Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геологиялық барлау өндірісі өнімінің статистикасы





Кез келген өнеркәсіптік кәсіпорын әрекетінің мақсаты өнім өндірісі (жұмыстарды орындау) болып табылады, оның көлемі бірқатар факторларға, соның ішінде өндірістің техникалық қамтамасыз етілуіне, жұмыс кадрларымен қамтамасыз етілуіне, қолданылатын шикізат пен материалдардың саны мен сапасына тәуелді. Өнімнің көлеміне кәсіпорын жұмысының маңызды жалпылаушы көрсеткіштері байланысты: пайда және рентабельділік. Өнімнің көрсеткіштері қазіргі кәсіпорнның статистикалық көрсеткіштері жүйесінде негізгі орындардың бірін алады. Дайындық дәрежесіне қарай кәсіпорын өнімі болуы мүмкін: дайын бұйымдар, өндірістік қызметтер (өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар), жартылайфабрикаттар, аяқталмаған өндіріс.

Өнеркәсіптік өнімді есепке алу әдістері натуралды және құндық болып табылады.

 

Тақырып 7.2: Кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық әрекетін талдау.

Жоспар:

1. Шаруашылық қызметті талдаудың мазмұны мен міндеттері.

2. Талдау нәтижелерін пайдалану.

3.Талдауларды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қаржылық талдау әдістері.

 

§1. Шаруашылық қызметті талдаудың мазмұны мен міндеттері.

Қандай да бір объектіні, соның ішінде фирманы басқару үшін, ең алдымен, оның бастапқы жағдайы туралы, өткен кезеңдерде объекті қалай дамығаны туралы мәліметтерге ие болу қажет. Объектінің өткен шақтағы іс-әрекеті туралы, оның дамуындағы қалыптасқан тенденциялар туралы толық әрі сенімді ақпаратты алып, болашақ кезеңдердің басқару шешімдерін, бизнес-жоспарларды және өзге бағдарламаларды құруға болады. Роліне, іс-әрекет түріне, ауқымына, меншік формасына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдарға бірдей тиісті жағдай.

Нарықтық экономика жағдайында әсіресе кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын, яғни өндірісі пен өнімді сатудың үзідксіз үрдісін қамтамасыз ете үшін, кәсіпорын ақша қаражаттарын еркін пайдалана алатын, қаржы ресурстарының жағдайын анықтау, сонымен қатар өндірістік базаны кеңейту және жаңарту бойынша шығындарды шығару өте маңызды.

Кәсіпорындардың жеткіліксіз қаржылық тұрақтылығы ұйымдардың төлем қабілетсіздігіне, ағымдағы немесе инвестициялық әрекетті қаржыландыру үшін ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне, бакроттыққа алып келуі мүмкін, ал шектен тыс – артық қорлар мен ресурстардың пайда болуына алып келіп, капиталдың қайтарымдылық мерзімін арттырып, пайданы азайтып, дамуға кедергі болады.

Мұндай тұрақтылықты анықтауға қаржылық талдау мүмкіндік береді – ол осы сәттегі кәсіпорынның жағдайын көрсетеді, сонымен қатар келешекке стратегиялық шешімдерді жасауға негіз болады.

Қоғамда қалыптасатын экономикалық қатынастарға тәуелсіз, қаржылық талдау әрқашан қажет, бірақ талдаудың ерекшеліктері (яғни акценттері) бірдей емес, яғни қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тәуелді.

Осылайша, директивті басқарылатын экономикада талдау әдетте кәсіпорынның даму жоспарлары қалыптасуының алдын алды, оларды негіздеу үшін қолданылды және мемлекет бекітетін жоспарлы және статистикалық көрсеткіштер шеңберіне қатаң байланысты болды.

Нарықтық экономика жағдайында фирмалар кәсіпорынның жағдайын реттеу, бақылау үрдісінде, бизнес-жоспарлар құруда; ерекше жағдайларда қаржылық талдауды жүйелі түрде жүргізеді.

Қаржылық талдауға деген ерекше қажеттілік әрекеттегі кәсіпорынды өзгерту, қайта құру барысында, түрлендіру, акциялау үрдісінде, мемлекеттік банкрот-кәсіпорындарды қолдау және саықтандыру (санациялау) бойынша шаралар құру кезінде пайда болады.

Басқару шын мәнінде тиімді кәсіпорындарда қаржылық талдау кез келген еесепті – жылдық және тіпті тоқсандық есепті құру кезінде енгізіледі.

Кәсіпорындардың қаржылық және шаруашылық жағдайын талдау, фирма қызметінің түрлі тұрғыларын: өндірісті, мүлікті, әлеуметтік сланаы, қаржыны сипаттайтын, ақпараттың үлкен көлемін өңдеумен байланысты.

Әдетте бұл мәліметтер бухгалтерлік есепте болады, яғни қаржылық талдаудың негізі бухгалтерлік есептің мәліметтерін болып табылады.

Қаржылық талдаудың басты мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті және айқынбейнесін көрсететін, негізгі параметрлерді алу:

  • пайда және шығын;
  • активтер мен пассивтер құрылымы;
  • дебиторлармен және несие берушілермен есептесу.

 

Осылайша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау оның даму тенденцияларын бақылауға, өндірістік-шаруашылық әрекетке кешенді баға беруге мүмкіндік береді және басқару шешімдерін қабылдау мен өндірістік әрекеттің арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады.

Талдау нәтижелерін пайдалану.

Кәсіпорындағы шаруашылық әрекетті талдау әртүрлі болуы мүмкін, ал оның нәтижелері түрлі мүдделі тұлғалар үшін пайдалы болуы мүмкін.

Әдетте шаруашылық әрекетте қаржылық есеп пен басқарушылық (бухгалтерлік) есепті ажыратады.

Қаржылық есеп фирманың ішінде қолданылатын да, сыртқы мүдделі тұлғаларға хабарланатын да есептің ақпаратқа негізделеді.

Басқарушылық (бухгалтерлік) есеп өлшенетін, өңделетін және ішкі пайдалануға берілетін бүкіл есептік ақпаратты қамтиды.

Осылайша, есептің мұндай бөлінуі тиісінше талдаудың сыртқы және ішкі шаруашылық болып бөлінуін тудырады.

Сыртқы қаржылық талдауды мүделлі тұлғалар жүргізуі мүмкін. Оның негізі баспа беттерінде жарияланатын немесе бухгалтерлік баланс түрінде мүдделі тұлғаларға тапсырылатын, кәсіпорынның ресми қаржылық есебі болып табылады.

Сыртқы талдау абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерді талдаудан тұрады – пайда, рентабельділік, өтімділік, төлем қабілеттілігі, заемды капиталды пайдланудың тиімділігі, фирманың қаржылық жағдайын жалпы талдау. Бірақ қаржылық және бухгалтерлік есепте көрсетілген, ақпараттың толымсыздығы мен шектеулігіне орай, толық талдау жасау мүмкін емес.

Сыртқы қаржылық талдау, ерекше (тікелей) қаржылық қызығушылық танытатын, мүдделі тұлғалардың сыртық шеңбері үшін ғана қызықты: инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, іскерлік серіктестер. Бұл субъектілер фирманың қаржылық есептілігінің негізінде компанияның пайдалылығы мен өтімділігі қандай, болашақтағы қаржылық перспективалары қандай, оған қаржы салудың қажеттілігі бар ма екендігі, пайыз төлеу мен қарыздарды өтеу үшін ақшасы бар ма екендігі туралы қорытындылар жасайды. Осылайша бұл ақпарат мемлекеттік органдарға, салық органдарына, инвестициялық институттарға (ЕБРР және т.б.), тауар және қор биржаларына, сақтандыру ұйымдарына пайдалы болуы мүмкін.

Ішкі қаржылық талдау кәсіпорынның мүддесі үшін жүргізіледі; оның негізінде кәсіпорынның іс-әрекетін бақылау жүзеге асырылады, соның ішінде өндірістің даму жолдары анықталады. Ішкі талдаудың мақсаттары салынған капиталдың тиімділігін, меншікті шығындарды, пайданы анықтау, негізгі және айналым құралдарын пайдалану, яғни шаруашылық әрекеттің барлық тұрғылары болып табылады. Ішкі талдау, ең алдымен, кәсіпорын үшін толық жауапкершілік артылатын, кәсіпорынның басшылығы (меншік иелері, басқарушы қызметкерлер құрамы) үшін қажет. Ішкі қаржылық талдаудың аясында екі басты қаржылық көрсеткіш ерекше зерттеледі:

  • Пайдалылық – кәсіпорынның инвестициялық капиталды тарту үшін жеткілікті пайда алу қабілеті.
  • Өтімділік – белгіленген мерзімдерде қарыздарды өтеу үшін жеткілікті төлем құралдарының болуы.

§3. Талдауларды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Қаржылық талдау әдістері.

Фирманың қаржылық жағдайы өзара байланысқа түсетін, көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалынан қалыптасады; қаржылық талдау мұндай өзара қатынастар мен өзгерістерді анықтауға бағытталған. Осыған байланысты қаржылық талдаудың келесідей әдістері бар: көлденең, тік, трендті, қаржылық коэффициенттер әдісі, салыстырмалы, факторлық.

Көлденең (уақыт ішіндегі) талдау ағымдағы және алдыңғы кезеңдердегі қаржылық есептердің сәйкестігіне, яғни қозғалыстағы негізгі экономикалық көрсеткіштерді қарастыруға негізделген. Жеке-дара көрсеткіш «өлім», ол тек алдыңғы немесе келесі ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда ғана «жанданады».

Тік (құрылымдық) талдау қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын және жеке құраушылардың қорытынды көрсеткіштерге ықпалын анықтайды, осының нәтижесінде іс-әрекеттің қандай түрі пайдалы, қайсысы пайдасыз және назарды неге шоғырландыру керектігі айқындала түседі.

Трендті талдау (даму тенденцияларын талдау) есептік кезеңнің қандай да бір экономикалық көрсеткішінің мәнін бірқатар алдыңғы кезеңдермен салыстыруға негізделген, осының нәтижесінде тренд – көрсеткіштер динамикасының негізгі тенденциясы анықталады. Мұнда негізінен салыстырмалы шамалар – индекстер қолданылады.

Қаржылық коэффициенттер әдісі екі абсолютті шамалар арасындағы қатынасты орнатуға және басқ кезеңдегі кәсіпорынның ұқсас көрсеткішімен салыстыратын (немесе басқа кәсіпорынмен салыстыруда), салыстырмалы шаманы есептеуге негізделген.

Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштің қалыптасуына (ішкі және сыртқы) факторлардың жеке құраушыларының ықпалын зерттейді.

 

Date: 2015-06-08; view: 998; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию