Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары





Экономикалық дамуға аяқ басқан кезеңде елімізде шешімін күтіп тұрған бірнеше мәселелер бар. Оларға экономиканың шикізатқа бағытталуы; әлемдік экономика жүйесінде еліміздің ішіндегі салаарлық және аймақаралық интеграцияның әлсіздігі, ішкі нарықтағы тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылар сұранымының икемдігі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы технологиялық және техникалық деңгейде артта қалуы, ғылым мен өндірістің тиімді өзара байланыстарының үзілуі, ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкциялық жұмыстарға қажетті көлемде қаржының бөлінбеуі т.с.с. жатады. Осы мәселелерді шешу жолдарының негізі ретінде Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдары үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасын іске асыру нәтижелерінде ұлттық инновациялық жүйе құру болып табылады. Бұл жүйенің негізгі элементтеріне ғылыми-техникалық саласы, кәсіпорындардың инновациялық қызметі және инновациялық инфрақұрылым жатады. Әр элементтің атқаратын ролі өте маңызды, бірақ біз алдымен Шағын және орта кәсіпкерлік аясында инновациялық қызметті сипаттап, кездесетін негізгі мәселелерді зерттеп, оларды шешу бағыттарын анықтаймыз [1].

Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. ШОК жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және депрессияны бастан кешіп отырған аудандардың экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады [2].

Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау және әкімшілік реттеу жүргізіліп жатыр.Дегенмен шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпейді. Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде ШОК-тың жетекші ықпалы анық байқалмай келеді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолы болып кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кеңінен қарастыру ғана емес, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану да табылады. Дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ-нің 60 пайызы және халық шаруашылығындағы жұмысбастылардың 50 пайызы тиісті [3].

Қазақстанда 2013 жылы ЖІӨ 31 422,7 млрд.теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 17 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 20 пайызға жеттеді деп болжануда. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш мүлдем басқаша сипат алған. Жапонияда 52 пайызды құраса, АҚШ-та 53 пайызды, ал Италияда 70 пайызды құрайды [4].

· 2013 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 9019,7 млрд. теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 73,1 пайызды, шаруа (фермер) қожалықтары – 18,9 пайызды, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 7,0 пайызды, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 1,0 пайызды құрады [5]. Сонымен қоса, өзге де ШОК-тың негізгі көрсеткіштерін келтірілген кестеден көруімізге болады.

· 2013 жылғы мәлімет бойынша ШОК-тағы белсенді субъектілер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұрса, ең төменгі көрсеткішті Алматы облысы көрсетуде. Сәйкесінше жұмыспен қамтылғандар саны мен өнім шығарылымы бойынша Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының көрсеткіштері жоғары.

Шағын және орта бизнесті дамыту – мемлекетіміздің даму кепілі. ҚР Пезидентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясында, шағын және орта кәсіпкерліктің маңызын көрсете отырып, былай делінген: «Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек» [6]. Осы орайда елімізде көптеген шаралар жүзеге асуда.

 

Date: 2016-01-20; view: 1144; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию