Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Артикль анықтамасы. Мысал келтіріңіздер





Артикль (лат. Articulus - мүше) - белгілі және белгісіздік мағынасында жұмсалатын көмекші грамматикалық элемент. Артикль типологиялық және генетикалық жағынан әр түрлі тілдерде кездеседі: герман, кейбір славян (болгар, македон), семит, полинезия, венгр т.б. тілдерінде. Артикль саны тілдерде әр түрлі: түрік тілінде бір белгісіздік артикль кездеседі; екі артикль көптеген тілдерде, ал румын тілінде, үш артикль бар. Референциялық немесе анафоралық функцияны жүзеге асыра отырып, белгілі артикль алғаш көзге түскен затты нұскайды. Белгісіз артикль бұрын ерекше көрсетілінбеген қандай да бір затты, алғаш айтылған затты сілтейді. Белігілі артикль сілтеу есімдігінен, белгісіз есімдіктен немесе бір сан есімінен бастау алған. Препозитивті артикль зат есімнің алдында, постпозитивтік артикль зат есім/зат есімнен кейін келеді. Артикль ағылшын тілі грамматикалық формалары болмауы мұмкін. Көпше тұрде грек, албан тілдерінде септіктер бойынша түрленеді.

Артикльдер – зат есімдердің алдына қойылатын қызметші сөздер. Ағылшын тіліндегі артикльдер затқа қосымша сипаттама береді, яғни, қосымша ақпарат беріп тұрады.

Қазақ және орыс тілдерінде артикльдер жоқ.

Ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгілілік артиклі (the definite article) және белгісіздік артиклі (the indefinite article). Бұл екеуінен бөлек, артикль қойылмайтын кездердегі бос орынды Zero article (нөл артикль) деп атайды.

The indefinite article: a (an)

A (an – дауыстылардың алдында) артиклі көне ағылшын тіліндегі An (бір) деген сөзден шыққан. A артиклі өзінен кейін тұрған заттың көп заттың ішіндегі бір зат екендігін білдіреді. Ол зат көп заттардың арасындағы кез-келген біреуі болуы мүмкін. Ол зат жайлы алдын-ала айтылмаған. Әңгімелеуші адам алғаш рет айтып, таныстырып отыр.

Мысалы:

I am a student (Мен – студентпін). Көп студенттің бірімін. Егер мен студенттердің арасындағы ерекше студент болсам, онда басқаша айтылған болар еді.

This is an apple (Бұл – алма). Адам санап болмайтын алмалардың біреуі ғана. Ол алманың нақты қандай алма екендігі туралы ештеңе айтылып тұрған жоқ.

Байқасаңыздар, белгісіздік артикльдеріне келтірілген жоғарыдағы мысалдарда студент пен алма жайлы ешқандай тура дерек, сипаттама, ақпарат жоқ. Тек студент екендігі алма екендігі ғана айтылды. Ал қалған ақпараттар мәлім емес. Мысалдардан белгісіз студент пен белгісіз алманы ғана білдік.

Ескерту!

Белгісіздік артикльдері тек жеке түрдегі зат есімдердің алдына қойылады. Көпше түрдегі нұсқасында артикль түсіп қалады. Мысалы:

I am a student. | We are students (Біз – студентпіз).

The definite article: The (зэ)

The белгілілік артиклі ағылшын тілінде көнеден келе жатқан that (анау, әлгі) нұсқаулық артиклінен шыққан. The артиклі заттардың барлық (жекеше/көпше) түрлеріне қолданылады.

Белгілілік артиклінің қолданылуы:

1) Сөз (әңгіме) белгілі зат жайында болғанда

Мыс.: Where is the bag (Сөмке қайда?)? Бұл жердегі сөмке деп отырғанымыз белгілі сөмке. Ол менің немесе сіздің сөмкеңіз екендігі анық.

2) Зат есімдер асырмалы шырайда тұрса (мыс: Ең күшті, ең …), алдында реттік сан есімдері болса

Мыс.: What is the longest river in Kazakhstan (Қазақстандағы ең ұзын өзен қандай)?

Satpaev is the first geologist in our country (Сәтбаев – еліміздегі ең алғашқы геолог).

3) Географиялық атаулардың (тау, теңіз, көл, өзен т.с.с. атаулары) алдында

Мыс.: The Caspian sea, the North, the Indian ocean, the Alatau mountains

4) Өзінің тобының (өзіне ұқсас заттардың арасында) жалғызы ғана болатын зат есімдердің алдында

Мыс.: The Nile is the longest river in the world (Ніл – әлемдегі ең ұзын өзен). Ніл өзені ғана әлемдегі ең ұзын өзен. Одан ұзын өзен жоқ.

5) Кейбір сөз тіркестерінде

Мыс.: in the morning, in the afternoon

Zero article (Нөл артикль)

Zero article дегеніміз ешқандай артикль емес, жай ғана бос орын. Нөл артикльдің қолданылуы, яғни, ешқандай артикль қолданылмайтын жағдайлар:

1) Жинақтық, жалпылай айтылатын зат есімдердің алдында

Мыс.: Crime is a problem in most cities (Қылмыс – көптеген қалалардағы мәселе). Қылмыстың қандай түрі екендігі айтылмайды. Жалпы алғандағы қылмыс жайлы айтылып тұр.

Life is good (Өмір жақсы). Өмірдің де түр-түрі болмайды. Жай ғана түсінік.

2) Ел-жер, адам аттарының алдында

Мыс.: Mr. Mamyrov, Astana, Kazakhstan, China

Ескерту!

Отбасыны немесе әулетті фамилиясына байланысты атаса, онда The артиклі қойылады. Мысалы: The Johnsons (Джонсондар отбасы немесе әулеті)

3) Жыл мезгілдерінің, ай аттарының және апта күндерінің алдында

Мыс.: Autumn is rainy. July is the hottest month. We don’t work on Saturday.

Кеңес

Егер зат есімнің алдына қандай артикль қою керек екендігін ажырата алмасаңыз, сол зат есімді «кез-келген», «көптің бірі» деген сөздермен байланыстырып, оқып көріңіз. Егер логикаға сай тіркес шықса, онда a (an) артиклі, ал «әлгі», «нағыз», «ең» деген сөздермен байланыстырып оқығанда ақылға қонымды тіркес пайда болса, онда the артиклі қойылады.








Date: 2015-06-05; view: 1432; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию