Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дебиеттер



1. Ж.К.Аманжолов, Л.Х.Балабас «Тірщілік қауіпсіздік негіздері». Астана, 2009 ж.

2. П.П.Кукин. «Тірщілік қауіпсіздік негіздері». М-2003 ж.

3. Оқулық «Тыныс органдары мен теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары». Астана, 2007 ж.

7. Бақылау:

Тесттер

1.ИД-1 ... анықтайды.

А) сіңірілген дозаны

В) радиайия мөлшерін

С) радиациялық бақылау мен хабарлау

Д) химиялық заттарды

Е) уландырғыш заттарды

2. ДП-5В ... анықтайды.

А) түрлі заттардың радиоактивтілігі кезінде

В) радиациялық бақылау мен хабарлау

С) химиялық заттарды

Д) сәулелену дозасын

Е) уландырғыш заттарды

3. ДП-22 ... анықтайды.

А) сәулелену дозасын

В) түрлі заттардың радиоактивтілігі кезінде

В) радиациялық бақылау мен хабарлау

С) химиялық заттарды

Д) уландырғыш заттарды

4. Қандай аспап радиация деңгейін өлшегіш болып табылады?

А) ДП-5В

В) ДП-22

С) ДП-24

Д) ӘХБА

Е) ДПК-50А

5. Қандай аспаптар гамма-сәулеленудің жеке-дара мөлшерін өлшеу үшін арналған:

А) ДП-22, ДП-24

В) ДП-5В

С) ДП-3Б

Д) ӘХБА

Е) ДХБА

6. Қандай аспаптар иондағыш сәулеленуді анықтау үшін қолданылады?

А) Дизометр, радиометр

В) Потенциометр

С) Амперметр, вольтметр

Д) Конденсатор

Е) Стабилизатор

7. Дозиметрлік бақылау аспаптары:

А) ДП-5, ДП-24, ДП-22, ИД-1, ИД-11

В) Газдың ШРК-сын анықтайтын аспаптар

С) Газ иісін анықтайтын аспаптар

Д) УЗ ұшқыштығын анықтыйтын аспаптар

Е) УЗ тұнуын және ШРК-сын анықтайтын аспаптар

8. Химиялық барлау бақылауының дизометриялық аспаптары:

А) ВПХР, УГ-2

В) ДП-5, ДП-24, ДП-22, ИД-1, ИД-11

С) ГП-7, ГП-5, ГП-5м, ГП-4у

Д) ПДФ-2Д, ПДФ-2Ш

Е) ИП-4М, ИП-4мк, ИП-5, ИП-46




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

№ 4 тақырып: «Радиациалық жағдайды бағалаудың әдістемесі»

 

 

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

 

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

 

Сағат саны: 2

 

 

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

 

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

 

Өңдеген: оқытушы Сырманова З.К.


1. Тақырыбы: Радиациалық жағдайды бағалаудың әдістемесі.

2. Мақсаты:

- радиациялық жағдайдың тәртiбі мен әдісін, мәнін бағалау;

- радиациялық жағдайдың тәжірибесіне баға беру.

3. Оқыту мақсаты:

- радиациялық жағдайды бағалай білу;

- есептер нәтижесін сараптай білу;

- оқу жағдайларына байланысты бағыт таба білу және дұрыс шешім қабылдай білу;

- топ ішінде тіл табыса алу және топ араларында жұмыс жасай білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- ядролық жарылыс кезіндегі радиациялық бағалау әдістері;

- радиациялық бағалау жағдайлары;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- түсіндіру, оқып уйрету, жағдайларға байланысты есептерді шешу.

 

Ядролық жарылыс кезіндегі радиациялық жағдайды бағалау әдісі

 

Радиациялық жағдайды бағалау дегеніміз – белгілі аймақта заттардың радиоактивті улануының деңгейі мен масштабтары.

Радиациялық жағдайды бағалау мақсаты – зақымдану ошағындағы халық пен шаруашылықтардың тиімді әрекет етуін анықтау. Радиациялық жағдайды бағалау – алдын ала болжау немесе барлаудың нәтижесі бойынша негізгі факторларға сүйеніп жүргізіледі.

Радиациялық жағдайды бағалау

Радиациялық жағдайды бағалау үшін негізгі бастапқы мәліметтер бойынша жүргізіледі: радиактивті улануға әкелетін ядролық жарылыстың уақыты, радиация деңгейі және оның өлшеу уақыты, радиация мен сәулелену дозаларының коэфицентінің бәсеңдетуінің мәні және алдағы қойған міндеттер мен оның орныдалу уақыты.



Есеп 1

а) Жарылу уақыты белгілі

Берілгені: Жағдайды картаға түсіруді жеңілдету және радиация деңгейінің төмендетуін кадағалау үшін ядролық жарылыстан кейінгі радиация мөлшерін бір уақытқа келтіру.

t1 = 12 сағат 15 минутта объект аймағындагы (Р) радиация деңгейі 37 Р/сағ кұрады.

Егер ядролық жарылыс t2 = 11сағ 45мин болған болса, жарылыстан 1сағат өткеннен кейінгі радиация деңгейін анықтаңыз.Тапсырманы орындауға арналған бастапқы мәліметтер № 18 кестеде берілген

Шешімі:

Радиация деңгейін өлшеген уақыт пен жарылыс болған уақыттың айырмашалағы:

12І5-1115 = 30 минут болады.

№1 кесте бойынша тік бағана (30 минутпен) көлденең бағанадагы есептеу уақытын (І сағ.) қиылысқан жерінен К-коэффициентінің мәнін табасыз – ол 0,44-ке тең.

Ядролық жарылыстан кейін 1 сағат өткен соң радиация деңгейін шығарамыз:

Р (1 сағ) = 37 Р/сағ.· 0,44=16,3 Р/сағ.

Егер ядролық жарылыс болған уақыт белгісіз болса, онда радиация деңгейінің төмендеу жылдамдығы бойынша анықтауға болады.

Жарылыс өткеннен кейінгі әр түрлі уақыттағы радиация деңгейін қайта есептеу коэффициенті.

Кесте 1

Жарылыс өткеннен кейінгі әртүрлі уақыттағы радиация деңгейін қайта есептеу коэффициенті.

 

Жарылыстан кейінгі радиация деңгейін өлшейтін уақыт, мин Жарылыстан кейінгі радиация деңгейін санау үшін пайдаланатын уақыт
0,5 сағ. 1сағ. 2 сағ.
0,44 0,61 0,8 1,0 1,4 1,8 0,19 0,27 0,35 0,44 0,61 0,8 0,08 0,12 0,15 0,19 0,27 0,35

 

б) Жарылу уақыты белгілі

Берілгені: Цехтың орналасқан ауданында радиация деңгейі өлшенді: t1=1000, Рt1=50 рад/сағ және t2 =1030, Рt2=45 рад/сағ. Тапсырманы орындауға арналған бастапқы мәліметтер №26 кестеде берілген. Жарылыс уақытын анықтаңыздар.

Шешімі:

Δt=t2 - t1=1030-1000=30 мин.

Рt=Рt1: Рt2= 45:50=0,9

№ 27 кесте бойынша Р2 / Р1 = 0,9 және Δt=30 мин үшін, жарылыстан кейінгі 2-ші өлшеміне дейінгі уақытты табамыз, ол 6 сағатқа сәйкес. Ал іздеген жарылыс уақыты мынаған тең болады:

tжар=t2- t =1030-600=4 сағ 30 мин.








Date: 2015-05-22; view: 315; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.008 sec.) - Пожаловаться на публикацию