Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Компьютерді қолдану қажеттілігі неде?





Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі оның жоғары жұмыс өнімділігінде. Егер компьютерді есептеу, мәліметтерді өңдеу және мәтіндерді қағазға басып шығару мақсатында пайдалансаңыз, бір сағат көлемінде көп жұмысты бітіресіз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 қатарға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 қатар баса алады, яғни бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз. Компьютерді пайдаланудың екінші себебі-ол арнайы мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Дайындығы жақсы маман минутына 250 сөз оқиды, ал компьютер 1000 000 сөз оқи алады. Мысалы, Чикаго қаласының телефон анықтамалығы 788 000 адамдар атынан, ал адрестар мен телефон нөмірлерін қосса, 32 000 000 қатар мәліметтен тұрады. Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал орта мүмкіндікті компьютер оны 30 секундта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады. Компьютерді пайдаланудың үшінші себебі-оның дәлдігі мен ұқыптылығы. Егер біз компьютерге қатесіз, дұрыс анықталған нәтижелер аламыз. Кейде адамдар компьютер қате нәтиже берді деп айтады. Бұл жағдайда қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс берілмегенінен немесе оны өңдеу бағдарламасының қате болғанынан екенін айту керек.

 

Сөздік

Мәтін-текст

Жылдамдық-скорость

Өңдеу-обрабатывать

Мүмкіндік-возможность

Дәлдік-точность

Нәтиже-результат

Қате-ошибка

Бағдарлама-программа

Ұқыпты-аккуратно

Күрделі-сложный

 

Тапсырма 1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер

1.Компьютерді қолданудың себептері қандай?

2.Орташа мүмкіндікті компьютер минутына неше қатар сөз баса алады?

3.Бір компьютер неше адамды алмастыра алады?

4.Дайындығы мол адам минутына неше сөз оқиды?

5.Компьютер минутына неше сөз оқиды?

6.Компьютер адамға зиян келтіреді ме?

 

Тапсырма 2.Берілген тіркестерді аударыңыздар

 

Компьютерді пайдалану, мәліметтерді өңдеу, өңдеу бағдарламасы, талаптарды қанағаттандыру, дербес компьютерлер, телефонның қызметтері.

 

Тапсырма 3.Шашылған сөздерді орын тәртібі бойынша құраңыз

Жол, электрониканың дамуы ХХ ғасырдың 70 жылдарында, ашты, компьютердің, жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді, жаңа түрін шығаруға. Қазір,кеңінен, қолданыла бастады, олар. Оқуда, жұмыста, жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді, болады, басқа көптеген, және мақсаттарда пайдалануға.

 

Тапсырма №4. Тест жұмысы.

1.«Ұқыпты» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Мақсат» сөзінің аудармасы:

а) цель

ә) предложение

б) ответ

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) радиоберу

ә) қолдану

б) саласы

4.«Жүйену жаңарту» тіркесінің аудармасы:

а) обновлять систему

ә) обновлять вопрос

б) обновлять текст

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1713; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию