Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі





Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны оынң жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100 % деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни басланстық құнына көбейтіледі.

Осыған дейінгі әдістерде мысалға (1-мысал) алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, теөмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі бес (5) жыл, сондықтан бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша жылдық амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал қалдық құнының кему әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп, яғни 40% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы (процент) негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнына көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп өндіріс шығандарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығандарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қосылмайды

 

Қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту) әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің кестесі

 

  Негізгі құралдардың бастапқы құны (теңге) Жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге) Жинақталған тозу сомасы (теңге) Негізгі құралдардың қалдық құны (теңге)
Сатып алынған кездегі 1 000 000 --- --- 1 000 000
1-жылдың соңында 1 000 000 40% х 1 000 000 = 400 000 400 000 600 000
2-жылдың соңында 1 000 000 40% х (1 000 000 – 400 000) = 240 000 640 000 360 000
3-жылдың соңында 1 000 000 40% х (1 000 000 – 640 000) = 144 000 784 000 216 000
4-жылдың соңында 1 000 000 40% х (1 000 000 – 784 000) = 86 400 870 400 129 000
5-жылдың соңында 1 000 000 129 600 – 100 000 = 29 600 900 000 100 000

 

Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбнйтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз (процент) арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынды. Негізгі құралдардың қалдық құнының мөлшері 100 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 29 600 теңгемен ғана шектелген.

8-мысал: Бірқалыпты әдіспен амортизациялық аударымның қарапайым нормасы – 20%, жеделдетілген амортизация үшін 2 коэффициентін есепке алған жағдайда амортизация нормасы – 40% және ол қалдық құнға шектелген мөлшерлеме болып есептелінеді. Мұндай жағдайда бастапқы құны 100 000 теңге, жойылу құны 10 000 теңге болатын құрылғының жыл сайынғы амортизациялық аударымы мынаған тең:

 

Қызмет ету мерзімі Бастапқы құны, тг Амортизация нормасы Қалдық құны
1-ші жыл 100 000 40 000 60 000
2-ші жыл 100 000 24 000 36 000
3-ші жыл 100 000 14 400 21 600
4-ші жыл 100 000 8 640 12 960
5-ші жыл 100 000 2 960 10 000

 

 

Орытынды

Сонымен «Негізгі құралдардың амортизациясының есебі» деген тақырыпқа арналған курстық жұмысымды қорытындылау үшін ең алдымен тағыда амортизация сөзіне анықтама берейін.

Амортизация – тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз – бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма.

Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.

Амортизация мөлшері (норма) – бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдарының жылдық орташа құнына қатынасы.

 

 

Date: 2016-05-15; view: 1952; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию