Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Грамматикалық түсініктеме





Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология дейміз. Терминологияны толықтыратын, әрі дамытатын-салалық терминдер. Қазақ тіліндегі кірме терминдер қазақ терминологиясының, лексикасының едәуір бөлігін құрайды. Қазақ терминологиясының қорына негізгі екі бағытта кірме терминдер енеді:орыс тілі терминдері және халықаралық терминдер.

Тапсырма №4.Термин мәселесі туралы өз пікіріңізді білдіріңіз

 

«Біріншіден, өз басым түбірі латын, грек тілдерінен алынып, Еуропа тілдерінің бәріне сіңісті болып кеткен термин сөздерді сол күйінде қалдырған жөн деп есептеймін. Екіншіден, түбі таза орыс, славян тілдерінен алынған сөздерге міндетті түрде қазақша балама табуға болады деген пікірмен келісуге болады. Үшіншіден, әрбір терминді бекітуде оның орыс, түрік, Еуропа тілдеріндегі нұсқаларына салыстырмалы талдау жасап, қазақ тілінің тілдік нормасына сәйкесін ғана қабылдаған жөн. Төртіншіден, қазақ тілінің термин жасау мүмкіндігі тарылған жағдайда туыс тілдердің, яғни түркі тілдерінің терминдері ескерілген жөн. Бесіншіден, терминнің қазақ тіліндегі бірінші кездескен баламасымен шектеліп қалмай, онымен ұялас, іргелес сөздердің мағынасын, реттік жүйесін тұтас қамтыған жөн»

Мұхтар Құл-Мұхамед «Егемен Қазақстан» газеті

 

«Аударуды қажет етпейтін терминдерді қазақшалаймыз деп қателіктерге ұрыну жиі ұшырасады. Мәселен, эпонимдерді аударудың еш реті жоқ. Алгоритмді бағдаржол деп аударудың ешқандай қисынға келмейтіні анық. Алгоритм адам аты-«әл-Хорезми», сондықтан оны аударудың қажетсіздігі өзінен өзі түсінікті. Бұл жөнінде айтылып та жазылып та жүргеніне қарамастан бағдаржол терминін қалыптастыруға ұмтылушылар бар»

Ш. Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор «Терминологиялық хабаршы»

 

Тапсырма № 4.Өз ойыңызды айтыңыз

 

1.Сәтсіз аударылған терминдер:

Телефон-сымтемір, радио-үнжария, директор-мүдір, министр-уәзір, тираж-ұзынсан, техника-жасалым, рецепт-ішірткі.

2.Тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жүрген терминдер:

Мәртебе-статус, сынып-класс, мәтін-текст, әлеует-потенциал.

3.Әр сөздікте, әр түрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып жүрген терминдер:

Спонсор-демеуші, мияткер, қолдаушы; ткань-ұлпа, тін; клетка-жасуша, торша т.б.

Тапсырма №5 Мәтіннен туынды зат есім, туынды сын есімдерді теріп жазыңыздар.

 

Тапсырма №6. Тест жұмысы.

1.«Әлеуметтік» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Қажеттілік» сөзінің аудармасы:

а) необходимость

ә) действия

б) понятия

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) тұлғалар

ә) электроқыздырғыш

б) нөмірлері

4.«Негізгі заң» тіркесінің аудармасы:

а) основной закон

ә) основное положение

б) основной вопрос

 

Тапсырма№7. Ұялы телефондар, тоңазытқыштарға жарнама дайындаңыз.

 

Тапсырма№8. «Диод», «лазер», «транзистор», «қондырғы», «талшықты-оптикалық кабель» деген термин сөздердің мағынасын анықтап, жаттау.

 

Тапсырма№9.Термин сөздерден сөздік жасаңыз

 

Мысалы: құрылғы-

желі-

 

Date: 2016-02-19; view: 962; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию