мемлекеттік – қоғамдық формаға біртіндеп ауысуы, мұндай басқарымның мəні- білім проблемасын мемлекет пен қоғам мүдделерін үйлестіре жасау үшін осы екі жүйенің бірлікті күш- қуат жұмсау қажеттігі.

Білімнің мемлекеттік сипатын елде ҚР «Білім туралы Заңына» сай жүріп жатқан білім саласындағы біртекті мемлекеттік саясат айқындайды. Оның ұйымдасу негізі- нақты уақытқа арналған жоғары заң шығарушы билік қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама мазмұны, бір жағынан, мемлекеттік саясаттың жалпы принциптерімен анықталса, екінші жағынан, замандық бағыт-бағдар жəне болашақ даму жағдайларын ескерумен білім жүйесіне жасалатын объектив талдаулар нəтижелерімен белгіленеді.

Білім кеңістігінде мемлекет саясатын бірізді асырып бару үшін мемлекеттің білім басқару- республикалық, облыстық, аудандық - органдары түзіледі. Елдегі басқару құрылымдары- білім жəне ғылым министрлігі, облыстық оқу департаменттері жəне аудандық оқу бөлімдеріне бөлінген.

Білім жүйесін басқарудың мемлекеттік органдары құзырына төмендегідей міндеттер жүктеледі:

- білім бағдарламалары мен стандарттарын дайындау, стандарттар негізі білім бағдарламаларын міндетті білімнің ең аз педагогикалық ықшамдалған (минимум) көлемін, оқушыларға арналған оқу жүктемесінің ең жоғары (максимум) ауқымын, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды белгілейді;

- оқу мекемелері мен оқушыларды аккредитациялайды жəне аттестациялайды;

- білімдік құрылым бірліктерін қалыптастырады;

- білім мекемелері торабының дамуын қамтамасыз етеді жəне болжастырады;

- білім жүйесіндегі бюджеттік жəне қаржылық қызметтерде ҚР заңдарының орындалуын қадағалайды.;

- бүгінгі таңда білімді басқару жүйесі бір орталыққа тəуелділігінен босатылған, яғни республикалық органдар дамудың стратегиялық бағыттарын береді де, ал жергілікті мекемелер нақты ұйымдастыру, қаржылық, мамандар жəне материалдық қамтамасыз ету мəселелерін шешеді. Мемлекеттік басқару көздерімен бірқатар мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының өкілдері, ата-аналар мен əлеумет белсенділерінен жасақталған қоғамдық басқару органдары да жұмыс алып барады.

Білім- педагогикалық процесс Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.

Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.

Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады.
Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:

- ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);

- тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);

- дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);

- аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);

- əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу).
Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады:

1) педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2) іс-əрекеттік құрамы.

Педагогикалық процестің субъекттері - тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы, тəрбиеленушілер қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтарды тікелей тəрбиеші субъекттер деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл, табиғат жəне с.с балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн.
Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.
Педагогикалық процестің іс-əрекеттік (процессуалды) құрылымында төмендегідей бірліктер ажыралады:

Педагогикалық процесс қозғалысы (динамика) педагогикалық процестегі кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің өзгерістер өлшеміне тəуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым жоғары болса, нəтиже де соғұрлым салмақты келеді. Бұдан шығатын қорытынды - педагогикалық процесс педагог пен тəрбиеленуші арасындағы дамып барушы ықпалдастық ретінде бірізді «сатылық» сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нəтижесі жақсы болған оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарылау көрсеткіштерге ие болады;
- педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс, тұлға дамуының арқауы.

Қай педагогикалық процесс болмасын, -өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес

кезеңдерге бөлінеді. Олар:

- дайындық кезеңі,

- орындау (негізгі) кезеңі;

- нəтижелер талдауы(қорытынды) кезеңі.

Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында əлем қауымдастығының басқа да елдеріндегідей білім жүйесін жаңарту жəне дамыту мақсаттарында ұланғайыр реформалау шаралары қолға алынып жатыр. Осы заманның білім жүйесін реформалаудың басты бағыттары төмендегідей:

- білімді адамиластыру(гуманизациялау);

- оқуды үздіксіз жүргізу бағыт-бағдары;

- білім технологиясындағы пəн аралық бірігім-байланыстарды (инеграция)іске асыру;

- оқу процесін компьютерлестіру жəне технологизациялау;

- білім берудің ақпараттандыру формасынан проблемдік, ғылыми ізденіс, оқушылардың өзіндік жұмыстарын кең қамтитын оқудың белсенді əдістері мен формаларына өту;

- оқу желісінде мұғалімнің оқыту жұмыстарынан гөрі оқушылардың танымдық іс-əрекеттеріне көбірек мəн беру;

- оқу-танымдық процесін ұйымдастыру мен сол процесті басқаруда жоспарлы қадағалау, қатаң бағдарластыру тəсілдері орнына оқудың дамытушылық, белсенділік көтеру, жеделдестіру мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалану;

- білімнің дамытушылық жəне азаматтық баулу қызметтерін назарда ұстау. Қазақстан мектебінің 2005-2010 жылдардағы даму бағдарламаларында белгіленген аса маңызды мəселе- азаматтық, дербестік, жеке жауапкершілік, қоғамға қызмет ету құндылығын түсіну, демократиялық қоғам құру проблемаларын шешуде ынтымақ сезімін тəрбиелеу.
Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы əлемдік бағдар мен үндес келіп, іске асырылуда.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Общая педагогика: Учеб. Пособие для студ. Высш. учеб.

заведений / Под ред. В.А.Сластенина: В 2 ч. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2002. Ч.1. – 288 с.

2. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е., Жумабекова Р.М. Развитие системы среднего общего образования. - Алматы: НИЦ “Ғылым”, 2002. – 220 с.

 

Date: 2016-05-17; view: 5850; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию