Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пневмоторакс дамиды





A) Терең тесілген жарақаттарда

B) Беткейлі жарақаттарда

C) Терең жарақаттарда

D) Тесілмеген жарақаттарда

E) Тері көгергенде

 


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

№12 тақырып: Соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек

 

 

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

 

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

 

 

Сағат саны: 2

 

 

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

 

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

 

Өңдеген: оқытушы Турманова Ж.О.


1. Тақырыбы: Соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

2. Мақсаты:

- өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және бекіту;

- соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

- соғып алу, буынның шығуы кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсете алуы;

- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;

- интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-топ және топтар арасындағы қарым-қатынастарды дамыту;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық қызмет көрсету;

v студент біліп келуге тиісті мәліметтер:

- соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрастыру, рөлдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, ауызша сұрақтар.

 

Студенттердің тәжирибелік сабағына дайындығын теориялық сұрақтар арқылы тексеру.

Сұрақтар:

1. Соғып алу дегеніміз не?

2. Соғып алудың қандай негізгі белгілері болады?

3. Буынның шығуы нені білдіреді?

4. Буын шығуының қандай негізгіә белгілері болады?

Ø Рольдік ойын

Соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Соғып алу – ткандердің жабық зақымдалуы және органдардың структураларының бұзылмауы.Әдетте соғып алу қатты затпен ұрғаннан және құлағаннан болады.Ткандердің үстіңгі жақтары жиірек зақымдалады(тері, теріасты жасушалары, еттері және үстіңгі сүйектері)Әсіресе қатты соққыдан соғып алу кезіндегі сүйекке батырылған жұмсақ ткандер зақымдалады.

Сирақты соғып алған кезде, оның тері және теріасты жасушаларының сүйекке жабысқан жерінде терінің өлуі және одан арғы күшпен тартылуы пайда болады. Шала қорғалынған жұмсақ ткандер соғалған кезде сүйек асты қатпарланып ауырып ғана қоймай, сүйектер зақымдалады (жарылуы және сынуы).

 

 

Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орынларымен аусады):

· бірінші топ – соғып алушыларға(аяқты,қолды);

· екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші студенттер топтағы жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек(өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі (медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):

1. Соғылған жерге мұздай зат қою:

Соғылған жердің көлеміне қарай кезкелген суық зат қойылады: тиын, суық суға салынып сығылған мата бөлігі.Мұндай компрессті жылыған сайын ауыстырып отыру қажет.Соғылған жерге тағы да пластикалық пакетке толтырылған су немесе муз қоюға болады. Қысқы уақытта соғылған жерге пластикалық пакетке салынған немесе матаға оралған қар және мұз қоюға болады.

2. Соғылған жерге тығыз таңғыш қою.

3. Зақымдалған жерге тыныштық беру.

Ø Рөлдік ойын

Буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Буынның шығуы - оның функцияларының бұзылуына алып келетін, сүйектің буындарының дәл жалғануы. Көптеген жағдайларда буынның шығуы зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат болып табылады.Мойын омыртқаның шығуы кезінде ми шиыршығының қысылуының салдарынан дененің және аяқтың, қол еттерінің жансыздандырылуы, тыныс жолының және жүректің жұмыс істеуінің бузұлуына алып келуі мүмкін.Буын шығуының негізгі белгілері:қатты ауруы, буынның формасының өзгеруі, орнынан қозғала алмауы немесе жай қозғалуы.

Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орындарымен аусады):

· бірінші топ – буынын шығарғандар (иық буынын,шынтақ буынын,санның);

· екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек) көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі(медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):

Алғашқы медициналық көмек көрсету:

иық шыққан кездегі:

- ауырғанды азайту, кез-келген ауыртпайтын дәрі беру(аналгин, кішкене ішімдік).

- иық шыққан қолды бүктіріп, орамалмен байлап мойынға асып қою.

- тез арада зардап шегушіні жарақаттар пунктіне жеткізу.

шынтақ сүйек шыққан кезде:

- қолды сол қалпында қалдырып қолда бар затпен – үлкен орамалмен, сүлгімен, киімнің бөлігімен айқындап қою.

- саусақ сйектері іскен кезде жоғары жағдай жасап,мұздай зат қою(пластикалық ыдысқа немесе жылытпаға мұз салу немесе мұздай су құю).

- ардап шегушіні тезарада жарақат бөліміне немесе кез-келген емдеу мекемесіне жеткізу.

санның шығуы кезінде:

- буын зақымдалған жерге мұздай зат қойып, зардап шегушіні арқасына жатқызу.

- киімнен жасалған жастықты астына қойып буынды қозғалтпау.

- кез-келген ауыртпайтын дәрі беру(аналгин, кішкене ішімдік).

Дебиет

1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.

Оқу құралдың І және ІІ кітабын құрастыруына ТЖ мен АҚ республикалық курстарының қыжметкерлері мен мұғалімдері: Суровцев А. А., мельников Е. Н., Малеваный С. В., Медведева Н. М., Шарипханов С. Д., және Хурсанов С. К. Қатысты. Мемлекеттік тілге аударған: Жүнісбаев Н. Ә.

2.Гражданская оборона. Учебник под редакцией Шубина Е. П., Москва. 1997.

3.Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности. Высшая школа, Москва. 1999.

4.Демиденко Г. П. и др. Справочник. Защита объектов народного хозяйства от оружия массового поражения. Киев. Высшая школа. 1989.

5.Дудин П. Г. и др. Безопасность жизнедеятельности. Таганрог. ТРТУ. 1993.

6.Рагимов Р. Р. и др. Безопасность жизнедеятельности. Ростов - на - Дону. РГУ. 2001.

 

7. Бақылау

Сұрақтар

1. Аяқты соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

2. Қолды соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

3. Иық буынын шығарып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

4.Шынтақ буынын шығарып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

 


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

№13 тақырып: Сынықтар кезіндегі кезіндегі алғашқы медициналық көмек

 

 

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

 

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

 

 

Сағат саны: 2

 

 

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

 

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

 

Өңдеген: оқытушы Турманова Ж.О.


1. Тақырыбы: Сынықтар кезіндегі кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

2. Мақсаты:

- өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және бекіту;

- сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

- сынықтар кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсете алуы;

- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;

- интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-топ және топтар арасындағы қарым-қатынастарды дамыту;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

· Сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық қызмет көрсетуді;

v Студент біліп келуге тиісті мәліметтер

- сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрастыру, рөлдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, кеспе қағаздармен жұмыс.

 

Студенттердің тәжирибелік сабағына дайындығын теориялық сұрақтар арқылы тексеру.

Сұрақтар:

1.Сынықтар дегеніміз не?

2.Сынықтың түрлері қандай?

 

Ø Рольдік ойын

Сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек

 

Сүйектің сынуы - бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқын-шақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады.

 

Ø Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орынларымен аусады):

· бірінші топ – сынық алғандар(иық сүйектерінің,шынтақ сүйегінің);

· екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі(медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):

1. Ашық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

· келесі жолдармен артериалды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;

· сынған жердегі жарақатқа стерильді таңғыш қою;

· ауыртпайтын дәрі беру;

· зақымданған қалыптағы жағдай бойынша иммобилизация жасау.

2. Жабық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

· иммобилизация жасау (сынған жерді қозғалтпау);

· ауыртпайтын дәрі беру.

Алғашқы медициналық көмек көрсету:

иық сүйегі сынған кезде – шынтақ және бұғананың арасында орналасқан сүйек сынығы:

1. Зақымдалған қолды қозғалтпау керек, бұл кезде ауырғаны азаяды және сынған сүйекті қоршаған ет-ткандерінің, қан жүретін тамырларының, жүйкелерінің асқынуы жойылады;

2. Абайлап зақымдалған қолдан киімді шешу немесе киімді жырту;

3. Сынған жерді қарап шығып және оның жабық сынық екеніне көз жеткізіп, иммобилизация жасап шинаны қою.

 
 


 

Иммобилизация дегеніміз – зақымдалған дененің бөлігін қозғалтпауын айтады.

Латын тілінен аударғанда «иммобилизация» сөзі «қозғалмау» деген мағынаны бідіреді. Иммобилизацияның екі түрі болады: транспорттық және емдік. Үшінші күні тек транспорттық қаралады.

ЕСКЕРТУ:

Қатты зембіл жоқ болған жағдайда зақымданушыны ішіне жатқызып, кеудесіне және сирағана жастық қойып тасымалдайды.

 

Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:

1. Иммобилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.

2. Иммобилизация кезінде аяқ-қолға физиологиялық жағдай жасау керек.

3. Ашық сынық кезінде сүйек сынықтарын жөндемейді, таза таңғыш қойылады.

4. Шинаны бірден жалаңаш қолға қоюға болмайды. Олардың үстіне алдын ала мақта, киім, сүлгі қойылуға тиіс.

5. Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек

6. Дұрыс жасалынған иммобилизация тез жазылуға және асқынудың болмауына алып келеді.

Шынтақ сүйегі сынған кезде – шынтақ пен саусақ сүйектері арасында орналасқан, ол шынтақ бутағының жанында байқалады. Сынықтың бұл түрі шынтақ буынындағы қан ұйуының асқынумен жүреді.Шынтақ буыны қан жүретін тамырлармен жақсы қамтамасыз етілгентіктен, сынған жағдайда тамырлардың жарылуы пайда болады, сонымен қатар сынық болған жердегі ткандердің ісінуімен асқынады:

1.Ісінген жерге мұздай зат қою.

2.Содан соң шынтақ буынына шина қою. Білек сүйегі сынған кезде шинаны саусақтарды қамти отыра иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалмауын қадағалап, байламға іліп қояды.

Жарадан қан кету және ашық сынық болған жағдайда, қан кеткен жерге міндетті түрде тығыз таңғыш (бинттен, дәкеден, орамалдан) қойылады, қолда бар материалмен орап, кәдімгі әдіспен шина қойылады. Егер шина қолдағы бар заттардан қойылытын болса, онда оны қолданбай тұрып, жақсылап қарап шығу, артық лас заттардан тазалау, кез-келген материалмен орау және содан кейін ғана сынған жерге қойылуға тиіс.

 

Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орынларымен аусады):

· бірінші топ – сынық алғандар(сирақтың, сан сүйегінің);

· екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі (медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):

1. Ашық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

· келесі жолдармен артериалды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;

· сынған жердегі жарақатқа стерильді таңғыш қою;

· ауыртпайтын дәрі беру;

· зақымданған қалыптағы жағдай бойынша иммобилизация жасау.

2. Жабық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

· иммобилизация жасау (сынған жерді қозғалтпау);

· ауыртпайтын дәрі беру.

Ø Рөлдік ойын

Сирақ сүйегі сынған кезде – көбінесе үлкен сан жілігі немесе қос сан жілігі зақымдалады. Бұл сынықтар сирақ сүйегі қатты соққы алғаннан пайда болады. Сүйектің ығысуынсыз болған сынықтан зақымданушы аяғын баса алады және емін-еркін қозғалады. Алайда сирақ сүйектерінің ығысуы пайда болады және тізе буынының сіңірлері, сондай-ақ тізе тамырлары және жүйкелері зақымдалады. Тез арада аяқтың және буынның ісінуі ұлғаяды, қатты ауырыды, қозғалғыш функциялары бұзылады. Аяқты жанынан қараған кезде оның қысқаруы және формасының бұзылуы байқалады. Алғашқы көмек аурғанын қойдырту, зақымдалған жерге тыныштық беру болып табылады. Тез арада ісінуіне байланысты:

· зақымданушыны тез жатқызу;

· ісінген жерге мұздай зат қою;

· сүйек сынықтарына иммобилизация жасау.

Сан сүйегі сынған кезде – жабық және ашық түрі болады.Сан сүйегі сынған кезде, нақты сынатын жерлері болады; бұл сан сүегінің басының жерлері, екі жамбас сүйегі және жамбас сүйегінің басы.Көбінесе олар жасы келген және қарттардың жасында байқалады. Негізгі белгілері – бұл ауыруы, аяқтардың қысқарылуы, аяқтардың жайсыз жағдайда болуы, патологиялық қозғалуы, сынған жердің ісінуі. Сан сүйегі сынған кезде алғашқы медициналық көрсету үшін кем дегенде екі адам болуға тиіс. Басқа да сынықтар кезіндегідей, шина қойылады, бірақ шина жеткілікті ұзын болуға тиіс. Сыртқы шина шаттан төмен қарай бүкіл аяққа қойылады, табаннан сәл жоғары болуға тиіс.

Дебиет

1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.

Оқу құралдың І және ІІ кітабын құрастыруына ТЖ мен АҚ республикалық курстарының қыжметкерлері мен мұғалімдері: Суровцев А. А., мельников Е. Н., Малеваный С. В., Медведева Н. М., Шарипханов С. Д., және Хурсанов С. К. Қатысты.

2.Гражданская оборона. Учебник под редакцией Шубина Е. П., Москва. 1997.

3.Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности. Высшая школа, Москва. 1999.

4.Демиденко Г. П. и др. Справочник. Защита объектов народного хозяйства от оружия массового поражения. Киев. Высшая школа. 1989.

5.Дудин П. Г. и др. Безопасность жизнедеятельности. Таганрог. ТРТУ. 1993.

6.Рагимов Р. Р. и др. Безопасность жизнедеятельности. Ростов - на - Дону. РГУ. 2001.

 

Алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасын пайдаланып, өзіне және өзара көмек көрсету

Оқытушы студенттерге медициналық қобдиша ішіндегі дәрілер құрамы жазылған бақылау парақтарын және қандайда бір жарақат түрін айтады (вводная), студенттер өзіне және өзара көмек кезінде қандай дәрі-дәрмектерді, құралдарды пайдаланатынын параққа толтырады.

 

Алғашқы көмек көрсететін қобдишадағы дәрі-дәрмектер мен құралдар тізбесі Өзіне және өзара көмек көрсету ережесі
1. Жарақат кездерінде жансыздандыру, қабынуға және шокқа қарсы дәрілер. 1.1. Анальгин 0,5 – 1 қорап. Аспирин 0,5 - 1 қорап. 1.2. Портативті гипотермиялық пакет-контейнер - 1 дана. 1.3. Сульфацил натрий ерітіндісі-1 фл.   2.Қан тоқтату, жараны өңдеу заттары 2.1.Өзіне және өзара көмек көрсеткенде артериялық қанды тоқтатуға арналған жгут - 1 дана. 2.2. Стерильді бинт 10х5 -1 дана. 2.3. Стерильденбеген бинт 10х 5 – 1 дана. 2.4. Стерильденбеген бинт 5 х 5 – 1 дана. 2.5. МАГ иоксидині немсе күміс нитраты бар атравматикалық 8 х 10 бинті- 1 дана. 2.6. Бактерицидті лейкопластырь 2,5 х 7,2 немесе 2 х 5 - 8 дана. 2.7. Венозды және капиллярлы қанды тоқтататын фурагині бар 6 х 10, 10 х 18 «Колетекс ГЕМ» стерильді сальфеткалары - 3 дана. 2.8. 5 %- иодтың спиртті ерітіндісі-1 фл 2.9. Лейкопластырь 1 х 500 немесе 2 х 500 см – 1 дана. 2.10. медициналық эластикалық бинт -№1, 3, 6 - 1 данадан. 2.11. мед. Мақта 50 гр -1 қорап.   3. Жүрек ауырғанда қолданылатын дәрілер. 3.1. Нитроглицерин таб.№ 40 немесе капсула № 20 - 1 қорап. 3.2. Валидол таб. немесе капсула -1 қорап.   4.Клиникалық өлім жағдайында қолданылатын жүректі-өкпелік реанимация заттары. 4.1. Жасанды тыныс алдыруды жүргізетін «Рот-устройство-рот» қондырғысы.   5.Коллапс кезінде қолданылатын дәрілер. 5.1. Аммиак ерітіндісі - 1 флакон.   6.Тағаммен уланған кезде дезинтоксикация жасайтын заттар. 6.1. Энтеродез - 2 қорап немесе белсендірілген көмір – 1 қорап. 1.Жарақаттар: Соғып алу, буын таю, сүйек сынықтары, сүйек крепитациясы, ашық сынық кезінде сүйектің сыртқа шығып кетуі. Жансыздандыру _____, шиналар және де басқа да заттармен иммобилизация жасау, жарақат алған жерге суық қою _____.   2. Жарақаттар және қан ағу. а) артериальді қан ағу кезінде жарақаттың жоғарғы жағынан жгут салу _____, салынған уақытын көрсетіп, жарақатты таңып-байлау __________________. Зақымданған жерді иммобилизация жасап жансыздандыру ______.   б) венозды қан ағу кезінде жарақатқа сальфетка салып _____ немесе статин ұнтағын сеуіп _____ бинтпен қысып байлау ______________.   в) Жарақатты стерильді бинтпен байлап __________, жасыздандыратын дәрілер беру _________.   Ұсақ жараларды иодпен өңдеп ______, бактериоцидті пластырь жабыстыру _______.     3. Күйіктер. Ауқымды күйіктерде күйген жерге стерильді бинтті таңу _____, жансыздандыру _____. Сілтілі 1 стакан су беру. Локальді күйіктерде байланған жара үстіне ______ гипотермиялық пакет салу ______.   4.Жүрек ауырған кезде 1 таб. валидол ______ немесе нитрглицерин _____, корвалол ______ 50 мл суға 15 тамшы қосып.   5. Адам естен танған кезде оны жерге жатқызып, аяқтарын жоғары көтеріп аммиак ерітіндісін иіскету керек.   6. Асқазанды жуу, 1 қорап энтеродезді ______ 100 мл суда ерітіп ішкізу.

7. Бақылау (кеспе қағаздармен жұмыс)

Кеспе қағаз №1

Иық сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

Кеспе қағаз №2

«Иммобилизация» сөзін қалай түсінесіздер?

Кеспе қағаз №3

Иммобилизацияның түрлерін атаңдар?

Кеспе қағаз №4

Көлік иммобилизациясының негізгі принциптері қандай?

Кеспе қағаз №5

Шынтақ сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Кеспе қағаз №6

Сирақ сүйегі сынған кездегі негізгі белгілері қандай?

Кеспе қағаз №7

Сирақ сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Кеспе қағаз №8

Сан сүйегі сынған кездегі негізгі белгілері қандай?

Кеспе қағаз №9

Сан сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Кеспе қағаз №10

Тасымалдау қалай жасалады?


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

№14 тақырып: Радиациялық және аралас зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек

 

 

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

 

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

 

 

Сағат саны: 2

 

 

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

 

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

 

Өңдеген: оқытушы Сырманова З.К.


1. Тақырыбы: Радиациялылық және аралас зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек

2. Мақсаты:

-өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және бекіту;

- ластанған аймақта сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқып үйрену;

- оқушылардың АҚ ұйымдастыру мен ТЖ зардаптарын жою бойынша іс-шараларға қатысу кезіндегі белсенді азаматтық позициясы мен білімге талпынысын арттыру.

3. Оқыту мақсаты:

-радиациялы және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете алуы;

-құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;

-интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

+ Радиациялық және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық қызмет көрсету.

v Студент біліп келуге тиісті мәліметтер:

-сәулелі ауру дамуының кезеңдерін, оның бастапқы белгілерін;

-АИ-2, АИ-4 жеке қобдишаларының қолдану инструкциясын білу.

v Студент меңгеріп келуге тиісті дағдылар:

-йодпен емдеу жүргізуді, радиациялы зақымдану кезінде медициналық қорғаныс заттарын қолдану;

-ТЖ алғашқы медициналық қызмет көрсету.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрау, рольдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау, ситуациалык есептерді шешу.

Студенттердін тәжірибелік сабағына дайындығын теориалық сұрактар арқылы тексеру.

Сұрактар:

1.Радиация деген не және ол аркылы пайда болатын сәуле түрлерін түсіндіріп беріңдер?

2.Тірі организімдердегі ионизация арқылы соматикалық және генетикалық өзгерістерді түсіндіріп беріңдер.

3.Жедел сәуле ауруының неше ауырлық деңгейін ажыратады?

4.Жедел сәуле ауруының ағымының неше кезенін ажыратады?

5.АИ-2 жеке қобдишаның құрамына қандай дәрі-дәрмектер кіреді?

6.Радиациялық апат кезінде медициналық қорғау заттарына қандай дәрі-дәрмектер жатады.

7.АИ-2 және АИ-4 жеке қобдишаларының айырмашылығы?

 

 

 

Рольдік ойын

Радиациялық зақымдану кездерінде

көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Оқушылар жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орындарымен ауысады):

+ бірінші топ зардап шегушілер;

+ екінші топ медициналық көмек көрсететіндер.

 

Жаттуғыды бастамай жатып екінші топтағы оқушылар бірінші топтағыларға радиациялы зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек) сәулелі аурудың алғашқы белгілерін азайту немесе жоюды көздейтінін (біріншілік реакцияның алдын-алу мақсатында жеке дәрі-қобдишасынан құсуға қарсы дәрі – РСД немесе этаперазиннің бір таблеткасын қабылдайды) түсіндіреді. Ары қарай сәулелену қаупі бар болса (аймақтың радиоактивті зақымдануы кезінде) радиоқорғаныс дәрісін – цистамин – бірден 6 таблеткасын қабылдайды. Радиоактивті уланған аймақтан шыққаң сон жартылай санитарлық өңдеу өткізіледі.

Екінші топтағы оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсетуге кіріседі, төменде көрсетілген кезек бойынша және АИ-2 құрамындағы медициналық дәрі-дәрмектерді қолдана отырып:

+ зақымданушыларда асфикцияның (ауа жетпеу) барлық түрін жою: ауыз қуысынан бөгде заттарды, құсу массасын және тағы басқа дем алуға кедергі болатын заттарды. Ол үшін зақымданушының ауызын ашып басын бір шетке бұрып, шүберекпен оралған саусақпен ауыз қуысын тазалау керек;

+ өмірлік көрсеткіштер бойынша тез көмек көрсету, оған жүрекке уқалау мен жасанды тыныс алу (өкпенің жасанды деп алуы);

+ келесі жолдармен артериальды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;

+ герметикті таңғыш салу (кеуде қуысының жарақатында кеуде қуысының ішіне ауа кіруін жою үшін);

+ қол-аяқтарды иммобилизациялау (бекіту) (сынық кезінде, буындар жарақаттанғанда немесе күйік кезінде);

+ жарақат аймағын залалсыздандырылған таңғыш заттармен жабу.

Әр топкаалғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанда қосымша қыстырма беріледі:

-сәулелену басталғанға дейін бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін не қабылдайды?(4-ұя – алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1, әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин);

-адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда не қабылдайды? (6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2, йодты калий – 10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан);

-бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде не пайдаланылады? (7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек этаперазин – 1 таблеткадан);

-сандырақтап қалған жағдайда не қабылдайды? (1-ұя – ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті, 2% промодел ерітіндісі – 1мл).

Бұны білу керек! Бірлескен зақымдану кездерінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек жалпы ережелермен көрсетіледі және ашық жарақаттарға қоршаған ортадан инфекция түсуі мүмкін болатындықтан қосалқы іс-шараларды қолдануға тура келеді.

6. Әдебиеттер:

-«Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни»; оқу құралы, Саудабеков К., Лухнова Л., Айкимбаева А.; Алматы: КазГЮУ -1999г.

-«Защита населения и территорий в ЧС»; оқу құралы, В. В. Тарасова, 2003г.

-«Медицинская помощь населению в очагах поражения», Л.Горелов, В.Дубровин, 1992г.

-«Защита объектов народного хозяйства от ОМП», Г. П. Демиденко, 1987г.

-«Гражданская оборона» Алтунин А. Т., Воениздат, М., 1980г.

Оқу-материалдарымен қамтамасыздандыру:

-ПМП АИ – табелді қызмет ету заты - әрбір оқушыға.

-Құрал-жабдық класcы: экраны бар мультимедиялы проектор.

-Плакаттар: «Сәулелі аурудың даму кезеңдері»

7. Бақылау:

Тесттік тапсырмаларды орындау

1.Сүйек сынғанда, күйгенде, үлкен жарақаттарда аурсыну синдромын басу үшін профилактика ретінде АИ-2 жеке қобдишасынан бұлшык етке жасалынатын дәрі:

А) ауырсынуды басатын дәрі (1-ұяшық).

B) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).

C) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).

D) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).

E) бактерияға қарсы дәрі № 1 (5-ұяшық).

2. АҚ сигналы немесе зақымданған аймаққа баратын жағдайда жеке профилактика үшін АИ-2 жеке қобдишасынан қолданалады:

A) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).

B) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).

C) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).

D) бактерияға қарсы дәрі № 1 (5-ұяшық).

E) радиациядан қорғау дәрісі № 1 (4-ұяшық).

3. Сәулеленуден кейін асқазан-ішек жолдарында өзгерістер болған жағдайда АИ-2 жеке қобдишасынан қолданылады:

A) бактерияға қарсы дәрі № 2 (3-ұяшық).

B) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).

C) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).

D) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).

E) радиациядан қорғау дәрісі № 1 (4-ұяшық).

4. Радиоактивті заттар түскен жағдайда сәулелік аурудың профилактикасы ретінде

АИ-2 жеке қобдишасынан қолданылады:

A) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).

B) бактерияға қарсы дәрі № 1 (5-ұяшық).

C) бактерияға қарсы дәрі № 2 (3-ұяшық).

D) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).

E) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).

5. Ми жарақаты, контузия, иондаушы әсерінен болатын құсудың профилактикасы ретінде АИ-2 жеке қобдишасынан қолданылады:

A) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).

B) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).

C) бактерияға қарсы дәрі № 1 (5-ұяшық).

D) бактерияға қарсы дәрі № 2 (3-ұяшық).

E) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).

6. Радияциялық зақымдану кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек бұл:

A) сәулелік аурудың бастапқы белгілерін жою немесе әлсірету.

B) шөл мен аштықты басу.

C) дозиметриялық бақылау.

D) аймақтын зақымдану денгеиін анықтау.

E) радиациялық қауіп туралы хабарлау.

7. Жаппай - қырып жою қаруын қолданған жағдайда халықты қорғау үшін... қолданылады.

A)паналау ғимараттары

B)демалу аймақтары

C) көліктер

D) үйлер

E) ағаштар

8. Радиоқорғаныс әсері бар дәрілік заттар:

A) цистамин.

B)іш өткізетін дәрілер.

C) промедол.

D) бромгексидин.

E) хлортетрациклин.

9. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мақсаты....

A) адамның өмірін сақтау

B) шөлін басу

C) тамақ беру

D) құжаттарын сақтау

E) туысқандарының өмірін сақтау

10. Жіктеулі бойынша апат кезінде радиактивті заттардың атмосфераға шығуы ТЖ-дың... түріне жатады.

A) техногенді

B) табиғи

C) әлеуметтік

D) экологиялық

E) метеорологиялық

11. Кірпіштен салынған ғимараттар сәулелену дозасын... әлсіретеді.

A) 10 есе

B) 3 есе

C) 5 есе

D) 15 есе

E) 50 есе

12. ИД-1... анықтайды.

A) сіңірілген дозаны

B)түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін

C) радиациялық бақылау мен хабарлау

D) химиялық заттарды

E) уландырғыш заттарды

13. ДП-5В... анықтайды.

A) түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін

B) радиациялық бақылау мен хабарлау

C) химиялық заттарды

D) сәулелену дозасын

E) уландырғыш заттарды

14. ДП-22... анықтайды.

A) сәулелену дозасын

B)түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін

C) радиациялық бақылау мен хабарлау

D) химиялық заттарды

E) уландырғыш заттарды

15. Экспозициалық дозаның өлшем бірлігі....

A) Рентген

B)Рад

C) Грей

D) Дж

E) Ки

16. Сіңірілген дозаның өлшем бірлігі....

A) Рад

B)Зиверт

C) Рентген

D) Кюри

E) Бэр

17. Радиацияның әсері....

A) адамды сәуле ауруына шалдықтырады

B)ғимараттарды қиратады

C) техниканы бүлдіреді

D) өрт пайда етеді

E) вирус таратады

18. Жедел сәулелі аурудың 1 дәрежесі... сіңірілген дозасында пайда болады.

A) 1 Грей

B)3 Грей

C) 5 Грей

D) 6 Грейден жоғары

E) 4 Грей

19. Жедел сәулелі аурудың 2 дәрежесі... сіңірілген дозасында пайда болады.

A) 3 Грей

B)6 Грей

C) 5 Грей

D) 1 Грей

E) 6 Грейден жоғары

20. Жедел сәулелі аурудың 3 дәрежесі... сіңірілген дозасында пайда болады.

A) 5 Грей

B)3 Грей

C) 6 Грейден жоғары

D) 1 Грей

E) 2 Грей

21. Жедел сәулелі аурудың 4 дәрежесі... сіңірілген дозасында пайда болады.

A) 6 Грейден жоғары

B)3 Грей

C) 5 Грей

D) 1 Грей

E) 2 Грей

22. Жедел сәулелі аурудың ағымында... кезеңді ажыратады.

A) 4

B)5

C) 2

D) 3

E) 6

23. Радиациалық объект дегеніміз....

A) апат кезінде объект аймағында жалпы радиациалық зақым болуы

B)КӘУЗ өндіретін немесе өндейтін кәсіпорындар

C) газ өндеу зауыты

D) мұнай өндеу зауыты

E) радиобөлшектер шығаратын мекеме

24. Ядролық жарылыс кезінде өтпелі радиацианың әсер ету уақыты....

A) 10-15 сек

B)5-10 сек

C) 1-2 мин

D) 2-3 мин.

E) 3-5 мин

Бақылау: Радиациялы және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету

 

Бақылау ситуациалык есептері

№1

Аралас радиациялық зақымдану кезінде сүйек сынуы (шок жағдайы).

№2

Аралас радиациялық зақымдану кезінде буының жарақаты (радиактивті заттар түсуі).

№3

Аралас радиациялық зақымдану кезіндегі жарақат (шок жағдайы, жүрек айну пайда болуы).

 

Өткізу ережесі:

1.Регламенттің қатаң сақталуы (уақыт шектеулі).

2.Кәсіби ойлау қажет (нақты жағдайды талдау).

3.Шешім қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру.

4.Салдарды жою үшін шешім қабылдауға және жағдайдың кенет озгеруіне қосымша дайын болу.

 


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

№15 тақырып: Шаруашылық объектілерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру тәсілдері.

 

 

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

 

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

 

 

Сағат саны: 2

 

 

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

 

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

 

Өңдеген: оқытушы Турманова Ж.О.


1.Тақырыбы: Шаруашылық объектілерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру тәсілдері.

2. Мақсаты:

- тыңдаушыларға бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығының негізгі шаралары туралы түсінік беру;

- өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлармен таныстыру;

- төтенше жағдайларда өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдарымен таныстыру;

3.Оқыту мақсаты:

- өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығының негізгі шаралары туралы білу;

- студенттерді ТЖ жою және АҚ ұйымдастыру шараларына араласу кезіндегі белсенді азаматтық позициясын және тану талпыныстарын тәрбиелеу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығы. Өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлар;

-төтенше жағдайлар кезінде өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдары. Өнеркәсіптегі персоналды қорғау шараларын күшейтудің әдістері. Объектіні басқару жүйесінің, инженерлік-техникалық комплекстің тұрақтылығын күшейту әдістері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- түсіндіру, оқып уйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, пікірталас.

 

Ақпаратпен жұмыс

Төтенше жағдайлар кездерінде экономика объектілеріндегі адамдарды қорғау бұл социалді – экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, емдеу-профилактикалық шаралардың адам денсаулығын және жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін жүргізілетін шаралардың іске асуы. Объектідегі адамдарды қорғау қауіпсіздік шараларының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Объектілердегі қауіпсіздік шаралары көптеген факторларға тәуелді: шикізаттың физика –химилық қасиетіне, технологиялық процестің сипатына, құрал-жабдықтардың сапасы мен конструкциясына, материалдарды сақтау мен тасымалдануына, апатқа қарсы құрылғылардың тиімділігіне байланысты. Одан басқа өндірісте істейтін персоналмен профилактикалық жұмыстар өткізілуі, төтенше жағдай кезінде сол жағдайға байланысты персоналдың әрекет етуі және апатқа қарсы техникалық құралдардың дайын болуы.

 

Экономика объектілеріндегі тіршілік қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу табиғи, техногенді апаттар кезінде, ядролық қаруды қолданған жағдайда өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады.

Бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығы.

Қазіргі кезде экономика объектілері мен халық шаруашылықтарында тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын күшейтуге қойылатын талаптар күшейіп отыр. Бұған техногенді апаттар мен катастрофалар көбеюі әсер етіп отыр. Статистикаға сүйенсек соңғы жылдары төтенше жағдайлар салдарларынан мемелекетімізде материалдық шығындар мөлшері 10-30%-ға көбейіп, ұлттық өнімдердің өсімі апаттар мен катастрофалар әкелетін шығындардың орнын жаба алмайтын жағдайда.

Экономика объектісі деп – адам еңбегімен жасалынылатын халық шаруашылығындағы экономика өнімдерін өндіруді айтады. Экономикалық өнім түрлері материалдық – заттық немесе информациялық (интеллектуальді) турде болуы мүмкін.

Экономика объектілеріне түрлі өндіріс, энергетика, транспорт, ауылшаруашылығы объектілері, ғылыми зерттеу, конструкторлық – проектикалық, социалді және т.б. жатады.

Барлық экономика объектілері - өндіріс, транспорт, энергетика, агроөндіріс проектілері қауіпсіздік және қорғаныс шараларына жауап бере алатындай жоспарлануы керек.

Барлық талаптарға сай проекция жасалынған объектілердің өздерінде төтенше жағдайлар кезінде апаттарға, катастрофаларға, адам шығындарына әкеліп жатады.

Халық шаруашылығының объектілер тұрақтылығы - өз қарамағындағы територрия мен шаруашылық звеноларындағы халықты қорғауға жауап бере алатындай жұмыс атқара алуы керек.

Қазіргі экономикалық объектілер түрлі материалдардан салынған күрделі инженерлік – экономикалық комплекстер болып табылады, олардың тұрақтылықтары жасалған элементтеріне байланысты. Мұндай элементтерге өндіріс персоналы, өндіріс цехтары мен ғимараттар, жабдықтау жүйесінің элементтері (шикізат, электроэнергия, газ, жылу), өндірісті басқару жүйесінің элементтері; қызметкерлер қорғанатын қорғаныс құрылыстарынан тұрады.

Объектінің тұрақтылық проблемаларын қарастырған кезде көңіл аударатын нәрселер:

- экономика объектісінің тұрақтылығы;

- экономика объектісінің функционалды тұрақтылығы.

 

Экономика объектісінің тұрақтылығы дегеніміз – табиғи және техногенді зақымдау факторларының күшіне өндіріс комплексінің инженерлік-техникалық құрылысының төтеп беруін айтады.

Экономика объектілеріне зиян келтіретін сыртқы факторлар:

- жер сілкінуі;

- су тасқыны;

- өрт;

- дауыл;

- басқа (көрші) объектідегі апат;

- соғыс уақытында болатын жарылыстар.

 

Экономика объектілеріне зиян келтіретін ішкі факторлар:

- (өндірістің өзінде болатын апатты жағдайлар).

Экономика объектісінің функционалды тұрақтылығы дегеніміз - өз уақытында керекті өндіріс заттарын шығару және де зақымдау факторы әсер еткен жағдайда аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмысын жалғастыру.

Экономика объектілерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жоспарларын құру және қамтамасыз ету шараларын кәсіпорын басшылары, қала әкімшілігінің комиссиясы жүргізеді. Олар өткізілетін шараларға бөлінетін керекті материалдық және қаржылай қажеттіліктер үшін жауап береді.

Экономика объектілерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету комиссиялары өндіріс орындары басшылары, әкімшіліктің, АҚ басшыларынан құрылады. Бұл комиссияның міндеті – объектілердің тұрақтылығын қамтамасыз етудің жоспарын құру, алдын-ала дайындау және өз жұмыстарын басқа мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізу.

Комиссияның негізгі міндеті–төтенше жағдай кезінде экономика объектілерінде жұмыстарды тез арада қалпына келтіру, жұмысты өз қарқынында жүргізу, адам шығындарын азайту болып табылады.

Экономика объектілерінің функционалды тұрақтылығын сақтаудың ережелері инженерлік – техникалық шаралардың проектісінің нормативтерінде көрсетілген.

Өндірістің барлық көрсеткіштері мен төтенше жағдайдың зақымдау факторлары өндіріс объектісінің декларациясына енгізілуі керек.

Декларацияға міндетті түрде жататындар:

- аса қауіпті өндірістер (жарылғыш заттарды қолданатын кәсіпорындарда жарылығш заттар мөлшері қалыпты деңгейден аспауы керек);

- гидротехникалық құрылыстар.

Өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлар

Экономика объектілерінің тұрақтылығын анықтайтын бірнеше факторлар бар:

- зақымдау факторларынан персоналды қорғайтын тиімді жүйенің болуы;

- объектінің зақымдау факторланрына қарсы тұру қабілеті;

- өндіріс орынын төтенше жағдай кезінде керекті заттармен қамтамасыз ету (шикізат, жанар - жағар май, су, газ т.б.);

- өндіріс зақымданған жағдайда қалпына келтіру.

Бұл факторлар өндірістің құрылысы кезінде және эксплуатация жасаған кезде есепке алынуы керек. Құрылысты жүргізетін територрия табиғаттың апатты жағдайларын (жер сілкінуі, су басуы, өрт) есепке алады.

Экономикалық өндіріс объектісіне зиян тигізетін табиғи факторлар мыналар болуы мүмкін: объектінің сейсмоқауіпті аймақта орналасуы, қар көшкіні, сел, дауыл болуы, одан басқа да табиғи және метерологиялық факторлар болуы.

Экономикалық өндіріс объектісінің тұрақтылығына сол територриядағы басқа құрылыстардың структурарсы, көрші орналасқан өндіріс орындары, транспорт коммуникацияларыда әсер етеді. Объектінің ішкі жоспарлануыда өрттің тез тарауына, ядролық жарылыс кезінде соққы толқыннан қирап кетуі және уландырғыш токсикалық заттардың тез таралуына ықпал етуі мүмкін.

Объектінің тұрақтылығы өндіріс түріне, сол жерде істейтін қызметке

Date: 2015-05-22; view: 3554; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию