Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БӨЛІМ. Геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық өсімі мен тиімділігі





Геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық өсімі мен тиімділігі.

Тақырып 8.1: Ғылыми-техникалық өрлеу – экономикалық өсудің көзі ретінде.

Жоспар:

1. Ғылыми-техникалық үдерістің ұғымы мен мәні.

2. Ғылыми-техникалық үдерістің геологиялық барлау жұмыстарындағы бағыты.

 

§1. Ғылыми-техникалық үдерістің ұғымы мен мәні.

ҒТӨ – бұл ғылымды, техниканы, технологияны үздіксіз дамыту, еңбек құралдарын, өндірісті ұйымдастыру мен еңбектің қорғау формалары мен әдістерін жетілдіру үрдісі.

ҒТӨ арқасында еңбек жағдайлары жақсарады, оның мазмұндылығы артады, қоршаған ортаны қорғау жүзеге асырылады, ең соңында, адамдардың әл-ауқаты өседі. ҒТӨ елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін де үлкен маңызға ие.

ҒТӨ өз дамуында екі өзара байланысты формада көрінеді: эволюциялық және революциялық.

ҒТӨ эволюциялық формасы – бұл дәстүрлі техникалық құралдар мен технологияларды үздіксіз, біртіндеп жетілдіру және мұндай жетістіктерді жинақтау. Мұндай үрдіс айтарлықтай ұзаққа созылуы мүмкін. Белгілі бір кезеңде мұндай жетістіктерді жинақтау жүзеге асырылады. Бір жағынан, олар айтарлықтай тиімді, басқа жағынан - уже өндіргіш күштерді түбегейлі принципиалды өзгерту үшін (қоғамдық еңбектің жоғары өнімділігіне жету мақсатында) қажетті базаны құрайды.

Төңкерістік жағдай туындайды, ал ҒТӨ өзінің революциялық формасында көрінеді – өндірістің материалдық-техникалық базасында сапалық өзгерістер жүреді.

Кез келген формасында ҒТӨ өнеркәсіптік өндірісті дамыту мен қарқындатуда анықтаушы роль атқарады. Ол өндірістің барлық буындарын қамтиды: теориялық рігелі зерттеулерден, конструкторлық құрамалардан, жаңа техниканың үлгілерін жасау арқылы, оның игеру, қоғамдық өндіріске жаңа техниканы енгізуге дейін.

Өндірістің материалдық-техникалық базасы жаңарады, еңбек өнімділігі артады, тиімділік өседі.

Зерттеулер көрсеткендей, бірқатар жылдар бойы өнеркәсіптік өнім өндірісіндегі шығындарды азайту орта есеппен 2/3 ҒТӨ шараларының есебінен қамтамасыз етілді.

 

§2. Ғылыми-техникалық үдерістің геологиялық барлау жұмыстарындағы бағыты.

ҒТӨ негізгі бағыттары болып табылады:

  • өндірістік кешенді механизациялау және автоматтандыру;
  • химизация;
  • өндірістің электрификациясы.

Өндірісті кешенді механизациялау мен автоматтандыру – қазіргі кезеңдегі ҒТӨ маңызды бағыттарының бірі. Бұл өндірістің барлық бөлікшелерінде машиналардың, аппараттардың, аспаптардың, жабдықтардың өзара байланысты жүйелерін кеңінен енгізу. Ол өндірістің қарқындауына, еңбек өнімділігінің артуына, өндірістегі қол еңбегінің қысқаруына, еңбек жағдайларының жеңілдеуі мен жақсаруына, өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуіне мүмкіндік тудырады.

Механизация – негізінен қол еңбегін ығыстыру және ол бар буындарда (негізінен өндірісте, қолсақы, көліктік, қайта құру және т.б.) оны машиналық еңбекпен алмастыру.

Механизацияның алғышарттары мануфактуралар кезеңінде құрылған болатын, механизацияның басталуы өнеркәсіптік төңкеріспен – негізінде машиналық техника тұрған, капиталистік өндірістің фабрикалық жүйесіне көшумен байланысты.

Даму үрдісінде механизация бірнеше кезеңнен өтті: көп мөлшердегі еңбек сыйымдылықпен байланысты, негізгі технологиялық үрдістерді механизациялаудан барлық дерлік қалған технологиялық үрдістерді және ішінара қосалқы жұмыстарды механизациялауға дейін. Сонымен қатар белгілі бір диспропорция қалыптасты: қосалқы және көмекші жұмыстарда қол еңбегінің жоғары үлесінің сақталуына орай, жұмысшылардың жартысынан астамы қамтылған.

Дамудың келесі кезеңі кешенді механизация – мұнда қол еңбегі машиналы еңбекпен кешенді ауыстырылады, яғни негізгі технологиялық операцияларда ғана емес, қосалқы операцияларда да. Кешенділікті енгізу мехзанизацияның тиімділігін күрт арттырады, өйткені көптеген операциялар механизациясының жоғары деңгейінің өзінде-ақ олардың жоғары өнімділігін кәсіпорында бірнеше механизацияланбаған қосалқы операциялардың болуы бейтараптандыруы мүмкін. Бірақ кешенді механизация кезінде қол еңбегі сақталады.

Механизация деңгейі көрсеткіштерге ие.

· Өндірісті механизациялау коэффициенті: машиналардың көмегімен өндірілген өнім көлемінің өнімнің жалпы көлеміне қатынасы.

· Жұмыстарды механизациялау коэффициенті: механизацияланған тәсілмен орындалған еңбек мөлшерінің (адам-сағ, норма-сағ) өнімнің берілген көлемін өндіруге шығындалған еңбектің жалпы сомасына қатынасы.

· Еңбекті механизациялау коэффициенті: механизацияланған жұмыстарда қамтылған жұмысшылар саныны берілген бөлікшедегі (кәсіпорындағы) жұмысшылардың жалпы санына қатынасы.

Терең талдау кезінде жеке жұмыс орындарын және кәсіпорын бойынша (немесе цех, бөлікше бойынша) жұмыстардың әр түрлерін механизациялану деңгейін анықтауға болады.

Қазіргі уақытта – міндет – өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық салаларында кешенді механизацияны аяқтау, өйткені дәл осы қадам өндірісті автоматтандыруға көшуде анықтаушы қадам болып табылады.

Өндірісті автоматтандыру – бұл техникалық құралдардың көмегімен энергияны, материалдарды, ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерінде адамның қатысуын толық немесе ішінара алмастыру.

Автоматизацияның келесі түрлері болады:

  • ішінара – жеке операцияларды немесе үрдістерді қамтиды;
  • кешенді – жұмыстардың барлық циклын қамтиды;
  • толық – адамның тікелей қатысуынсыз жүретін үрдіс.

Кешенді автоматизация – барлық және қосалқы операцияларды автоматтандыру. Машина жасауда кешенді автоматтандырудың есебінен еңбек өнімділігі станоктардың санын 7 есе қысқартқанда 13 есе артуы мүмкін.

Өндірісті компьютерлендіру – бұл өндірісті автоматтандыру үшін ғана емес, өндірістің түрлі салаларында есептеу техникасын кеңінен қолдану.

Компьютеризация – өндірісті техникалық қайта жабдықтаудың және оның тиімділігін арттырудың негізі. Күрделі шаруашылық механизмнің қалыпты дамуы үшін түрлі буындардың арасында тұрақты ақпарат алмасу, басқарудың түрлі деңгейлерінде мәліметтердің үлкен көлемін уақытында өңдеу қажет, ал бұл ЭЕМ қолданусыз мүмкін емес, сондықтан компьютерлендіру деңгейіне көбінесе экономиканың дамуы тәуелді.

Өндірісті химизациялау ҒТӨ басқа маңызды бағыты болып табылады – бұл өндірісті қарқындату, өнімнің жаңа түрлерін алу және олардың сапасын арттыру, еңбектің мазмұндылығын арттыру, оның жағдайларын жеңілдету мақсатында химиялық технологияларды, шикізатты, материалдарды, бұйымдарды енгізу есебінен өндірісті жетілдіру.

Өндірісті химизациялаудың негізгі бағыттары:

  • жаңа конструкциялық және электроқшаулаушы материалдар енгізу;
  • синтетикалық шайырлар мен пластмассалардың тұтынылуын кеңейту;
  • прогрессивті химиялық-технологиялық үрдістерді енгізу;
  • арнайы қасиеттері бар түрлі химиялық материалдарды шығаруды кеңейту және қолданылуын арттыру.

Химизация өнеркәсіптің шикізат базасын кеңейтеді – осылайша өндіріс тиімділігі арттыруға және табиғи минералдық ресурстарды үнемдеуге алып келетін, шикізаттың, материалдардың, отынның көптеген түрлері жасанды жолмен алынады. Өндірісті химизациялаудың есебінен технологиялық үрдістер айтарлықтай жеделдейді, үздіксіз бола түседі, бұл өндірісті кешенді механизациялау үшін, яғни әсерді күшейту үшін алғышарт болып табылады. Химиялық-технологиялық үрдістер өндіріс тәжірибесіне кеңінен енгізіледі; бұл: электро- және термохимиялық үрдістер; қорғанысжәне сәндік жабындар салу; материалдарды химиялық құрғату және жуу және т.б.

Өнеркәсіпті электрификациялау – ҒТӨ маңызды бағыты және ҒТӨ барлық басқа бағыттары үшін негіз. Электрификация – бұл технологиялық үрдістерді қуаттандыру, өндіріс барысын басқару және бақылау құралдарының көзі ретінде электр энергиясын кеңінен енгізу үрдісі. Өндірісті электрификациялаудың негізінде өндірісті кешенді механизациялау мен автоматтандыру жүзеге асырылады, дәл осы электрификация қол еңбегін машиналық еңбекпен алмастырады.

Материалдарды ж»не т.б. материалдарды (дәстүрлі механикалық тәсілдермен салыстырғанда) өңдеудің электрофизикалық және электрохимиялық әдістері маңызды артықшылықтарға ие. Олар күрделі геометриялық формадағы, дәл мөлшердегі, бетінің кедір-бұдырлығының кейбір параметрлері бар және басқа берілген қасиеттері бар бұйымдарды жасауға мүмкіндік береді. Әсіресе технологиялық үрдістерде лазерлі техниканы қолдану тиімді деп есептеледі. Лазерлер материалдарды кесу, дәнекерлеу, бұрғылау, термоөңдеу үшін кең қолданылады.

ҒТӨ тиімділігі – бұл әсер мен қол жеткізуге кеткен шығындардың қатынасы. ҒТӨ шараларының эконмикалық тиімділігінің көрсеткіші ресурстардың жиынтық шығындарының құн бағасынан нәтижелерді құндық бағалаудың артуы ретінде анықталады.

Тақырып 8.2: Күрделі қаржы жұмсау мен геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі.

Жоспар:

1. Күрделі қаржы жұмсаудың ұғымы мен маңызы. Олардың жіктелуі.

2. Күрделі қаржыны салу тиімділігінің негізі мен критерийлері.

3. Геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігі.

 

§1. Күрделі қаржы жұмсаудың ұғымы мен маңызы. Олардың жіктелуі.

Негізгі қорлардың кеңейтілген өндірісінде жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды тұрғызуға, әрекеттегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды кеңейтуге және реконструкциялауға, ғимараттар мен құрылыстар салуға, технологиялық жабдықтарды құрастыруға, оны жаңарту мен модернизациялауға, территорияны жоспарлау мен жабдықтауға, теміржолдар мен автокөлік жолдарын салуға, желілер жүргізуге үлкен роль тиісті. Негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірісіне бөлінетін құралдарды күрделі қаржы жұмсау деп атайды.

Күрделі қаржы жұмсау бірқатар экономикалық белгілер бойынша жіктеледі.

Өндірістік міндеті бойынша күрделі қаржы жұмсау өндірістік және өндірістік емес қорларды құруға арналған қаржыларға бөлінеді. Өндірістік негізгі қорларға өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, жеткізу құрылғылары, күш жұмсау машиналары мен жабдықтар, өлшеу аспаптары мен реттеуші құрылғылар, зертханалық жабдықтар, көлік құралдары, инструменттер, өндірістік және шаруашылық мүлік жатады. Өндірістік емес негізгі қорларға тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықтың, ғылым, ағарту, өнер, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің, әкімшілік және қоғамдық ғимараттардың негізгі қорлары жатады.

Жүзеге асыру мерзімдері бойынша күрделі құрылыс аяқталған және аяқталмаған болып бөлінеді. Бұл бөлу объектілерді қолданысқа енгізуді жоспарлау, сонымен қатар өтпелі құрылыс пен болашақ кезеңге қажетті заделды қамтамасыз ету үшін, үлкен маңызға ие.

Түрлері бойынша күрделі құрылыс жаңа құрылыс, әрекеттегі кәсіпорындарды кеңейту мен ренконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстары болып бөлінеді. Жаңа құрылысқа бастапқыда бекітілген жоба мен смета бойынша жүзеге асырылған құрылыс, кеңейту мен реконструкцияға – жабдықтарды модернизациялау мен ауыстыруды қосқанда, әрекеттегі кәсіпорындарда бар цехтар мен агрегаттарды кеңейту мен қайта құру, жаңаларын тұрғызу жатады.

Орындау тәсілі бойынша күрделі жұмыстарды шаруашылық және мердігерлік тәсілдермен орындалатын жұмыстарға бөледі. Күрделі жұмыстарды орындаудың шаруашылық тәсілінде құрылыс арнайы құрылыс ұйымын (мердігерді) тартусыз тікелей жүзеге асырылады. Бұл құрылыстың шағын көлемінде ғана мүмкін. Мердігерлік тәсілде құрылысты әрекеттегі құрылыс ұйымдары орындайды, оларда бұл мақсатта қажетті материалдық-техникалық база және құрылысшылардың тұрақты кадрлары бар.

Күрделі жұмыстардың технологиялық құрылымы бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарына қаржы жұмсауды, жабдықтар мен өндірістік мүлікті сатып алуды, жобалық-ізденесі жұмыстарын ажыратады. Сонымен қатар, геологиялық барлауда күрделі қаржы жұмсаудың технологиялық құрылымында мұнай мен газға терең барлап бұрғылауға жұмсалатын қаржылар айтарлықтай бөлігін құрайды.

 

§2. Күрделі қаржыны салу тиімділігінің негізі мен критерийлері.

Күрделі қаржы жұмсау – қоғам ғылым жасаған әсерге жету үшін қажетті, ғылым мен өндірістің арасындағы аралық буын. Күрделі қаржылар тиімділігінің табиғаты қоғам ие болатын өндіріс құралдары, өндірістің орташа жағдайларында қолданылатындарға қарағанда, жоғары техникалық деңгейге ие екенін білдіреді. Жаңа жетілген техника (жаңа жетілген технология сияқты) қысқа мерзімде еңбек шығындарының әр бірлігіне өнімнің максималды мүмкін шығарылымын алуға мүмкіндік береді. Қоғамдық еңбектің ең аз шығындарында ең жоғары нәтижелерге жету күрделі қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігін сипаттайды.

Өндірістің экономикалық тиімділігі көптеген формалардан – еңбек өнімділігінің артуынан, өнімнің қор-, материал- және энергиясыйымдылығынан, оның сапасын жақсартудан және т.б. көрінеді.

Жаңа техниканың әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының жақсаруымен, қол еңбегінің қысқаруымен, қоршаған ортаның сауығуымен, бос уақыттың артуымен, кадрлардың білім деңгейінің артуымен, өмір жағдайларының жақсаруымен және т.с.с. сипатталады.

 

Күрделі қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.

Күрделі қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі туралы дұрыс түсінікті(құндық және натуралдық) көрсеткіштер жүйесі бере алады, олардың ішінде қоғамдық еңбек шығындарының жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы тиімділігі негізгі болып табылады.

Күрделі қаржы жұмсаудың жалпы (абсолюттік) тиімділігі,

Date: 2015-06-08; view: 1236; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию