Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХҚ Вена конгреси мен онын натижесинде жанарган хал кат жана жуйесин ашып корсетинз





Вена конгресінің нәтижесінде жаңарған х-қ қат-р. жүйесі «Еуропалық концерт» Наполеонды жеңгеннен кейін барлық еуропалық державалардың өкілдері (Түркиядан басқа) Еуропада феодалдық тәртіпті және наполеондық соғыс барысында құлатылған бірқатар бұрынғы әулеттерді қайта қалпына келтіру мәселелеріне байланысты шешім қабылдау үшін Австрия астанасында жиналды. Бұл конгрес қатысушыларының тағы да бір ортақ міндет біріктірген еді – ол революциялық және демократиялық қозғалыстармен күрес. Сонымен қатар, конгрес Франциядағы бонапарттық тәртіптің қайта оралмауына және Еуропаны жаулап алу әрекетінің болмауына тұрақты кепілдікті қамтамасыз етуі, сонымен бірге жеңімпаз державалардың территориялық дәмеленулерін қанағаттандыруды қажет болды. Конгрес өз жұмысын қорытындылауға кірісіп кеткен шақта, кенте оның қатысушыларын күтпеген жаңалық есеңгіретіп жіберді. 1 наурыз күні Наполеон Францияға кірді. Ал тағы үш аптадан кейін, 20 наурызында Парижге кірді. Империя қайта қалпына келтірілді. Вена конгресіндегі алауыздықтар туралы өсектің Наполеонның Эльбаны тастап шығуында басты рөл атқарғаны сөзсіз. Оны Парижде ғажайып сыйлық күтіп тұр еді. Кіруіне тек бір тәулік қалған кезде ғана қашқан Наполеон корольдің кабинетінде 1815ж. 3 қаңтардағы баяғы жасырын келісімді тауып алды. Бұл Талейран арқылы 18 Людовикке жіберілген үш көшірменің біреуі еді. Корольдің асыққаны соншалық, үстелінің үстінде осы құжатты қалдырып кеткен болатын. Наполеон жаушы әзірлеуге бұйрық беріп, оны осы пакетпен Венаға жібереді. Негізгі саяси және территориялық мәселелерді шешуден басқа, вена конгресі Бас трактатқа қосымша актылар ретіндегі бірқатар арнайы қосымша қаулылар қабылдаған болатын.Қуатты екі Еуропалық держава – Англия мен Ресей Франциямен ұзақ мерзімді соғыстан едәуір нығайып, күшейіп шықты. Англия өзінің бұрын да аз болмаған отарлық иеліктерін кеңейтті. Ол өзінің басты бәсекелесі – Францияны шетке шығару арқ. Толыққанды «теңіз иесі» болып қалды.

Вена конгресінің шешімдеріндегі территориялық бөлініс

Мақсаты Наполеон соғыстарынан кейін еуропада территориялық бөлініс мәселесін шешу негізде1815жылы 9шілдеде Вена конгресінің генералдық актіна қол қойылды. Ол бойынша:

Франция барлық жаулап алған иеліктерінен айырылды;

Бельгия мен Голландия Нидерланды корольдігіне бірігіп, Люксембург қосылды.

Құрамына Савойа мен Ницца кіретін Сардин корольдігі қалпына келтірілді.

Австрияға Ломбардия мен Венеция өтті.

Пруссияға Саксония мен Познань қосылып, с.қ. шведтік Померания мен Рюген аралдары берілді.

Норвегияның қол астындағы Дания, Швецияға берілді.

Англияға Иониттер аралдары мен Мальта беріліп, Азиядағы барлық Голланд иелікері тиесілі болды.

Ресейге, Варшавамен бірге Польша территориялары берілді.

Қасиетті Еуропа одағы құрылды.

Франция тер/сы 1792 ж түрімен қалды.

Германия 38 дербес мем.ден тұрды.

Данияға, Шлезвигтен басқа, немістік Гольштейн берілді

Варшава орнына жаңа Пруссия құрылды. Познань, Гданск, және Торунь Пруссияның, ал Батыс Украина Австрияның иелігінде қалды.

Date: 2016-05-14; view: 4462; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию