Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жедел әрекетті дербес компьютерлер





Жедел әрекетті компьютерлер-шағын, әрі портативті құрылғылар. Олар офистік үстелдегі компьютерде қолданылады және компьютерлік индустрияның тез өсетін сегментін білдіреді. Laptop тобының жекеленген және аз өлшемді компьютерлері болады. Ноутбуктар, субноутбуктар, қолда (palmtops) және қалтада (handholds) ұстайтын компьютерлер, әрі органайзер, пейджер және ұялы телефонның қызметтерін қосатын дербес цифрлық секретари (personal digital assistans)-осының бәрі кеңінен таралған, жаңартылған компьютерлер болып пайдаланады. Сарапшылар осы дербес компьютерлердің тез өсуін жорамалдайды. Laptop тобының компьютерлері портативті болса да, бірқатар ыңғайсыздықтарды туғызады. Олар негізінде столдың үстінде жұмыс істейді, ал жаңа компьютерлер жұмыс процесінде орын ауыстырып жүріп пайдалануға ыңғайлы болу үшін жобалаған. Клиенттермен кездесетін сауда бөлімінің жетекшілері, өндірістік жиналыстарды жобалайтын инженерлер, зертханалық өлшеулердің мәліметтерін тіркейтін зерттейшілері, госпитальда ауруларды айналып өтетін медбикелер мен дәрігерлер, бұзылған зерзаттарды тексеріп байқайтын, қорларды басқаратын қойма қызметшілері және жүргізуші, сот мәжілісі уақытында деректерді қалпына келтіретін адвокаттар, осының бәрі жаңа дербес компьтерлерді пайдаланса, көп уақытын ұтар еді. Дербес компьютерлер адам жүргенде және тұрғанда жұмыс істей береді. Пайдаланушыға бір қолымен компьютерді ұстап жұмыс істеуге, екінші қолымен ұялы телефонды немесе блокнотты, папканы ұстауға болады. Бұны Laptop компьютерлерімен істеу мүмкін емес. Олармен жұмыс істейтін талаптарды қанағаттандыруға және ыңғайлы болу үшін дербес компьютерлер, жұмыста қарапайым, берік, жеңіл, әрі кішкентай болуы керек.

 

Сөздік

Жаңарту-обновлять

Дерек-сведения

Қанағаттандыру-удовлетворять

Талап-требование

Сарапшы-аналитик

Қор-фонд, запас

Ыңғайлы-удобный

Зертхана-лабаротория

Қарапайым-простой

 

Тапсырма 1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

 

Тапсырма 2.Сөздерді сөз құрамы бойынша талдау

 

Сарапшылар, олармен, ұялы телефонның қызметтері, сауда бөлімінің жетекшілері, өндірістік жиналыстарды жобалайтын, деректерді қалпына келтіретін.

 

 

Тапсырма №3. Тест жұмысы.

1.«Қанағаттандыру» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Зертхана» сөзінің аудармасы:

а) удобный

ә) исследование

б) лабаротория

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) радиолокация

ә) мамандық

б) жүйелерді

4.«Маманның қызметі» тіркесінің аудармасы:

а) должность специалиста

ә) профессия специалиста

б) национальность специалиста

 

 

Date: 2016-02-19; view: 500; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию