Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі құралдардың жіктелуі





Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материфлдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауалар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен саланған титулдық тізімге кірмеген, ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:

5. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйеслік бақылауды ұйымдастыру.

6. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.

7. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

8. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.

Барлық «Негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді:

- Өндірістік;

- Өндірістік емес.

Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдалынылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалар жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру мен және мәдениет салаларында пайдалатын негізгі құралдар және тағы басқа да негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Тиістілі бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:

- Меншікті – бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар;

- Жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.

Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар»деп аталатын шотта есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

- Қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған) – конверсацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;

- Қолда тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор құрайтын негізгі құралдар;

Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:

- Инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар және тағы басқалар);

- Инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өңдеу).

«Негізгі құралдар» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

Үйлер – бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне, тұрғын үйіне, әлеуметтік-смәдени қамтамасыз етілуіне және материалдық құндылықтардың сақталуынажағдай жасаудан тұратын сәулет құрылыс объектілері (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және тағы басқалар);

Ғимараттар – еңбек заттарының өзгеруіне байланыстыжоқ қандай бір функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және т.б.). Инвентарлық объект дененіміз – барлық икемділіктерімен бірге бір бүтінді құрайтын әрбір жеке ғимарат.

Құрылыс-жайлар (мұнай және газ құбырлары, шахта бағаналары, автокөлік жолдары, көпірлер мен су құбырлары), яғни өндіріс процесінің техникалық және жалпы функцияларын орындау үшін арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Есептің бірлігі болып барлық құрылымдық құрылғылары бар әрбір бөлек құрылыс-жайлар саналады.

Беріліс құралдары (электр желілері, трансмиссиялар, құбыр жолдары, жылу желілері, газ желілері және тағы басқа), яғни электр, жылу, механикалық энергияларды жеткізуші машиналардан жұмыс машиналарына, сонымен қатар бір есептің бір есеп бірліктерінен екінші есеп бірліктеріне сұйық және газ күйіндегізаттарды тасымалдау үшін арналған объектілердің жиынтығы.

Машиналар мен құрылғылар. Әрбір машина кіретін саймандарды, керек-жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды, іргетастарды қоса алғанда, басқа инвентардың бөлігі болмаса, инвентарлық объект болып табылады.

Негізгі құралдардың бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:

1. Күш машиналары мен құрылғылары (атом реакторлары, қазандар, бу күш трасформаторлары, ішкі өрт құрылғылары), яғни эектр, жылу энергияларын өндіретін және оларды механикалық энергияға айналдыратын машина-генераторлар және машина-козғалтқыштар. Машиналар мен құрылғылар тобы бойынша есеп бірлігіне, осы машиналар мен құрылғылардың құрамына жататын құрылымдар мен құрылғылар жатады;

2. Жұмыс машиналары мен құрылғылар (станоктар, аппараттар, әр түрлі мақсаттағы агрегаттар). Жиынтығында бұл құрылғылар өнім өндірісі процесінде еңбек құралдарын механикалық, термиялық, химиялық және басқа да технологиялық қозғалысқа келтіруге арналған;

3. Пайдаланудағы техникалардың жұмысын өлшеу, өндіріс процесін реттеу, шикізаттар мен материалдардың, дайын өнімдердің, орындалған жұмыстардың сапасын, ауаның ылғалдылық деңгейін, дыбыстардың әсерін, сонымен қатар басқа да санитарлық-гигиеналық жағдайларды анықтау үшін қолданылатын өлшеуіш – реттеуші және зертханалық құрылғылар мен құрылымдар (манометрлер, таразылар, дозаторлар, диспетчерлер бақылау үшін құрылғылар, дабыл құрылғылары, зауыт және ғылыми-зерттеу зертханаларының құрылғылары, микроскоптар, термостаттар және тағы басқа) өлшеуші және реттеуші құрылғылардың мүліктік объектілер ерекшелігі ретінде олардың өзіндік маңызы бар және басқа объектілердің құрамы болып саналмайтындығында;

4. Компьютерлік техника (электрондық- есептегіш, басқарушы және балама машиналар, сандық есептегіш машиналардың барлық түрлері мен жүйелері);

5. Басқа да машиналар мен құрылғылар – жоғарыдағы жіктемеге жатпайтын басқа да машиналар мен аппараттар және құрылғылар.

Көлік құралдары адамдардың қозғалысын және жүктер мен басқа да заттардың тасымалын қамтамасыз ететін қозғалыс құралдыры.

Сонымен қатар пайданалу барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:

а. негізгі құралдар;

б. тауарлық-материалдық қорлар;

в. қаржылық инвестициялар.

Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестицмялар ретінде есептелінеді.

 

 

Date: 2016-05-15; view: 3480; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию