Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Тәрбиенің мәні





Жоспар:

1. Тәрбие – теорияның пәні. Тәрбиенің міндеттері мен қызметтері

2. Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері

3. Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары.

4. Қазіргі қоғамдағы тәрбиеге дәстүрлі және инновациялық тұғырлар

 

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру және оның жан-жақты толық қанды дамуын қамтамасыз ету. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның, ұжымның, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл –парасатымен, жеке бастын өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырсады.

Қоғам мүшелерінің бәріне тән, ортақ біркелкі мінез-құлықтың болуы мүмкін емес, әр адам өзінше жеке тұлға.

Ертеде грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биолгиялық факторлар мен қоса әлеуметтік факторларда әсер етді деген. Адам өзіне тән биологиялық құрлысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи даму нәтежиесінен де пайда болады. Сонымен адамның жалпы дамуына өзара байланысты екі бағыт: биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз даму барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Жеке тұлға – дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және әлеуметтік функцияларды (қызметтерді, болмысқа, адамдарға өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қтысты) атқарады.

Жеке тұлға өзіне тән мінез-құлқы, іс-әркетімен, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады. Жеке тұлғаға тән қасиет- ақыл, ес яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Тұлға жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асырудың нәтежиесінің көрінісі жеке тұлғаның ең маңызды белгілері:

саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, жеке бас қадір-қасиеті, даралығы жатады.

Даралық бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығын, оның өзіне тән ерекшелігін сипаттайды. Даралық адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (салмақты, жігерлі) шығармашылық қызмет әрекетінің, қабілетінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.

Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін «индивид» түсінігін білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлік өкілін, оның сапа –қасиеттеріне қатынасын танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл есі дұрыс адам индивид бола алады. «Жеке тұлға» түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осында.

Ал жеке тұлға сапалары адамның өмірі барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін «даму» және «қалыптасу» ұғымдарының мәнін ашып беру өз алдына маңызды.

Даму - бұл жеке тұлға сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; көптеген әлеуметтік тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді меңгереді.

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – ең алды мен оның қасиеттері мен санасындағы сапалық өзгерістерді айтамыз. Адам дүниеге келген соң дене жағынан дамып, яғни дене мүшелері мен нерв жүйелері өседі. Адамның жеке тұлға болып дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан саналық өзгерістер (танымдық, сезімдік және моральдық), сонымен осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

Сонымен даму дегеніміз – адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесімен психикасының дамуындағы, танымдық, шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, яғни сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.

Қалыптасу –түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтежиесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді меңгеруін білдіреді.

Жеке тұлғаның табиғи дамуы көпсанды әр сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдаумен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иеі ретінде сипаттайды. Мыс; нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі үйдегі және көпшілік арасындағы қалпы т.б. Өсе келе ол білімді меңгереді, жұмыс істеуге ептіленеді.

Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнің сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субьект, яғни тарихи қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек «адам» түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік сапа мен қасиеттердің бірлігін айтады.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл- ауқаты және оның саясатымен ірқашанда тығыз байланысты болады.

Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде т әрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиетін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дұниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата- аналар мен жұртшылыққа әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп.

Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы.

Тәрбие үрдісіндегі тұлғалық кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал ететін факторлар жұйесінде өзін өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше. Тәрбиедегі даналық сол, оған тәрбиеленушінің өздерін белсенді түрде қатыстыру. Олардың болашағын өздерімен бірге ақылдасып шешу.бұндағы көздейтін негізгі мақсат, тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар тұлғаның өзін өзі тәрбиелеудегі міндеттерімен ұштастыра жұргізу. Осындай жұмыстардың негізінде жалпы тәрбиелік мақсат пен міндеттер өз нәтижесін береді.

Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары, олардың өзара байланысы

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарыжете түсінуді қажет етеді.

Философия ғылымында заңдылық деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырайық.

Педагогикалық құбылыстар деп – тұлғаның өмір түруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасынла кездесетін, ықпал ететін табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.

Тәрбие процесінің негізінде тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.

Тәрбие тұлғаның аталған мәдениетін дамытушы әрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық әдебиеттерде тұлғаның базалық мәдениетін түзуде көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:

- табиғатқа бағытталған құндылықтар;

- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар;

- қоғамға бағытталған құндылықтар;

- еңбекке бағытталған құндылықтар.

Дәстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тәрбиелік іс-әрекеттердің бірнеше бағыттары аталады.Ғалымдар тәрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұсынады:

- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;

- азаматтық тәрбие;

- еңбек тәрбиесі;

- адамгершілік тәрбиесі;

- эстетикалық тәрбие;

- дене тәрбиесі.

Ғылыми дүниетаным тәрбиесі. Дүниетаным негізі - әлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобынмеңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, болашаққа да қатысты.Олардың бәрі адамдардың рухани дүниесінің кәусар көзі. Тұрмыстық мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарында, ауыз әңгімелерінде ерекше маңызға ие болған.

Сонымен қатар қазақ халқы өмір тіршілігі күн көріс кәсібімен байланысты жыл мезгілі құбылыстарының ерекшеліктерін бақылау.

Дүниетаным:

- адам санасының арнайы формасы яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа өзіне көзқарасы және сенімі

- адамдардың өмірлік ұстаным дары, өмірлік сенімі, мұраты және іс әрекеті

- дүниетаным жеке адамның және әлеуметтік құбылыстары түсіндіру туралы пайымдауы ой тұжырымы.

Адам баласы өзін қоршаған ортаны құбылыстарын оның пайда болуы мен дамуы себептерін шындық тұрғысында танып білді.

Дүниетанымда адамның сенім мен мұраты үлкен роль атқарады. Сенім болмаған жерде өмір болмайды. әртүрлі идея адам сенімінің негізгі шындықты терең тануы. Оның соңынан еріп отыруы қажет.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Сондықтан да ол адам өмірін түгел қамтиды. Нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды.

Тұлғаны ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары:

Оқушылардың ғылыми дүниетанымы қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыру. Оған мектепте оқыған барлық пәндердің қатысы бар.

Физика, химия пәндері бойынша дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы астрономия сабақтары бойынша табиғаттың тылсым сырын біледі.

Әдебиет адамдар арасындағы қарым қатынасқа жаңа өмірге еңбекке табанды көзқарасқа белгілейді.

Қоғам өмірінде болып жатқан әр түрлі саяси - экономикалық жауап бере отыру.

Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар көп. Оларға:

- адамның материалдық жағдайы;

- әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары;

- сыныптан және мектептен тыс жұмыстары;

- қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы жатады.

Бұлар жасөспірімдерге қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді. Саяси және мәдени ой өрісін кеңейтеді.

Адамгершілік дегеніміз жағымды мінез құлқының нормалары мен ережелер жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортадағы тәрбиенің әсері мен қалыптасып, оның ерік күші мен өзіне және қоршаған өмірге қарым қатынасының айқындайтын күрделі процесті айтамыз.

Адамгершілік борыш идеясы бүкіл тәрбие процесінің саналы негзігі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз жақсылық атаулығына деген сенімді дамыту. Өзге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Социалистік қоғам тұсында коммунистік моральдың үш түрі болды.Ұжымдық мораль бұған тән қасиет «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» қағидаға негізделген.Гуманистік мораль ол адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынасқа негізделген.Белсенді қарекетшіл мораль бұл еңбек адамын жаңа жетістіктерге ұжымдық және өміріне ынта ықыласпен араласуды көздейді.

Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегіқоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.Психологтер жеке адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға келді: барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады: сезім, сана, сенім, мінез-құлық дағдысы. Бірақ тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процесінде жетекшілік роль өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі: ол жанұядағы тәрбиеге, баланың жас ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.Адамгершілік сезімді қалыптастыру: Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс.

Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Жоғары сезімдер арасында адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Бұл туралы К.Д.Ушинский “Адам тәрбие жемісі” деген еңбегінде: “Біздің өзімізді, біздің дүниеге қалыптасуымызды, біздің сөзіміз де, ойымыз да, тіпті қылығымыз да сезімдей анық және дұрыс білдіре алмайды, біздің сезімдеріміз же жеке ой ғана, жеке шешімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады”, - деп дәл сипаттама берген.

Адамгершілік сананы қалыптастыру:

Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс, ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына жақын адамдардың өзара қатынастарынан басталады. Мектепке келгеннен бастап балаларға қойылатын талап та өседі. Бірінші сыныптағылар басқалардың жағдайларымен санаса білулері керек екендігін үйренеді, сабақта, жұмыста бір-біріне кедергі болмаудың қажеттігін түсінеді.

Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды.

Сенім адамның білімінің негізінде туындайды. Ол өзінің сенімін қандай бір жағдай болмасын оны қорғауға және өзінің сенімінен таймауға, қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұл үшін адамгершілік ереже, нормалар, мінез-құлық қасиеттері туралы арнайы ағарту жұмысы болу керек.

Адамгершілік ағарту жұмысы адам баласының ең парасатты қасиеттері, адам өмірінің адамгершілікке негізделген салт-санасы туралы кең, жан-жақты түсінік береді.

Адамгершілік тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиенің екі жақтылық сипатын негізге алу керек: “Объективті жағы – ол жеке адамға қоғамның қоятын арнайы адамгершілік талаптары. Ал субъективтілігі: - ол жеке адамның қоғамға, еңбекке, адамдарға өзінің қоғамдық нормалары мен талаптарды меңгеруіне қарай - қарым-қатынас жасауы, мінез-құлық қасиеттерін көрсетуі жатады.

Тәрбиедегі негізгі мақсат – оны жоғарыда айтылған адамгершіліктің объективті нормасына айналдыру.

Бала тұтас педагогикалық процесс барысында қалыптасады. Баланың адамгершілік сенімі өмір тәрбиесі барысында бекиді.

Сенім әрбір іс-әрекетте, мінез-құлықта адамның бағыт-бағдарын, принциптілігін айқындайды. Алайда күнделікті тәжірибеде сенім мен мінез құлық, іс-әрекет арасында алшақтық кездесіп отырады. Оқушы моральдық талаптарды, ережелерді түсініп, оған сенгендігіне қарамастан мінез құлқында, адамдармен араласу барысында адамгершілікке жатпайтын теріс әрекеттер жасайтын жағдайлар кездеседі.

Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде моральдық ереже нормалар туралы білім түсінік ұғымдардың негізіндегі адамгершілік сенімнің алатын орны ерекше.

Тәрбие жұмысында тек қана белгілі бір мінез-құлық ережелері жайлы түсіндіріп қоймай, балалар өз көзқарастарын тексеріп көре алатындай, практикада олардың дұрыстығына көз жеткізетіндей жағдай жасау керек.

Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ойластырылған баланың күнделікті өмірі әдетте қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолы болып табылады. Педагог тарапынан мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған мектеп өміріндегі көптеген пайдалы әдеттер тәрбиеленушілердің өздеріне байқаусыз қалыптасады.

Балаларға адамгершілік дағдыларын қалыптастыру ұзақ уақытқа созылатын процесс болумен қатар, күрделі де, көп қырлы процесс. Ол оқушылардың сана-сезіміне ықпал етуді, оларда жақсы әдет пен мінез-құлықты, адамгершілік сезімі мен қасиеттерді қалыптастыруды және олардың еркі мен тілегін бағыттай білуді т.б. талап етеді.

Адамгершілік қасиеттері мен сапалары: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны – патриотизм мен интернационализмге тәрбиелеу.

Патриотизм - өз Отанына деген сүйіспеншілік, халқын, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын, дәстүрін сүю және ол адамның бойындағы өте терең де күшті сезім.

Отан сезімі - өзін өз елінің азаматымын деп сезіну және өзінің бүкіл елімен, халқымен тұтатығын сезіне білу.

Оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу мектеп жасына дейін жанұяда, балалар бақшасында басталады да мектепке барған күннен бастап патриотизмге тәрбиелеу неғұрлым жоспарлы, жан-жақты сипат алады.

Саяси-идеялық тәрбиелеу.

Қазіргі кезеңде идеологиялық жұмыстағы басты нәрсе – барлық еңбекшілерді жоғары идеялық, еңбекке және қоғамдық шаруашылыққа иелік көзқарас рухында тәрбиелеу адамды жан-жақты, жарасымды етіп жетілдіру, рухани мәдениеттің шынайы байлығын жасау деп санайды.

Жаңа адамды қалыптастыру қоғамды жаңарту ісіне белсене қатысу, экономикалық және қоғамдық өмірде жалпы азаматтық негіздерді дамыту барысында мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың бүкіл тәрбие жұмысы жүйесінің ықпал жасауы жағдайында жүргізіледі, бұл жұмыста баспасөз, радио, кино, телевизия маңызды роль атқарады.

Гуманизм принциптеріне тәрбиелеу.

Гуманизм – адамгершілік, биік парасаттылық. Гуманизм адамды силау, оған қамқорлық жасау және оның күшіне сену рухында, адамның басқалармен, қоғаммен қарым-қатынасындағы мінезін реттеп отырады.

Гуманизм адамға көрсетілген құрмет, әлеуметтік әділеттілікпен, оған қойылатын адамгершілік талаппен ұштастырылады. Адамға талап қою оның күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімге негізделеді.

Біздің тәрбиенің бүкіл жүйесі терең гуманистік мазмұнға толы, ол жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған. Адамды сүю, құрметтеу, тәрбиелеу сонау балалық шақтан басталады. Егер жасөспірім басқа адаммен қарым-қатынас жасаудан өзіне қуаныш табатын болса, оған шын пейіл білдірсе, егер оны басқа біреудің тағдыры қобалжытса, егер ол басқа біреуді қуанышқа бөлегеніне өзін бақытты сезінсе – ол Адам болады деген сөз.

Оқушылардың бойында гуманистік сезім қалыптастыруда гуманизм туралы көптеген әңгіме оқып немесе айта бергеннен гөрі мұғалім, тәрбиеші өзінің жеке басы өнегесі арқылы оқушыға гуманистік қарым-қатынас көрсеткені орынды.

Оқушылардың бойында гуманистік сезім қалыптастыруда қайырымдылық топтарының көптеген жұмыс түрлері, мектеп оқушыларының балалар бақшасындағы бүлдіршіндерге қамқорлығы, еңбекте, оқуда жолдастық көмек, мүгедектер, қарттар, балалар үйлеріне көмектің ролі зор.

Гуманизмді қастерлеудегі жанұяның ролі.

Жанұя – тату-тәтті адамгершілік қарым-қатынастарды, моральдық және интеллектуалдық мүдделердің байлығын жасайтын адамдарға, бүкіл ел мүддесіне парасаттылықты қалыптастыратын тәрбиенің бастаушысы.

Гуманизм жастардың бойында ұжымды басқара білуге, бостандық, халықтар достығы, ұлтаралық қарым-қатынас, қоғамдық пікірді ескере білуге үйрету деген сөз. Жиналыстарда оқушылардың еркін, ашық сөйлеуі, берілген тапсырманы тиянақты орындауы, өзіне және басқаларға сын көзбен қарауы, ұжым алдында есеп бере білуі т.б.

Ұжым жеке оқушының дамуына әсер ете отырып, шығармашылық іс-әрекетінің дамуына жол ашады. Бойында ұжымдық қасиеті бар оқушы ұжым өмірінің мүддесі үшін еңбек етеді, қоғамдық пікірді сыйлауға, ұжым мүшелеріне көмек көрсетуге үйренеді. Оқушылардың ұжымда өзін еркін сезінуіне мүмкіндік туғызады.

Саналы тәртіпке тәрбиелеу.

Саналы тәртіп пен жоғары жауапкершілік барлық тәрбие жүйесінің нәтижесі болып табылады. Олар тәрбие жұмыстарының, барлық мұғалімдер мен балалар ұжымдары органдарының бірдей талап қоюының процесінде бірте-бірте қалыптасып бекиді.

Тәртіп – бұл әрі мақсат, әрі ойдағыдай тәрбие мен оқытудың қажетті құралы, әрі барлық оқу-

тәрбие процесінің нәтижесі.

Оқушыларды еңбекке, өмірге даярлау үшін оларда саналы тәртіп дағдыларын тәрбиелеудің маңызы зор. Тәртіптілік өмірде кездесетін қиындықты жеңуге жәрдемдеседі, қоғам мүддесін өз басының мүддесінен жоғары қоюға үйретеді.

Тәртіптілік – тәрбиенің жемісі, ол қасиет адамгершілікке тәрбиелеу процесі барысында қалыптасады. Мектепте саналы тәртіпке тәрбиеленудің негізгі әдісі оқушылардың ой-санасына әсер ету немесе сендіру болып табылады.

Мінез-құлықтың негізгі нормалары мен ережелері оқушыларға арналған ережелерде тұжырымдалған. Оларда мектеп оқушыларының оқуға жауапкершілікпен қарауы, мектепте және одан тыс жердегі мінез-құлқы айтылады.

Осы мінез-құлық ережелерін оқушылардың әдетіне енгізіп, ішкі қажеттілігіне, айналдыру керек, саналы түрде түсініп, күнделікті дағды іс-әрекеттеріне айналуына мұғалім тәрбиеші әсер ету қажет. Қазіргі кезде мектеп өмірінде оқушыларға арналған ережені жақсы біліп, бірақ оларды орындамайтын балалар кездеседі.

Тәртіптілік дағдысын қалыптастыруға бірден емес, ұзақ жаттығулар жолымен, мінез-құлықтың негізгі нормалары мен ережелерін қалай орындау керектігін көрсету арқылы ғана жетуге болады.

Мектепте оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеуде сынып жетекшісі ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс істегенде ғана нәтиже береді.

Салауатты өмір салтын орнықтыру.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын шешетін көрсеткіш-салауатты өмір салтын орнықтыру.

Қоғамның парасатты өмірі адамның мінез-құлқына, сөзі мен ісінің бір жерден шығуына маңызды талап қояды, мұның өзі адалдық пен шыншылдық туралы ұғыммен қабысады.

Адалдық дегеніміз - өмірдің барлық жағдайларында адамның өз уәделеріне және қалыптасқан адамгершілік нормаларға сәйкес әрекет жасауы жөніндегі парасаттылық талап.

Шыншылдық дегеніміз – тек қана шындыққа сай келетін фактілерді айту жөніндегі парасаттылық талап.

Адалдық пен шыншылдық талаптарын мүлтіксіз сақтамайынша, шынайы ұжымда, достықта, ешқандай берік жанұя да болуы мүмкін емес. Адалдық пен шыншылдық әлеуметтік өмірдегі кемшіліктермен күресі үшін қажет.

Адалдық пен шыншылдық қайшылықтар мен кемшіліктерді ашуға жәрдемдеседі, олар дүниені қайта құруға көмектесетін адамгершілік күш болып табылады.

Адалдыққа, шыншылдыққа үйретудің жолы – түрлі тақырыпқа, өткізілетін әңгіме, пікірталас, кинофильмдер көру, кітап оқу, оны талқылау, түрлі тапсырмалар беру т.б.

Салауатты өмір салтын құруға кедергі жасайтын қоғамға жат көріністер пайда болуда. Ол: арақ ішу, темекі тарту, нашақорлықпен айналысу т.б.

Арақ ішу, темекі тарту адам организмінің дамуына кедергі жасайтыны туралы, жұмысқа жарамсыз ауру балалар туатыны туралы әрбір оқушы білуі қажет.

Арақ ішуге салыну, нашақорлықпен айналысудың салдарынан біздің қоғамда ауру балалар санының жылдан-жылға өсуі, осының салдарынан балалар үйінің, арнаулы интернаттың көбеюіне әкеліп соқтырып отырғанын оқушылар білу керек. Осындай қоғамға жат әдеттерге қарсы тәрбие жұмыстарының түрін мектепте көбейту керек.

Мысалы: олар осындай тақырыпқа арналған лекциялар оқу, кинофильмдер мен диафильмдер көрсету, балалар үйін қамқорлыққа алу т.б.

Салауатты өмір салтын құру үшін өмірге жат әдеттермен мектеп, ата-аналар ынтымақтаса жұмыс жүргізген кезде нәтиже береді.

Мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыру.

Адамгершілік қасиеттері мәдениетті мінез-құлықты қалыптастырумен байланысты.

Мәдениетті мінез құлықтың ережелері алуан түрлі және әр қилы. Олардың бәрі де адамның күнделікті өмірде өз жайын және өзінің қамын ғана көздемей, басқа адамдардың жайы, талғамы мен көңіл-күйі жайында да қам жеуі керек екенін ең алдымен есте тұту міндетін көздейді.

Балаларды жас кезінен-ақ жақсы әдет-ғұрыпқа дағдыландыру, оларды адамдарға жақсылық жасауға үйрету, үй тұрмысындағы жоғары мәдениетке деген сүйіспеншілік дарыту өте маңызды.

Көмекке зәру адамдарға, қарттарға, мүгедектерге және жас балаларға сезімтал, инабатты болу дағдысын дамытуға ерекше назар аударған жөн. Мінез-құлық мәдениеті бұл өзін қоғамдық ортада ұстай білу және әдептілік ережелерін сақтай білу ғана емес. Ол адамдарды, үлкендерді шынайы сыйлаудан, жоғары адамгершіліктен, ұжымда өмір сүріп, еңбек ете білуден көрінеді.

Балалардың мінез-құлқына қойылатын негізгі талаптар оқушыларға арналған Ережеде көрсетілген. Онда әдептілік, ұйымшылдық және тазалық туралы айтылады. Ереже оқушыларды қарттарға, кішкентай балаларға сезімталдық пен қарауға, әлсіз ауру адамдарға көңіл бөліп, оларға жол, орын беруге, ата-аналардың айтқанына құлақ асып көмектесіп отыруға міндеттейді.

Кейбір оқушының өздерін мәдениетсіз ұстайтын себебі олар қабылданған ережені әлі білмегендіктен, меңгермегендіктен болады.

Мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жолдары өте көп: мәселен, мәдениетті болу тақырыбына өткізілетін түрлі әңгімелер, оқушылар конференциясы, пікірталастар, көркем әдебиет шығармаларынан үзінді, халық мақал-мәтелдері, өлеңдер, газет-журналдарға жарияланған және өмірден алынған қызықты фактілер т.б.

Кейде сыныптарда мінез-құлық мәдениеті жөнінде стенд жабдықталады. Әдемі жасалған плакаттарда оқушы өзін үйде, көшеде, кинода, театрда қалай ұстауы жөнінде ақыл-кеңестер жазылады.

Мектеп оқушыларын әдепті болуға, дұрыс киініп, таза жүруге, мәдениетті мінез-құлықтың басқа да белгілеріне үйретіп отыруы қажет. Мәселен, мынадай тақырыптарға сабақ өткізуге болады: “Үлкендерді сыйла”, “Үйдегі, театрдағы тәртіп”, “Әдепті бол”, “Көшедегі мінез-құлық”, т.б. Мынадай тақырыпқа әңгіме, пікірталас өткізуге болады: “Талғам туралы таласуға болады”, “Менің мұратым – мәдениетті адам”, “Жарасымды киіну деген не?”, “Инабаттылық пен қарапайымдылық” т.б.

Мәдениетті мінез-құлыққа тәрбиелеу - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оны берік қалыптастырып, баянды етуге тек мектептің, жанұяның күнделікті тәрбие жұмыстары арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұл істе мұғалімдердің, әсіресе, сынып жетекшісінің жеке басының үлгісі көп роль атқарады. Олар өзінің сырт бейнесімен, күнделікті мінез-құлқымен, басқа адамдарға қарым-қатынасымен үлкен тәрбиелік әсер етеді. Тәрбие технологиясы басқарылатын, қайта жаңғырылатын тәрбие процесін жобалауды көздей отырып, тәрбиенің негізгі мақсатын, міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін, ғылыми тұрғыдан негізделген амал – тәсілдердің жүйелерін құрайды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Общая педагогика: Учебное пособие для студентов. Высш. учеб. заведений / Под ред. В.А.Сластенина: В 2 ч. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2002. Ч.1. – 288 с.

2. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Общая педагогика: Учеб. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений / Под ред. В.А.Сластенина: В 2 ч. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2002. Ч.2. – 256 с.

3. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е., Жумабекова Р.М. Развитие системы среднего общего образования: - Алматы: НИЦ “Ғылым”, 2002. – 220 с.

4. Педагогические идеи Джамбула Джабаева. Алма-Ата – 1988.- 59с.

5. Педагогический процесс как объект профессиональной подготовки учителей. /Под. ред. Н.Д. Хмель. Алма-Ата «Мектепң 1984. – 125 с.

 

Date: 2016-05-17; view: 5853; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию