Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Берлин конгресінің (1878ж.) шарттарын қарастырып, сараптай келе, олардың Балқан мәселесіне тигізген әсерін анықтаңыз





1877-1878 жылдар аралығындағы орыс-түрік соғысы нәтижесінде Осман империясы толық жеңіліске ұшырайды. Соғыстың нәтижесі ретінде 1878 жылы 19 ақпан күні Сан-Стефан бейбіт келісіміне қол қойылады. Бұл келісім бойынша Сербия, Черногория және Румыния тәуелсіз мемлекеттер деп жарияланды, Ресейге Оңтүстік Бессарабия қайтарылды, Босния мен Герцеговиняға өзін-өзі басқаруға құқық берілд, Балканда жаңа княздің – Болгария құрылды, Болгария Дунайдан Эгей теңізіне дейінгі аралықты қамту керек еді. Осман империясы 1,410 млрд рубль контрибуция төлеу керек еді.

Сан-Стефано бейбіт келісімшарты Балкан жартыаралындағы Ресей империясының қуаттылығын бекітті. Ресей империясының күшеюінен әрдайым қауіптенген Ұлыбритания мен Австро-Венгрия Сан-Стефано келісімін қайта қарауды ұсынды. Сан-Стефано бейбіт келісімшартын қарау үшін 1878 жылы 1 маусым мен 1 шілде күндері аралығында берлин конгресі болып өтті. Берлин конгресі берлин трактатына қол қоюмен аяқталды. Париж трактаты бойынша:

· Балкан жартыаралында үлкен славян мемлекеті Болгарияның құрылуына жол берілмеді. Болгария үш бөлікке бөлінді:

Ø Дунайдан Балканға дейінгі аралықтағы вассалды княздік, орталығы – София

Ø Шығыс Румелия – Осман империясының автономды провинциясы, орталығы – Филлиппополь

Ø Македония – Адриатика мен Эгей теңізіне дейінгі территория Осман империясының құрамына қайтарылды.

· Фракия мен Албания Осман империясының құрамында қалды.

· Черногория, Румыния, Сербия княздіктерінің тәуелсіздіктері қабылданды.

· Черногория Адриатика теңізіндегі флотынан айырылды.

· Сербия территориясы кеңейтілді, бірақ Болгария жерін қосып алған жоқ.

· Румыния княздігі Болгария құрамындағы Солтүстік Добруджа территориясын қосып алды.

· Австро-Венгрия Босния мен Герцеговиняны оккупациялауға құқық алды және Сербия мен Черногория территориясына өз гарнизонын енгізді.

· Ресей империясы Баязет пен Алашкерт территорияларынан бас тартып, Ардаган, Карс, Батуми территорияларына, сонымен қатар Оңтүстік Бессарабияға ие болды.

Париж конгресі нәтижесінде Ресей империясы дипломатиялық жеңіліс тапты.

 

Кучук-Кайнарджи және Яссы келісімдерінің шарттарын қарастырып, сараптай келе, олардың Шығыс мәселесіне тигізген әсерін анықтаңыз.

1774 жылы 21 шілде күні Осман империясы Ресей империясымен Кючук-Кайнарджи келісіміне қол қойды. Бұл келісім бойынша Крым хандығы Осман империясынан тәуелсіз деп жарияланды, Осман империясы Ресей империясына 4,5 млн рубль контрибуция төледі, Ресей империясы Үлкен және Кіші Кабарда, Азов, Керчь, Еникале және Кинбурн территорияларына ие болды. Орыс-түрік соғысындағы жеңіс, Ресей империясына Қара теңіздік бассейнге еркін кіруге мүмкіндік берді. 1783 жылы Ресей империясы Крым мен Кубаньді аннексиялады.

1780-1790-жылдары «шығыс мәселесіне» қатысты Австрия мен Ресей қатынастары нашарлап кетті. Екатерина ІІ Еуропадан түріктерді толық босату жоспарын ұсынды. Бұл жоспар бойынша Византия империясын қайта құрып, Балкан жартыаралының бір бөлігін Австрия құрамына қосып, Дунай княздігін құру керек еді. Осман империясы 1768-1774 жылдардағы соғыстағы жеңілісінің есесін қайтару үшін Ұлыбритания мен Францияға сүйенді. 1787-1791 жылдар аралығында кезекті орыс-түрік соғысы болды. Бұл соғыс та Осман империясы үшін өте тиімсіз болып, оның жеңілуімен аяқталды. 1791 жылы 27 желтоқсандағы Ясс бейбіт келісімі соғыстың аяқталғандығын білдірді. Келісім бойынша Причерноморьенің барлық бөлігі және Крым Ресей империясына берілді, Кавказ бен Балкандағы позициясы нығайды, сонымен қатар Ресй империясының ұүрамына Оңтүстік Бур мен Днестр территориялары кірді. Ясс келісімшарты Ресейдің 1768-1774 жылдардағы жеңісін нығайтты.

1798 жылы Францияның «Шығыс мәселесіне» белсенді араласуы басталды. Наполеон Бонопарт Осман империясы қарамағындағы Египетті жаулап алғысы келді. Оған жауап ретінде 1798 жылы Осман империясы Францияға соғыс жариялап, 1799 жылы Ресей мен Ұлыбритания елдерімен одақ құрды. 1801 жылы Наполеон Бонопарттың Египетке жорығы сәтсіз аяқталды. Бірақ ағылшын-орыс-түрік одағы сол мезетте-ақ ыдырап кетті. 1806 жылы Осман империясы Франциямен қайта жақындасты. 1806 жылы Францияның қолдайымен Осман империясы орыс-түрік соғысын бастады. Орыс-түрік соғысымен қатар, 1807-1809 жылдар аралығында ағылшын-түрік соғыстары да болып жатты. 1806-1812 жылдар аралығында болған орыс-түрік соғысының нәтижесінде түріктер жеңіліске ұшырады. 1812 жылы 16 мамыр күні Бухарест бейбіт келісімшартына қол қойылды.

Ункиар-Искелес (1833 ж.) келісімінің шарттарын қарастырып, сараптай келе, олардың Шығыс мәселесінің дамуына тигізген әсерін анықтаңыз.

Ункияр Искелеси келiсiм-шартының жеке және құпия баптары өте маңызды болды. Ол Түркия мемлекетiн Ресей Империясына көмек беруден босатты. Бiрақ оның орнына Ресей Империясы талабымен Түркия Дарданелл бұғазын шетел әскери кемелерi үшiн жабатын болды. Ункияр Искелеси келiсiм-шарты Англия мен Франция мемл-нiң түрiк жағалауларындағы әскери-теңiз демонстрация түрiндегi наразылығын тудырды. Бұл келiсiм-шартқа қол қойылғаннан кейiн, Ресей Империясының патшасы Николай I Австриямен Мюхенгрец конвенциясын жасайды. 1839-1841 жылдары Сұлтан мен Египет патшасының арасында тағы да келiспеушiлiк туған кезде Николай I Ункияр Искелеси келiсiм-шартынан мүлдем бас тартады. Николай I бұл жүргiзген саясаты нәтижесiнде Еуропалық державалар сұлтан мен патша арасындағы конфликтке араласа бастады. Оған сәйкес 1840 ж Англия астанасы Лондонда арнайы «Лондон конвенциясы» жасалынады. 1841ж ол жаңартылып, жаңа «Лондон конвенциясы» дүниеге келедi. Лондон ковенциясының нәтижесiнде түрiк порттарына барлық мемлекеттiң қол сұғуына тыйым салынды. Сыртқы саяси мешеулiк Түрiк үкiметi Портаны өзiнiң сыртқы саясатын құруда шетелдiк державалардың көмегiн сұрауға итермеледi. Осының салдарынан XVIII-XIX ғасырлардың тоғысында Шығыс мәселесi пайда бола быстады. Бұл мәселенiң негiзiнде Англия мен Франция арасындағы саяси-экономикалық бәсекелестiк болды. Осман Империясының тиiмдiиелiктерiн басып алып, ағылшындық отарлаушыларға үлкен кедергi келтiру мақсатымен Францияның iрi қолбасшысы Наполеон Бонапарт 1789ж Египетке әскери экспедиция ұйымдастырады. Шығыс мәселесiнiң негiзi осыдан әрi қарай шиеленiсiп, асқынып кетуi басталады деп есептеуге болады.

Шығыс мәселесiнiң салдарынан Кучук-Кайнарджи бейбiт келiсiм-шартынан бастап, 1799 жылғы 3 қаңтарда орыс-түрiк одақтық қорғаныстық одақтық келiсiм-шарты, 1805 жылы 23(11) қыркүйекте орыс-түрiк одақтық келiсiм-шарты, 1791 жылы 4 тамызда Систов келiсiм-шарты, 1791 жылы 29 желтоқсанда Ясс бейбiт келiсiм-шарты, 1812 жылы 28 мамырда Бухарест келiсiм шарты, 1827 жылы 6 шiлдеде Лондон конвенциясы, 1829 жылы 14 қыркүйекте Адрианаполь бейбiт келiсiм-шарты, 1826 жылы Аккерман конвенциясы дүниеге келген болатын.

Яғни көрiп отырғанымыздай, Шығыс мәселесi дүниежүзiлiк тарихта алатын орны ерекше. Бұл мәселенiң бейбiт түрде шешiлуi Осман Империясы, оның қарамағындағы жерлерi мен халқының өмiрiнде үлкен де маңызды орын алатыны сөзсiз. Қаншама соғыс, келiспеушiлiк, тиiмдi-тиiмсiз келiсiм-шарттардың нәтижесiнде, бiлiктi дипломаттардың әдiлеттi iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде бұл қиыннан қиыстырылған түбi терең мәселенiң шешiлуi дүниежүзiлiк дипломатияның үлкен орнын тағы бiр рет көрсететiнi айдан анық деуге толық хақымыз бар.

28 1919 ж. Париж бейбiт конференциясының бастыф шешімдерін сарапқа салыңыз. 1919 ж. Париж бейбiт конференциясы. Конференция жеңген мемлекеттердің Германиямен және оның одақтастарымен бейбіт келісімге келу максатымен жасалды.Париждегі Версаль сарайының айналы залында өтетін болды.Конференцияның басталысымен Франция президенті Раймон Пуанкаре Германия тарапына өзінің ашу-ызаснын көрсетіп те алады. Яғни, ол жаңа агрессия болмау үшін Германияға ең қатал санкция қолдануды талап етеді. Париж бітім конференциясы бірінші-дүниежүзілік соғысты қорытындылауға арналған халықаралық конференция.Бұл конференцияның басты мақсаты қорытындылау және халықаралық қатынастардағы жаңа жүйе жасау болатын. 1919 жылы 18 қаңтар – 1920 жылы 21 қаңтар аралығында өткен болатын. Оған соғысқа қатынасушы 27 елден 1000-нан астам өкілі қатысты. Негізгі мәселелер тек АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия және Жапония мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысуымен қаралады деп шешілді, ал қалған елдердің өкілдері жалпы мәселелерге арналған жиындарға ғана жіберілді. Коференцияның нәтижесінде Германиямен және оның одақтастарымен жасалған бітімдерге қол қойылды. 1919 жылы 28 маусымда Версальда қол қойылған бітім 1914 – 1918 жылдардағы 1-дүниежүзілік соғысты ресми аяқтады. 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жермен сарайында Австриямен бітім жасалды. Австрия империясы жойылып, оның құрамындағы жерлер Чехославакияға, Югославияға, Италия және Румынияға өтті. Австрияның әскери күштері 30 мың адамға қысқартылды. 1919 жылы 27 қарашада Болгариямен бейбіт бітімге қол қойылып, оның біраз жерлері Румыния, Югославия, Грекияға берілді. Болгарияға теңіз флотын ұстауға тыйым салынды, әскери салық төлеуге, қарулы күштерін 20 мыңнан артық ұстамауға міндеттеген болатын. 1920 жылы 4 маусымда Венгриямен де бейбіт бітім жасалынды. Ол біраз жерлерін Чехославакия, Румыния, Югославияға беруге, әскер санын 30 мыңға төмендетуге тиіс деп шешім қабылданды. Оған қоса 1920 жылы 10 тамызда Севр бітімі іс жүзінде биліктен айырылған Түркияның Стамбұлдағы үкіметімен жасалды. Осман империясы өз аумағының 3/4-нен айырылды. Бұғаздар ашық деп жарияланып, сауда және соғыс кемелерінің еркін өтуіне құқық берілді. Түркияның теңіз флоты қатты шектеліп, әскери күш 50 мың адамға қысқартылды. Бұл бітімді Мұстафа Кемал бастаған революциялық үкімет мойындамады. Кейін Грекия – Италия интервенциясы сәтсіздікке ұшырағанда, Анкарадағы Түркия үкіметі 1923 жылы 24 шілдеде Лозанна бітім шартына қол қойып, негізгі аумағын сақтап қалды, бірақ араб елдерінен, Жерорта теңізіндегі көптеген аралдардан бас тартты. Батыс мемлекеттерінің қысымына байланысты Мосул аймағының тағдыры Ұлттар лигасына тапсырылып, ол 1926 жылы Иракқа берілді.Бұғаздар мәселесі батыс елдерінің мүдделеріне сәйкес шешілді.Париж бітім конференциясы Еуропада бейбітшілік орнатуға жарамады. Оны көп ұзамай тұтанған 2-дүниежүзілік соғыс дәлелдеді.

Date: 2016-05-14; view: 3340; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию