Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау





Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқықұны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құынына мынадай шығындар кіргізіледі:

a. Жер учаскісінің бастапқы құнына:

Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленетін комиссиялық сыйақылар, сатып алу- сату жөніндегі келісімшартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленентін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі.

b. Құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:

Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оынң ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі.

Алайда құрал жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

· Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретнде салса, онда олапдың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;

· Ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;

· Ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұл,алардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік жолымен.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы аңықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен сатып алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Негізгі құралдардың амортизациялық құны – негізгі құралдардың жойылу құнын шегеріп тастағандағы қаржылық есеп беруде бастапқы құнның орнына көрсетілген активтердің бастапқы құнын немесе басқа да бағаларын көрсетеді.

Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а. Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

б. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағаңда.

Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарың пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралдарды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдардың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралдарды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.

Негізгі құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан (индексациялағаннан) бастап оларды баланста келтіру құнымен есептейді.

Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізеді. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуіне:

Дт: Негізгі құрал – шоты

Кт: Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал – шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Қайта бағалау жүргізген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

 

Негізгі құралдарды қайта бағалау барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операция мазмұны Дт Кт
       
  Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасының өсуі 2510,2520  
       
  Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасының кемуі: - 5320 шоттың кредит қалдығы шегінде - 5320 шоттың кредит қалдығынан жоғары           2510,2520   2510,2520  
  Қайта бағалау негізінде негізгі құралдардың тозу сомасына енгізілген түзетулер    

 

 

Date: 2016-05-15; view: 4012; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию