Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Метрополитен құрылысындағы макшейдерлік жұмыстарды қазіргі заманғы аспаптармен қамтамасыз ету ерекшеліктері





 

Маркшейдерлік жұмыстар метрополитен құрлыстарында жерасты жұмыстарын жүргізу барысында маңызды болып табылады. Өз уақытымен және сапалы орындалуда маркшейдерлік жұмыстары көбінесе сапасына байланысты, жоғары дәлдікті әдістемелерге қол жеткізеді бақылау басында, сонымен бірге есептеу кезінде, автоматтандырылған жұмыстар тоннельдерде уақытты қысқартуда бұрыш және арақашықтықтарды өлшегенде қолданылады. Метрополитен құрылыс тоннельдерінің процессінде тоннелдің сақиналарын орналастырғаннан кейін әртүрлі жағдайда деформациялар пайда болады.

Сондықтан да, жерасты жұмыстарын жүргізуде тау жынысы қоршалулы масиивінің тепе-теңдігінің бұзылу жағдайына әкеледі. Жыныстар кенің нәтижесінде қозғалысқа келеді және жер саяздылығын осымен қатар өнеркәсіптік немесе азаматтық құрлыстар, тау-кен жұмыстары аймағына әсерін тигізсе, әр түрлі деформация түрлерін қабылдауы мүмкін, тіпті кейбір жағдайларда бұзылуы да мүмкін.

Тау-кен геологиялық шарттарға Алматы қаласындағы метрополитен тоннель өтімі транспорттық магистрлардың негізінде, Фурманова және басқада көшелерде, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар салынғанда үнемі болып отыратын бақылауды, атап айтайық. Тоннель өтімдерінің қажетсіз салдарын бақылауды қажет етеді. Осы мақсатта метрополитеннін маркшейдрлік қызметі жер асты салу құрылыстарының мүмкін болатын деформация аймағына үнемі бақылау ұйымдастырады.

Метрополитенді жүргізудегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар негізінен, Алматы қаласында жауын-шашынның көп болатындығына, жалпы метрополитен құрылысында жылжымалықтан бекіту жұмыстарын арттыру, тоннельде бағыт беру, жербетіндегі және жерастындағы ниверлирлеу болып табылады. Осы жұмыстарды көбінесе дәл оптикалық-механикалық, қарапайым геодезиялық аспаптармен жүргізеді.

Жарықшақтардың қауіпті жылжу аймағының шекарасын ылдилығы, қисықтығы, жарықшақтың созылуы жер беті реперлерін, жер асты қазба жұмыстарының деңгейімен қосатын горизонталь сызықтар белгілейді. Осы құбылыстардың болуының алдын алу үшін, соңғы жылдарда шыққан қазіргі заманғы электронды жабдықтармен өлшеу бақылау өте тиімді болып отыр.

Егер өлшеу және олардың нәтижелерін өңдеуді программалық қамтамасыз ету электронды жабдықтарға негізделген геодезиялық технологиялардың барлық жиынтығын алатын болсақ, жерастындағы маркшейдерлік жұмыстарда негізінен электронды тахеометрлер мен лазерлік сканерлерді пайдалануды ұсынар едік. Себебі, қазіргі заманғы электронды тахометрлер тек техникалық сипаттамаларымен, конструкциялық ерекшеліктерімен тек техникалық сипаттамаларымен, конструкциялық ерекшеліктерімен ғана ерекшеленбейді, сондай-ақ ол әр түрлі салада қолданылуымен ерекшеленеді. Сондықтан тахеометрлерді арнайы бір тапсырманы шешуге байлансты талдауға болады. Бұл кезде оның дәлдігі мен өлшеу қашықтығы айырықша рөл атқарады.

Электронды тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографикалық электрондық – оптикалық аспап (15-сурет). Электронды тахеометр құрлымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін.

Перфорациялық тіркеудің мәні– алалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады. Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Түнде жұмыс істеуге арналған лазерлік жабдығы бар. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.

 

 

15-сурет. Электронды тахеометр

 

Топографиялық және кадастрлық жұмыстарға, құрылысқа және іздестіруге арналған классикалық электронды тахеометр. Қарапайым қолданылушы интерфейс, енгізілген бағдарламалық қамсыздандыру сіздің жұмысыңызды жеңілдетеді.Берік арақашықтықты және екі визирлік нысана арасындағы превышениені өлшеу, осы бағыттағы дирекциондық бұрышты анықтау.Ауданды анықтау – on-line режимінде немесежадыда сақталған нүктелерді пайдаланып.Кері есеп-әр түрлі жолдармен өлшеулер жүргізу, соның ішінде тек қана бұрыштық.Биіктікті анықтау – қиын берілетін нүкте белгілерін анықтау.

Базалық түзу – бастапқы түзуден бұзудың жеке жағдайы. TPS400 сериялы Leica TCR 403, 405 және 407 – шағылдырғышсыз дальномерлі арақашықтықты өлшеуге арналған аспап. Көрінетін қызыл лазерде кішкене бұрыштық айырмашылық бар – 80 м арақашықтықта лазерлік дақтың көлемі 2х1,5 см-ді құрайды. Дальномермен қоса целеуказатель қолданылады. Лазерлік сәуленің осі визирлік осьпен сәйкес келеді.

Ал лазерлі сканерлер – жер астындағы күрделі адам қолы жетпейтін жерледі түсіруде лазерлі сканер қажетті объектілердің моделінің кеңістіктегі координаталарын тез арада анықтап, түсіруге мүмкіндік берді (16-сурет). Лазерлі сканердің жұмыс істеу принципі электронды тахеометрге ұқсас және түсірілетін объектіге дейінгі аралықтарды өлшеп, нәтижесінде әрбір нүктенің координаталарын анықтауға арналған. Өлшеу жылдамдығы секундына 2000-5000 нүктеге дейін қамтиды. Негізгі принципі, сәуле таратушыдан лазер шоғыры объекті беткейінен шағылып, қабылдағышқа қайта түседі. Алдын-ала берілген реті бойынша призма айналып лазер шоғырын горизонталь және вертикаль жазықтықта таратады.

Сонымен қатар деформациялық мониторинг жүргізуге тиімді аспаптың бірі. Әр түрлі циклдер деректері бойынша құрылған модельдерді қабаттастыра отырып, іс жүзінде беткейдің кез-келген нүктесінің мәні және жарықшақ бағытын есептейді.

 

16-Сурет. Лазерлі сканер

 

Осы аталған электрондық аспаптар бағыт беру, Соның нәтижесінде метрополитенның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар жер бетіндегі бақылау жұмыстарын спутниктік-навигациялық тәсілмен бақылау және метрополитен ішін көркемдеуге, қосымша түсіруге лазерлік сканерді пайдалану өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

 

Date: 2016-05-14; view: 1236; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию