Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теория: Аударма техникасы. Аударма процессін модельдеу, аударма бірлігі туралы түсінік





Аударма техникасы. Аудармашы алдымен мәтінді жеке бөліктерге бөліп аударады. Бөліктердің ұзақтығы түрлі тілдер мен жеке аударма түрлерінде бірдей емес көп жағдайда аударма процесіндегі минималды бірлік мәтінге бір түсініктеме береді. Егер мәтінде белгілі бір түсініктеме беруге ақпарат жеткіліксіз болса, және оған мәтіннің басқа бөліктерімен танысу қажет болса да, аудармашы осы бөлікті аудармай басқа бөлікке көшпейді. Мысалы мына мысалда аудармашы екі бірдей сөйлемді біріккен сөйлемге айналдырады:

One of the fundamental aspects of the greatly strengthened United States imperialism following World War 1 was its fightening grip upon the other countries of the Western hemisphere.This was especially the case in Latin America.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ империализмінің экономикалық өсуі болып оның батыс елдеріне өз үстемдігін нығайтуы болды, әсіресе Латын Америкасында.

Ал ауызша аудармада аудармашы мүлдем басқаша тәсілдерді орындайды.

Бір жағынан ілеселі аудармада аудармашы ақпараттың бірнеше аспектілерін есте сақтай отырып, оратордың сөзінен кейін аудара бастайды. Екінші жағынан, синхрондық аудармада түпнұсқадағы ақпаратты бір мезгілде аударуды талап етеді. Сондықтан да аудармашы ақпаратты алғаннан бастап оны аударуға әрекет жасайды. Аударма процесіндегі бірліктердің көлемі айтылу бөліктерімен анықталады.

Аударма процесінде аудармашы әрқашан аударылатын тіл мен аударылатын тілдік бірліктерді салыстырып отырады. Аударылатын тілді қолдана отырып аудармаштүпнұсқаның мағынасын түсінеді, аударылған тілдің көмегімен мәтінді аударады.

Осыған байланысты аударма процесінде бір-бірінен өзгешеленетін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңге аудармашының түпнұсқадан ақпаратты алу әрекеті жатады. Екіншісіне- аударылған тілде жасалынатын барлық қажетті әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады.

Ақпаратты алу кезеңі түпнұсқаның мағынасын түсінумен анықталады. Яғни бұл кезеңде аудармашы түпнұсқадағы барлық ақпаратпен танысып, оның толық мән-жайын түсінеді. Содан кейін аударуды бастайды. Кейде мәтіннің мазмұны күрделі ақпараттық жүйеден тұруы мүмкін, сондықтан да аудармашыдан ойлау қабілетінің жоғары болуы талап етіледі.

Аудармада түсінік ұғымын екі жолмен анықтауға болады: түпнұсқаның мағынасына жалпы қорытынды жасау мен аударылатын тілдің құрамын жасау. Аудармашы аудармның мазмұнын жете ұғынып, оны аудармада дәл жеткізу қажет.мысалы, мына сөйлемде:It is important to get clear which are the structural and instutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resources.ағылшынның құрушысына (рецептор) institutional сөзінің нақты мағынасы қажет емес, себебі бұл сөз басқарма, көпшілік, жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы мағынасыз жеткіліксіз, өйткені ол түпнұсқаның нақты мағынасын жеткізе білуі керек.

Мына сөйлемді аударғанда аудармашыда бірнеше қиындықтар туындауы мүмкін:Since F.D. Roosevelt was baited and frustrated by the right and adopted by the left, his political ego was enlisted in support of the popular view. Мұнда аудармашы baited, frustrated, adopted етістіктерінің айтылу мақсаттарын және his political ego –сөзінің нақты мағынасын беруі керек.

Соңғы болып аудармашы түпнұсқаның синтаксистік құрамасын талқылайды.Тhe level of future supplies depends on the farmers decisions taken well in advance and not always on the best information and advice. Бұл сөйлемде айтылу мақсатына қарай көмекші сөз on жалғанып тұр. Егер to depend етістігін басшылық етсе онда сөйлемнің аудармалы болашақтағы қойылым ең дұрыс ақпараттар мен кеңестен емес, шаруа қожалықтарының шешіміне байланысты байланысты болады. Егер екінші көмекші сөз on сөйлемнің басты мағынасы ретінде қолданса to take a decision on the best of information. Онда сөйлемнің мағынасы, болашақтағы қойылым ұзақ уақыт бойы шешілген ең дұрыс кеңестер мен ақпараттардың негізінде шаруа қожалықтарының төрайымдары арқылы шешіледі.

Аударма процесіндегі екінші кезең – аударылатын мәтін құрастыру үшін тілдік бірліктерді кездестіру және бұл жерде аудармашы тұрғысынан аударылған тіл кәдімгі тілдік қарым-қатынастардан өзгешеленеді. Бұл жерде аударылатын тілдің нормасына байланысты емес, екінші бір аударылатын мәтіннің ерекшеліктеріне байланысты.

Түпнұсқаның мағынасын баламалы түрде берілуінде аударылатын тілде ешқандай шектеулілік болмайды: аударма түпнұсқа мәтіннен жиі қолданылатын құрамымен, түпнұсқаның аналогиялық құрамы, жасанды тілдік бірліктердің көп мөлшерімен, лексикалық бірліктермен, түпнұсқада жиі айтылатын сөздерді қолдануымен ерекшеленеді. Ағылшын-орыс аудармаларында кейіпкерлер әулие Георгидің атымен ант береді. Бірақ айтқан уәделерінде тұрмайды. Кейде орысша мәтіндерде ағылшын тіліне сәйкес келмейтін сөздер бар оларға: барбос, безлюдье, даль, ежовый, исстари және т.б.Егер аударылатын тілде тарихи осы шақ қолданылмаса немесе жиі қолданса, орыс тіліне аударуда бұл формалар жиі кездесетін болады. Аударылатын тілдің көптеген аударма актісінің нәтижесі бойынша өзіндік жүйе қалыптасады.

Аударма процессін модельдеу. Нақты аударма процесі аудармашының миы арқылы орындалады және оны тікелей бақылап, зерттеу жасау қиын. Сондықтан аударма процесін зерттеу жанама жолмен әртүрлі теориялық модельдердің көмегімен, яғни аз не кем мөлшердегі жақындықпен аударма процесін толықтай немесе оның белгілі бір жағын сипаттайтын теориялар арқылы жасалады. Аударма моделі деп аудармашының бірқатар ойлау операцияларын орындай отырып бүкіл түпнұсқаның немесе оның кейбір бөлігін аударуын шартты сипаттауды айтады. Лингвистикалық аударма теориясында аударма модельдері тілдермен тілдік бірліктердің ой операциялары түріндегі аударма процесін білдіреді, яғни таңдау оригиналдың тілдік ерекшеліктерімен және аударма тіліндегі сәйкес құбылыстармен анықталатын лингвистикалық операция дегенді білдіреді. Аударма моделі шартты түрде болады, себебі аударма мәтінін жасау процесіндегі аудармашының шын әрекетін міндетті түрде бейнелемейді. Өзінің практикалық жұмысында аудармашы бізге белгілі аударма модельдерінің ешқайсысымен сәйкес келмейтін қандай-да бір жолмен қажетті нәтижеге жете алғанмен де, мұндай моделтдерді білу оған кейбір қиын аудармалық міндеттерді шешуге көмектеседі.

Аударманың ситуацялық моделі түсіндіру күшіне ие. Ол аударма процесін бара-бар сипаттайды, яғни аударма тілінде коммуникативті тең мәтін жасау үшін аудармада бастапқы тілде қандай ситуация сипатталса соны аударма тілінде жеткілікті мөлшерде көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, осы модельдің көмегімен ситуацияға ұқсас деңгейдегі эквиваленттілікке жетуге болады. Ситуациялық модель негізінде мынадай үш түрлі жағдайда болады: 1) эквивалентсіз лексиканы аудару кезінде; 2) оригиналдағы суреттелінетін ситуация бірмезгілде аударма, вариантын анықтаған кезде; 3) оригиналды немесе оның қандай да бір бөлігін түсіну және аудару хабарда қолданылған тілдік бірліктердің мағынасына еңбейтін ситуацияны анықтаусыз мүмкін болмаған жағдайда. Бастапқы тілдің эквивалентсіз бірліктерінде дайын сәйкестік болмағандықтан мұндай бірліктерге кез-келген окказиональды сәйкестіктерді жасау тәсілі ситуацияны еске алумен

байланысты. Тіпті аударылатын сөзге немесе сөз тіркесіне жасалынған сәйкестіктер (транскрипция немесе калька) бүкіл ситуацияны анықтау негізінде таңдалынады:

The plan is to use a system called “dense pack” which would put the missiles into a narrow strip 14 miles long and one mile wide.- План предусматривает использование системы, именуемой «плотная упаковка» при которой ракеты размещаются на узкой полосе длиной 14 миль и шириной в 1 милью.

Осы тәсіл көптеген жағдайларда аудармада қолданылады.

Keep off the grass. – По газоном не ходить.

To sit up late. – Поздно лечь спать.

To swallow the bait. – Попасть на удочку. Орыс тілінде бұл сөз тіркестерін басқа жолмен беруге болса да, әдетте ситуацияға жүгіну аудармашыға дұрыс аударма жасауға көмектеседі.

Stop, I have a gun!- Стой, я буду стрелять! Және орыс тілінде қолданылмайтын «Стой, у меня ружье!» сипатталынатын ситуацияға жүгіну мынадай жағдайларда аударма вариантын таңдауда сөйлемдегі мазмұн жеткіліксіз болған жағдайда шешуші роль атқарады.Біз келген ситтуацияны егжей –тегжейлі сипатталмайтынын білеміз және оның белгілерінің жиынтығын белгілеу арқылы болатынын білеміз.Сонымен бірге аударма вариантын таңдау кейде берілген ситуацияның шын мәніндегі әрекетте болатын басқа,бірақ түпнұсқада қолданылған ситуацияны білдірмейтін белгілеріне байланысты болады.Бұл жағдайда аудармашы берілген ситуация жайында мәліметтер іздестіре отырып аударады.Қарапайым мысалды қарастырайық. Мысалы: бізге мынадай ағылшын сөйлемін аударуымыз керек:

Her aunt must be made to tell then about it. Бұл сөйлемнің жалпф мазмұнын түсіну қиын емес, бірақ aunt зат есімімен made етістігіне орыс тілінің сәйкестікті таңдау қосымша хабарды талап етеді. “aunt” – тетя, тетушка, тетка болуы мүмкін, ал “must be made” – заставить, убедить немесе попросить дегенді білдіруі мүмкін. Бұл сұрақты шешу үшін, шын мәнінде қандай адамдар туралы сөз болып отыр, олардың арасындағы қатынас қалай, осы туысқан адам туралы тиісті хабар алу үшін қандай тәсіл қолдану керектігін анықтап алу қажет. Нақты ситуация жайлы керекті мәлімет кейде әртүрлі әдеби кітаптардан немесе әртүрлі справочниктерден алынады. Мысалы, мына мысалда аудармашыға Англияның тарихының негізін білуге тура келеді.

Cromwell and Bradshaw not the guide man, but the King Charles’s head man likewise sojourned here. (J.K.Jerome). асты сызылған сөздерді аудару тек аудармашыға Дж. Бредшоның Англияда Карл І-шіні өлім жазасына кескен соттың председателі болғанын білген жағдайда ғана мүмкін болады. Мәтінде өзіне не тар шеңбердегі немесе кең шеңбердегі контекст guide man және King Charles’s head man сөз тіркестерін дұрыс түсіндіруге көмектесе алмайды. Сөйтіп, аударманың ситуациялық моделі аударма процесінің кейбір маңызды жақтарын дұрыс бейнелейді және аудармашының шынайы әрекетке жүгінуі мен байланысты және оны аударма тілінің құралдарымен сипаттайтын аударма варианттарын таңдау ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік беретін модель. Сонымен бірге бұл модельдің аз күшке ие, өйткені ол аударма процесінің орындалуының кейбір тәсілдеріне ғана ие. Белгілі, сипатталынатын ситуация көп жағдайда әртүрлі тәсілдермен сипатталынатын болғандықтан аударма вариантын таңдауды үнемі бір жақты анықтай бермейді. Ондай жағдайларда нақты оригинал сипаттайтын ситуацияны дәл анықтау аудармашыға бұл ситуацияның қандай белгілерін аударма тілінде хабарды құруда көрсету керектігін білдірмейді.

Аударманың трансформациялық- семантикалық моделі тусіндіру күшіне ие.Ол аударма процесінің тікелей бақылауға келмейтін көптеген жақтарын сипаттауға мүмкіндік береді.Әсіресе ситуациялық моделден айырмашылығы бұл модель бастапқы мәтінінің мазмұнындағы тілдік бірліктердің мағынасының рөлін, және бұл бірліктердің аудармада қолданылатын аударма тілі құралдарына тәуелділігін көрсетуге мүмкіндік береді: Last year saw a rapid growth of industrial production-Өткен жылы өндіріс өнімдерінің тез өсуі байқалды. She was preceded by her father.- Ол әкесінің соңынан ілесе кірді.

Мұндай парафразалар сол сияқты түсіріп тастау немесе қосып аудару тәсілдері арқылы жасалады.

Mc Dennot spoke briefly into the telefone, then waited again.-Макденнот телефоннан қысқа бұйрықтар берді де, қайтадан күте бастады.

As he stood there he heard a shot friend.- Кенет ол оқ атылғанын естіді.

Сонымен бірге трансформациялық семантикалық модель универсалды емес, ол кез-келген аудармалық әрекетте қолданылады.Ол түпнұсқа мен аудармадағы синтактикалық структуралар мен лексикалық бірліктердің арасында трансформациялық қатынас болмаған және екі мәтіннің эквиваленттілігі сипатталынатын ситуацияның ортақтығына негізделіп қана аударылатын жағдайларды қарастырмайды.

Трансформациялық- семантикалық модель аударма процесінде коммуникацея мақсетын беру үшін ситуацияларды ауыстыру болған жағдайда және түпнұсқа мәтінімен байланысты бейнелі немесе тағы басқа байланыстарды беру қажет болған жағдайда қолданылмайды. Басқаша айтқанда, трансформациялық- семантикалық модель аударма процесін сипаттау үшір эквиваленттіліктің бірінші типінде қолданылмайды.

Date: 2015-06-05; view: 6790; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию