Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі құралдардың тозуына түсінік





Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

Негізгі құралдардың тозуы екіге бөлінеді:

1. Табиғи.

2. Сапалық.

Негізгі құралдың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдалануы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық жағынан тозуы олардың табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды).

Осы жоғарыдағыларды қорыта келе, негізгі құралдардың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі – өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді (арзандайды). Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланымты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға және тозыңқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдарыдың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік және тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:

- Жерге;

- Кітапхана қорларына;

- Фильм қорларына;

- Архитектура және өнер ескерткіштеріне;

- Өнімді малдарға;

- Мұражайлық құндылықтарға (заттарға).

Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:

- Қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру (превооружения) жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;

- Негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Негізгі құралдарды тоқтатып қойып, қайта құру және техникалық қайта жаңарту, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен тоқтатуға ауыстырған кезде амортизация есептелінбейді.

 

Негізгі құралдарды тозуы барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар

Операция мазмұны Cәйкес құжаттар Дт Кт
         
  Негізгі құралдар объектілері бойынша тозуды есептеу: - Негізгі өндірісте - Қосымша өндірісте - Жалпы шаруашылық өндірісте - Өндіріс процесіне қызмет көрсетуде - Күрделі құрылыста Тозу сомасын жинақтау есебі           2421-2425 2421-2425 2421-2425 2421-2425   2421-2425
  Жүргізілген қайта бағалау негізінде негізгі құралдардың тозу сомасын түзету Қайта бағалау есебі   2421-2425
  Жалға берілген (ұзақ мерзімнен басқа) негізгі құралдар бойынша тозуды есептеу Тозу сомасын жинақтау есебі, жалға беру келісімшарты   2421-2425
  Алдағы кезең шығындарына жататын тозуды есептеу (тау-кен дайындау жұмыстары, жерді өңдеу, жаңа өндірісті игеру бойынша) Тозу сомасын жинақтау есебі   2421-2425
         
  Шығарылған негізгі құралдарды, оның ішінде ұзақ мерзімді жалға берілгенін қамти отырып, тозу сомасын есептеп шығару Негізгі құралдардың шығарылуы актісі, тозуды жинақтау есебі 2421-2425 2412-2417
  Ұзақ мерзімді жалға берілген негізгі құралдарды жалға берушіге қайтару кезіндегі тозу сомасының есептен шығарылуы Жалға беру келісімшарты, тозуды жинақтау есебі 2421-2425 2412-2417
  Жалға алушы ұзақ мерзімді жалға беру мерзімі біткенге дейін, жалға алушы қайтарған негізгі құралдар бойынша есептелген тозуды жалға берушінің бейнеленуі Жалға беру келісімшарты, тозуды жинақтау есебі 2412-2417 2421-2425

 

Date: 2016-05-15; view: 1989; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию