Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Көрсеткіштері мен оны есептеу әдістері





Жалпы (абсолюттік) тиімділік жеке объектілер мен салаға күрделі шығын жұмсаудың нәтижесінде алынатын, қайтарымның (әсердің) жалпы шамасын сипаттайды.

Күрделі қаржы жұмсаудың жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділігі келесі көрсеткіштер бойынша анықталады.

Жалпы қоғамдық өндіріс және жеке ірі салалар бойынша:

Э = Д: К,

мұнда Э – күрделі қаржы жұмсаудың жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділігі, ақша бір.; Д – ұлттық кірістің жылдық көлемінің өсімі, ақша бір.; К – материалдық өндіріс саласына күрделі қаржы жұмсау, ақша бір.

 

Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының жеке салалары бойынша:

Э = П: К,

мұнда Э – күрделі қаржы жұмсаудың жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділігі, ақша бір.; П – жоспарланған кезеңдегі жалдық пайданың өсімі, ақша бір.; К – өндірістік міндеттегі объектілердің құрылысына күрделі қаржы жұмсау, ақша бір.

 

Жаңадан салынып жатқан кәсіпорындар, цехтар, объектілер мен жеке шаралар мен техникалық-экономикалық мәселелер бойынша:

Э = (Ц – С): К немесе Э = П: К,

мұнда Э – күрделі қаржылардың жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділігі, ақша бір.; Ц – (жоба бойынша) өнімнің жылдық шығарылымының құны, ақша бір.; С – өнімнің жылдық шығарылымының өзіндік құны, ақша бір.; П – пайданың жылдық көлемі, ақша бір.

 

Геологиялық өндіріс бойынша: Э = ( С1 – С 2 ): К,

мұнда Э – күрделі қаржы жұмсаудың жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділігі, ақша бір.; С1 және С 2 – тиісінше шараны өткізгенге дейінгі және одан кейінгі өнімнің жылдық шығарылымының өзіндік құны, ақша бір.;

К – өзіндік құнның төмендеуінен үнемдеуді тудырған, жаңа техникаға күрделі қаржы жұмсау, ақша бір.

Жалпы экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері тиісті нормативтермен сәйкестендірілу керек. Егер жалпы (абсолюттік) тиімділіктің алынған коэффициенттері нормативтерден төмен болмаған жағдайда, күрделі қаржы жұмсаудың бағыттары экономикалық тиімді деп есептелуі мүмкін. Жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділікті есептеген кезде өзіндік құнның төмендеуінен пайданың өсуі немесе үнемдеудің есебінен күрделі қаржы жұмсаудың жалпы көлемдерінің қайтарымдылық мерзімдерін анықтайды. Күрделі қаржы жұмсаудың қайтарымдылық мерзімі жалпы (абсолюттік) тиімділік көрсеткішіне кері шаманы білдіреді:

Т = К: П,

мұнда Т – күрделі қаржы жұмсаудың қайтарымдылық мерзімі (жыл).

 

Date: 2015-06-08; view: 745; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию