Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мемлекеттік меншікті басқарудың өңірлік органдары





Мемлекеттік меншік – өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.

Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік.

ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды.Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады
Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді.Республикалық мүліктің құрамына:
1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:
республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік;
2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi өз құзыретiнiң шегiнде республикалық меншiк, жекешелендiру объектiлерiн басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi салаларында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады. Комитеттің негiзгi мiндеттерi мыналар:

республикалық меншiк және жекешелендiру объектiлерiн басқарудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;

- республикалық меншiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтарын iске асыру;

- заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiк объектілерiнiң мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылау;

- республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру және республикалық меншiктi сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;

- экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi болып табылады.

 

 

Date: 2016-01-20; view: 1082; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию