Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі





Қандайда болмасын мамандық кәсіби іс-әрекет обьектісінің ерекшелігіне байланысты, адамға белгілі бір талаптар қояды. Мұғалім іс-әрекетінің обьектісі – педагогикалық процесс болып табылады.

Қазіргі педагогикалық процестің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ, ол біртіндеп, зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтежиесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. М.А. Данилов өзінің «Педагогикалық процесс педагогикалық теорияның обьектісі» -деген еңбегінде: «Ең бастысы әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын айқындау» дейді.

Педагогикалық процесте жеке тұлғаның қалыптасуы қайшылықтарды шешумен байланысты, яғни адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің затқа ауысуы мен обьективтік заттың өзінің жеке дара әлемінен, адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндіріске салынған іс-әрекетті айқындайды. Демек педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда оның элементарлық бірлігі «қалыптасу сәті»(педагогикалық ситуация) болуы керек.

Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтастың объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті-тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

Диалектикалық-материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің ролі туралы жан-жақты зерттелген. Адам іс-әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен тек ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында ғана мұғалім іс-әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А.Амонашвили, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түскендігіне куә етеді дейді.

Міне, сондықтан да мектептегі педагогикалық (оқыту-тәрбиелеу) процестрде мұғалім және оқушы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп қарастыру керек мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:

- біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С.Ильин);

- мұғалім іс-әрекетін оңтайландыруға (оптимизацияландыруға) тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю.К.Бабанский);

- егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П.Радченко);

- мектеп әкімшілігі іс-әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);

- біртұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А.Конаржевский).

«Педагогикалық процесс» деген сөздік ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды. Педагогикалық процесс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктері мен тығыз байланысты.

Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, М.А.Данилов, Б.Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, В.М.Коротов және т.б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауіға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақтары білікті эмпирикалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.

Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті бір тұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т.Лихачев) және қазмет істеулерін басқару (В.С.Ильин, И.П.Радченко) және т.б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеністікте жатыр – ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақтарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.

Date: 2016-05-17; view: 7612; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию