Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөз аудармасы





Ағылшын тілінен аударма барысында өз ана тілімізден ағылшын тіліндегі сөзге мағынасы жағынан жақын болатын сөзді тауып алуымыз керек. Аударма теориясында мұндай сөз лексикалық немесе сөздік сәйкестік деп аталады. Лексикалық немесе сөздік сәйкестікті дұрыс қолдану үшін сөздер арасындағы мағыналық байланыстардың келесі түрлерін айыра білуіміз керек:

· Ағылшын және орыс тілдеріндегі сөз мағынасы бір біріне толықтай сәйкес келеді. Контекстен тыс, ағылшын тіліндегі сөз мағынасы бірдей баламамен (эквивалентпен) беріледі. Ондай сөздерге жалқы есімдер, сын есімдер, жер – су аттары, күн, апта, ай атаулары, ғылыми және техникалық терминдер ижатады. Мысалы: Canada, twelve, Tuesday, inflation, т.б. Егерде ағылшын тіліндегі сөз ана тіліміздегі бірнеше сөздерге сәйкес келсеб онда біз нұсқалық (варианттық) сәйкестікпен кезігеміз. Бұл сөздер арасындағы мағыналық қатынастардың ең көп тараған түрі. Керекті нұсқаны таңдау өте қиын, сондықтан аудармашы контекст рөлін, яғни берілген сөздің қандай аймақта кездесіп тұрғанын ескеруі керек. Мысалы, ағылшын тіліндегі variability сөзіне орыс тіліндегі изменчивость (өзгеріс), вариативность (түрлілік), неустойчивость (тұрақсыздық). Мысалы:

Variability of temper – көңіл ө күйдің өзгеруі

Data variability – мәлімет түрлілігі

Variability of prices – баға тұрақсыздығы

Ағылшын – орыс сөздіктерінде сөздердің бірнеше мағыналары бар, тіпті дұрыс таңдалған мағынаның өзі де аударма барысында мағынаны беруде қиындықтар туғызады. Мысалы: I am happy to be involved in this project cөйлеміндегі involve сөзінің 7 мағынасынан ішінде тек ғана вовлекать (қызықтыру, тарту) сөзі сәйкес келеді. Егер оны мен мына жобаға тартылғаныма қуаныштымын деп аударсақ қате болар еді. Сондықтан да мағынаны толық беру үшін оны былай аударған жөн болар: Мен бұл жобаға қатысқаныма қуаныштымын. Ағылшын тіліндегі сөздердің көбісі көпмағыналы және де мұндай сөздерге орыс тілінде бірнеше мағыналарға сәйкес келуі мүмкін, бірақ мағыналар бір-бірінен ерекшеленеді. Көпмағыналы сөздерді аудару үшін ең алдымен керекті мағынаны табу керек содан кейін сол мағына барысында берілген контексте сәйкес нұсқалық сәйкестікті іздеу керек. Сөздіктерде rate сөзінің 14 мағынасы бар. Әр мағынасында бірнеше нұсқалық сәйкестіктер бар, ал олардың өздері де нақты нұсқаларға бөлінеді. Мысалы: қойылым, тариф, баға, бағам. Арнайы мәтіндерді аудару үшін арнайы сөздіктерді қолдану керек. Кері аудармада орыс тіліндегі сөздердің ағылшын тілінде бірнеше сәйкестіктері бар. Мысалы:

Open – (кітапты, терезені)

Discover – (жаңа жерлерді)

Reveal - (құпияны)

Лексикалық сәйкестік. Аударма практикасында грамматикалық ауыс-р* әдетте лексикалық ауыс-р* мен бірігіп жатады. Көп жағдайларда сөйлемнің конструкциясын өзгерту грамматикалық себептерге емес, лексикалық себептерге байланысты болып жатады. Сөйлемнің коммуникативтік мақсаты бәрінен бұрын сөзді немесе бірнеше сөздерді мұқият таңдауды талап ететіндіктен, аудармада сөйлемнің дәл және дұрыс бейнесін беру үшін аудармалық міндетті шешу сонымен бірге сөздердің формасын, яғни оның грамматикалық категориясын дұрыс таңдауға да байланысты болады, ағылшын тілінің зат есімін қазақ тілінің етістігімен ауыстыру аудармада бүкіл сөйлем құрылысын өзгертуге алып келуі мүмкін.

Әр түрлі системадағы тілдер арасындағы грамматикалық сәйкестіктер көп жағдайларда ауыспалы факторларға байланысты болатын тек қана функциональды бола алады. Аудармада тіпті барлық факторларды ескертетін тиімді сөйлем структурасы табылған күнде де сөйлемнің ең дұрыс, жақсы орын тәртібін қалай таңдау керектігі жайлы сұрақтар туындауы мүмкін.

Орыс тілі мен ағылшын тілінің синтактикалық конструкциясының арасындағы ұқсастық кейде сөзбе-сөз аударуға, яғни сөйлемнің структурасын, сөздердің орын тәртібін өзгертусіз аударуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір факторлардың әсерімен аудармашының грамматикалық өзгертулерге жүгінуіне тура келеді, яғни аудармашы сөйлемді жартылай немесе толықтай қайта құруына немесе сөйлем мүшелерін ауыстырғанда, сөз таптарын ауыстыруға тура келеді. Кейде грамматикалық өзгерту тіпті ұқсас структуралар болған күнде де қажет болады.

Грамматикалық форма мен синтактикалық конструкция аударма процесі кезінде олардың лексикалық толығуынсыз жеке бола алмайды. Ағылшын текстерін аудару барысында, ол әдеби, публицистикалық болсын тіпті газеттік болсын, сөйлемнің грамматикалық структурасынан гөрі жекеленген сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашуға көп уақыт кетеді.

Көп жағдайларда ағылшын тілі мен орыс тілінің синтактикалық конструктуралары бір-біріне ұқсас болғандықтан аудармада көп қиындық келтірмейді. Аудармашы үшін тек ағылшын және орыс тілдерінің кейбір структуралары қиындық келтіреді. Олар қосымша ішкі семантикалық және стилистикалық қасиеттері бар синтактикалық конструкциялар. Мұндай структураларға ағылшын тіліндегі абсолютті конструкциялар жатады.

Аудармада синтактикалық конструкцияларды берудің функциональды принципі сөйлемнің семантикалық және экспрессивті –(бейнесі) негізделеді. Сөйлем формасы, типі жағынан европалық тілдер бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан аудармада ағылщын тілін жақсы білетін аудармашы үшін ағылшын тілінің орыс тілінде синтактикалық конструктураларын, атап айтқанда герундийлік комл-ді* аудару өте-мөте қиындық келтіре қоймайды.

Бірақ ішкі қосымша функциясы яғни мағыналық немесе экспрессивті стилистикалық функциясы бар синтактикалық структураларды аудару қиындық келтіреді.

Грамматикалық трансформация – сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшелерін немесе грамматикалық конструкцияларды өзгертіп, ауыстырып қолдану тәсілі. Ең көп тараған грамматикалық трансформациялар: синтактикалық ұқсау, (уподавление), сөйлемді бөліп аудару, бір немесе бірнеше сөйлемді біріктіріп бір сөйлем арқылы беру тәсілдері.

Сөйлемді мүшелерге бөлу аудару тәсілі – оригинал сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп баяндауышты структуралармен қайта жасау тәсілі. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді күрделі екі немесе одан да көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға мүмкіндік береді:

The annual surveys of the Labour Government were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers.

Лейбористік өкімметің жыл сайынғы жасайтын шолуы ешбір кезеңде жұмысшылар арсында талқыланған емес. Олар тек қана кәсіпкерлер арсында талқыланатын.

Сөйлемдерді біріктіру тәсілі – оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру арқылы аудару:

That was a long time ago. It seemed like fifty years ago.

Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінді.

Date: 2015-06-05; view: 4886; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию