Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибелерін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері





Мемлекеттік меншік – өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.

Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік.

. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттің экономикаға қатысуы негізінен экономикалық, нақты айтқанда, фискалды шаралар болып табылады.

Ұлыбритания.Ұлыбританияда жекешелендіру 1979 жылы басталып, қазіргі кезге дейін жалғасуда. 1979-1995 жылдар аралығындағы қаржының басым бөлігін, 97 млрд. доллар шамасында, Бритиш Телеком, Бритиш Гэз, Бритиш Эйруэйз и Бритиш Петролеум сияқты 48 ірі компанияны жекешелендіруден түсірді. Жекешелендірудің британдық бағдарламасының негізгі жетістіктері ретінде:

- бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігі мен табысының артуын;

- акционерлер санының өсуін (1979 жылы тұрғындардың 4%-нан 1999 жылы 25%ға дейін);

- мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік субсидиялардың біршама қысқаруын атап өтуге болады.

Тағы бір ерекшелігі лицензиялау және бағаны бақылаумен, жекешелендірілген монополиялардың бағаны көтеру мүмкіндігін шектеуші ең жоғарғы баға режимін жасақтаумен қатар, жекешелендірілгеннен кейін табиғи монополиялар қызметін реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Франция.Жекешелендірудің француздық бағдарламасы 1986 жылы басталып, келесі әдістерді қолданудан тұрады:

- жекешелендірілген компания қызметкерлері арасында акциялардың бөлінуі;

- акциялардың ірі бөлігінің институционалды инвесторларда орналастыру. Олар бұл акцияларды алыпсатарлық мақсатта қолданбайды, осылайша келешекте акциялардың қор рыногындағы тұрақты жағдайы қамтамасыз етіледі.

Италия.Жекешелендіру Италияда 1992 жылы бірнеше мемлекеттік банктер, сақтандыру компанияларын, өндіріс орындарын, коммуналдық қызмет көрсетуші ірі компанияларды сатудан басталды. Жекешелендірудің негізгі мақсаты – Еуропалық валюталық одақтың талаптарын орындау мақсатында мемлекеттік қарызды өтеу және бюджет тапшылығын жою болды.

Испания. Испаниядағы жекешелендіру бағдарламалары 1982 жылдан бастап қызмет етеді. Жекшелендірудің басым формасы ретінде акциялардың Испандық Қор биржасы және халықаралық капиталдар рыногы арқылы кеңінен сатылуын атап өтуге болады. Үкіметтік стратегиясы мемлекеттік ірі активтерді акциялар шығару арқылы жекешелендіру, ал қайта құру мен технологияларды қажет ететін шағын кәсіпорындарды тікелей жекеге сатуға негізделеді.

Германия. Германияда мемлекеттік үлесті басқарудың басты мақсаты - қосымша ерекшелік мазмұндағы мемлекеттік мақсаттарға қол жеткізу болып табылады. Ондай мақсаттар қатарында:

- еңбек жөніндегі барлық заңнамалардың, салық төлеу жөніндегі міндеттемелердің, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдардың нақты және мерзімінде орындалуы;

- қызметкерлерді жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік мақсаттардың ескерілуі;

- кәсіби кадрларды белсенді оқыту;

- кәсіпорынға тән өзіндік зерттеулер мен өнертабыстар саласында белсенді қызмет жүргізу, сонымен бірге, оған қажетті білікті кадрларды ынталандыру.

Басқарудың американдық бағытының принциптері. АҚШ-ғы басқару жүйесінің негізі «skill» (қолынан келу, дағды) деген түсінік болып табылады. АҚШ-тағы басқарудың жетілдірілуі еңбектің ғаламдық конвейеризациясымен байланысты. Дәл осы конвейер немесе кез-келген үлкен де күрделі міндетті қарапайым, стандартты міндеттерге бөлу орташа адамға барынша тиімді жұмыс атқаруға, ал басқарушыға жоспарлау мен ұйымдастыруда жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қызметтік бағыттың негіздеріне төмендегілер енеді:

- «не нәрсені жақсы жасай алсаң, соған ынта-жігеріңді жұмса» принципі;

- «конструктор» принципі. Дайын тұрған істің бір элементін басқамен алмастыруға немесе жаңа элемент қосуға үйрену:

- тігінен кәсіптік принципі. Ең тиімдісі адамдардың өз мамандығы бойынша жоғарылауы болып саналады.

- еңбек ақы төлеудің социалистік принципі. Еңбек күрделілігімен және ұзақтығымен, біліктілігі және оған қосымша қатаң шектеулі және сағаттық ақымен есептеледі. Бұл схема кәсіби жоғарылаудың американдық жүйесімен сәйкес келеді.

Адамның конвейерге бағынуын білдіретін американдық жүйе, бір жағынан өкілеттіліктерді бөліп беруде басшылар үшін жеңілдік жасайды.

Көптеген Шығыс Еуропа елдерi бұрыннан Экономикалық өзара көмек Кеңесiнiң құрамында болып (қаңтар 1949 ж.), қоғамның тұрмыстық экономикалық негiзi мен саяси құрылымы бiркелкi болуына қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесiнен нарықтық экономикалық өте бастады. Экономикалық жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншiк түрлерiнiң өндiрiс құралдарымен қатынасына, өнеркәсiптiң мамандану түрлерi, халық шаруашылығының ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлi басымды механизмдердi қолдану арқылы, яғни үдемелi қарқындық пен мерзiмдiлiк арқылы, әр түрлi жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргiзу керек. Мiне осы тұрғыдан алға қойған мiндеттердi шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердiң тәжiрибесiн жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргiзуге көшу. Шаруашылық жүргiзудiң бiр түрiнен екiншi түрiне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келiп, келесi ережелерге сүйенуiмiзге болады:

- меншiк түрлерiне қарамастан мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және шаруашылық әрекетiне жағдай жасау;

- мемлекеттiк кәсiпорындарды уақтау, тауар өндiрушiлердi демонаполизацияландыру және монополияға қарсы күрестiң қызметiн күшейту;

- нарық механизмiнiң ерекшелiктерiне байланысты экономиканы басқару құрылымын жетiлдiру;

- қаржы –банк жүйелерін реформалау және бюджеттік инвестицияны қысқарту;

- елдің экспорттық әулетін арттыруда бәсекелестік қабілеті бар өнеркәсіпті мемлекеттік тарапынан қолдану;

- шетел инвестицияларын енгізуде және біріккен өндіріс қызметін қолдауда саяси, құқықтық және шаруашылық жағдай жасау;

- ұлттық валютаның айналымда болуын қолдау және қамтамасыз ету.

Date: 2016-01-20; view: 1086; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию