Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бюрократиялық нарық қағидасы





 

Бюрократиялық нарық- бұл келісімдер экономикасы. Ресей экономисті В. Найшульдің айтуынша, бюрократиялық нарықта әдеттегі тауар мен қызмет көрсетулердің ақшалай нарығына қарағанда тек қана материалдық құндылықтар ғана емес, билік пен бағыныштыларды, қоғамдағы нәтижелерді, жағдайлармен жалпы белгілі бір құндылыққа ие заттардың барлығымен айырбас жасалады.

Кәсіпорындар бұрынғыдай пассивті, жоғарыдан бұйрық алушы болудан қалды- олар ресурстарға тапсырыс беріп, жоғарғы органдардың шешіміне төменнен әсер етіп отырды.

Кәсіпорындар тапсырысы өндірушілерге бұйрық бере алатын жоғарғы органдарға жеткенше иерархиялық саты бойынша жылжып отырады.

Бұйрықтар ресурс талап ететін өндірушілер арасында бөлінеді. Осылайша, төменгі және жоғарғы органдардан саудасы ретіндебюрократиялық нарық пайда болды. Бюрократиялық нарықта кәдімгі нарықтық қатынастарға қарағанда дұрыс ақпарат алу өте қиын. Кәсіпорындар жоғарғы органдарға жолспарды орындамай қою мен қорқыту арқылы оның ақпарат алуын қиындатады. Өз кезегінде жоғарғы органдар әртүрлі қаржыларды қысқарту немесе ұлғайту кәсіпорын басшыларының статусына әсер ету әдістерін қолданады. Осылай жоғарғы және төменгі бөлімдер арасында вертикальді сауда пайда болды. Бірақ, бір деңгейдің бірліктері екіншісімен қарым қатынасқа түсіп, горизантальді сауда дамиды. Ресурстарды бөлудің қалыпты жағдайында бір кәсіпорын өте көп немесе жоғарғы ресурсқа ие болады. Жоғарғы органдардан ресурстарды қайта бөлуді сұрау трашакциондық шығындарды туғызады. Сондықтан кәсіпорында бұл мәселе жоғарғы органдарды араластырмай өзара айырбас арқылы шешеді. Осылай горизонтальды нарық немесе сұраныс накрық пайда болды. Ол бартерлік айырбастың қайнар көзі болатын. Германияда мемлекет және мемлекет қызметкерлерін оқыту тығыз байланыста екендігі ерекше байқалады, қайырымдылық мекемелерді қаржыландыруға, оған субсидия бөлуге мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді, оған мемлекет профиссионал персоналды және аралас профессионалды, бизнесмендерді және қоғамдық басқару қызметкерлерін тартады.

АҚШ та бұған қарама қарсы жағдай мемлекет пен католикшілердің қайырымдылық мекемелер арасында дискриминациялық жағдайда болып қоғамдық субсидия қажеттігі арасында үнемі айтыс- тартыс, талас болып жатады, оны профессионалды түрде нақты, толық анықтамай, көпшілігінде жеке бизнесмендер мен жүзеге асырып отырады.

Осындай айырмашылық бюрократтық форм мен экономикалық жетілдіру теориясын зерттеуге негіз болады. Германияда бюрократтық жетілдіру иерархиялық жолмен, ал АҚШ та стандарттауға көбірек көңіл бөлінді. Германияда экономикалық жетілдірудің қоғамдық тиімділігі бар деп түсіндірілді. Және оны қоғамдық қажеттілік арқылы заңдастырып отырды. Ал АҚШ та өнімділік тиімділігін бизнес принципіне екпін түсірді.

Бұл менеджерлік мекемелердің өтініштері жеке мекемелерге субсидия жасауға жақсы негіз қалады. Негізгі өзгерістің шығуына мемлекет тікелей немесе жанама байланысжасауынан, қаржы бөлу, профессионалдық және идеологиялық басқаруды қолға алу нәтижесіне қоғамдық көзқарас тудыру арқылы иерархиялық жолды жетілдіру жолы мен рынокты стандарттауға жеткізуді, бірыңғай және іскерлікті жетілдіруге діни ұйымдар қатыстырылады (1,2 сурет).

Қоғам қызығушылығына жүгіне отырып иерархиялық тәртіпті, олардың талабын заңдастыра отырып мемлекет сол мекемелер мен тығыз байланыста бола отырып, бюрократтықты жетілдіре түседі.

Мемлекеттік мекемеде иерархиялық тәртіпті орнату арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізгенімен, барлығы клиентпен бірдей қатынас жасау міндеттілігі, жоспардың болашақта дамуына кері әсерін тигізеді. Балалар өзін - өзі силауынан, жеке сезімнен айырылып қалуы мүмкін.

Иерархиялық тәртіп балалардың басын біріктіру емес олардың араларын ашуға, жеке сезімдерін төмендетуге "семья" мүшесі екендігін әлсіретеді.

Қоғам қызығушылығын заңдастырып алып жұмыс істеу жақсы экономикалық эффект бергенімен, діни саналылық кейбір қоғамдық мекемелерден қол үзуге тура келеді. Бюрократияны жетілдіру, стандарттау, іскерлік бір ыңғайлық, құпиялық стратегиясы өмір сүруді жеңіл қамтамасыз еткенімен балаларға ізгілік көрсете алмайды.

Американың жағыдайында балалардың өзін өзі силауы өте төмен дәрежеде дамиды. "Мүмкіндігінше арзанға" деген принцип төңірегіндегі ұйымдастырылған тәртіп, балалардың сезіміне әсер етеді.

Аса қамқорлықты қажет ететін, тастанды ешкім силамайды, деп балалар түсінуі мүмкін. Ұқсастық, пара-парлық және мемлекеттен автономия алудағы коммерциялық емес ұйымдардың күресу тәжірибесі Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдарда нарықтық экономиканы жетілдіруге қолдану пайдалы.

 

 

Date: 2016-01-20; view: 1190; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию